- •1 Кен орынның геологиясы
- •1.1 Кен орынның геолого-физикалық құрылымы
- •1.2 Негізгі игеру объектілерінің жалпы сипаттамасы
- •2 Кен орынды игеру жағдайы және қысқаша тарихы
- •2.1 Мұнай және мұнай-газ игерудің жоспарлық негіздемесі, бұрғылау жұмыстарының мөлшері 1-кесте
- •2.2 Қабаттық қысымды ұстау жүйесі
- •3 Ұңғыларды пайдалану
- •3.1 Фонтанды ұңғыларды пайдалану
- •3.2 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін таңдау
- •3.3 Фонтанды ұңғылардың жабдықтары
- •4 Қабатты және ұңғыманы зерттеу
- •4.1 Фонтанды ұңғыларды зерттеу
- •5 Ұңғымаларды меңгеру және сұйықты шақыру
- •5.1 Ұңғымаларды меңгеру әдістері
- •5.2 Ағынды шақыру
- •6 Еңбекті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
6 Еңбекті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге және зиянды, жарылғыш-жанғыш заттардың шығуының алдын алуға бағытталған негізгі шаралар технологиялық аппараттардың және құбырлардың беріктігімен саңылаусыздығын қамтамасыз ету, алыстан басқару және өндірістік үрдістерді жоғары деңгейде автоматтандыру, газ бөлінуін жедел анықтау жүйелерінің (байланыс, ауаны бақылау және апаттық дабыл беру жүйелері) бар болуы және тұрақты жұмыс жасап тұруы, зиянды және жарылу қаупі бар өндірістерді жеке орындарда немесе ашық алаңдарда орналастыру, өндіріс бөлмелерінде желдеткіштерді қолдану, коррозияға шыдамды материалдардан жасалған жабдықтарды, құбырларды және аспаптарды қолдану, металл конструкцияларды коррозиядан қорғауды қамтамасыз ету, арнайы жабыны бар жабдықтарды қолдану және көп қабатты аппараттарды қолдану, апаттық бөлгіштердің болуы, коррозиядан қорғаудың технологиялық тәсілдері, алаулы оттық жүйелерінің бар болуы және олардың шығарылған газды тұрақты өртеп тұруы болып табылады.
Объектіні пайдалануға тапсырғаннан кейін құбар қалыңдығының өзгеруіне, жер бетіндегі жабдықтарда және құбырларда ұсақ жарықтардың пайда болуына қатаң бақылау жүргізіледі. Бақылау жүргізудің тәсілімен уақыты технологиялық регламентпен анықталады және химиялық, ақаулық зертханалармен бірге кәсіпорынның техникалық тексеру ұжымы жүргізеді.
Жобада газды айырудың, тазартудың, сусыздандырудың және тасымалдаудың саңылаусыздандырылған жүйелері және дренажды, сондай-ақ алаулы оттық жүйелері қарастырылған.
Қолданылатын жабдықтар арматуралар және құбырлар техникалық сипаттамалары бойынша технологиялық аппараттарды, түйіндерді, коммуникацияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Ілмек арматураны орналастыру қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Технологиялық жүйелерде апаттардың алдын алу және оның дамуына жол бермеу үшін апатқа қарсы құрылғылар қолданылады: ілмек, ілмек-реттеуші арматура, клапандар, бөлгіш және басқа ажыратқыш құрылғылар, қысым артуынан сақтандыратын қондырғылар, жалынды жою және өшіру құралдары, жарылысты өшірудің автоматты жүйелері.
Барлық технологиялық құбырлар құрастырылғаннан кейін пісірілген қосылыстары тексеруге және гидравликалық сынауға ұшырайды.
Сыртқы жабдықтармен қондырғылардың технологиялық аппараттары өрт қауіпсіздігі, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету талаптарына сәйкес орналастырылған. Олар технологиялық алаңнан мұнай өнімдерінің төгілуін болдырмайтын биіктігі 0.15м. бортпен қоршалған жоспардағы жер белгісінен 0.15м. жоғары қатты жабынмен жабылған алаңда орналастырылған.
