- •1."Токсин" ұғымына қысқаша анықтама беріңіз, токсиндік заттардың негізгі топтарын атап көрсетіңіз
- •2.Токсикология ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •3.Экотоксикологиялық зерттеулердің дауына себепші болған практикалық проблемаларды атаңыз
- •4.Организмге түрлі токсиканттардың әсер етуі барысында "өткір" немесе "созылмалы" улану орын алуы мүмкін, уланулардың осылайша бөліну себебін түсіндіріңіз
- •5.Токсиканттар адам мен жануарлар организміне әртүрлі жолдармен енеді, токсиканттың организмге ену жолын оның қасиеттерімен байланыстырыңыз
- •6.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •7.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларды асырауға қойылатын талаптарды атап шығыңыз
- •8.Токсикологиялық экспериментті жоспарлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз
- •9.Организмде улардың әсерінен пайда болған өзгерістердің біліну кезеңдерін көрсетіп, оларға қысқаша сипаттама беріңіз
- •10.Улы заттардың организмге тыныс жолдары арқылы ену прооцесін қысқаша сипаттаңыз
- •11.Ксенобиотиктердің организм ішінде тасымалдану жолдарын және дене мүшелерінде жинақталу ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •12."Токсикокинетика" ұғымына анықтама беріңіз, токсикокенетикалық көрсеткіштерге қысқаша сипаттама беріңіз
- •13.Улану кезіндегі емдік-профилактикалық шараларды атап, емдік диеталардың маңызын түсіндіріңіз
- •14.Созылмалы улану кезіндегі улардың кумуляциялану түрлеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ластаушы заттардың техногендік көздеріне қысқаша сипаттама беріңіз
- •16."Биологиялық ластану" ұзымына анықтама беріңіз, бологиялық ластанудың себептерін атаңыз
- •17.Токсиндік қасиеті бар газ тәріздес бейорганикалық қоспалар мен қышқылдардың шығу көздерін және қолданылу салаларын сипаттаңыз
- •18.Токсикология пәніне қысқаша анықтама беріңіө, токсикология ғылымының міндеттерін тұжырымдаңыз
- •19.Токсикометрия ғылымын заттардың улылығы мен қауіптілігін бағалайтын токсикология ғылымының саласы ретінде сипаттаңыз
- •20.Экотоксиканттардың әсері организмдердің жасына, жынысына тәуелді болатыны белгілі, себептерін түсіндіріңіз
- •21.Токcикометрияда опаттық (леталдық) дозалар және нәтижелі (эффективті) дозалар ұымдары қолданылады, солардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз
- •22.Эксперимент барысында токсиканттарды жануарлар организміне ауыз арқылы енгізуге байланысты ережелерді тұжырымдаңыз
- •23.Токсикометриялық критерийлер неге негізделген деп ойлайсыз, токсикалық эффект көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз
- •24.Токсикалық қасиеті бар заттарды жіктеу әдістерін тұжырымдаңыз, токсиканттардың негізгі топтарына (кластарына) анықтама беріңіз
- •25.Токсикалық қасиеті бар заттарды гигиеналық классификация бойынша топтарға жіктеңіз
- •26.Су көздерін ластаушы токсиканттарды кластарға жіктеңіз
- •27.Буланғыш (ұшқыш) токсиндік заттарды кластарға жіктеңіз
- •28.Токсиндік заттардың организмде таралуының кеңістіктік, уақыттық және концентрациялық факторларын мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •29.Улардың биологиялық субстратпен әсерлесу механизмін сипаттаңыз, улардың организмге әсер етуіндегі рецепторлардың маңызын түсіндіріңіз
- •30.Токсикалық заттардың аралас әсерінің негізгі түрлерін (типтерін) сипаттаңыз
- •31.Қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуінің себептерін түсіндіріңіз
- •32.Ауыр метелдардың "физиологиялық маңызы бар" және "тек токсикалық маңызы бар" металдар болып бөліну себебін түсіндіріңіз, олардың өкілдерін атаңыз
