Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор)))) туркский мир.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
235 Кб
Скачать
☆

17. Көне түріктердің шығу тарихы (деректерді талдау, тарихнамасы, қалыптасуы мен даму тарихы).

Көне түрктер туралы ең негізгі еңбек-ол Гумилевтің «Көне Түрктер»-Көне түрік дәуірі —ежелгі ортағасыр кезеңі (VI-XII-ғ.) Әскери жорыктардың нәтижесінде түріктер Қиыр Шығыста Маньжурияда, Оңтүстік Сібірде Енесайдың жоғарғы ағысы, Орта Азияда Амудариянын жоғары ағысы мен Қара теніз жағалауында Керчь бұғазына дейінгі аумақтарға өз билігін жүргізді. Алып империя VII-ғасырда Шығыс және Батыс Түрік кағанаттары болып екіге бөлінді.. VII-ғ. Жетісуда Түргеш мемлекеті. VIII-ғ. Қарлұк. X-ғ. Қараханидтер мемлекеті пайда болады.Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында соғды жазуының негізінде геометриялық сызбалардан тұратын 38 белгіден құралған жаңа жазу қалыптасадыЕртедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында I Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И. Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап оны «руналық» жазу деп атады. 889 жылы Н. М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлпытастарды тапты. Табылған мәтінді оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В. Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В. В. Радлов болды.Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік Монғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенга өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты (689—744 жж.) және Монғолиядағы Ұйғыр кағанаты (745—840 жж.) дәуірінде орнатылған. Ең әйгілілері — Білге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күлтегіннің құрметіне 732—735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер және екінші Түрік қағанатының алғашқы қағандарының кеңесшісі Төникөктің(716жыл) құрметіне Төнікөктің тірі кезінде-ақ орнатылған ескерткіш. X0-ғ. ғалымы әл-Хорезми былай дейді: «Хақан - түріктердің негізгі патшасы. Хақан - көсемнің көсемі, парсылардағы шаханшах, яки хандардың ханы деген сөз». І-мыңжылдықтың соңындағы осы тайпалардың рөлін С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов былайша сипаттайды: «8-10-ғасырларда алдымен Алтайда, Ертіс өңірі мен Шығыс Қазақстанда, кейін Орал өңірі мен Орталық Қазақстанда қимақтар мен қыпшақтардың үстемдігі осындай үлкен далалық өңірдеге анықтаушы факторға айналды». XI-ғасырдан бастап өлкедегі билік қыпшақтарға өтеді. Қыпшақ дәуірі басталып, қыпшақ тілі диалектісі таралады.. Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне ғұрыптык коршаулар да жатады. Олар VI-IX-ғасырлар аралығында ұзақ уақыт бойы жасалып келді. Көне түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам) арнап ас беру ғұрпын өткізуге байланысты жасалды. Қазіргі деректерде жазба түркі тілі VI ғасырдағы Орхон-Енисей руникалық жазбаларынан басталады деп жүр. Түркілерде жазба әдебиетінің б.д. III ғасырында болғаны туралы (кейбір деректерде біздің дәуірге дейін) Л.Гумилев өзінің “Хунну” кітабында: “Троецарствия тарихында” Қытай мен ертедегі Камбоджа патшалығы Фунанның арасында елшілік алмасқаны туралы хабарлайды. Қытай елшілігі 245 және 250 жылдар арасында Камбоджада болып, қайтқанда оған қатысқан Кань Тай Фунан патшалығы туралы мынадай мәлімдеме жасайды: “Оларда кітаптар бар және оларды архивтерде сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуына ұқсас” деп жазады. Қазақстан жерінде болған жазу үлгілері туралы академик Ә.Марғұлан “Қазақстанның байтақ өлкесінде 4 түрлі жазудың үлгісі сақталған: ескі ғұн, үйсіндер пайдаланған рұна жазуы; Орхон дәуіріндегі рұна жазуы; шығыс Түркістанда ұйғырлар пайдаланған арамей жазуы (Жұбан Ана, Батағай); араб жазулары (Айша бибі, Бабаша Хатұн, Болған Ана, Көк Кесене) тағы басқалар” дейді. Түркі алфавиті туралы академик В.В.Бартольд былай деп жазды: “Бұл, түркі тіліне басқа алфавиттерден гөрі жақсы бейімделген күрделі жазу.. “Орхон-енисей алфавиті түркі тіліне, оның ішінде сингармонизм заңына өте жақсы бейімделген. Неміс ғалымы А.Фон Габен, «еуропа мен мұсылманның миниатюралық кескіндемесі \живопись\ ұйғырлардан, яғни түркілерден шыққан» дейді Гумилевтың сөздерімен қорыта келсек,Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай–ақ, көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады»