Жоғары қысыммен жұмыс жасайтын аппараттармен жабдықтарды қорғау сақтандырғыш клапандар, ілмек арматуралар, технологиялық көрсеткіштерді бақылау, өлшеу, реттеу құралдарын қондырумен қарастырылған.
Сұйықтар сыйымдылықтары шекті жоғары деңгей дабылдарымен жабдықталған.
Жөндеу кезінде және апаттық жағдайларда сораптардан, компрессорлардан және аппараттардан жанғыш сұйықтарды тастау жабық дренаж сыйымдылықтармен жүзеге асырылады, ал газ өртелу үшін алаулы оттыққа беріледі.
Әрбір сораптан шығатын арынды құбырларда кері клапандар орнатылған. Барлық МСС және СГ айдайтын сораптар бір шеңберде жерге көмілген электр қозғалтқыштардың бар болуынан тәуелсіз жерге көмілген.
Барлық бақылу-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері тікелей аппараттарда орнатылған аспаптармен аударылады.
Барлық технологиялық жабдықтармен құбырлар жылумен оқшауландырылады. 1.8 м. биіктіктегі арматураға, аспаптарға, люктарға, аппараттарға қызмет көрсету үшін тұрақты сатылар және қоршалған алаңдар қарастырылған. Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын, метанол ертінділерін дайындау жұмысшының жанасыуынсыз жүзеге асырылады және жабық тәсілмен қарастырылған. Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын беру желілерінде ілмек арматура орнатылған.
Құбырды жер үстімен төсегенде олар жанбайтын құбыр эстакадаларға төселеді. Жарылу қаупі бар бөлмелердің технологиялық құбырлар өтетін жерлерінің ішкі және сыртқы қабырғалары саңылаусыздандырылған.
Технологиялық аппараттар жөндеу алдында зиянды және жарылу қаупі бар заттардың мөлшері шекті мүмкін мөлшерге жеткенше бумен немесе инертті газдармен үрленеді.
Улы газдармен қоршаған ортаның ластануының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары және төмен қысымда айыру болатын алаулық айырғыштар алаңы жобаланған, ал пайдаға аспайтын газдар алаулы оттыққта өртеледі.
Алаулы оттық жүйесінде жалынның таралуының алдын алу үшін арнайы құрылғылар қарастырылған. Алаулы оттықта кезекші оттықтар бар, оларға отындық газдар беріледі. Алаулы оттық автоматты іске қосылады және алыстан басқарылады. Алаулы оттық құбырлары алаулы оттық айырғыштарына қарай иілген. Алаулы оттықтың тік құбырының айналасындағы территория 100 м. радиута жобаланған және қоршалған. Кіре берісте ескертпе жазулар ілінген, шкафта 30минуттық дем алу аппараттары бар, жел бағытын көрсететін флюгер қондырылған, алаулы оттық айырғыштары, құмы бар жәшік және алғашқы өрт сөндіру құралдары да бар.
Жоғарғы манифольд алаңына ұңғыма құбырларын үрлеуге арналған үрлеу манифольді кіреді. Газ құбырлары газды алаулы оттыққа тастайтын жүйесі бар үрлеу желісімен жабдықталған. Шығару желілерін үрлеу үшін құбырға азот немесе отындық газ беру қарастырылған.
Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларына арналған сыйымдылықтар күн сәулесінің тікелей түсуінен сақталған.
Зиянда, жарылу және өртену қаупі бар заттар бөлмелерден желдету жүйелері арқылы шығарылады.
Жарылу және өртену қаупі бар бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда ( төмен қысымды газ тарату айырғышы, орта қысымды газ тарату айырғышы, мұнайды тұрақтандыру, конденсат айыру, отындық газды тазалау, отындық және жоғары күкіртті газды кептіру, сұйытылған пропанды фракцияландыру және төмен қысымды жоғары күкіртті газды салқындату қондырғылары, шығару манифольді, тесттік айырғыш, технологиялық суды тазарту жүйесі, құрамында көп мөлшерде тұз бар бұралқы сулар алаңы, алаулы оттық және жабық кептіру жүйелері алаңдары және т.б, автоматты өрт сөндіру және өрт дабылдары қарастырылған.
Автоматты көбікпен өрт сөндіру келесілерде қарастырылған: конденсат, коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын, метанол айдау сораптарында және алаулы оттық айырғыштарында.
