Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpora_pravo_-_Tuka_-_kopia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
166 Кб
Скачать
☆

4. Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі және мақсаты.

Құқық дегеніміз - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқық белгілері: нормативтілігі, жүйелігі, формалды анықтылығы; мемлекеттің күшіне сүйенуі; адамдардың еркін білдіруі; жалпыға міндеттілігі; өзгергіштігі.

Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Құқық негіздері пәні ҚРдағы құқық салаларын жеке қарастыратын, олардың жүзеге асырылуын сипаттайтын ережелер мен қағидалардың жиынтығы. Құқық салаларын келесідей топтарға бөледі: конституция, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, қаржы құқығы, қылмыстық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық және т.б.

5. Қылмыстық жаза: түсінігі, белгілері мен мақсаты. “Жаза” дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қазақстан Республикасында жазалау өш алу емес. Жаза, біріншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандар үшін сазайын тарту, екіншіден, жазаны өтеп жатқан адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысуын мақсат тұтады, үшіншіден, белгілі бір жаза тағайындаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң арқылы айыптау – оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі жөнінде ықпал етуге тиіс. Жалпы алдын алу әрекеті негізгі үш параметр бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден – ол қорқыныш тудырады, қылмысқа бейім адамдар жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке барудан бас тартады. Екіншіден – жаза тыйым салынған әрекеттерді болдырмайды, адам заңмен қорғалатын нормаларды, қоғамдық тәртіпті бұзбауға дағдыланады. Үшіншіден – қылмыстық жауапқа тартылу мүмкіндігін “қалыпты заңға бағыну әдетін сақтауға” итерілмейді.

  1. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Экологиялық (табиғат қорғау) заңды орындамағаны үшін кінәлілер экологиялық құқық бұзудың түріне байланысты жауапкершілікке тартылады. Экологиялық құқық бұзушылық - бұл табиғат қорғау заңын бұзу және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құқыққа қарсы іс. Тұлғаның экологиялық заңдарға қайшы келетін әрекеттері экологиялық құқық бұзудың белгілері болып табылады. Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгертуге алып келген әсерлердің жиынтығын айтады. Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады: залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал); шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар).

Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік (ескерту, айыппұл, затты тәркілеу, жұмыс істеу құқығынан айыру, әкімшілік қамауға алу), азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық (ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату), материалдық (шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу), қылмыстық жазаларға тартылады.

  1. Мемлекеттің тарихи типтері(үлгілері).

Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекет типі сəйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тəн болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық жəне өркениетті тəсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады. Формациялық тəсілдің шегінде негізгі талап ретінде əлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тəсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сəйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық жəне социалистік мемлекеттер.

Өркениетті тəсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар – мəдени, діни, ұлттық жəне т.б. факторлар орын алады. Өркениет–бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық жəне тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық жəне локальдысипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді: І кезең – локальды өркениеттер, олардың əрқайсысының өзара байланысты əлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік жəне т.б. өркениеттер). ІІ кезең – белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық жəне т.б. өркениеттер). ІІІ кезең – өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға əлеуметтік-саяси құрылымдардың дəстүрлі жəне қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тəн. Өркениеттер мен олардың мемлекеттіліктерін типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жəн т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]