Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
internet_zhurnalistika_emtikhan_s_1201_ra_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
141 Кб
Скачать
☆
  1. Веб парақшаның дизайнын жасау кезеңдерін атаңыз.

HTML гипертекстік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі. Гипертекстті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршалған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі “begin/end” жақша ұғымдарына жақын және локальді айнымалылардың аттарының арасындағы амалдардың облысын береді, құжаттағы тексттік элементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т.б.

HTML форматында текст элементін қоюдың жалпы схемасы келесі түрде жазылуы мүмкін:

<”элемент аты” “атрибуттар тізімі”> элемент мазмұны </”элемент аты”>.

Элемент мазмұнының алдындағы конструкция элемент басының тегі деп аталады, ал элемент мазмұнынан кейін орналасқан конструкция элемент соңының тегі деп аталады.

  1. Сайт рейтингін анықтауды жүзеге асыруды сипаттаңыз. Zero.kz

  2. Шет елдердегі әріптес журналистер туралы мағлұматты Интернеттен табу және олармен хабарласу жолдарын айтыңыз. вебжүйе

  3. Реалаудио режимінде Интернет радио хабарларын тыңдаудың пайдасын сипаттаңыз.

Қазақ радиосы Интернеттің жаңа мүмкіндіктерін

пайдаланып, өзінің Веб-сайтын ашып отыр. Одан дүниежүзінің кез-келген

нүктесіндегі адам Қазақ радиосы туралы ағылшын, орыс және қазақ

тілдерінде мағлұмат алып қана қоймайды, сонымен бірге реал-аудио

режимінде тікелей эфирді компьютер арқылы тыңдай алады. Алдағы уақытта

осы Интернет бетін одан әрі жандандырып, жан-жақты мағлұматтар тарату,

соның ішінде ақпараттық хабарларды тәулік бойы жаңартып отыру, қазақтың

бай музыкалық мәдениетін насихаттау, үздік “Алтын қордағы” әндер мен

музыкалық шығармаларды реал-аудио арқылы тыңдаттыру жоспарланған

көрінеді. Интернет арқылы интерактивті байланыс орнатуға, хат жолдауға, өз

пікірлерін, ұсыныс-тұжырымдарын жеткізуге, музыкалық құттықтаулар

жасауға, ия болмаса қазақстандық жаңа әндер үшін рейтингтік дауыс беруге

қатыса алатындай жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда. Бұл жағдайда

Интернет Қазақ радиосының имиджін қалыптастырудағы маңызды насихат

құралы ғана емес, дүниежүзімен байланыс тетігі ретінде де маңызды мәнге ие

болмақшы. Бұл Қазақстаннан тыс жерде тұратын қандастарымыз үшін тіпті

де таптырмас құрал. Диаспора өкілдері осы Интернет беті арқылы Қазақ

радиосын бізбен бір мезгілде тыңдайды, әрі алыс Отанында болып жатқан

барлық оқиғалардан хабардар болып отырады, қажет жағдайында үн қосып,

өз пікірін де білдіре алады. 113 Жаңа технологиялардың тағы бір артықшылығы музыкалық

хабарларды дайындаудағы жаңа мүмкіндіктерінен көрінеді. Компьютер

музыка жазу, оны өңдеуде, аранжировка жасауда таптырмайтын құралға

айналды. Нотаға түсіру тәрізді күрделі жұмыстарды да өз басқаруына алған.

Көп каналды жазу құралдарындағы пультті басқару да Қазақ радиосының

концерттік студиясында компьютер арқылы жүзеге асырылады. Бұл

режиссерлер мен дыбыс операторларының жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп,

уақыттан ұтуына, қателіктер жібермеуіне көмектеседі, әрі дайын өнім алудың

өзіндік құнын төмендетеді.

Сол сияқты Қазақ радиосында компьютерлік өңдеу жасайтын бірнеше

продакшн студия жұмыс істейді. Мұнда негізінен жарнама роликтері,

шапкалар, хабарлар арасындағы музыкалық безендірулер, имидждік қысқа

роликтер жасалады, әдеби-музыкалық, танымдық хабарлардың монтажы

жасалады

  1. Желідегі видеоматериалдарды көру маңыздылығына тоқталыңыз.

