4 Билет
Жаңа дәстүр, жаңа салт
Неке-отбасылық қатынастар «Неке және отбасы туралы» Заңмен реттеледі. Оның ұстанымдары мыналар:
әйел мен еркектің неке одағының еркін болуы;
жұбайлардың отбасындағы құқығының тең болуы;
отбасының әрекетіне басқа адамның араласпауы;
отбасыішілік мәселелерді өзара келісім нәтижесінде шешу;
отбасындағы бала тәрбиесінің басымдығы, оларды дамыту және оларға жағдай жасау.
Некелесу – жастардың өздері шешетін аса жауапты мәселе. Олар бірін-бірі жете білісіп, түсінісудің нәтижесінде бас қосуға шешім қабылдайды. Ата-аналарымен ақылдасады. Бұл дұрыс та. Өйткені өмір тәжірибесі аз жастардың некелесу мәселесінің бүге-шігесін объективті түрде анықтау әрқашан дұрыс нәтиже береді.
Сол сияқты құда түсу, қыз ұзату және үйлену тойларының жаңа түрлері бар. Жаңа мазмұнды жар-жар болсын, беташар болсын, негізінен, жастардың еңбектегі табыстарын, олардың жағымды қасиеттерін мадақтауға арналады.
Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер
Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті. Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлер бар. Олар – құдалыққа байланысты, неке қиюға, үйленуге байланысты деп атала береді.
Қазақ халқында бұрынғы заманнан бастап қазірге дейін ұмытылмай келе жатқан - құда түсу салты. Ұл баланың әкесі туыстарымен бірге болашақ келінінің үйіне құда түсуге барады. Қызға тана (сырға) тағылып, оны ұзататын күн белгіленеді.
Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.
Қызға құда түсіп, қыздың келісімін алған соң, жігіт жағы «өлі–тірі» сыйлығын беріп жібереді. Ол – сойысқа жарайтын мал. Бұл – «осы құдалыққа тірілер ғана емес, өлі әруақтар да риза болсын» деген игі ниеттің белгісі болып саналады.
Құдалық кезінде қазақтың ұлттық салт–дәстүрі бойынша, құдаларға малдың құйрық–бауырынан табақ тартылады. Сол сияқты, құдалық кезінде «құда тарту», «құда аттанар» деген салттар да орындалады. Бұлар құдалықтың қызықты, есте қаларлықтай маңызды болуы үшін жасалады.
Ұзатылған қызға анасы «жасау» береді. «Жасау» – қызға анасы сыйға тартатын үй жабдықтары және басқа сыйлықтар.
Сіз әр күніңізді қалай пайдаланасыз?
Уақытымның көп бөлігің оқуға жұмсаймын. Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.
Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.
5 Билет
Уақыт алтыннан да қымбат
Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.
Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.
Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз.
Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.
Менің сүйікті фильмім
Менің сүйікті фильмім “Менің атым Қожа”. Бұл фильм өте қызықты. Ол фильмде Қожа есімді оқушының бастан кешкені оқиғалары жайында көрсетіледі. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. Бұл фильм Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі желісі бойынша түсірілген. Бұл фильмде Қожаның балалық махаббаты да үлкен роль ойнайды. Бұл фильмде Ұлы Отан Соғысының зардаптарыда көрсетіледі. Соғыс әкесінен айырған жартылай жетім Қожаның, бұзақылығы, анасының тілін алмауы көрсетіледі. Бірақта фильмнің сонында Қожаның ақылы кіріп, бәрің түсінеді. Маған осы фильм өте қатты ұнайды.
Сіз театрға жиі барасыз. Достарыңызға қандай қойылымдарды көруге кеңес бересіз?
Мен театрға барғанды жақсы көремін. Менің сүйсініп қарайтын драмам “Ромэо и Джульетта”. Бұл драма маған ерекше әсер береді. Өз достарыма осы драмаға баруға кенес беремін.