- •33.Ауыр металл қорғасынның токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •34.Ауыр металл сынаптың токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •35.Ауыр металл кадмийдің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •36.Ауыр металл мышьяктің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •38.Ауыр металл мырышқа физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •39.Ауыр металл қалайыға физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •40.Ауыр металл темірге физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •41.Экотоксикология ғылымының өзге жаратылыстану ғылымдарымен байланыстылығын сипаттайтын сызба нұсқа құрастырыңыз
- •42.Экотоксикологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •45.Токсикологиялық эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға белгі тағу (маркировка) әдістерін кесте түрінде клтіріңіз
- •48.Тубазид препаратының токсинділігін зерттеу кезінде төмендегідей нәтижелер алынған. Беренс әдісі бойынша осы препараттың ld 50 мөлшерін есептеп шығарыңыз:
- •49.Беренс әдісі бойынша токсикантың ld 50 мөлшері мына формула бойынша есептеледі: ld50 ;
- •50.Ксенобиотиктердің организмде өзгерістерге түсу және залалсыздану сатыларын кесте түрінде келтіріңіз
- •52.Ксенобиотиктердің әртүрлі топтарының троптық органдарда жинақталу ерекшеліктерін көрсететін кесте құрастырыңыз
- •53.Йодтың радиоактивті изотобының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54.Цезийдің радиоактивті изотоптарының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
3.Экотоксикологиялық зерттеулердің дауына себепші болған практикалық проблемаларды атаңыз
Әр түрлі заттардың адам организміне зиянды әсерін зерттеу Гиппократтан бастау алады, сонымен қатар Гален мен Парцельс, Рамаццин зеттеулерінде көміртек оксидімен, ауыр металдармен кәсіптік улануы туралы кездеседі. Көміртек оксиді ұлпаларды зақымдайтын өте қауіпті у екені белгілі. Оның әсерінен қандағы эритроциттер гемоглобинді өкпеден ұлпалаға оттегі орнына көміртек оксидін тасымалдайды. Ежелгі Римде су құбырындағы қорғасын қосындылары әсерінен тұрғындардың жаппай улануы маңызды проблемалардың бірі болды. Зиянды заттардың улы әсерін зерртеу осы кезден бастап маңызды болды. Содан кейін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бельгияда немістер хлорды алғаш рет уландырғын зат ретінде қолданған. Кейін нервті зақымдайтын зорин, зоман т.б улағыш заттар пайда болды.
Ресейде химиялық қауіпсіздікті шешу үшін Госсанэпидналзор орталығында токсикологиялық бөлім ашылды. Кейін зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады.
4.Организмге түрлі токсиканттардың әсер етуі барысында "өткір" немесе "созылмалы" улану орын алуы мүмкін, уланулардың осылайша бөліну себебін түсіндіріңіз
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі — өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)
Өткір улану-улы заттек бір дүркін әсер еткеннен кейінгі пайда болған ауруды айтады.Мұндай жағдай зиянды заттың мөлшері ШРК-дан ондаған немесе жүздеген есе жоғары болған жағдайда өлшенеді.Нәтижесінде организм тез арада жазылып кетуі мүмкін немесе созылмалы ауруға ұшырауы мүмкін немесе опат болуы мүмкін.
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Хроникалық немесе созылмалы улану-зиянды заттың төмен концентрацияда немесе аз дозада ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруды атайды.Егер мұндай әсер бір мәрте қысқа уақытта көрсетілген болса,онда улану белгілері байқалмайды.Қандай да бір улану эффектіні туындататын заттың ең төмен концентрациясы төменгі шекті концентрация деп аталады. Өткір улану туындататын заттардың парогтік концентрациясы созылмалы уландыру тудыратын заттардың концентрациясынан жоғары болады
өткір улану, кең спектрде көп салалы клиникалық көріністердің байқалуы, жоғары гепатотоксикалық байқалады, эритроциттердің гемллизі байқалады .Жалпы улану әсері, бастың ауыруы, дем алалмауы, тәбеттің нашарлауы, артериальды гипотониямен вегетативті бұзылыс, гипо және анацидті асқазанның ойық жарасы, жүрек қызметтерінің өзгерістері, өкпенің аурулары, аллергия.
