- •1989 Ж. «Тіл туралы» заңда қазақ тіліне берілген статус:
- •1917 Жылға дейінгі қазақтардан тартып алынған жерлердің көлемі:
- •1917 Жылғы Орынборды басып алған казак әскерінің атаманы?
- •1841 Ж. Орыс және татар тілдерінде оқытылатын алғашқы мектеп ашылды:
- •1710 Ж. Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері қандай мәселелерді талқылады?
- •1726 Ж. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті кім басқарды?
- •1995 Жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарының студенттері ақш мен Еуропа оқу орындарында оқуға түсуге мүмкіндігіне ие болды. Ол қай бағдарлама бойынша алды:
- •1867-1868Жж. Реформа бойынша қазақ даласы қанша генерал-губернаторлыққа бөлінді?
1841 Ж. Орыс және татар тілдерінде оқытылатын алғашқы мектеп ашылды:
- Ұлы жүзде
- Орта жүзде
- Түркістанда
+ Бөкей Ордасында
- Моғолстанда.
?
ХVІІІ ғ. аяғындағы «Азия мектебінің» ашылу мақсаты?
+ тұрғылықты халықтың әулетті тобынан тілмаштар мен аудармашылар дайындау үшін
-Азияны танып, білу
- Орыс балаларын «азия» тілдеріне үйрету үшін
- Шекаралық аймақтардағы орыс тұрғындарының әулетті топтарынан қазақ даласындағы жұмыстар үшін, шенеуніктер дайындау
- Статистикалық комитет жұмыстарына арналған шенеуніктер дайындығы үшін.
?
Ш.Уәлихановты дүниежүзіне әйгілі еткен ғылыми еңбек?
- «Ыстық көлге саяхаты туралы күнделігі»
- «Манас» эпосы
+ «Алтыашар жағдайы немесе Нан Лу Қытай провинциясының алты шығыстық қалалары (Кіші Бұқар)»
- «Цинь империясындағы дүнгендер көтерілісі туралы»
- «Далалық мұсылмандық жөнінде».
?
ХІХ ғ. ІІ жартысында көпшілікке арналған кітапхана ашылған қала?
- Верныйда
+ Семейде
- Перовскіде
- Орынборда
- Ырғызда.
?
ХІХ ғ. қазақтың көрнекті оқымысты-демократы, ағартушысы:
- А.Құнанбаев
- Ы.Алтынсарин
+ Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
?
Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушысы, тұңғыш педагогі:
- А.Құнанбаев
+ Ы.Алтынсарин
- Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
?
Қазақтың данышпаны, ұлы ақыны, композиторы, классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы:
+ А.Құнанбаев
-Ы.Алтынсарин
- Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
?
Ұлы күйші-композитор, домбыра сазының лирикалық бағытын негіздеуші, Шыңғысхан тұқымы:
- Сүйінбай
+ Дәулеткерей
-Ықылас
- Тәттімбет
- Құрманғазы.
?
Қазақстанды зерттеу экспедициясын басқарған, статист әрі азаттық қозғалысқа қатысушы адам?
- В.Вельяминов-Зернов
- И.Крафт
+ Ф.Щербина
- А.Добромыслов
- А.Алекторов.
?
Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағы болған жыл?
+1897 ж.
- 1896 ж.
- 1880 ж.
- 1881 ж.
- 1882 ж.
?
«Жұт» дегеніміз?
- қолөнердің түрі
- салық
+ малдың жаппай қырылуы
- халықтың деңгейі
- барымта, күшпен малды айдап әкету.
?
Маңғыстаудағы ұлт-азаттық көтеріліс болған жыл?
- 1872 ж.
- 1868 ж.
+ 1870 ж.
- 1875 ж.
- 1866 ж.
?
1906-1912 ж.ж. Столыпиннің аграрлық реформасы нәтижесінде қазақ халқынан тартып алынған жердің көлемі?
- 10 млн. десятина
- 14 млн. десятина
+ 17 млн. десятина
- 20 млн. десятина
- 5 млн. десятина.
?
ХІХ ғ. 20-40 жылдары Ресейдің құрамына кірмеген аймақ?
+ Оңтүстік Қазақстан
- Солтүстік Қазақстан
- Батыс Қазақстан
- Шығыс Қазақстан
- Орталық Қазақстан.
?
«Орынбор қырғыздарын басқару туралы Ереже» жобасының авторы:
- М.Сперанский
+ П.Эссен
- О.Игельстром
- А.Пеутлинг
- М.Тевкелев.
?
1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамына кірген облыстар?
- Каспий маңы және Астрахан облыстары
+ Ақмола және Семей облыстары
- Сырдария және Жетісу облыстары
- Түркістан және Семей облыстары
- Орынбор және Торғай облыстары.
?
1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына кірген облыстар?
