Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamattyk kukyk 46-90.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
277 Кб
Скачать
☆

59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді.Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

 Мемлекет өз қаржы қызметін:

- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

- мемлекет кірістерінің көздеріне”

- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына

- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.

 Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”

-1 Орталықтандырылған мемлекетті қорларға ”мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері.

 Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары / әлеуметтік мақсаттарға, арнаулы және бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар жатады /.Ерікті негіздерді жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекттік қарыздар, ақшалай – заттай лотереялар,

 банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.

-2 Мемлекеттің ақша қаражаттары бөлген кезде мына әдістерді ажыратады” қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру / несиелендіру / - қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.

-3 Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма – қол ақшасыз және қолма – қол ақшамен есеп айрысу әдістері қолданылады.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айрысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорондармен, ішінара халықпен қатынастарында пайдаланылады.

 Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді. 

60.Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.

Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті (Республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) қалыптастыру және бөлу, сондай- ақ бюджеттен бөлінген қаражаттарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың аса маңызды бөлімі болып табылады.

Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және бөлу, сондай- ақ бюджеттік ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын бюджеттік қатанастар бюджеттік құқықтың пәні ретінде қарастырылады.

Бюджеттік қатынастардың белгілері:

А) бұл қатанастар республикалық бюджет жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды;

Б) бұл қатынастар әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып саналады;

Бюджет жүйесінің принциптері:

        Барлық бюджеттердің бірлігі;

        Бюджеттердің толықтығы;

        Бюджеттердің нақтылығы;

        Бюджеттердің жариялылығы;

        Бюджеттердің дербестігі

Мемлекеттік бюджет:

а) материалдық мағынасында бюджет мемлекет ауқымында орталықтандырылған мемлекеттің ақшалай қоры, сондай- ақ жергілікті әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде орталықтандырылған жергілікті ақшалай қорлар;

б) экономикалық мағынасында бюджет жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.