5.Токсиканттар адам мен жануарлар организміне әртүрлі жолдармен енеді, токсиканттың организмге ену жолын оның қасиеттерімен байланыстырыңыз
Токсикология-өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады,ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін,қауіптілігі мен зияндылық деңгейін,гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып,нұсқау беріп отырады.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады,сондай-ақ қоспалар,қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт кӛміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Өндірісте адам ағзасына удың түсуі тыныс алу жолдары мен тері қабаты арқылы жүзеге асады,ішек-қарын жолы арқылы өте сирек түседі.
Өндірістік улану көп жағдайда,токсиндік газды,буды,тұманды,аэрозолдарды жұту барысында болып жатады.Бұған өкпе ұлпасының газды тез арада қабылдауға бейімділігі,осылайша удың қанға жедел тарауы себеп болады. Жұтылатын ауа арқылы дене мүшелеріне удың әсерін таратпау мақсатында қосымша тосқауылдардың болмауы да қиындық тудырады.Қосымша жұмысты жоғары қысымдағы өкпе желдеткіші және өкпенің жұмыс жасау барысындағы қанайналымның күшеюі,әсірсе физикалық жұмыс барысында басты орын алады.Токсиндің заттардың ауадан қанға тез тарауына олардың суда ерігіштігі себеп болады.
Кейбір қосындылар,өкпедегі артерия қанына түскеннен соң организмнің басқа мүшелеріне қарай жылжиды да, олармен де жақсы әсерлеседі.
Тез әсер тигізудің бұл түрі қысқа уақыт аралығында егер олар жәй метаболизацияланатын болса,ұлпаны қанықтырады және керісінше.
Жәй әсер тигізу заттары неғұрлым баяу артериядан ұлпаға жылжиды да,олардың біраз уақытқа артериядағы концентрациясы қан тамырларындағы қарағанда аса жоғары болады.Ұлпаның қанығуына қарай бұл айырмашылық басылады,жұтылатын ауадағы заттардың концентрациясы жұтылған ауа концентрациясына жақындайды. Тез әсер еткіш заттар ылғалды шырышты қабаттың үстіңгі жағында-ақ ыдырауға түседі және қанға айналым өнімдері (метаболиттер) түрінде сіңіріледі.Олардың ерігіштік қабілеті неғұрлым жақсы болса,соғұрлым бұл қосылыстар жоғары тыныс алу жолдарында да тез сіңіріледі.
Удың тері арқылы түсуі тек терінің ерітінділермен ластануынан ғана емес, токсиндік заттардың шаң-тозаңымен де түседі: соңғылары тері арқылы және ауада токсиндік газ бен бу болған жағдайда сіңіріледі ,өйткені тері тыныс алу процесіне қатысады.Сондай-ақ ауадан токсиндік бу мен газ тері арқылы,майлы қабат арқылы және нәтижесінде сол арқылы кейін сіңіріледі.
Тері арқылы түсу майда және май тәріздес заттарда (/липоидтер/еритін көмірсутегі,хош иісті аминдер,бензол,анилин,эфир байланысы арқылы түзілетін) еритін токсиндік заттар үшін маңызды мәнге ие болады.
Бұл заттар үшін олардың ауадағы тӛменгі концентрациясы қарастырылады.,тері қабатын қорғау шаралары,жұмыстан соң душ қабылдау міндеті қойылған.
Удың асқорыту жүйесі арқылы түсуі түрлі себептермен жүзеге асады. Оның ең басты түрі токсиндік заттарды жұтқыншақ пен тыныс алу жолының жоғарғы жағында шаң түрінде кідірістеуі болып табылады .Оның жартысы сіңіріліп,асқазанға түседі.Удың мұндай жолмен түсуінің кейбір ерекшеліктері бар.Ол асқазанның қышқылды ортасында ерігіш болып,ішекте-аз сілтіленуі мүмкін.Удың асқазан мүшесіне түсуі оның шырышты қабатын,секрецияны бұзуы ықтимал.Соңында улар көп мөлшерде қанға түсіп,бауыр тосқауылы арқылы өтеді.Бауыр уды зиянсыздандырудың ең активті мүшелерінің бірі болып табылады,бірақ удың әсерін айналып ӛте алмайды.
