Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fil_dayyn_shpor.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
199 Кб
Скачать
☆
  1. Адам және дүние мәселесі бойынша буддизм философиясында жасалған пайымдауларды талдаңыз.

Буддизмдегі адам мәселесі. Буддизм ілімінің орталығында адам тұр. Буддистік философияның орталық мәселесі – өмірлік маңызы бар практикалық міндет – қарапайым өмірден (сансарадан) нирванаға көшкенде ғана мүмкін болатын азаптан құтылу мәселесін радикалды түрде шешу. Сондықтан дүние туралы дәстүрлі философиялық сұрақтар (дүниенің шығуы, қалыптасуы, мәңгіліктігі) қарастыру аумағынан тыс қалдырылады: өйткені дүние (санасара) – біз құтылғымыз келетін нәрсе. Ортожоксалды Үнді философиясында адам – мәңгілік тіршілікке ие жан (үздіксіз алмасып отыратын) тәндердәі бірлігі деп қарастырылады. Будда мұнымен келіспейді. Будда ілімі бойынша адам бес топтан тұратын элементтерден – дхармалардан құралады. Дәл осы дхармалар тән мен психиканың барлық құбылыстарын анықтайды. Олар:1) денелік тәндік формалар; 2) сезімдер; 3) ұғымдар-танымдар; 4) кармалық белгілер; 5) сана тудыратын дхармалар.

Кейінірек дхармаларды жіктеудің басқа классификациялары пайда болды. Буддизмдегі дхармалар өз алдына дербес «рухани атомдар» емес, олар жеке-жеке ешбір мәнге ие емес, тек бірлесіп ағымда болғанда ғана мәнді. Мысалы: кітап оқып отыратын оны түсінгіңіз келсе, сіздің бойыңызда тәндік формалардың (кітап) дхармалары көрініс беріп, «әрекет етіп» жатыр. Біздің қазіргі өміріміз – «дхармалар ағыны». Біздің қалған өміріміз де (өткеніміз бен келешегіміз) дәл осындай ағындар. Дхармалар ағынындағы дәл осын1дай өзгерістер хаостық емес, өзара байланыста, пайда болудың белгілі заңына - «кармаға» бағынады. Буддалық философияның теориялық негізі Себептілік доңғалағы туралы ілімді құрады.

Азаптың 12 тізбесі (карма туындататын Себептілік доңғалағы): 1) өмір азаптары (туылумен байланысты ); 2) туылу(өмірге ұмтылыспен байланысты); 3) өмірге ұмтылыс (өмірлік объектілерге байланысты); 4) көңілін аудару, үйір болу, құштарлық (заттарды иелену тілегімен байланысты); 5) аңсау, көусеу (сезімдік қабылдаумен(тәжірибемен) байланысты); 6) сезімдік тәжірибе (объектілерді сезім арқылы қабылдауға байланысты); 7) сезімдік түйісу, жанасу (танымының алты мүшесімен байланысты); 8) танымның алты мүшесі (тән мен ақылдан тұратын мүшенің дамуының эмбрионалды кезеңімен байланысты); 9)456+ эмбрионның дамуы (бастапқы санамен байланысты); 10) бастапқы сана (өткен өмірдегі әсерлеріне байланысты); 11) өткен өмір әсерлері (ақиқатты білмеумен байланысты); 12) будда іліміндегі 4 ақиқатты білмеу.

Себептілік доңғалығы бізді азап дүниесінде қайта туылуға мәжбүр етеді. Егер одан құтылғымыз келсе, Будданың төрт ақиқатын білуіміз қажет:1) өмір дегеніміз азап (туылу дегеніміз азап, аурулар мен өлім азап, сүйгеніңнен айырылу азап, сүймегенге қосылу азап. Өмірдегінің бәрі азап); 2) Азаптың қайнар көзі – біздің өз тілектеріміз (азаптардың басты себебі бізге әрдайым бірдеменің керек болуы болуынан және біздің өз қалауымызға еш қол жеткізе алмауымыздан); 3) Азаптан құтылу үшін тілектерден арылу қажет (тілектерден арылсақ, олардың орындалуынан азап шекпейміз); 4) Тілектерден арылу үшін, Буддалық «Құтылудың сегіз жолын» ұстану қажет (адам өзін өзі үгіттеп, молшылықтан бас тартқанымен, тамақ ішу, жеу, жүріп тұру т.б тілектер сарқылмайды. Өйткені бұл тілектер өмір сүруге деген ұмтылыспен тығыз байланысты).

Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы: дұрыс көзқарас, дұрыс шешім, дұрыс сөз, дұрыс тәртіп, дұрыс өмірсалт, дұрыс күш жұмсау, ойды дұрыс бағыттау, дұрыс назар. Сегізінші жолдың соңғы деңгейіне көтерілген адам рахатқа (Ардақты тұлғаға) айналады және нирванаға жетеді. Нирвана құштарлықты, демек сонымен бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды тоқтатып, сансарадан, карманың құзырынан Себептілік доңғалағынан босану. Нирвана өмірдің жоқтығы емес, керісінше, тұлға тіршілігінің айрықша түрі мен тәсілі. Нирвана «мұхит сияқты терең; мұзарт сияқты биік, бал сияқты тәтті». Нирвананың не екенін әркім өзі жеткенде ғана біле алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]