- Каспий маңы және Астрахан облыстары
- Ақмола және Семей облыстары
- Сырдария және Жетісу облыстары
- Түркістан және Семей облыстары
+ Орал және Торғай облыстары.
?
Қазақстанға орыс және украин шаруаларының көптеп қоныс аударып келген жылдары?
+ ХІХ ғ. 60 жылдары
-ХІХ ғ. басында
- ХХ басы
- ХVIII ғ.
- ХVIII ғ. 60 жылдары.
?
Бұрынғы Бөкей хандығының 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша кірген территориясы?
+ Астрахан губерниясына
-Батыс-Сібір генерал-губернаторына
- Орынбор генерал-губернаторына
- Закаспий облысына
- Түркістан генерал-губернаторына.
?
?
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын орган?
+ парламент
- үкімет
департамент
- министірлік
- әкімшілік.
?
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттің ең маңызды құндылығы?
- мәдени ескерткіштер
+ адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы
- архитектуралық ескерткіштер
- экономикалық жетістіктер
- мәдени құндылықтар
?
Қазақстан құрамына кірген облыстардың саны?
+ 14
- 13
- 19
- 12
- 15.
?
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні:
желтоқсан;
-25 маусым;
-30 сәуір;
+29 тамыз;
-30мамыр;
?
Соңғы 15 жылда,1997-2012ж.ж. мұнай өндіру:
-15 есе өсті;
-2 есе өсті;
-2,5 есе өсті;
+3 есе өсті;
-3,5 есе өсті;
?
Соңғы 15 жылда, 1997-2012ж.ж. табиғи газ өндіру:
-2 есе өсті;
-2,5 есе өсті;
-3,5 есе өсті;
-4 есе өсті;
+5 есе өсті;
?
Денсаулық сақтаудың инновациялық объектілері кіретін медициналық кластарды ата:
-Балаларды оңалту орталығы;
-Ана мен бала орталығы;
-Нейрохирургия;
-Шұғыл медициналық көмек және кардиология орталығы;
+Аталғандардың барлығы дұрыс;
?
Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен қамтитын -қызмет атауы:
-Жедел көмек;
-Стационарлық емдеу;
-Амбулаторлық емдеу;
-Жанұялық қызмет;
+Көлік медицинасы;
?
Қазіргі кездегі қазақстандықтандықтардың өмір сүру ұзақтығы:
-63
-67
-68
-69
+70
?
ХХ ғ. 50-ші ж.ж. аяғында металлмен Қазақстанды ғана емес Сібір, Орал, Орта Азияны қамтамасыз еткен металлургия комбинаты болған.
- Жезқазған
-Ақтөбе
+ Қарағанды
-Балқаш
- Шахтинск.
?
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы және қазақ халқының этнографиясы мен поэзиясына ХІХ ғасырдағы орыс ақындарының арасынан қызығушылық білдірген адам?
- А.Фет
-И.Бунин
- М.Лермонтов
-И.Крылов
+ А.Пушкин.
?
XX ғ. басында уезд территориясы 127300 шаршы ара-қашықтықты қамтыған, халық саны 78 мың қыста, жазда бұл сан 100 мыңға дейін өскен. Бір емханада 4 төсек қана болған. Осындай жағдайларда 40 жыл бойы еңбек еткен, Ы.Алтынсариннің жеке дәрігері болған Торғайлық уездік дәрігер
+ Мұхамеджан Қарабаев
- Амре Айтбакин
- Санжар Асфендияров
- Аққыз Досжанова
- Халел Досмұхамедұлы
?
Батыр және шешен. Пугачев әскерінде қазақ жасағын басқарған да еді. Онымен барон Игельстром сөз байласып, өзіне жақындатуға тырысқан, ақырында қуғыннан құтылу үшін Хиуа хандығына өтіп кетіп сонда қайтыс болған.
+ Сырым Датұлы
- Исатай Тайманұлы
- Есет Көтібарұлы
- Махамбет Өтемісұлы
- Кенесары Қасымұлы
?
Қазақстанда ертеде мақта өсірумен шұғылданған аймақ?
- Сырдарья
- Шу өзені
- Оңтүстік Қазақстан
+ Жетісу
- Шымкент аймағы
?
Брест қамалын ерлікпен қорғаған қазақ:
-Жылқишев
-Б. Бисекбаев
+Ш. Шолтыров
-Баймағамбетов
- Қ. Спатаев
?
Кеңес Одағының Батыры, “Халық қаһарманы” атағын бірінші алған адам?
- Т. Бигельдинов
+Нұрмағанбетов
- Б. Момышұлы
- Р. Қошқарбаев
- Қ. Қайсенов
?
Андрон мәдениетінің 30-дан астам мекен-жайлары мен 150-ден астам қорымдары табылған аймақ?
