Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DKB_lek.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
369 Кб
Скачать
☆

[Gl] 4- тақырып. Қарыз капиталы, өсімақы және несие. [:]

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жік-теліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беру-ге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кей-інірек өсімқорлық несие деп аталды. Ол ескі өндіріс әдістерін ыдыра-тып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп, капиталистік тауарды өндіріс тұсында несие қатынастары дамуының жоғары сатысына жетті.

Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. өндірістегі капиталдың (қа-ражаттың) қайталама айналымы мен айналымы – несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі.

Капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден айыршылықтары:

Мазмұны

Өсімқорлық несие

Капиталистік несие

Қарыз алушылар бойынша

Ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен федалдар

Өндіріс және сауда капитплистері

Қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша

Несие берушіге ғана өсім ақы түсіреді

Несие берушіде, алушыда қосымша құн алу үшін жұмсайды

Экономикалық маңызы бойынша

Өндірістің құлдырауына алып келеді

Әрі өндірістің өсуіне, әрі капиталистік нарық шаруа-шылығы қайшылықтарының шиленісуіне жағдай жасайды

Өсім ақының шығу көзіне байланысты

Құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнімөндірушілердің қосымша еңбегі

Жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны

Өсім ақының деңгейі бойынша

Барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалады

Орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді

Қарыз капиталының құрылу көздері:

    1. өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражатты:

  • амортизациялық қор:

  • шикізаттар мен материалдарды сатып алуға арналған сома – уақытша бос ақша

  • жаңадан құрла-жабдықтар сатып алу үшін есепшотта жинақталған жылма-жылғы пайданың бір бөлігі де – уақытша бос ақша:

    1. мемлекеттің уақытша бос ақша қаражатты – резервтік ақша қоры.

    2. Халықтың жинағы.

Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.

Несие теориясы оны техникалық заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды- заңдылық белгілер жағынан оқып-білудің несиелік мәлімені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түр ретінде түсіну үшін маңызы бар.

Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәліменің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория.

Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтиже-лерді айтады. Несиеге тән қағидалар:

  1. қайтарылымдығы – несие алушының несиеге алған соманы міндетті түрде қайтарып беруі:

  2. ақылылығы – несие алушының несиеге алған соманы пайдаланғаны үшін ақы төлеуі:

  3. мерзімділігі – несие алушының несиеге алған соманы белгілі бір мерзім аралығында пайдалануы:

  4. мақсаттылығы - несие алушының несиеге алған соманы келісім шартта көрсетілген мақсатқа пайдалануы:

  5. қамтамасыз ету қағидасы – несие беруші өзінің қаржылық тұрақтылығы, яғни несиеге берген сомасын қайтарып алуын кепілдікке несие алушының мүлкін алу, басқа тұлғаның кепілдеме беруі т.с.с. қамтамасыз етеді.

Несиенің қызметтері:

  1. қацта бөлу:

  2. нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру.

Қарыз пайызы – ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін обьективті экономикалық категория.

Қарыз пайызы меншік иесінің басқа біреуге белгілі бір құнды уақыт-ша пайдалануға бергенде пайда болады. Қарызға алған құн оны пайдала-нуға - өндірушіге пайда түсіреді, ол бір жағынан, екінші жағынан несие берушіге табыс пайыз түрінде болады. Демек, қарыз пайызы пайда бол-уы үшін несие қатынастары болуы шарт. Несие қатынастары пайыздың дербес экономикалық категория ретінде туындайтын бірден- бір негізгі ортасы. Қарыз пайызының мәні – ақша капиталын белгілі бір уақыттан кейін қайтарып беру міндетінен туындайтын экономикалық қатынастар. Бұл экономикалық қатынастардың субьектілері: несие беруші – ол қарыз пайызын алушы: қарыздар – ол қарыз пайызын төлеуші.

Пайыздың мөлшері көптеген факторларға: несиенің мөлшеріне, пай-далану мерзіміне, жылдық төлем деңгейіне, экономикалық конъюнк-тураға байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Олар: нақты бекітілген есепке алынған және өзгермелі, номиналды және нақты болып бөлінуі мүмкін.

Нақты бекітілген (есепке алынған) пайыздық мөлшерлеме деп те таниды. Оны орталық банк басқа банктерге бергенде қолданады. Орта-лық банк оның деңгійін өзгерте отырып елдегі коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді, екінші жағынан несиені қымбатта-тып инфляцияның күшейуіне кедергі жасайды.

Өзгермелі мөлшерлеме пайыздың базистік мөлшерінің өзгеруінен туындайды. Оған қарыз капиталы нарығындағы конъюнктура, қарыздың мөлшерімен қайтару мерзімі, қарыз алушының қаржылық жағдайы мен даму болағашы сияқты факторлар әсер етеді.

Номиналды пайыздық мөлшерлеме негізінен екі фактордың: несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция-ның қарқыны алынып тасталады.