Қондырғылар алаңында орнатылған өндірістік жабдықтар қауіпсіздіктің жалпы талаптары бойынша еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесіне сәйкес келеді.
Аппараттармен жабдықтарды орналастыру технологиялық жобалау нормаларына сәйкесті ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету нормаларын есепке алумен орындалған.
Жоғары қысыммен жұмыс жасайтын аппараттармен жабдықтар сақтандырғыш клапандармен, ілмек арматурамен, технологиялық параметрлерді автоматты бақылау, өлшеу, реттеу құралдарымен қамтамасз етілген.
Сақтауға арналған резервуарлармен сыйымдылықтар зиянды заттардың төгілуін болдырмау үшін сұйық деңгейін алыстан өлшеу құралдарымен, шекті жоғары деңгей дабылымен және шекті жоғары деңгейге жеткенде сұйықты беруді автоматты тоқтату жүйесімен жабдықталған. Барлық күкірт қосылыстарымен жанасып жұмыс жасайтын аппараттармен сыйымдылықтарда жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу үшін, ашуға дайындағанда бу беруге арналған коммуникациясы бар тұрақты қондырғылар бар. Ластанған жуу сұйығы және булық конденсат өндірістік қалдықтарды тазалау және пайдаға асыру жүйесіне беріледі.
Жұмыс орнына жақын және жұмысшы өткелдерде орналастырылған сыртқы температурасы 450С жабдықтардың ыстық беттері және құбырлар сақтандырғыш қаптармен немесе еденнен не алаңнан 2 м. биікте жылулық оқшауландырылған.
Ашық сораптық жабдықтар сораптармен жұмысшыларды күн радиациясынан, шаңнан, құм және қар борауларынан қорғау үшін аспалармен және қалқандармен жабдықталған.
Қышқыл, жылдам буланатын, жоғары күкіртті газдарды кері айдау компрессорлары шуының деңгейі – 85 дБ, ауа компрессордікі – 82 Дб. шуды төмендету шаралары қарастырылған.
Қышқыл, жылдам буланатын, жоғары күкіртті газдарды айдау ортадан тепкіш сораптары білігінің дірілдеу деңгейі тұлғаға қатысты-28 микрон, бұл шекті мүмкін шамадан айтарлықтай төмен, ал ауа компрессоры білігінің дірілі тәжірибеде нөлге тең.
Технологиялық жабдықтардан болатын дірілмен шуды азайту үшін шуылдайтын және дірілдейтін механизмдер қаптармен қапталған, иілгіш байланыстар, сенімді төсемдер және серіппелер қондырылған, ауыр дірілдейтін жабдықтар жеке іргетастарға орналастырылған, діріл қаупі жоқ және аз шуылдайтын машиналар қолданылған, діріл және шу болатын жұмыс орындарында жұмыс уақыты қысқартылған.
Лебедкаларда және басқа жүк көтергіш механизмдерде шекті мүмкін жүк көтеруді шектегіштер, механизмнің және жүктің өздігінен қозғалуын болдырмайтын сенімді тежегіштері бар.
Бөлшектерді жуу үшін жанбайтын эмульсиялар және ертінділер қолданылады.
Күкітксутекті жүктеу жұмыстары күкірт қышқылына шыдамды көзәйнектермен, арнайы киімдермен және арнайы аяқ киімдермен орындалады. Жұмыс орындалатын жерде таза ауыз су қоры, жеке қорғану құралдары және арнайы аяқ киім, арнайы киімдердің апаттық қоры бар. Күкірт қышқылы буының шоғырлануын анықтау үшін жұмысшылар газ анықтағыштармен қамтамсыз етілулері керек.
Барлық компрессорлық бекеттер көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен жабдықталған. Барлық жұмыс орындары нұсқаулармен, сүлбелермен, ескерту белгілерімен және жазуларымен қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген.
А жәна В котегориясындағы барлық алаңдардың екі жағында орналастырылған шкафтарда екі-екіден оқшауландырғыш дем алу аппараттары бар. “Дем алу аппараттары “ деген көрсеткіш бар.