  2. Желілік жаңалықтар сайттарын атап, мысал келтіріңіз.

BNews.kz - CountZero рейтингінің «Жаңалықтар және БАҚ» санаты бойынша Қазақстандық үздік ақпараттық порталдардың үштігіне енді. Тengrinews.kz, inform.kz, namys.kz, i-news.kz, .akorda.kz т.б.

  1. Интернет журналистика проблемаларына арналған сайттарға мысал келтіріңіз?

Бүгінгі таңда қазақ интернет журналистикасының дамуына қолдау көрсетіп тұрған сайттар қатарына: Мінбер.кz, Маса.кz, massaget.kz, baq.kz т.б. сайттарды және “BikiBilim”қоғамдық қорын жатқызуға болады.

  1. Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпалын әңгімелеңіз?

'Интернет аталары'' - Джозеф Ликлайдер, Винтон Серф, Тим Бернерс-Ли.

1969 жылғы 2 қыркүйекте, Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің (UCLA) бір топ студенті профессор Леонард Клейнроктың (Leonard Kleinrock) жетекшілігімен әлемдегі тұңғыш желіні құрады және 4,5 метр қашықтықтағы қос есептеу машинасы арасында кабельдік байланыс орнатады.

Джозеф Ликлайдер (Joseph Licklider) қорғаныс мақсатында ақпараттық есептеу желісін құру тұғырнамасын жасайды, соның нәтижесінде американың төрт университетінің компьютерлері өзара жалғастырылады. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінде ARPANET деген атауға ие болады.

Винтон Серф (Vinton Cerf), 70-інші жылдары, ақпаратты жеткізудің TCP/IP протоколын дүниеге әкелді..

1991 жылдың 12 желтоқсаны— World Wide Webтің дүниеге келген күні. Бернерс-Ли мен оның серіктестері Webтің негізін қалады: ақпарат жеткізудің гипермәтіндік протоколын (HTTP), гипермәтіндік тілді (HTML) және адресті табудың әмбебеп жүйесін (URL) дүниеге әкелді. Тим Бернерс-Ли алғашқы арнайы Web-сервер мен Web-браузер бағдарламаларын жазып шықты. kz домені 1994 жылдың қыркүйегінде ашылды.

  1. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі Интернеттің ерекшелігін атаңыз.

  2. Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдарына тоқталыңыз.

  3. Журналистер үшін электронды почта не үшін қажет?

  4. Ең үздік мультимедиялық құралдарды атап көрсетіңіз?

1.Dipity – уақыт тізбегін жасауға мүмкіндік беретін сервис.Ол ақпарат мазмұны мен мерзімін тіркей алады. Жақсы жағы қолданушыға ақпараттың мерзімін тіркеудің қажеті жоқ, сервис оны өзі істейді.

Қолданушылар өз жұмысын дүниеге алып келіп, оларды желіде айырбастай алады. Жұмыстарына видео, аудио, бейне, сілтемелерді, текстті қосу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, соц.медиа, орналасу жері, мерзімін белгілей алады.

2. Qik компаниясы мобильді телефоннан желіге қосылатын бейне трансляцияны лезде жүзеге асыратын бірден-бір сервис.

3. Google Fusion Tables кез келген ақпаратты көркем кесте түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Кестені немесе ондағы ақпаратты шығарудың қолайлы нұсқаларын ұсынады. Бұл құралдың кемшіліктері де бар. Интерфейстің кейбір жерлері өңделмегені, өкінішке орай байқалып тұрады. Бұл құралдағы кестелер арасында бағдар табу да қиындыққа әкеп соғады.

4. Qwiki – ақпаратты қызықты да ыңғайлы, телевизияға ұқсас іздестірудің жолын көрсетеді. Ізделінген ақпарат тек жағымды әйелдің дауысымен суйемелденбей, сонымен қоса қызықты бейне және аудио материалдармен белгіленіп отырады.

5. Vuvox - мультимедиялық презентацияны интерактивті слайд-шоу түрінде жасауға мүмкіндік береді. Презентация ішіне мәтін, фотосуреттер, бейне және дыбыс материалдарын қосуға болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]