+ Орталық Қазақстан
- Оңтүстік Қазақстан
- Жетісу
- Батыс Қазақстан
- Шығыс Қазақстан.
?
Қола дәуірінің тайпалары қай тілде сөйлеген?
- қыпшақ
- араб
- көне армян
-үнді иран
+ прототүркі
?
Қазақтың ұлттық кәсіби театры мен сурет өнерінің өмірге келген уақыты?
- ХХғ. 20 жж.басы
+ ХХғ. 20 жж. және екінші жартысы
- ХХғ. 30 жж. және ортасы
- ХХғ. 40жж басы
- ХХғ. 30 жж және аяғы.
?
Адамдардағы мүлік теңсіздігі пайда болған кезең?
- неолитте
- орта палеолитте
- мезолитте
- ерте палеолитте
+ қола дәуірінде.
?
1917 жылы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың ұсынған идеясы:
- пантюркизм идеясы
- мұсылман мемлекеттілігі идеясы
+ автономия құру
- егеменді мемлекет құру
- демократия орнату.
?
1917 жылы Жетісу облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары?
- Ә.Бөкейханов
-Т.Рысқұлов
- К.Тоғысов
- С.Сейфуллин
+ М.Тынышбаев.
?
«Алаш» партиясына қарсы құрылған партия:
- «Талап»
- «Жанар»
+ «Үш жүз»
- «Жас қазақ»
- «Желтоқсан».
?
Қазақстандағы Уақытша үкіметтің алғашқы іс-шаралары:
+ Патша үкіметінің жергілікті ұйымдарын тарату
- Патша үкіметінің жергілікті ұйымдардан қолдау
- Ресей азаматтарының құқықтарын тұқырту
- 1916 ж. көтерілісшілерді қудалау
- 1916 ж.25 маусымдағы патша «Жарлығын» орындау.
?
Жастар ұйымы «Еркін дала» құрылған қала?
- Омбыда
- Оралда
- Тройцкіде
+ Орынборда
- Верныйда.
?
Далалық генерал-губернаторлықтың астанасы:
- Орал
- Ақмола
- Семей
- Орынбор
+ Омбы.
?
XIX ғасырдың басындағы Кіші Жүзде патша үкіметінің саясатына қарсы оппозицияны басқарған адам?
- Кенесары Қасымұлы
- Жантөре сұлтан
+ Қаратай сұлтан
- Айшуақ сұлтан
- Шерғазы сұлтан.
?
1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалысқа түрткі болған құжат?
- болысты өлтіру
- отаршылдық саясаты
- либерал-демократиялық интелегенцияның үндеуі
+ 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы
- жерлерді тартып алу.
?
Құрманғазының «Кішкентай» күйі арналған адам?
- Сырым Датұлына
+ Исатай Тайманұлына
- Махамбет Өтемісұлына
- Есет Көтібарұлына
- Кенесары Қасымұлына.
?
Торғай уезіндегі 1916 жылы көтерілген қазақтардың сардарбегі?
- Көшімбай Кейкіні
- Әліби Жанкелдинді
+ Амангелді Имановты
- Ұзақ Саурықовты
- Әбдіғафар Жанбосыновты.
?
XIX ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында Сырдария қазақтарының көтерілісінің басшысы:
- К.Қасымұлы
- Есет батыр
- Тентектөре
+ Ж.Нұрмұхамедов
- М.Өтемісұлы.
?
«Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы басылып шыққан баспа?
- «Айқап» журналында
- «Ақ жол» газетінде
- «Правда» газетінде
+ «Қазақ » газетінде
- «Еңбекші қазақ» газетінде.
?
«Алаш» партиясы құрылған жыл?
- 1920 жылы
+ 1917 жылы
- 1918 жылы
- 1921 жылы
- 1916 жылы.
?
«Алаш» партиясын құрған адам?
+ Ә.Бөкейханов
- Ә.Жангелдин
- Т.Рысқұлов
- К.Тоғысов
- С.Сейфуллин.
?
Алашорданың уақытша орналасқан қаласы:
- Орал
- Верный
- Орынбор
+ Семей
- Қостанай.
?
Жастар ұйымы-«Қазақ жастарының революциялық Одағын» құрған адам?
- К.Тоғысов
- М.Тынышбаев
+ Т.Рысқұлов
- Ж.Досмұхамедов
- С.Асфендияров.
?
«Әскери коммунизм» саясатының өткізілген жылдары:
- 1917-1920 ж.ж.
+1918-1921 ж.ж.
- 1921-1929 ж.ж.
- 1921-1925 ж.ж.
- 1919-1922 ж.ж.
?
1921 жылғы жер-су реформаларының негізгі мақсаты?
- Түркістанға достық көмек көрсету
- ашаршылықты жою
+ қазақтарға патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару
- егістікке тұқым беру
- феодалдар мен байлардың шаруашылығын тәркілеу.
