- •Курстық жұмыс
- •5В090200 «Туризм»
- •І бөлім. Қорықтар – биосфера эталоны
- •1.1. Қорықтар олардың табиғаттағы маңызы
- •1.2. Қорықтардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі
- •1.3. Қорықтар оларды ұйымдастыру мен қорғау негіздері
- •Іі бөлім. Қазақстан қорықтары олардың географиялық сипаттамасы
- •2.1. Қазақстан қорықтарына сипаттама
- •2.2. Қазақстандағы қорықтардың ерекшеліктері
- •III Бөлім. Қазақстандағы қорықтар және туризм
- •3.1. Қазақстандағы қорықтар және туризм
- •3.2. Қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
III Бөлім. Қазақстандағы қорықтар және туризм
3.1. Қазақстандағы қорықтар және туризм
Қазақстандағы қорықты аймақтарға қызығушылық танытқан туристердің саны барған сайын арта түсуде. Велосипедті туризм, атты туризм және су туризмі сынды туризмнің ұйымдасқан түрлері дамып келеді. Арнайы ұйымдастырылған саяхаттардың саны 2009 жылы 785 болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 1330 -ға дейін 1,7 есе өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.
Туристік топтар үшін саяхаттар ұйымдастырумен шұғылданатын қызметкерлер 1330 саяхат ұйымдастырып, оған 244,7 мың турист қатысты. Зерттеуге қатысқан туристік мекемелер жиҺанкездердің сапарынан 20 млн. теңге көлемінде пайда тапты.
2010-жылы елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар саны 20-ға жетіп, 2009-жылғымен салыстырғанда 11 процентке өсті. Олардың 10-ы (50%) - мемлекеттік табиғи қорықтар, 8-і (40%) - мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, 2-і (10%) - мемлекеттік табиғи резерваттар.
Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтардың жалпы аумағы 5%-ке өсіп, 3427,1 мың гектарды иемденді. Оның 1118,4 мың гектары, немесе 32,6%-ін орманды алқаптар, 302,4 мың гектары немесе 8,8%-ын су қоймалары алып жатыр. Қазақстанда төтенше қорғаудағы жерлердің жалпы аумағы ел аумағының 1,3%-ын құрайды. Ал Қазақстан Республикасының жалпы аумағы 272490,2 мың гектарға тең.
Қазіргі бар қорық аумақтарында 76,8 мың негізгі және сирек кездесетін жабайы хайуанаттар тіркелген. Олардың өсімі 2009 жылғымен салыстырғанда 19%-ды құрады. Қорықтарда негізінен суырлар, қояндар, еліктер, жайрандар, сібір тауешкілері мекенденеді. Арқарлар, ақбөкендер, жайрандар, құландар, үстірт муфлондары, тянь-шань қоңыр аюлары, жолбарыстар, түркістан ілбістері сақталып қалған.
Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда 296,6 мың негізгі және сирек кездесетін құс түрлері ұя салған. Олардың өсімі 2009 жылғымен салыстырғанда 3,2% болды. Бүркіт түрлері, қарақұстар мен құзғындар, гриф, тау күркетауықтары - ұландар, бөденелер, соның ішінде ителгілер, құмай бүркіттер, бүркіттер мен құзғындардың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген.
3.2. Қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне кұйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. «Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек». «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады». «Қорада малың болсын, көшеңде талың болсын». «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ кұрағымен көрікті». «Дала көркі — мал, өзен көркі - тал». «Нар - түйеден, тұлпар — биеден». «Мал өсірсең - қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл - туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған. Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі кұралдары бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», т.б.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Мұнда балықтардың 16 түрі, бақалардың 3 түрі, жорғалаушылардың 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазакстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта гүлді өсімдіктердің 304 түрі сипатталған.
Қорықтар. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар - қорықтар ұйымдастырылған: 1.Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы).
2. Ақсу - Жабағылы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы).
3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралы). Кейбір жануарлары (ақбөкен, құлан, қарақұйрық, ор қоян) Қапшағай аңшылық-корық шаруашылығына және Үстірт қорығына көшірілген.
4. Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су-батпақты аймағы).
5. Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы).
6. Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай).
7. Үстірт корығы (Маңғыстау).
8. Батыс Алтай корығы (Шы-ғыс Қазакстан).
9. Алакөл қорығы (Алматы облысы, Талдықорған).
10. Қаратау қорығы (Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан)
Бұлардан баска өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 62 қорыкша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас кор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның камқорлығының арқасында жүзеге асады.