18

Түрік халықтарының моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы жағдайына сипаттама беріңіз.

Бұл дәуір туралы еңбектер -Калашников «Жестокий век», С.Г.Кляшторский, Т.И.Султанов «Казахстан. Летопись трех тысячелетий», К.М. Байпаков, Б.Е. Кумеков, К.А. Пищулина «История Казахстана в средние века», П.Агапов, М. Кадырбаев «Сокровища древнего Казахстана». Шыңғыс хан кезіндегі татар-монғолдар, керей, найман, меркіт, қоңырат, жалайыр туралы мәліметті 1240 ж. жазылған «асыл үрпақтары» ғана оқитын Қүпия шежіреден белгілі. (Монғолдың қүпия шежіресі. 1866 жылы орыс тілінде, 1913 жылы французша, 1908 жылы қытай латын әрпінде шығарады). Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы.“м” атауы Мэргэд -мерген ұғымынан шыққан. Себ,М. “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, М. ерте орта ғасырда мемлекет құрған, 9 – 10 ғғ “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байқалдан Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген.Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен М. болды. Олар 1178 жылы Шыңғыс хан-ң жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Керейіттер- Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини дерект бойынша Моңғолия аймағында өм сүрген, XII . ғасырға қарай Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған тайпа. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген.Шығу тегі жағынан керей.Рашид-аддин-түркі тілд жатпайды дед. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монголдарға жатқызған. . Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарамаңарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин олардытүріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Н. Д. Мартин хабарлауынша, керейіттер шығысында наймандармен шектесіп жатқан. Наймандар.ң тегі туралы бірқатар зерттеушілер (И.Я. Шмидт, А.М. Позднева, Д.Оссон, В.В. Бартольд, В.П. Васильев, т.б.) Наймандардарды моңғол, басқалары (Рашид әд-Дин, Х.Ховарс, П.Поуха, А.Бобривников, Г.Е. Грумм-Гржимайло, Н.А. Аристов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан) түркі тегіне жатқызды. Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген тайпалар қатарында таниды. Найман мемлекеті құлап, халқы Шыңғыс хан] империясына бағынған соң, олардың біраз бөлігі байырғы қоныстарына жақын Ертіс, Алтай алқабында орнығып, Үгедей ханның ұлысына қарады. Қорыта келгенде Моңғол щаапқыншылығы кезеңдегі жазба деректері б-ша наймандар батысында қаңлы, қыпшақ, шығысында керей, меркіт, теріскейінде қырғыз, оңт-нде ұйғыр, таңғұттар сияқты түрк тайпалары өмір сүргені және Моңғол құрамына енгені жайлы айтылған. Сондай-ақ 1207—1208 жж. Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. ұйғырларды да өз билігінің астына алады.

19

Көне түріктердің материалдық және рухани мәдениетінің бастау көздері-Мәдени мұра ескерткіштері негізінде талдау.