?
Қырғыз (қазақ) АКСР-нің бірінші астанасы:
- Ташкент
- Қызылорда
+ Орынбор
- Орал
- Омбы.
?
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы Декреттің шыққан жылы?
+ 26 тамыз, 1920 ж.
- 4 шілде, 1919 ж.
- 17 сәуір, 1925 ж.
- 22 сәуір, 1918 ж.
- 3 қазан, 1920 ж.
?
1920 жылғы 4 қазандағы Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезінде ОАК төрағасы болып сайланған адам?
- Ә. Бөкейханов
- Б.Қаратаев
- А.Байтұрсынов
+ С.Меңдешев
- В.Радус-Зенькович.
?
Түрксібтің ашылу жылы:
- 1909 ж.
- 1919 ж.
- 1921 ж.
- 1927 ж.
+ 1930 ж.
?
1920-1926 жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің астанасы:
- Орал
- Омбы
+ Орынбор
- Қызылорда
- Ақмола.
?
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алған жыл?
+ 1925 ж.
- 1926 ж.
- 1927 ж.
- 1928 ж.
- 1930 ж.
?
Жезқазған аймағының мыс қорларын алғаш ашқан және зерттеген ғалым-геолог:
- И.М.Губкин
- Семенов Тянь Шанский
- Н.С.Қурнаков
+ Қ.И.Сәтпаев
- Н.Н. Добромыслов.
?
1925-1933 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы?
- С.Садуақасов
- Т.Рысқұлов
- Д.Омаров
+ Ф.Голощекин
- Т.Қазабеков.
?
Индустрияландыру нәтижесінде,түсті металл өндіруде Қазақстанның КСРО республикаларының арасындағы алған орны:
+ екінші орын
-үшінші орын
- төртінші орын
- бесінші орын
- оныншы орын.
?
Голощекиндік басқарушылық кезеңде қазақ ауылын күштеп ұжымдастыру реформасы қалай аталды?
- «Уақыт алға»
- «Ауылды кеңестендіру»
+«Кіші Қазан»
- «Ұлы қазақ»
- Голощекиндік индустрияландыру.
?
1932 жылғы шілдеде жазылған «Бесеудің хаты» бағытталған адам?
- И.Сталинге
- С.Меңдешовқа
- И.Құрамысовқа
+ Ф.Голощекинге
- С.Орджоникидзеге.
?
Қазақстандағы «Байлар шаруашылығын тәркілеу» жөніндегі заңның шыққан жылы?
- 1931 ж.
- 1940 ж.
+ 1928 ж.
- 1938 ж.
- 1941 ж.
?
Қазақстандағы ең үлкен сталиндік лагерь?
+ ҚарЛаг
-Өскемен түрмесі
- Қостанай түрмесі
- Степлаг
- АЛЖИР.
?
1920-1940 жылдары қуғын-сүргін кезеңіндегі тұтас халықтарды жер аударудың атауы?
- остракизм
- эвакуация
- жер ауыстыру
+ депортация
- эмиграция.
?
Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы бойынша 11 600 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соның ішінде Қазақстандықтардың саны?
+ 497 адам
-280 иадам
- 350 адам
- 450 адам
- 370 адам.
?
Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан территориясы кіретін құрылым?
- Осланд
- Еділ-Орал
- Кавказ
- Мәскеу
+ Үлкен Түркістан.
?
Мәскеу түбіндегі шайқаста Б.Момышұлы басқарған әскери құрылым?
- взводты
- ротаны
+ батальонды
- полкты
- дивизияны.
?
Ұлы Отан соғысы жылдары, майдан шебіне кірген облыс?
- Көкшетау
- Торғай
+ Орал
- Қостанай
- Маңғыстау.
?
Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының ерлік көрсеткен жері?
- Киев түбінде
- Ленинград түбінде
+ Мәскеу түбінде
- Сталинград түбінде
- Курскі доғасында.
?
Қазақстан Ғылым Академиясының құрылған жылы:
- 1944 ж.
- 1945 ж.
+ 1946 ж.
- 1947 ж.
- 1948 ж.
?
Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті:
- М.Қозыбаев
- А.Қонаев
+ Қ.Сәтпаев
- Ә.Марғұлан
- Е.Бөкетов.
?
1947 ж. шыққан Е.Бекмахановтың монографиясы:
- «Кенесары мен Сыздық»
+ «ХІХ ғ. 20-40-шы ж.ж. Қазақстан»
- «Абылай хан»
- «Қазақ тарихының очрктері»
- «Жоңғария очерктері».
?
Партизан құрамаларында соғысқан Қазақстандықтардың саны?
- 10 мың
- 18 мың
- 23 мың
+ 3 мың
- 30 мың.
?
Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілген жыл?
- 1945 ж.
- 1947 ж.
+ 1949 ж.
