Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Novy_test_1_sem_2014.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

11. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

.... – қазаққа тән ерекше өнер.

А) айтыс

В) домбыра

С) қазақ тілі

Д) алтыбақан

Е) тоғыз құмалақ

12.Сөйлемді жалғастырыңыз.

Егер бұл туралы «Хабар» арнасынан айтпаса,...

A) онда халық дұрыс түсінбей қалады

B) мен көп нәрсе түсіндім

C) сараптамалық бағдарламалар жоқ екен

Д) олар осы арнаның қызметіне риза болды

Е) бәрі еститін болды

13. Асты сызылған сөзді мәндес сөздермен алмастырыңыз.

Ауыл әкімі ауданға ақпаратты факспен жіберді.

А) факс арқылы

В) факстен соң

С) факске дейін

Д) факстен кейін

Е) факстан соң

14. Сөйлемді аяқтаңыз.

Туристер тарихи ескерткіштерді....

А) аралап келе жатыр

В) аралап келе жатса

С) араласам

Д) аралап көріп келсек

Е) аралау керек

15. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Апта соңында «Жеті күннің» басты жаңалықтарымен ... ғаламтордағы жаңалықтарымен де танысамын.

А) қоса

В) бері

С) қарай

Д) бұрын

Е) кері

16. Сөйлемді аяқтаңыз.

Елімізде қарапайым халықтың тұрмысы түзеліп, жағдайы ....

А) оңалып келе жатыр

В) оңалтқалы келсе

С) оңалып келе жатса

Д) оңалып келді

Е) оңалмақшы

17. . Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Ерсін туристік фирмаға не үшін келді?

A) Фирманың бағдарламасымен танысу үшін

B) Жұмысқа орналасу үшін.

C) Жарнама беру үшін.

D) Фирма қызметкерлерімен жақын танысу үшін.

Е) дұрыс жауабы жоқ.

Туризм – кез келген мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік – қоғамдық өмірінде ерекше орын алатын сала. Кез келген елдің халықаралық байланыстары мен экономикасын дамытуға туризм өзіндік үлесін қоса алады. Сондай – ақ, сыртқы сауда байланысын арттыру мен жұмыс орындарының анағұрлым мол ашылуы секілді мәселелерге аталмыш сала өз әсерін тигізеді. Мемлекетімізде туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде ішкі және сыртқы туризм бірдей өркендеп келеді. Халқымыздың әл – ауқаты артып, ел экономикасы дамығалы еліміздің азаматтары да туристік сапарларға жиі шығатын болды.

Туристік сапарларға арналған фирмалар біздің қалада көп. Тедедидар жарнамалары арқылы туристік фирмалармен танысуға болады. Ерсін де теледидар жарнамалары арқылы бірнеше туристік фирмалармен танысып шықты. Ол достарымен ақылдаса келе биылғы кезекті еңбек демалысында отбасымен туристік сапарға шығуды жөн көрді. Туристік сапарға шықпас бұрын туристік бағдарламамен танысу керек. Ол өзі таңдаған «Саяхатшы» туристік фирмасының бағдарламасымен танысу мақсатында фирмаға барып келді. «Саяхатшы» туристік фирмасы Абай даңғылының бойында орналысқан екен. Абай даңғылының бойында үлкен ғимараттар өте көп. Солардың бірі – Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы театр. Ерсін іздеген туристік фирманың кеңсесі де осы театр жанында орналасқан екен. Ерсін көп қиналмастан «Саяхатшы» фирмасының кеңсесін тез тауып барды. Әріптестік байланыс орнату арқылы жұмыстың сапасын арттыруға болады. «Саяхатшы» туристік фирмасы да қаламыздағы барлық туристік фирмалармен тығыз байланыста еңбек етеді. Фирма қызметкерлері де сыпайы, мәдениетті екен. Олар келушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Ерсінге қызмет көрсеткен Жанар өз ісінің нағыз білгірі екен. Ол лезде Ерсінді қызықтырған сауалдарға жауап беріп, еліміздегі демалыс орындар туралы толық мәлімет берді. Туристік фирмалардың жеңілдіктерін пайдалану арқылы табысы орташа адамдар да алыс сапарларға баруына болады.

Ерсін ойлана келе Көкшетауға барып демалуды жөн көрді. Ол бала күнінен Бурабай көлдерін, әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтасты көруге құмартушы еді. Көкшетауды «Қазақ Швейцариясы» деп атайды. Бұл – атына заты сай жер. Көкшенің биік таулары, тұнық мөлдір көлдері, хош иісті гүлдер мен жидекке толы ормандары көрген адамды таңдандырады. Көкшетаудың солтүстік батысында «Алтын тоғай» атты туристік база бар. «Бурабайға» баратын жол орманның арасынан өтеді. Жлдың бойында өсіп тұрған ару ақ қайыңдар, қарағайлы ормандар, күміс күлкісімен сылдырап ағып жатқан мөлдір бұлақтар көздің жауын алады. «Бурабай» - минералды суларымен, шипалы балшығымен белгілі аймақ. Көкшетаудың әсем табиғаты - барша қазақстандықтардың мақтанышы. Оның жұпар ауасы – дертке дауа.

Ерсін отбасы мүшелеріне, әсіресе, ұлы мен қызына отанымыздың көрікті аймағы Көкшені көрсеткісі келді. Өйткені ол балаларының өз елінің нағыз патриоты болып өскенін қалайды.

Туристік сапарларға ұшақпен барған тиімді. Ерсін отбасымен Бурабайға ұшақпен баратын болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]