- •1) Экономика қағидаларына талдау жасау және олардың негізгі атқаратын қызметтеріне сипаттама беру.
- •2)Kәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының тиімділігін анықтау
- •3) Капиталдың мәнін анықтау, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.
- •4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі мен олардың тиімділігіне талдау жасау
- •5. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру.
- •6. Өндірістік шығындардың жіктемесіне талдау жасау және оларды төмендету жолдарын анықтау.
- •7. Экономиканын зерттеу әдістерінің тиімділігін көрсету
- •9.Экономикалық заңдар мен категорияларды талдау. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктерін сипаттау.
- •10.Капитал айналымына түсінік беру және капиталдың қорлану процесін талдау.
- •11.Капитал айналымына түсінік беру. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдеріне сипаттама жасау.
- •Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды талдау.
- •13.Экономикалық ресурстар түсінігіне талдау жасау. Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулілік мәселелеріне сипаттама беру.
- •14.Негізгі және айнымалы капитал түсініктерін анықтау. Негізгі капиталдың тозу процесін түсіндіру
- •15 Өндіріс және оның факторларын талдау және ұдайы өндіріс теорияларына сипаттама беру
- •16.Ренталық қатынас теориясын талдау.
- •19. Нарықтың мәнін анықтап, негізгі белгілері мен қызметтеріне салыстырмалы талдау жасау.
- •20. Ұдайы өндіріс теориясы мен түрлері
- •22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшекліктерін түсіндіру
- •23. Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтеріне талдау жасау
- •24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипатын анықтап, олардың есептелу әдістеріне талдау жасау
- •25. Экономикалық жүйе түсінігін анықтау және бір түріне талдау жасау
- •26. Нарықтық инфрақұрылымның мақсатын анықтау және негізгі түрлеріне сипаттама беру
- •27 Тауар және оның қасиеттерін анықтау. Еңбек құн теориясының негізін ашып көрсету.
- •28 Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
- •29 Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
- •30 Жұмыссыздық және оның түрлерін талдау.
28 Ұлттық байлық және оның құрылымына талдау жасау.
Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:
а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;
ә) айналмалы өндірістік қорлар;
б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;
в) айналым қоры;
г) тұрғындар мүлкі.
Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.
Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:
а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және т.б.)
ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.
Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.
Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.
29 Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау.
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас, сауданың даму процестерімен , шаруашылықтың рыноктық формасының нығаюымен байланыстырады.
К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының, яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады.Ақша дегеніміз – тауардың құн өлшемін анықтайтын жалпыға бірдей белгіленген ерекше тауар.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
құн өлшемі, айналыс құралы , төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
жалпыға тікелей айырбасталу;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Ақшаның ролін бағалау және экономиканың дамуына ақша жүйесінің әсерін пайымдауға байланысты 3 ақша теориясы бар. Бұлар: металдық, номиналдық және сандық. Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капитала бастапқы шоғырлануы тұсында XVI – XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясыныңы негізін салушылардың бірі У.Стаффорд (1554- 1612).
Номиналдық ақшатеориясының өкілдері ағылшындар Дж. Беркли (1685 – 1753) и Дж. Стюарт (1712 – 1780) болатын. Олардың теориясында екі қағида жатқан болатын. Біріншісі, ақшаны мемлекет жасайды, және екіншісі, ақша құны оның номиналымен анықталады. Номиналистердің негізгі қателігі ақша құнын мемлекет анықтайды деп ұғынуында жатыр. Демек олар еңбектің құн теориясын және ақша тауарлық табиғатын теріске шығарады.
Сандық теорияның негізін салушы француз экономисі Ж. Боден (1530 – 1596). Бұдан әрі осы теорияны түбегейлі дамытқанда қатарында ағылшын ғалымдары Д. Юм (1711 – 1776) мен Дж. Милль (1773 – 1836), сондай-ақ француз Ш. Монтескье (1689 – 1755). Д. Юм, қымбат металдардың Америкадан ағылуы мен XVI – XVII ғғ. Бағалардың өсуі арасында қатынастың себептерін анықтау үшін мынадай тезис ұсынды: «Ақша құны олардың санына сай келеді». Бұл теорияның жақтастары ақшаны тек қана айналым құралы деп түсінді.