- 1951 ж.
- 1953 ж.
?
1954-1962 жж. Қазақ КСР-на тың және тыңайған жерлерді игеруге келген адамдардың саны?
- 10 млн адамға жуық
- 6 млн адамға жуық
- 5 млн адамға жуық
+ 2 млн адамға жуық
- 20 млн адамға жуық.
?
1937 жылы атылған, қазақ лингвистикасының негізін қалаған «Алашорда» басшылырының бірі:
+ А.Байтұрсынов
- Ә.Бөкейханов
- А.Әйтиев
- А.Жұбанов
- М.Шоқай.
?
Қазақстандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орны:
- Алматы зооветинарлық институты
- Қазақ ауыл шаруашылық институты
- Қазақ Мемлекеттік университеті
- Алматы Мемлекеттік Медицина институты
+ Қазақтың педагогикалық институты.
?
Алматыдағы медицина институтының ашылған жылы?
+1934 жылы
- 1928 жылы
- 1940 жылы
- 1931 жылы
- 1930 жылы.
?
1947 жылы «ұлтшылдар» айдарымен айыпталғандар:
- О.Шипин, Г.Медоев, О.Жандосов
- С.Сейфуллин, Н.Сызғанов, А.Байтұрсынов
- Т.Жароков, Ғ.Орманов, Т.Бокин
- И.Байзақов, Ж.Жабаев, М.Тынышпаев
+ М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов.
?
1997 жылдың атауы?
+ халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
- жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы
- мәдениетті қолдау жылы
- денсаулық жылы
- ауылды қолдау жылы.
?
Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының ашылған жылы:
- 1935 жылы
+ 1950 жылы
- 1953 жылы
- 1951 жылы
- 1952 жылы.
?
Соғыстан кейінгі кезеңінде саяси қуғын-сүргін:
+ әрі қарай жүрді
- тоқтатылды
- Қазақстанда іс жүзінде байқалмады
- тек қана қазақ интеллигенциясын қамтыды
- тек ірі саяси тұлғаларды қамтыды.
?
ХХғ. 40-80ж.ж. Қазақ КСР-ң территориясында өткізілген ядролық жарылыстың саны?
+ 500
- 1000
- 200
- 800
- 2000
?
1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасын 1987 жылы КОКП ОК шілде Пленумын бағалау?
+ «қазақ ұлтшылдығының » көрінісі
- бірліктің шеруі
- ұлт-азаттық қозғалыс
- азаматтардың еркін паш ету
- демократиялық жастар қозғалысы.
?
1985-1991жылдардағы КСРО-ң жүргізген саясаты:
- қайта өңдеу
+ қайта құру
- қайта салу
- жаңа экономикалық саясат
- жаңа бағыт.
?
Қазақ халқының атақты зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытовтар ақталған жыл?
+ 1988 ж.
- 1989 ж.
- 1990 ж.
- 1991 ж.
- 1993 ж.
?
Бүгінгі Қазақстан дамудың қандай моделін таңдап алды?
- ағылшын-саксондық
- шведтік
+ өзіндік моделін
- қытайлық
- жапондық.
?
Жоңғарларды қазақ жерінен қуып шыққаннан кейін Орта жүзді, өзі басқарған руын, өз ата-баба мекеніне орналасуды ұйымдастырған атақты жырау:
-Сыпыра жырау;
-Доспамбет;
-Шалкиіз;
-Тәттіқара;
+Ақтамберді;
?
Суырып салма ретінде, тапқырлық көрсетіп, өткір тілмен сөз тауып отырған, батырлық пен ерліктің үлгісін көрсеткен, жауынгерлерді ерлікке және құрбандыққа дайын тұруға шақырған, Абылай ханның сүйікті ақыны болып, үнемі соның жанында жүрген белгілі жырау:
+Тәттіқара;
-Үмбетай;
-Ақтамберді;
-Бұқар-жырау;
-Қаблиса жырау;
?
Қазіргі Ақмола облысы, Ерейментау ауданында туған, халық ауыз творчествосын жақсы білген, көптеген поэмалар мен эпостарды жатқа оқитын, тарихты, музыка мәдениетін зерттеген Әкей Тлеуұлынан тәрбие алған, «Әй Ақтамберді, Қабанбай», «Бөгенбайдың өліміне» сияқты шығармалардың авторы белгілі жырау:
-Тәттіқара
+Үмбетай
-Бұқар жырау
-Қаблиса жырау
-Шал ақын (Тілеуке Құлеке-ұлы)
?