Экономикалық әдебиеттерде несиенің негізгі екі нысаны: коммерция-лық және банктік болады деген тұжырыдарды кездестіреміз. Сондықтан осы екі нысанын салыстыра отырып қарастырайық:

Банктік несие

Коммерциялық несие

1

Ақша түрінде беріледі

Тауар түрінде беріледі

2

Қарыз пайызымен пайда табу мақсатымен беріледі

Тауар сатылуын жылдамтату мақсатымен беріледі

3

Қарыз беруші – банк, қарыз алушы – кәсіпкер

Қарыз алушы да , қарыз беруші де – кәсіпкер

4

Халықтың барлық топтарының уақытша бос ақшаларын шоғырлан-дырып, оны капиталға айналдырады

Тек тауар айналысына қызмет көрсетеді

5

Өнеркәсіптің дамуы кезінде де, дағдарыс кезінде де сұраныс ұлғаяды

Өнеркәсіптің дамуы кезінде ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді

6

Пайыздық мөлшері белгіленеді

Пайыздық мөлшерлемесі есептелінбейді

7

Несие алушы ақысы коммерциялық несиеден жоғары болады

Несие алушы төлейтін ақысы коммерциялық несиеден төмен болады

8

Ұзақ мерзімдерге де беріледі

Тек қысқы мерзімге ғана беріледі

Несиенің субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша келесі нысандары белгілі:

  1. банктік

  2. коммерциялық

  3. тұтыну

  4. мемлекеттік

  5. халықаралық

Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі.

Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиентерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.

Тұыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы – халық, ал несие беруші - әр түрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелері болуы мүмкін.

Мемлекеттік несие – ол мемлекет пен жеогілікті үкімет органдары-ның облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие қатынастарының субъектілері: несие беруші – халық және заңды ұйымдар, несие алушы – мемлекет және оның жергілікті орган-дары.

Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу пайыз төлеу және кері қайтару келісімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын айтады.

Халықаралық несие қатынастарын несие беруші және қарыз алушы ретінде банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар қатысады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей жіктеледі:

  • берілетін мерзіміне байланысты – мерзімнен тыс (тәуліктік, апталық, үш айға дейін), қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие

  • қызметіне байланысты – коммерциялық несие – тікелей сыртқы сауда мен көрсетілген қызметке байланысты беріледі: қаржылық, яғни күрделі қаржы, объектілер салу, бағалы қағаз-дар сатып алу, сыртқы қарыздарды өтеу: аралық – аралас істе-лінетін қызметтерге (яғни капитал мен тауарларды шығару, құр-лыс жұмыстарын орындау немесе «инжиринг», қызмет көрсету) берілетін несие.

  • Несие түріне байланысты – ол тауарлы, импортшыға экспорт-шы сатылған тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық – банктердің ақша түрінде беретін несиесі.

  • Несие валютаы бойынша - қарыздар – мемлекеттің валюта-сымен, несие беруші – мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен және халықаралық ақша өлшемімен (СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие.

  • Қамтамасыз етілуі бойынша – қамтамасыз етілген (тауар құжаттарымен, вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмай-тын мүліктермен және т.б.): бланктік, яғни несие алушының міндеттемесімен (солвексель):

  • Берілуі бойынша - қолма-қол (қарыздардың шотына жазу), акцепті (төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар. [kgl]

[gl] 5-тақырып. Несие және банк жүйесі. Несиелік мекемлердің түрлері..[:]

Несие жүйесі ұғымын кең мағынада қаратырсақ, несие формалары мен несиелеу әдістерінің және несиелік мекемлердің жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындайтын банктер мен заңды және жеке тұлғалардың арасындағы ара-қатынастар. Ал несие жүйесі жүйесі тар мағынасында – несие–қаржы инститтарының жиынтығы. Бұл тұрғыда несие жүйесінің екі негізгі буы-ны қалыптасады: банктік және банктік емес несие қаржы институттары.

Банктер – атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне қарай екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау шығару құқығы берілген орталық банктер. Мемлекет эмиссиялау құқы-ғын тек бір ғана банкке береді, себебі бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Қазақстанда эмиссиялық банк – Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер – эмиссиялық емес-терге жатады.Олар өз клиентерінің шаруашылық қызметеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операция-лардың барлық түрлерімен айналысады.

Соңғы уақытта коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәс-түрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және сапасын арттырады. Бұл әмбебап несиелік мекемелер. Сонымен бірге өз клиентеріне бір–екі қызмет түрін көрсетуге бағыттал-ған маманданған банктер бар. Олар инвестициялық және иновациялық, ипотекалық жинақ банктері.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақша-лай қаражаттар таратуға, бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Олар кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қара-жат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Бірақ олар технологиялық жаңалық-тарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несие береді. Бұл банктер де ипотекалық облига-циялар, акциялар және де басқа да бағалы қағаздарды шығарады.

Экономиканың әрбір экономикалық–тарихи даму кезеңіне несие–ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несие-лік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес ке-леді. Нарық экономикасы үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет. Бұл несие жүйесі келесі қағидаларға негізделеді: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлектік монополия; басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру;

  1. елдегі ақша несие саясатының бірлігі;

  2. несиелік мекемлер торабын барынша дамыту, оларды қызмет орнына жақындату;

  3. мемлекеттік валюталық монополия;

  4. орталық банктің автономиясы.

