Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мусылман кукыгы шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
422 Кб
Скачать
☆

4.Сунна - мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретінде

Сүнне – жол, нұсқау, бағыт. Сүнне – мұсылман құқығының басты қайнар көздерінің бірі болып саналады. Араб тілінен аударғанда жол, бағыт, нұсқау дегенді білдіреді. Сүнне негізінен исламның әр түрлі сұрақтарына байланысты және өмірдің -құрылысына байланысты хадистерден тұрады. Хадистер VIII-IX ғасырларға дейін ауызша беріліп келген содан кейін барып жазбаша түрде жазылған. Сүнне үш түрге бөлінеді: Каул, Фил, Такрир болып. «Сүнне» терминінен Сүннет ағымы тарайды. ) Мұсылман құқығының ең басты қағидаларының бірі Құран мен Сүнненің қатынасы жайлы кезінде көптеген мұсылман заңгерлері көп дауласқан. Жалпы айтқанда бұл екі қайнар көздің қатынасы былай көрініс табады. Сүнне Құранға қарсы емес, керісінше Құранмен байланыста. Сүнне Құран сөздерінің түсіндірмесі. Мысалы: егер сот керекті норманы Құранның ішінен табалмай қалса, онда ол Сүннеден қарайды, егер ол жерде де болмаса ол өзі шешім шығара береді. Шешім шығаруды кез-келген шығара бермеген, шешімді муджтихад атағын алғандар ғана шығаратын.Суниттер – исламдағы басым бағыттардың өкілдері, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолын ұстанушылар. Шариғаттың қайнар көзі Құран мен Сүнне болып табылады. Бірақ Шариғаттың Сүннеден айырмашылығы онда азаматтықта, діни сипаттағы да кең ауқымды мәселелер қамтылады, әсіресе таза азаматтық проблемалар Шариғатта дін позициясы тұрғысынан қарастырады. Құраннан кейінгі екінші маңызы бар кітап Сунна (арабша-жол, өнеге, үлгі) болып табылады. Исламда Суннаның пайда болуын халифатта мемлекеттік, әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеп отыруға Құранда бар нұсқаулардың жеткіліксіз болғандығымен түсіндіреді. Суннаның мәні жөнінде Әли айтты дейтін мына сөздер оның қаншалықты маңыздылығын білдіреді: “Бүліншілік жасаушылармен, Құранмен күреспе, өйткені оны әр түрлі түсіндіре беруге болады, ол көп мән-мағынаға ие; олармен Суннамен күрес: одан олар үшін құтылар жол жоқ”.Сунна жинақтары хадистерден тұрады. “Ас-Сахих әл-Бұқари” және “Ас-Сахих әл-Мүсілім” ең беделді жинақтар деп есептеледі. Хадистердің негізгі идеясы сол-олар барлық кезде және барлық уақытта Мұхаммедтің беделімен нығайтылып отырады.Сүнненің пайда болуымен мұсылмандар арасында: “Сүнне Құрансыз да өмір сүре алады, ал Құран Сүннесіз өмір сүре алмайды” деген қанатты сөз дүниеге келді, сондықтан да ондай сенімдегі діншіл мұсылмандар “ахль ас-Сүнне” (Сүнне адамдары) деген ат алды. Осы уақыттан бастап феодалдық-теократиялық мемлекеттік үстем идеологиясы сунниттік ислам болып қалыптаса бастады.Тезис: Құран-мұсылмандардың қасиетті кітабі. Шығыс халықтарының рухани және қоғамдық дамуына әсерінің ауқымы жағынан Құран бүкіл адамзаттың мәдени мұрасына жатады. Сүннет араб тілінде “тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет” деген мағыналарды білдіреді. Қысқа қайырып айтар болсақ, сүннет Мұхаммед пайғамбар­дың айтқан сөздері мен бүкіл өмір салтын қамтитын іс-әрекеттердің жиынтығы болып табыла­ды. Жалпы сунниттік сенім жүйесі­нің айқын түрде көріне бастаған кезеңі Омейядтар халифатының соңғы кездері мен Аббаситтер хали­фатының тарих сах­насына шыққан тұсына тура келеді. Ал сунниттер “Әһли сунна уәл жамаға” немесе осы секілді атауларды оныншы ға­сырлардан бастап мұсыл­мандардың басым бөлігін құрайтын көпшілікке қолданғандығына ислами дереккөз­дер­ден куә боламыз