Түркі тарихын зерттегенде және түркі дәуірі жайлы айтқан кезде біз міндетті түрде белгілі бір деректерге сүйенеміз. Түркі тарихына байланысты негізгі 3 дерек көзі бар. Ол: қытай деректері, араб-парсы деректері және түрік бітіктері. Көне түріктердің материалдық және рухани мәдениетінің бастау көздері деп осы түрік бітіктерін айта аламыз. Негізінен бұл бітіктер ескерткіштерінің кеңiстiк аймағы – Алтай, Хаңғай, Соен, Кентай тау жоталары, Гоби (қазақша-«қобы») шөл даласы және осы тау-жота, дала алқабындағы Орхон, Селеңгi, Туыл, Онгин, Керулен, Онон, Ханұй, Хүнүй, Тэс, Қобда өзендерiнiң бойы мен Көпсукөл, Қырғыс, Қарасу, Ұбсы көлдерiнiң жағалауы. Демек көне түрік бітіктастар мен ескерткіштері Моңғолияның шығысынан батысына, солтүстiгiнен оңтүстүгiне дейiнгi төрт тарабында кездеседi. Және олар бірнеше комплекстарға бөлінеді Орхон-Енисей, Талас, Ферғана, Тұрпан түрік бітіктастар ескерткіштері болып бөлінеді. Осылардың ішіндегі ең танымал ескерткіш кешені – Орхон-Енисей ескерткіштері. Енді осы кешен туралы айтып өтсек. Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған,Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.

Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

Орхон бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі далалық көшпелі этносаяси бірлестіктердің қаған, йабғұ, чұр, тархан және т.б.билік иелерінің, түрік бекзаттарының құрметіне арналып жасалынған. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.

Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,

  • Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,

  • Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,

  • Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,

  • Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,

  • Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,

  • Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,

  • Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.

Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.

Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.

Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.

Жалпы Орхон бітіктастары мен ескерткіштері және өзге де барлық мәдени мұра ескерткіштері археологиялық, этнографиялық, тілдік, мәтіндік, археографикалық және т.б.этносаяси, этноәлеуметтік, этномәдени тұрғыдан көптеген жайттарды анықтауға мол септігін тигізетін аса мол мұралар болып табылады.

20

Әлем тарихындағы түркі халықтарының жаңа және қазіргі кездегі даму ерекшелігіне анықтама беріңіз.

Түркия Республикасы- Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан. 2001 ж Турция экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Ұлттық өнім бағалары 9,5% қысқарды,2002 ж экономика дәрежесі 7,1% өсті, және сонымен жыл сайын проц көрсеткіш өсіп тұрды- в 2003 г. – 5,9%, в 2004 г. – 9,9%, в 2005 г. 5% вместо ожидаемых 7%. Жалпы түркияның валютасы-түрік лирасы, халықаралық организациялары ВТО,ОЭСР,Экономикалық активті тұрғындар-25,27 млн, жұмыссыдардың дәрежесі 8,8%

Инфлянция-8,5%, негізгі өнімдер(отрасль)-тоқыма, хром,көмір,мыс өндіру, Экспорт бойынша әріптестері- Германия 11,3 %, Великобритания 8 %, Италия 7,9 %, США 6 %, Франция 5,4 %, Испания 4,4 %,импорт бойынша әріптестері- Россия 12,8 %, Германия 10,6 %, Китай 6,9 %, Италия 6,2 %, Франция 5,2 %, США 4,5 %, Иран 4 %, Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.2013 жылдың ортасына елдегі тұрғындар саны - 17 010 000 адам [5], бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²). Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —    1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды“Қазақстан — 2030” багдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздіц басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Өзбекстан Республикасы- Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Жер аумағы – 442,4 мың км2.Халқы – 24,6 миллион .Ақша бірлігі – сум. Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. Өз тәуелсіздігін 1991 ж 31 тамыз алды. Экономикасы туралы айтсақ, 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Тәжікстан Республикасы Орталық Азиядағы мемлекет. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579 миллион .Ақша бірлігі – сомони. Тәуелсіздігін 1991 ж 9-қыркүйекте алды.Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған.

Түрікменстан — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Тәуелсіздігін 1991 ж 27 қазан.Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған.Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]