- •1. Теориялық механика
- •3. Статиканың негізгі аксиомалары.
- •8. Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігі
- •11. Күшті параллель көшіру туралы лемма.
- •15. Нүкте кинематикасы. Нүкте қозғалысын векторлық әдіспен анықтау
- •2. Материалдар кедергісі
- •2.Тіректер және олардың түрлері.
- •20. Иілу.Иілу деформациясы кезінде арқалықтың қима ауданында пайда болатын ішкі күштік факторлар.
- •16.Біліктердің бұралуында пайда болатын кернеуді анықтау
- •19.Дөңгелек білік бұралуындағы потенциялық энергиясы.
- •23. Көлденең күш пен иілу моменттерінің кейбір сипаттамалары. Эпюра салу ережелері.
- •26. Көлденең қиманың геометриялық сипаттамалары.
- •3. Машина бөлшектері
- •1. Машина бөлшектері ұғымы. Машина мен механизмдер анықтамалары.
- •3.Тісті берілістер. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері
23. Көлденең күш пен иілу моменттерінің кейбір сипаттамалары. Эпюра салу ережелері.
1) Бөлікте таралған күш болмаса (q=0), онда көлденең күш тұрақты, ал иілу момент эпюрасы сызықтық заңдылықпен өзгереді, бұл жағдайда М эпюрасындағы 2 бұрыштың тангенсі Q күшке тең болады;
2) Бөлікте бірдей таралған күш болса, көлденең күш сызықты заңдылықпен, ал иілу момент квадраттық парабола заңдылығымен өзгереді. Бұл жағдайда парабола таралған күшке дөңес жағымен бағытталады;
3) Көлденең күш 0-ге тең болатын қимада иілу момент экстрималь мәнге ие болады;
4) Қимаға элемент өсіне перпендикуляр сыртқы қадалған күш түсірілсе, Q эпюрасы күш шамасына сәйкес өседі, ал М эпюрасы сынуды тудырады с эпюралардың аралас бөліктерінде баяу жанасу болмайды;
5) қимаға сыртқы қадалған момент түсірілсе, М эпюрасы сол момент шамасына өседі. Q эпюрасында бұл байқалмайды;
6) Арқалықтардың ұштарындағы қималарда көлденең күш пен иілу момент қимаға түсірілген сыртқы қадалған күшке және қадалған моментке сәйкес келеді;
7) Q>0 болған бөлікте момент артады, ал Q<0 кемиді;
8) Шеткі аралық топсаларды сыртқы момент әсер етпесе, иілуші момені 0-ге тең болады.
24. Иілуде пайда болатын тік кернеулерді анықтау. Қиманың кез келген нүктесінде тік кернеулер келесі формуламен анықталады:
мұнда σ-қиманың кез кедген нүктесіндегі тік кернеу; Мх-зерттеу қимасындағы иілу моменті; y- зерттелетін нүктеден бейтарап өсіне дейінгі қашықтық; Jx- көлденең қиманың х өсіне қатысты инерция моменті.
Тік кернеу қиманың жоғарғы және төменгі нүктесінде, яғни нейтралды түзуден алшақтаған кезде ең үлкен шамаға ие болады:
25. Иілуде пайда болатын жанама кернеулерді анықтау.Көлденең иілуді қарастырамыз. Көлденең күш әсерінен қимада жанама керенулер пайда болады, олар Д.И.Журавский формуласы бойынша анықталады:
τ-қиманың
кез келген нүктесіндегі жанама кернеу;
Qy-
зерттеу көлденең қимасындағы көлденең
күш;
-
х бейтарап өсіне қатысты кесілген
бөліктің статикалық моменті; Jx
– х бейтарап өсіне қатысты барлық
көлденең қимасының инерция моменті;
b(y) – жанама кернеулер анықталатын
нүктедегі көлденең қима ені: тік бұрыш
үшін: b(y) = b = const.
26. Көлденең қиманың геометриялық сипаттамалары.
=
·yc;
yc - бөлініп алынған бөліктің ауырлық центірінен нейтралдық х өсіне дейінгі қашықтық.
у қимасы бойынша τ керенеудің өзгері сипаттамасы күрделі, яғни b, Sx қиылған шамалары у-қа тәуелді. Қима нұсқасының жоғарғы және төмен нүктелерде τ=0, яғни Sx=0 болғандықтан.
Жұқа
қабырғалы емес қималар үшін ең үлкен
жанама керену қима ұзындығының ортасында
пайжа болады және
тәртібіне
ие.
А-көдненең қима ауданы.
Онда тік төртбұрыш пен көлденең қималар үшін жанама кернеудегі
-
төртбұрыш
үшін
-
дөңгелек үшін
3. Машина бөлшектері
1. Машина бөлшектері ұғымы. Машина мен механизмдер анықтамалары.
