Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9сыныптарга арналган тест.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
192 Кб
Скачать
☆

Ішекқуыстылар

  1. Әдемі гүлге ұқсас жыртқыш жәндік:

А) көпаяқты маржан B) шаршылы өрмекші C) қызыл маржандар

D) актиния E) тамырауыз медуза

  1. Гидра денесі жасушаларының сыртқы қабаты: А) гиподерма

B) эктодерма C) сір қабық D) энтодерма E) мезодерма

  1. Гидраның атпа жасушалары орналасқан: А) аузында B) эктодерма C) безді жасуша D) энтодерма E) мезодерма

  2. Гидраның жыныссыз көбеюі: А) екіге бөліну B) бөліну

C) көлденеңінен бөліну D) спора E) бүршіктену

  1. Гидраның тері-бұлшық ет , атпа жасушалары орналасқан қабат:

А) мезодерма B) эктодерма C) эндодерма D) сірқабық

E) гиподерма

  1. Затқа бекініп , отырықшы өмір сүретін көпқармалауыштылар:

A) медузалар B) обелия C) гидра D) полиптер E) планула

  1. Медузаның қоректену типі

А) өсімдікжегіш B) жыртқыштық C) бактериофаг

D) өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарымен қоректенуі E) сапрофитті

  1. Медуза: А) көпаяқты B) шоғырлас C) отырықшы

D) еркін тіршілік етеді E) еркін тіршілік етпейтін

  1. Рифтерді түзеді: А) шұбалшаңдар B) қызыл маржандар C) аскарида D) актиния E) медузалар

  2. Сцифос сөзінің мағанасы: А) жалпақ B) қоңырау C) таяқша D) табақша E) қолшатыр

  3. Шоғырлы полиптердің қаңқасы....... Құралады:

А) органикалық қалдықтардан B) ізбестен C) тау жыныстарынан

D) теңіз балшығынан Е) минералдардан

  1. Шоғырлы маржандар: А) актиниялар B) медузалар

C) қызыл маржандар D) тамырауыздылар E) гидралар

  1. . Ішекқуыстылардың дернәсілі: А) атпа жасушасы B) планула

C) жұмыртқа жасушасы D) сперматозоид E) жүйке жасушасы

  1. Денесі екі қабаттан орналасқан көп жасушалы жәндік: A) гидра

B) өрмекші C) ақсұлама D) шұбалшаң E) кене

Құрттар

  1. Ақ сұламаның асқорыту мүшесі болып табылады:

А) ауыз, кеңірдек, ішек B) ауыз ,жұтқыншақ, ішек C) ауыз, өңеш, ішек D) ауыз, жұтқыншақ, қарын E) ауыз, қарын, ішек

  1. Бауырсорғыштың кірпікшелі дернәсілінің аралық иесі: А) балықтар B) тоспаұлуы C) сиыр D) қой E) жылқы

  2. Буылтық құрттардың зәр шығару жүйесі:

А) желбезек B) терісі C) әр буылтықтағы шұқырық D) аузы E) әр буылтықтағы имек түтік

  1. Жалпаққұрттардың ішек қуыстылардан айырмашылығы:

А) көпжасушалы B) жасушалардың топқа бөлінуі C) қос қабатты: эктодермасы және энтодермасы бар

D) үш қабатты: эктодермасы , энтодермасы, мезодермасы бар E) дене қуысы бар

  1. Жалпақ және таспа құрттарда болмайды:

А) қан айналым және зәр шығару жүйесі B) қан айналым және көбею жүйесі С) қан айналым және тынысалу жүйесі

D) қан айналым және сезім жүйелері Е) қан айналым және жүйке жүйесі

  1. Жауынқұрттың қорегі: А)бактериялар B) балдырлар C) шіріген өсімдік қалдықтары D) жас өсімдіктер E) жәндіктер

  2. Жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарып қоректенетін көпжасушалы:

А) гидра B) амеба C) шұбалшаң D) ақ сұлама E) аскарида

  1. Көпқылтанды буылтық құрттар өкілі: А) шұбалшаң B) үшкірқұрт C) нерейда D) сүлік E) ақ сұлама

  2. Мал бауырында қимылдамай паразиттік тіршілік ететін:

А) желпуішқұрт B) шұбалшаң C) аскарида D) бауырсорғыш E) нереида

  1. Шұбалшаңның түсінің қызыл болуы:

А) жерде тіршілік еткеннен B) минерал заттар сіңгендіктен C) уақытша D) қорегіне байланысты E) қаны қызыл болғандықтан

  1. Шұбалшаңның ас қорыту жүйесі:

А) ауыз – жұтқыншақ - өңеш – жемсау – қарын – ішек- аналь тесігі

В) ауыз – жұтқыншақ – қарын – ішек- аналь тесігі С) ауыз – өңеш – қарын – ішек- аналь тесігі D) ауыз – жұтқыншақ – қарын –аналь тесігі Е) ауыз –өңеш– қарын – ішек

  1. Дара жынысты жалпақ құрт: A) бауырсорғыш B) сиыр цепені C) ақ сұлама D) қаншыл сорғыш (айыр дене) E) эхинакокк

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]