«Айтыс өнерінің діңгегі» атанған Сүйінбай Арон-ұлының, «Ағыны аспандағы жұлдыздай» атанған Бақтыбай Жолбарыс ұлының ұстазы, «Жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл, атақты Сарбас, Кенен ақындар «Ақын Ата», «Абыз Ата», «Қабан жырау» деп ауыздарынан тастамаған шарапат шалған, әулиелік қасиеті бар, жалайыр руынан шыққан Жетісудағы ақын-жыраулардың көшбасшысы, жыр атасы:
-Тәттіқара
-Үмбетәлі
-Ақтамберді
-Бұқар-жырау
+Қаблиса жырау
?
Қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталманы «ХХ ғасыр Гомері» - Жамбылдың ұстазы:
-Қаблиса жырау;
-Бақтыбай Жолбарыс ұлы;
-Сарбас ақын;
+Сүйінбай Арон-ұлы;
-Қатаған ақын;
?
Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадірлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі болып, Орта жүздің ішіндегі ел бастаған, қазақ халқының шежіресін өлеңімен жазған, өзінен кейін кезеңдерде өмір сүрген ақындар ұстаз тұтқан адам:
-Сүйінбай Арон- ұлы
-Бұқар – жырау
-Тәттіқара
-Үмбетай
+ Шал ақын (Тілеуке Құлеке-ұлы)
?
Қазақтардың арасынан шыққан алғашқы фельдшер:
-Сырлыбай Жәнібеков
+Хамза Қаржасов
-Мажит Шолтыров
-Али Итаяқов
- Әмре Айтбақан
?
Тырысқақ ауруын жоюға белсене қатычқан алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі:
-Сырлыбай Жәнібеков
-Хамза Қаржасов
-Мажит Шолтыров
+Мұхаммеджан Қарабаев
- Әмре Айтбақан
?
Ұлы Отан соғысына дейін М.Мәметова студенті болған оқу орны?
- Қыздар педагогикалық институтының
- Қазақ мемлекеттік университетінің
- Ауылшаруашылық институтының
- Қазақ педагогикалық институтының
+Алматы мемлекеттік медицина институтының.
?
Томск университетінің медициналық факультетінің түлегі. «Стерилизация кезінде қымыздың өзгеруі және стерилизацияланған қымыздың құрамы» деген еңбегі үшін күміс медальға иеленген Қарқаралы өңірінің уездік дәрігері.
+А.Айтбакин
- Мұхамеджан Қаратаев
- Санжар Асфендияров
- Аққыз Досжанова
- Халел Досмұхамедұлы
?
1909 ж Санкт-Петербург әскери-медицина академиясын үздік бітіріп шыққан, Темір уезінде учаскелік дәрігер қызметін атқарып, оба ауруын жою ісіне белсенді қатынасқан, 1921 ж қазақ халқы арасында педагогикалық білім беру мәселесімен айналысатын Түркістан республикасының ғылым комиссиясының төрайымы, зоология, анатомия, физиология, мектеп оқушыларының гигиенасы, мектептер мен техникумдарға (қазақ тілінде) және табиғат тану пәндеріне арналған оқулықтардың авторы, КазГУ-ді құруға белсене қатынасқан, осында педагогика кафедрасының тұңғыш меңгерушісі «Алаш» қозғалысының көрнекті, белсенді басшыларының бірі:
-Мұхамеджан Қаратаев;
-Мәжит Шомбалов;
-Махмуд Шомбалов;
+Халел Досмұхамедов
- Нұрғали Ипмағамбетов
?
1911ж Қазан университетінің медицина факультетін бітіріп, Мечниковтың экспедициясы құрамында Қалмақ және Бөкей далаларының теңіз жағалауы бөлігі аймағында оба ауруының себебін зерттеуге белсенді ат салысқан қазақтан шыққан алғашқы дәрігердің бірі:
-Мұхамеджан Қаратаев;
-Мәжит Шомбалов;
+Махмуд Шомбалов;
-Халел Досмұхамедов
- Нұрғали Ипмағамбетов
?
Бұратана халықтардан Қазан университетініңмедицина факультетін 1842 ж бітірген алғашқы дәрігер:
-Бекмүхамед Шералиев
-Мұхамеджан Қарабаев
-Мажит Шомболов
-Махмуд Шомболов
+Бекарсылан Сұбанқұлов
?
Ревалюция ға дейін қазақтың үш әйелі (қызы) ғана медициналық білім алды Омбы әскери-акушерлік ммектепті 1885 ж бітіріп кіндік шеше және фельдшер атағын алып шыққан қыз бала.
+Жанкүміс Байғозина
-Гүлсім Асфендиярова
-Ә.Айтбақина
-Н.Ипмағамбетова
-Ә.Алдиярова
?
1908 ж Санкт-Петербург әйелдер медицина институтын ойдағыдай аяқтап, алғашқыда Сырдария облысында учаскелік дәрігер, Ташкентте әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері, бірінші болып Қазақстанда әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырған тұңғыш қазақ дәрігері:
-Жанкүміс Байғазина
+Гүлсім Асфендиярова
-Әлия Айтбақина
-Нұрғали Ипмағамбетов
-Әлшна Алдиярова
?