Несие мекемелерінің клиентерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алсақ, қазіргі несие жүйесі үш элементтен құрылады:

  • Орталық банк;

  • Коммерциялық банктер;

  • Мамандандырылған несие–қаржы институттары.

Орталық банк – мелекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты эмиссиялық банк. Ол –«банктердің банкісі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиентері – коммерциялық банктер мен басқа несие институттары және үкімет мекемелері.

Коммерциялық банктер – банк жүйесінің екінші деңгейдегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерция-лық банктің негізгі қызметі – кәсіпкерлерге, халыққа жан–жақты несие қаржылық қызмет көрсету.

Мамандандырылған несие – қаржы институттары (оларды парабанктік деп атайды )нарық экономикасындағы несие жүйесіне қа-жетті маңызды буын болып табылады. Олар көбінесе белгілі бір клиент-тер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегментеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағы-нан, олар несиелік және есеп айырысу қызметтерін жүзегеасырумен байланысты болғандықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтан-дыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Мамандандырылған несие–қаржы мекемелері ипотекалық тұтыну және ауылшаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау, бағалы қа-ғаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

Олардың Қазақстан аумағында революцияға дейін несиелік серік-тестер, өзара несие беру қоғамы, несиелік одақтар сияқты түрлері бол-ды. Қазір Қазақстан Республикасында келесі банктік емес қаржы инсти-туттары бар:

  1. Зейнетақы қоры. Оның басты міндеттері:

    • зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат жинақтау, оларды қаражыландыруды ұйымдастыру:

    • халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыруға келісім – шарт негізінде қатысуы.

    • өзін–өзі қаржыландыру қағидалары негізінде қор қаражаттары-ның ұдайы өндірісін ұлғайту.

Зейнетақы қорының қаражаттары кәсіпорындар мен мекемелердің және кәсіпкерлердің сақтандыру жарналарының аударымдарды есебінен құралады. Мемлекеттік емес зейнетақы қоры МЕЗҚ – келісім шартқа сәйкес жарналарды жинақтап: зейнетақы төлейтін коммерциялық емес ұйымдар ретінде құрылады. Қор жинақталған қаражаттарды көбейту мақсатында оларды зейнетақы қорының активтерін басқаруға байланыс-ты арнайы компанияға береді. Бұл қор банктік шотын кастодиандық қыз-метпен айналысуға лицензия алған кастодион банкте ғана ашады. Кастодион – бұл лицензия алған қағаздар мен ақшалай қаражаттар мәс-елесін жүргізетін және өзіне сеніп тапсырылған бағалы қағаздарды сақ-тандыру және есепке алуға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыра-тын заңды тұлға.

  1. Инвестициялық қор – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызме-тін жүзеге асыратын акционерлік қоғам формасында құрылатын заңды тұлға. Олар: өзара бірікен қорлар– ашық инвестициялық қор және инвес-тициялық компания – жабық инвестициялық қор болып бөлінеді.

  2. Несиелік серіктестік – банк болып табылмайтын, өзінің қатысу-шыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргізуге берген лицензияны негізінде жүзеге асырушы заңды тұлға. Олар жабық акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктес-тік түрінде құрылады. Несиелік серіктестік келесі операцияларды жүзеге асырады:

  • кассалық операциялар;

  • қарыздық операциялар;

  • аударымдық операциялар;

  • сенім транстық операциялар;

  • несиелік қатысушылар үшін клирингтік операциялар;

  • сейфтік операциялар;

  • депозиттер қабылдау;

  • банктік шоттар бойынша есеп айырысу.

Бұлардан басқа несиелік серіктестіктер арнайы лицензиясы болса төменгі операцияларға құқылы:

  • факторингтік операциялар

  • форфейтингтік операциялар

  • лизингтік операциялар.

  1. Сақтандыру компаниялары – сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған, сақтандырудың тиісті түрін жүргізу құқығына лицензия алған коммерциялық ұйым.

Экономиканың нарыққа өтуі банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Бірсыпыра дамыған мемлекеттерде маманданған несие қар-жы институтарына: өзара жинақ банктері, қарыз–жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржы компаниялары, ақша нарығының өзара біріккен қорлар жатады.

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанда ҚазКСР – ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚазКСР–ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.

Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін–өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қара-жатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең. 1917 -1930ж.ж. – патшалық Ресейдан қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең. 1930 – 1987 ж.ж. – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиентерге де қызмет көрсетті.

Үшінші кезең. 1988-1991ж.ж. – елде мемлекеттік мамандаған банктердің құрылуы. Сонымен бірге ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер да құрыла бастады.

Төртінші кезең. 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.

Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.

Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфелдік инвес-тиция тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.

Шетелдің қатысумен құрылған банк – акциясының 50 проценттен астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе бас-қаруында болатын екінші деңгейлі банк:

  • ҚР–ның резидеті емес

  • ҚР–ның резиденті–заңды тұлға, акциясының 50 процентінен көбісі республикасының резиденті еместің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында;

  • ҚР–ның резидентері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамды – республиканың резиденті.

Мелекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттердің үкіметті.

Банк емес несие– қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар. [kgl]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]