Апат нәтижесінда адамға зиянды және қауіпі заттардың әсері болуы мүмкін учаскелерде 200л. суы бар апаттық душтар, көз жуатын фонтандар бар.
Технологиялық қондырғылардың әрбір алаңдарының екі жағында ұнтақпен өрт сөндіргіштер, алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт гидранттары орналастырылған.Өндірістік объектілерде, газ қаупі бар жерлерде, мұнай-газ-конденсат құбырларында келесілер сияқты қажетті белгілер бар: “Каска кию керек”, “ Өзгелерге кіруге болмайды”, “Электр қаупі бар”, “Улы газ”, “Рұқсат пен кіру керек”, “темекі шегуге болмайды” және т.б. Барлық қондырғыларда штогының биіктігі 1.2м., өзінің биіктігі 5м. мачтамен жасалған жел бағытын көрсеткіштер (флюгерлер) көрінетін жерлерде орналастырылған.
Жұмысшыларды қорғау Жұмысшылырда қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылыс орындарындағы қондырғылар территориясында келесі қауіпсіздік аспаптары таратылуы керек:
техника қауіпсіздігі қоймаларында- қорғау бас киімдері;
техника қауіпсіздігі қоймаларында – қорғау аяқ киімдері;
техника қауіпсіздігі қоймасында – қорғау киімдері/ қолғаптары;
техника қауіпсіздігі қоймасында – қорғау көзәйнектері;
барлық қажет жерлерде – көз жууға арналған душтар/құрылғылар;
батареялық бөлмелерде – көз жуу құрылғылары;
арнайы орындарда, техника қауіпсіздігі қоймаларында – газға қарсы киетін құралдар;
барлық жұмысшыларда – жеке дем алу аппараттары;
барлық жұмысшыларда – жеке H2S газ анықтағышы;
барлық ғимараттарда – алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жинағы;
техника қауіпсіздігі қоймаларында – жылжымалы газ детекторлары;
Өрт сөндіру
Талап етілетін өрттен қорғау деңгейі тәуекелді мұқият қарастырумен, өндіріс қуатын жоспарлаумен, жабдықтар сипаттамасымен, зауытты орналастырумен, зауыт жұмысшыларының жинақтауымен анықталады.
Технологиялық жабдықтар және алаңдар өрттен қорғау және өртті сөндіру аппараттарымен қамтамасыз етілген. Жұмысшыларды, қоршаған ортаны және жабдықтарды қорғау, үрдісті үздіксіз жүргізу өрттен қорғау бойынша жылжымалы жабдықтар және тұрақты өрт сөндіру жүйелері түріндегі жоғары қорғауды талап етеді.
Жағалаудағы және теңіздегі компрессорлар тұрақты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықтал компрессорлар тұрақты өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған, олардың құрамына келесілер кіреді:
өрттік су қоры сыйымдылықтары;
өрттік су сораптары және сақиналы құбырлар;
технологиялық қондырғыларға су тарату жүйелері;
технологиялық сораптардың автоматты көбікпен өрт сөндіруі;
өрттік гидранттар және лафетті оқпандар;
өрттік байланыстырғыштар және жылжымалы өрт сөндіру құралдары;
құрғақ ұнтақпен жұмыс істейтін АВС портотипті өрт сөндіргіштері;
құрғақ ұнтақпен жұмыс жасайтын АВС жылжымалы өрт сөндіргіштері;
СО2 портотипті өрт сөндіргіштері;
СО2 жылжымалы өрт сөндіргіштері;
Өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің тарату жүйесі барлық сумен/көбікпен толтыру, шашырату жүйелерін, гидро/көбік мониторларын, гидранттарды және қолдық орамаларды сумен қамтамасыз етеді. Таратушы жүйе тұрақты қысымда су асты құбырлар жүйесінің көмегімен қатып қалудан сақтандырылған. Таратушы жүйе алыстан және қолмен басқарылатын ілмек клапандармен жабдықталған, қажет болған жағдайда оның бір бөлігі белгілі себептермен ілмек шығарылуы мүмкін, ал негізгі жүйе басқа жүйелердің жұмыс жасауына әсер етпей сумен қамтамасыз етуді жалғастыра береді.
