- •20 Ғасыр әлеуметтануының негізгі тұжырымдамалары
- •1. Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру
- •3. Әлеуметтануды зерттеудің бағдарламасы туралы түсінік
- •1.Әлеуметтану ғылым ретінде. Объектісі және пәні
- •9. Әлеуметтік стратификация.
- •13 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік.
- •74. Басшылық ету стилі, оның түрлері.
- •2.Білім институтының сипаттамасы.
- •44. Білім беру және әлеуметтендіру процесі.
- •36. Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері. 38. Әлеуметтік инженерия және өндірістің әлеуметтік қорлары.
- •40. Инженерлердің кәсіби мобильдігі.
- •2.5 Қоғамның әлеуметтік құрлымы.
- •14. Қазіргі замандағы әлеуметтанудың негізгі парадигмалары.
- •1.Мәдениеттің функциясы
- •72. Сұхбат - әлеуметтік зерттеудің тәсілі.
- •46. Экологиялық сана және экологиялық мәдениет.
- •71. Экология әлеуметтануы.
1. Әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру
1. Социологиялық зерттеудің мақсаты мен мәні Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық Социологиялық зерттеу - нақты теориялық және әлеуметтік проблемаларды Социологиялық зерттеуде ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар: а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен б)зерттеу субъектісі; в) социологиялық зерттеу белгілі-бір мақсатқа жетуге және нақты г) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары Социологиялық зерттеу түрлері мыналарға байланысты: І. Мақсаты және теориялық бағдары. Мұнда олар: 1) статистикалық; 2) тәжірибелік; 3) типологиялық; 4) тарихи ІІ. Социологиялық зерттеудің екінші бір түрлері: материалды талдау Барлағыш зерттеу – нақты-социологиялық зерттеудің ең бір қарапайым Сипаттамалық зерттеу нақты-социологиялық зерттеудің күрделірек түрі; ол зерттелетін 2. Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты, Елбасының Қазақстан халқына жолдауы
Президент Н.Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан халқына өз Жолдауын жасады. Биылғы жолдаудың тақырыбы – «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Жолдаудың басты-басты бағыттарына тоқталсақ: – Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады, – деп бастады ол өз сөзін. – Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз. Елбасы Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналғанын, дегенмен біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүріп жатқанымызды еске салды.
3. Әлеуметтануды зерттеудің бағдарламасы туралы түсінік
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс (метод), әдістеме (методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирик алық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды.
Әлеуметтану ғылымының реформа жолындағы рөлі
Саясат әлеуметтануының пәніне — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымның өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік –саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәннін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшіліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көптүрлігін ескере отырып, әлекметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс. Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік- саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әртүрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әртүрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б. Даму заңы – бұл әлеуметтік өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстардың себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды.
48. Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады. Сауалнама әсіресе индивидтердің субьективті жай-күиі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ереше құнды әдіс болып есептеледі.Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды.Сұраулардың көмегімен ақпарат алып жиналады.Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-анкетерлар(Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады.Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.
