Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз

Қазіргі заманда жер шарын мекендеген халықтардың этникалық құрамы бір-бірімен әбден араласып,біте қайнасып кеткен.Олар ірі ірі ұлттардан,халықтардын,тайпалардан құралған және олар әр түрлі экономикалық-мәдени өсу дәрежелерінде,қоғамның әр түрлі даму сатыларында өмір сүреді.Сондықтан бұл халықтардың өмірі мен мәдениетін үйренуді жеңілдету үшін этнография ғылымы олардың тарихи туысқандық байланысына, өзара қарым-қатынасына,табиғи географиялық, тілдік жағдайына этнографиялық ерекшеліктеріне және тұрмыс күйінің ұқсастығына қарай отырып,бүкіл дүние жүзінің халықтарын географиялық,тілдік,мәдени-шаруашылық, антропологиялық деп төрт түрлі топтамаға бөледі. Анропологиялық класс. Оларды антропологиялық жағынан қарау деп атаймыз. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата – бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ( физикалық, дене және тіс қыртыстарының) ерекшеліктеріне қарайды. Бұл белгілеріне анығырақ тоқталсақ, шаштың сыртқы көрінісі, беттегі тыныс жолдарының даму дәрежесі, шаштардың түсуі (пигмейтация), тері мен көздерінің түстері, бойдың ұзындығы, бас сүйектің құрылыс тұрпаты, әсіресе, жақ сүйектің, жақ еттерінің орналасу нышаны бойынша ажыратылады. Адамдардың мұндай нәсілдік белгілері палеолит (тас) ғасырында пайда болған сияқты..Лингвистикалық класификация. Халықтарды топтастырудағы есепке алатын негізгі ерекшеліктердің бірі – тіл. Ол басты этникалық белгілердің бірі. Осы белгілерге қарай отырып, халықтардың арасындағы тарихи өзара байланысын, туысқандығын, әрі шығу тегінің жақын – алыстығын, шаруашылық, мәдени ұқсастығын байқауға болады. Осы сияқты жан – жақты жақындық байланыстарды тосыннан пайда болған құбылыс деуге болмайды. Олар халықтардың ғасырлар бойғы қарым – қатынастарының негізінен келіп шыққан.Жер шарындағы халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар барлық халықтардың тілдерін морфологиялық және генеологиялық принциптеріне негіздеп тіл семьяларына бөледі.Шаруашылық – мәдени класификация. Барлық халықтардың мәдени –шаруашылығы жағынан ұқсастығына қарап топтауға болады. Бір табиғи – географиялық аймақта бірнеше тілдерде сөйлейтін ұлттардың мекендеуі мүмкін. Олардың тілдері бір –біріне ұқсас болмағанымен шаруашылықтары, тұрмыстары және заттай мәдениеттері ұқсас немесе мүлдем жақын болып келуі мүмкін. Міне, осындай ұқсастығына қарай отырып, дүние жүзіндегі халықтарды шаруашылық - мәдени тұрмысы жағынан топ –топқа таратып бөлуге болады. әрбір шаруашылық – мәдени бөліктерге өзінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы бойынша, шамамен біркелкі дамыған және ұқсас табиғи географиялық жағдайда орналасқан, ертеден әр халыққа тән болған, тамырлас шаруашылығына және мәдени тұрмыс ерекшеліктеріне ие болған халықтарды бір топқа жатқызуға әбден болады. әр халықтың мәдени – шаруашылықтарының ерекшеліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]