Платформадағы өрттік жүйе сумен кешенде өрттік суды ең көп қажет ететін бір сорапқа негізделген қысыммен беруге есептелген 4х10 жұмысшы өрттік сораптармен қамтамасыз етіледі. өрттік сораптар жеке өртке шыдамды блоктарда орналастырылады. Сораптардың әрбірі (қозғалтқышының тәуліктік резервуары отынмен толық толтырылған) жеке тұрған автономды блок болып табылады және оның жұмысы жұтатын ауадан басқа сыртқы қызметтерден тәуелсіз болады.
Электр қауіпсіздігі
Электрлік бөлікті жобалау келесілерді қамтамасыз етеді:
жұмысшылармен жабдықтардың қауіпсіздігін;
қызметтің сенімділігін;
жарылу және өртену қауіпсіздігін;
Электрлік жабдықтар бекітілген нормалармен халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған.
Жарылу қаупі бар аймақтарда орналастырылған технологиялық қонжырғылардың электрлік жабдықтарының жарылудан сақтандырылу деңгейі жарылу қаупі бар аймақ класымен категориясына және жарылу қаупі бар қоспалар тобына сәйкес келеді. Трансформаторлық бекеттерде тұрақты және айнымалы тоқпен үздіксіз қамтамасыз еру жүйесінде аккумляторлық батареялар қондырылады. Жұмысшылардың қауіпсіздігі электр қондырғыларды жерге көмумен қамтамасыз етіледі.
Барлық электр жабдықтары және жарықтандыру аспаптары жарылу және өртену қаупі бар жобаланатын объектілер тобына және пайдаланатын орта жағдайына сәйкес таңдалған.
Жобаланатын трансформаторлық бекеттер жерге көмудің сыртқы нұсқасымен болат сыммен байланыстыру жолымен жерге көміледі.
Найзағайдан, технологиялық жабдықтармен құбырлырдың тұрақты тоғынан қорғау жарылу қаупі бар аймақтар тобынан тәуелді І және ІІ категория бойынша орындалған.
100-150м. сайын, сондай-ақ басымен аяғында орналастырылған құбырлар эстакадалары оларға келетін құбырлармен электрлік байланысып жерге көмілуі керек.
Барлық күштік, байланыстық және жарықтандыру электр өткізгіштері апаттық жұмыс режимінде бүлінуден қорғайтын аппараттармен жабдықталған және қысқа тұйықталу кезіндегі жұмыс жағдайда мүмкін қызуы бойынша таңдалған.
Өзара және басқа инженерлік тораптармен қиылысу немесе жақындау жағдайында желілерді төсеу ЭБЕ талаптарына сәйкес орындалған (6.2000ж). Биіктігі бойынша габариттер және басқа жолдармен, басқа құрылымдармен жақындату ЭБЕ талаптарына сәйкес қабылданған.
Жарықтандыру аспаптары және жарықтандыру жүйелерінің электр жабдықтары қоршаған ортаға сәйкестіріліп жасалған. Сыртты жарықтандыру электр қондырғылары технологиялық жабдықтар қауіпсіздігі нормаларына сәйкесті нормативті жарықтандыру талаптарына сай.
Апаттық электрмен қамтамасыз ету жүйесі апаттың барлық уақытында қажет барлық жауапкершілікті электр тұтынушылар үшін үздіксіз тоқ беруді қарастырылады. Жұмыс жасау үшін тұрақты электрмен қамтамасыз етуді талап ететін жүйелер, элекрмен қамтамасыз ету жүйелерімен байланысқан аккумляторлармен қамтамасыз етіледі.