Орталық Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің негізін қалаған дәрігер:
+Г.Н.Алалыкин.
-П.М.Поспелов
-Л.Г.Ливас
-А.В.Тимофеевич
-Т.А.Коломенская
?
Г.Н. Алалыкин бітірген медицина институтыныңорналасқан жері:
-Москва
-Тверь
-Петербург
+Қазан
-Таллин
?
Орталық Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің негізін қалаған дәрігер:
+Г.Н.Алалыкин.
-П.М.Поспелов
-Л.Г.Ливас
-А.В.Тимофеевич
-Т.А.Коломенская
?
Г.Н. Алалыкин бітірген медицина институтыныңорналасқан жері:
-Москва
-Тверь
-Петербург
+Қазан
-Таллин
?
Г.Н. Алалыкиннің мамандығы
-акушер-гинеколог
-окулист
+хирург
-терапевт
-медицинаның ұйымдастырушысы
?
Кубань мемлекеттік медициналық институтын бітірген маман-П.М.Поспелов 1933-1950 жж Қарағанды обылысының денсаулық сақтау бөлімінің менгерушісі болып жұмыс істеді. Ұлы отан соғысы жылдары ол эвакуациялық госпитальдар тобын басқарды. Қарағанды медицина иститутының негізін қалаған, бірінші ректоры, ҚММИ-а басшылық еткен жылдар:
-1941-1955 жж
-1945-1965 жж
-1950-1970 жж
+1950-1974 жж
-1965-1985 жж
?
Халық емшілері, бақсылар асқазан ауырғанда беретін дәрілер;
-апиын;
+жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасы;
-бұрыш тұндырмасы;
-құйрықтын майы
-қою шай
?
Бақсылар адам анатомиясын білмесе де, олардың кейбіреулері күрделі хиругиялық оталар жасаған, олар қуықтағы тастарды алған, катарактыны сығып шығарған, сынықтарды емдеген. Кесілген тұсқа күйдірілген киіздің күлін басқан. Ойық жараны қызып тұрған темірмен күйдірген. Бақсылар жылан шаққан адамды қалай емдеген:
-уын ауызбен сорып алған;
-жыланның басынан даярлаған дәрі басқан
-жыланның басын кептірген, ұнтақтаған
-жыланнын басынан даярлаған ұнтақты сүтпен араластырып, жараға танған
+аталғандардың барлығы дұрыс
?
Түркістан АҚСР-ның денсаулық сақтау халық комиссары, Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтын директоры, Қазақ АКСР-нің денсаулық сақтау халық комиссары, Алматы медицина институтын ұйымдастырушы және тұңғыш ректоры, сондай-ақ Қазақ педагогикалық (Қазіргі Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет) институтын 1928-1931 ж.ж басқарған, оның алғашқы ректоры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерері, дарынды ғалым –тарихшы, профессор педагог.
-Т.Рысқұлов
+С.Асфендияров
-Т.Жүргенов
-Ұ.Құлымбетов
-М.Ғабдуллин
?
Ұлттық медицина қызметкерлерінің жоқтығы жергілікті халық арасында әр түрлі аурулардың кең тарауына жол берді. Тырысқақ, оба, шешек тәрізді өте қауіпті жұқпалы аурулар көп адамдардың өмірін алды. Сондықтан да қазақ жерінде шешекке қарсы егушілер мен фельдшер мамандарын даярлау ерекше орын алды Орынборда үш ай оқып, шешекке қарсы егуге рұқсат алып, Бөкей ордасына фельдшер болып келген адам:
-Бекмухамед Шералиев
+Сырлыбай Жәнібеков
-Хамза Қаржасов
-Мұхамеджан Қарабаев
-Мажит Шомбалов
?
Адамды соқыр сезіммен емдеуге болмайтынын ұғынып, Ислам дініне кереғер болса да өлген адамға анатомиялық операеция жасап, дене мүшелерін зерттеп, үйренген, болашақ әйгілі дәрігер:
-Гиппократ
-Аристотель
-Әль Фараби
+Ибн –Сина
-Ибн Балх
?
Қазақ халқының өмірінде емшілік (медицина) санау ежелгі замандардан өркендеп келе жатыр. Қазақтардың емдеумен, шипагерлікпен айналысуын шамамен қай ғасырларға жатқызуға болады:
-ХІV-ХVғғ
-ХV-ХVІғғ
+ХV-ХVІІғғ
-ХV-ХVІІІғғ
-ХІХғ. І жартысы
?
Қазақ жерінде медицина ғылымына практикалық денсаулық сақтау істеріне, ережелеріне, қағидаларына алғаш рет негіз салған ғаылым, дәрігер:
-Авиценна
-Әл-Разани
-Әл-Хорезми
+Өтейбойдақ Тлеуқабыл-ұлы
-Хафиз Мақаженов
?
