5 Билет
Бу қазандары
Дағыралы және тік ағынды бу қазандарының негізгі бөліктері бірдей болады. Сондықтан дағыралы бу қазанның құрылымын қарастырайық.
Қазанның негізгі бөлігі – ошақ және соған қатысты оттықтар. Оттықтар арқылы ошаққа ауа, отын кіріледі. Ошақтың беті (қалқаны) тығыз құрастырған құбырлардан жасалған. Құбырлардың ішінде қорек су ағады. Дағырадан ылғалды бу аса қыздырғыштарға қысымның әсерімен апарылады, олар перделі, ағынды (конвекциялық) қыздырғыштар. Аса қыздырылған су-буы құбырға апарылады. Дағыраға түсетін су қыздырғыштан өтеді. Мұндай қыздыру бу қазанның тиімділігін көтереді.
Ошақтар оттықтар арқылы берілетін ауа қыздырғыштан өтеді. Ауаны қазанға үрлегіш жеткізеді. Ауа жану өнімдерінің ыстықтығымен қыздырылады. Қыздырылған ауа бу қазанының тиімділігін жоғарылатады және отынның толық жануына әсер етеді. Мысалы, Екібастұз көмірін жаққанда ауа 350-400 С шейін қыздырылады. Қазанның шыққан жану өнімдері (мұны кейде түтін газдар дейді) түтін сорғышпен түтін мұнараға (биіктігі 100:140 м) апарылады. Шыққан түтін газдардың температурасы 100:140 С болады. Бу қазанның құрылымына жатпайтын бірақ оның жұмысына керек көмекші жабдықтар қолданылыдаы. Олар ауа үрлегіштер, түтін шығарылатын мұнаралар, су насостар, электрқұрылымдар және басқа құралдар.
6 Билет
Отын қорлары
Дүниежүзі бойынша уранның дәлденген қоры 3400х103 т. Қазақстанда уранның қоры дүниежүзіліктің 29 %-ын құрайды. Қазіргі қарқынмен дәлелденген органикалық отын қорын өндірсе, дүниежүзінде газ бен мұнай 70 жылға жетпей таусылады. Көмір қоры 200 жылдан артық уақытқа жетеді. Бұл деректер жуықша мәнмен екенін естен шығармау керек.
Қазақстан қазіргі кезде және болашақта біріншілік қайрат қорымен өзін-өзі қамдап, сыртқа сатуға шығара алатын елдердің қатарына жатады, ондай елдер дүниежүзінде көп емес. Жердің құрғақ аумағының 1.8%-ын алып жатқан біздің елде дүниежүзілік отын қорының 0.5% –дайы шоғырланған, 30 млр.т.ш.о. құрайды. Одан көмір үлесіне 80%, мұнай мен газ шығынына 13%, табиғи және ілеспе газға 7% келеді.
Отын энергетикалық қорлар Қазақстан жерінде орналасуы бірқалыпты емес. Көмірдің негізгі қорлары елдің Солтүстік пен Орталық бөлігінде шоғырланған. Батыс алқап мұнай мен газдың айтарлықтай қорына ие, Оңтүстік Қазақстанда өте ірі төменгі Іле көмір кені мен бірнеше ұсақ газ және көмір кендері бар.
Негізгі суқайраттық қорлар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда шоғырланған.
Қазақстан көмірсутек шикізатының жалпы барланған қоры бойынша дүниежүзінде бірінші ондыққа кіреді. Бірақ Қазақстан кен орындарынан мұнай өндіру қиын. Сондықтан мұнай шығарудың меншікті шығындары жоғары болады. Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты бар: Павлодарда, Шымкентте, Атырауда.
7 Билет
Сұйық отынның құрамы және негізгі сипаттамалары
Сұйық отындардың барлығы дерлік мұнайды өндегеннен алынады. Ол үшін шикі мұнайды 300-3700C-ға дейін қыздырып, алынған буды әртүрлі температураларда сұйылатын фракцияларға бөледі: сұйытылған газ (шығымы 1%), бензин (15%, tk=30-1800C), керосин (17%, 120-3150C), дизель отыны (18%, 180-3500C).
Қайнау температурасы 330-3500C-дағы сұйық қалдықты мазут деп атайды. Аталған фракциялар жағармай алынатын және іштей жанатын қозғағыштарға қажетті отындар – бензин, керосин және дизельді отын алынатын шикізат болып табылады. Мазутты фракция ары қарай өңдеуге жіберіліп, крекинг арқылы таза мұнай өнімдерін, сондай-ақ химиялық өндіріске шикізат алуға болады.
Сондықтан қазіргі кезде мазутты отын ретінде қолдану шектелінген. Оны кейбір жағдайларда қозғағыш отыны ретінде де пайдалануға болады, себебі құрамы негізінен көміртегі (С'^84-86%) және сутегіден (№=10-12%) тұрады. Кейбір қазба орындарындағы мұнайдан алынған мазуттың құрамында өте үлкен шамада (4,3% -ға дейін) күкірт кездеседі. Сондықтан оны жаққан кезде қондырғылар мен қоршаған ортаны сақтау қиынға түседі. Мазуттың күлділігі 0,14% -дан аспау керек, ал құрамындағы су мөлшері 1,5%-дан үлкен болмауы қажет. Күлдің құрамында ваннадий, никель, темір жөне басқа металдар бар, сондықтан оны ваннадий немесе басқа металл алуға шикізат ретінде жиі пайдаланады. Соңғы кезде көмірден сұйық отын алу мәселесі өзекті болып отыр, бірақ ол табиғи сұйық отынға қарағанда қымбатқа түседі.