Айнымалы тоқ көзі істен шыққан кезде, қауіпсіздік жүйелері толығымен 2 сағат бойы электрмен қамтамасыз ету жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Апаттық электр тоғымен қамтамасыз ету жүйесі келесі апаттық жүктемелер тізімін қамтамасыз етіледі:
апаттық тоқтату кезінде адамдардың болуы қажет барлық құтқару жолдарын, құтқару алаңдарын, кеме лазаретін, басқару бекеттерін люменесценттік жарықтандыру;
тік ұшақ алаңы және жарықпен дабыл беретін оттар;
өлшеу аспаптары және байланыс жүйелері;
байланыс жүйелері ЖХ (жаппай хабарландыру), ЖА ( жалпы апаттық);
өрттік сораптар және өрт сөндіру жүйелері;
навигациялық құралдар және белгі беру оттары;
орталық аппарат және басқару жүйелері;
Платформаның жарықтандыру аспаптарының 33%-і “апаттық жарықтандыру” мағынасын береді, басты және апаттық генератор істен шыққан кезде 120 мин. ішінде жарықтандыруды ұстап тұратын аккумляторлармен жабдықталған. Бұл жұмысшыларды құтқаруда қозғалысты басқаруға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны қорғау
Мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау бойынша маңызды бағыттар экологиялық таза процестерді игеру және қалдықтарды азайту, мұнай-химиялық өндірістердің газды қалдықтарын тазарту, лас суларды тазарту, қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерін ластанбауын қадағалау.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химиялық кешенде қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және газ өндірілетін ұңғымалар құрылысынан басталады. Кенорныды пайдаланғанда үлкен жер массивтері бұзылады.
Жабдықтар мен шаруашылық әрекет тәсілдерінің моралдық тозуы экологиялық қауіп тудырады. Жаңа технологиялық әдістерге көшу жаңа проблемалар туғызады. Мысалы, ұңғымаларды жөндегенде қоршаған орта ластанады. Бұл кезде ұңғыма ішіндегі жабдықтарды жүздеген рет түсіріп-көтеру жүргізіледі. Ұңғымаға алдын-ала толық газдандыру үшін техникалық су айдалады. Алайда іс жүзінде бұл жуу құбырлар мен жабдықтардың ішкі және сыртқы беттерінен мұнай өнімдері қабықшасын алып түспейді. Нәтижесінде құбырлар мен жабдықтарды жұмыс маңына көтергенде олардан ағатын ұңғыма сұйығы алаңды ластайды, ұңғы маңы кеңістікте өрт қаупін туғызады. Мұнай незізгі энергия көзі мен әртүрлі жанармай алу мен мұнай-химия өнімдерінің негізгі шикізаты болып табылатындықтан ол мұнай өндіру аудандарында шоғырланбайды, керісінше, жердің барлық бұрыштарына тарайды және тасымалдағанда көп мөлшерде жоғалады.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту үшін мұнай мен газ кенорындарын бұрғылау кешендерімен игеруде, табиғи көмірсутектер мен оларды өңдеу өнімдерін игергенде, дайындағанда, тасымалдағанда және сақтағанда табиғатты қорғау шараларының кешенін тиімді іске асыру керек.
Қорытынды
Мен осы 1-өндірістік практикада өзімнің теориялық білімімді іс-жүзінде жүзеге асырып және терең түсіндім. Мен жұмыс барысында қабат қысымын қалай бақылау керектігін, айдау және игеру ұңғымаларының жұмыс тәртібін білдім. Онда жүргізілетін негізгі ұңғыма жұмысын зеттеумен, негізгі өндірістік кешендер құрылысымен таныстым.
Жалпы кен орынды игеру кезінде келешекте өнім шығымының төмендеуі қабат қысымының төмендеуімен тығыз байланысты. Сол себептен 2005 жылдан бастап қабатқа су айдау жүргізіле басталды. Алда игерудің механикалық тәсілін қолдану өнім шығымын арттырады деп сенемін.
Болашақта осы мұнай көздерін игеру еліміздің негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтерудің көзі болып табылатынын білеміз. Осы мақсатта үлкен жұмыстар атқарылуына күш қосамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Проект разработки месторождения
Проект обустройства месторождения
Ежегодные геологические отчеты
Журналы и прочие промысловые материалы
Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. «Мұнай және газды өндіріп, өңдеу» Алматы «Өлке», 2000ж.
Алиев Н.А. Предотвращение загрязнения моря при разработке морских нефтяных месторождений. – М.: Недра, 1987.
Сулейманов М.М. Охрана труда в нефтяной промышленности. – М.: Недра, 1980.
Шуров В.И. «Техника и технология добычи нефти » М. Недра, 1983г.
Попов Г.Е. и другие «Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторождений» М.Недра, 1982 г