Ғұлама Шипагер Өтейбойдақ Тлеуқағыл-ұлы (1388-1485 жж) жазған медициналық еңбек:
-«Медициналық трактат»
-«Төрт шырынның төрт құбылысы»
-«Сүйекті салу әдісі»
-«Тырысқақты емдеу әдісі»
+«Шипагерлік баян»
?
Қазақ жерінде фармакология ілімінің дами бастауын қай дәуірге жатқызуға болды:
-ХVғ
-ХVІғ
+ХVІІғ
-ХVІІІғ
-ХІХғ. ІІ жартысы
?
Ортағасырлық ірі ғалым-энциклопедист:
-Әль Фараби
-Аль Бируни
+Ибн Сина
-Аль Омари
-Ибн Балх
?
Бірінші дүниежүзілік соғысындағы орыс армиясының бас хирургы болған қазақ дәрігері?
-С. Жәнібеков
-М.Шолтыров
-Ә.Айтпақин
+Н.Ипмағамбетов
-М.Шомболов
?
Азамат соғысы кезіндегі 1,5 жылға созылған Черкасск қорғанындағы әскери госпитальдың бастығы?
-М.Шолтыров
-С.Жәнібеков
+А.К.Итаяқов
-Ә.Айтқожин
-М.Шомболов
?
Тарих сахнасына қазақ жүздерінің шығуы туралы деректер
+XV ғ.
-XVI ғ. ортасында
- XVI ғ. аяғында
-1616ж.
- 1670ж. жатқызады
?
1933 жылы наурызда ұжымдастырудың нәтижесінде туындаған адам айтқысыз қасіреттің көлемі туралы Сталинге хат жазған Қазақстандық қоғам қайраткері ?
- І.Құрамысов
- К.Қуанышев
- С.Садуақасов
- С.Орджоникидзе
+Т.Рысқұлов.
?
Кеңес уақытында ауыл шаруашылығының тиімсіздігінің негізгі себептері:
- мамандардың төменгі біліктілігі
- жалақының төмен болуы
- тыңайтқыштардың жетіспеуі
+ шаруалардың өз еңбегінің жемісінен тосырқауы
-жеке меншікті шаруашылығына шек қоюшылық.
?
Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілді:
- 1945 ж.
- 1947 ж.
+ 1949 ж.
- 1951 ж.
- 1953 ж.
?
1954-1962 жж. Қазақ КСР-на тың және тыңайған жерлерді игеруге қанша адам келді?
- 10 млн адамға жуық
- 6 млн адамға жуық
- 5 млн адамға жуық
+ 2 млн адамға жуық
- 20 млн адамға жуық.
?
ХХ ғ. 30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың тарих мектебін негіздеуші:
- М.Төлепов
- Е.Бекмаханов
- Н.Нұрмақов
+ С.Асфендияров
- А.Жұбанов.
?
Андрондықтардың тұрақтарының түрі:
- үңгір
+ жер төле
- балшық үйлер
- шалаш
- палатка.
?
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды:
- 1989 ж 4-шілдеде
- 1991 ж 20-мамырда
+ 1990 ж 25-қазан
- 1992 ж 1-желтоқсан
- 1992 ж 12-ақпан.
?
Қазақстандықтар 1991 жылдың 1-ші желтоқсан күнін немен байланыстырады?
+ Бүкілхалықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізілді
- Президенттің Түркияға сапары
- Қазақстан дүние жүзілік банктің мүшелігіне қабылдады
- Ұлттық валюта теңге қабылданды
- Қазақстан Президенті ант қабылдады.
?
Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырда екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Сол мемлекеттерді ата:
- Ноғай Ордасы мен Мауерннахр
- Моғолстан мен Хайду мемлекеті
- Ақ Орда мен Сібір хандығы
+ Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
- Бұхар мен Әбілхайыр хандығы.
?
“Қазақ жерлерін жинаушы” хан:
-Жәнібек
+Қасым
-Хақ-Назар
-Есім
- Тауке
?
ЖЭС –қа өтудің ауыл шаруашылығындағы өзгерістерінің нақты көріністері қандай?
- басшылықты ұйымдастыру
+ салғырттықты салыққа алмастыру
- МТС-і құру
- салықты салғырттыққа алмастыру
- ауыл шаруашылық кооперацияларын құру.
?
Түркісібті салу сәуір айында аяқталды:
+1931 ж.
- 1927 ж.
- 1937 ж.
- 1928 ж.
- 1932 ж.
?
Қазақстандағы индустрияландырудың басты бағыты болып:
- автомобиль жасауды дамыту
+ шикізат саласын дамыту
- электрониканы дамыту
- машина жасауды дамыту
- трактор жасауды дамыту.
?