Машина бөлшектері – 1) машиналардың, приборлардың, аппараттар мен тетіктердің, т.б. одан әрі бөлшектеуге жатпайтын тұтас тетігі(бұранда, білік,тегершік, күпшек, серіппе, муфта, т.б.). Машина бөлшектерінің саны машинаның күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады (бірнеше ондаған мыңға жетеді). Әр түрлі машиналарда пайдаланылатын бөлшектердің кейбіреулері өзара ұқсас, ал кейбіреулері тек жеке машина түрлеріне ғана тән. Осыған байланысты машина бөлшектері негізгі екі топқа (ұқсас және арнайы бөлшектер) жіктеледі.
Машина(франц. machіne, лат. machіna) – механикалыққозғалысқа түсіп, энергия, материал және ақпарат түрлендіруге арналған құрылғы. Машинаның негізгі міндеті – еңбекті жеңілдету және оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру үшін адамның өндірістік қызметін ішінара немесе толықтай алмастыру. Атқаратын қызметіне қарай: энергетикалық, жұмыстық және ақпараттық машиналар болып ажыратылады. Энергетикалық машиналар кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіреді. Оларды машина-қозғалтқыштар деп те атайды. Бұларға электр қозғалтқыштары және электр генераторлары, іштен жанатын қозғалтқыш, турбиналар, піспекті (поршеньді) және бу машиналары, т.б. жатады. Жұмыстық машиналар заттың (материалдың, т.б.) пішінін, қасиетін, күйін, орналасу қалпын өзгертуге арналған. Оны технологиялық машина (металл кесу станогы, тоқыма станогы,құрылыс машинасы, т.б.), көлік машинасы (автомобиль, ұшақ, т.б.) және тасымалдау машинасы (конвейер, элеватор, көтергіш кран, т.б.) деп ажыратады. Ақпараттық машиналарға есептеуіш машиналар мен құрылғылар,
механикалық интеграторлар, т.б. жатады. Адамның тікелей әсер етуінсіз жұмыс істейтін машина түрі машина-автоматтар немесе автоматтар өндірісте кеңінен қолданыс тапты. Белгілі бір технологиялық процесті орындайтын әрі өзара тізбектей жалғасқан машина-автоматтар автоматтық желі құрайды
Механизм дегеніміз – бір қозғалмайтын звеносы бар, қандай да бір белгіленген қозғалысты атқаратын кинематикалық тізбек. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б. болып бөлінеді. Механизмге мысалдар: сағат, токарлық станоктар, көптеген механикалық ӛлшеу аспаптары, математикалық приборлар және т.б.
2.Машина бөлшектерін стандарттау. Өзара ауыстырымдылық ұғымы.
Машина бөлшектері мен тораптарының параметрлерін белгілі бір жүйеге
келтіру жүйесі стандарттау деп аталады.
Стандарттау бұйымдардың құнын арзандатып, оларды жасаған стандартты
құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа машиналардың жобасын жасауды жеделдетіп, жөндеу жұмыстарын оңайлатады.Машина бөлшектерін жасаған кезде, олардың өлшемдері де стандартталады, себебі машина бөлшектері өзара ауыстырылатындай етіп жасалуы қажет. Машина бөлшектерін көптеген талаптарға сәйкес жасау керек, сол талаптардың бірі өзара ауыстырымдылық.
Өзара ауыстырымдылық деп біріне-бірі байланыссыз жасалған бөлшектердің машина тораптарында қосымша өңдеуді қажет етпей, өз орнына қондырылып, машинаның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету қасиетін айтамыз. Машина бөлшектерінің өзара ауыстырымды болуы іс жүзінде өте қажет. Себебі пайдалану кезінде, тетіктерді құрастырғанда кӛп уақыт алатын қол жұмыстарын жеңілдетеді. Сондай-ақ, өндірісті жаппай алмастыруға (кооперация) және автоматтандыруға жол ашады. өзара ауыстырымдылық дәлдік шегі мен қонымдылықты стандарттау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге машина тетіктерін дайындаған кезде өте дәл жасау мүмкін болмайтындықтан, дәл өлшемдерде ауытқулар болады. Сондықтан бөлшектерді дайындау кезінде мына өлшемдерді айыра білу қажет.
Номинал өлшем деп, машина бөлшектерін қолданылатын жеріне байланысты
есептеуден туатын негізгі өлшемді айтамыз. Бұл өлшем бөлшектердің сызбасында көрсетіледі. Нақты өлшем деп, тетіктерді дайындаудан кейін белгілі қателікпен өлшеніп алынған өлшемді айтамыз.Шекті өлшем дегеніміз, бөлшектердің нақты өлшемін шектейтін өлшемдер.Ауытқу деп, шекті өлшем мен номинал өлшемнің алгебралық айырмасын айтамыз
