Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NAZYM (2).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
738 Кб
Скачать
☆

95."Мәдени мұра"" мемлекеттік бағдаарламасы:елдің келещегі үшін тарихи маңызы

Қазіргі заманғы мемлекет пен мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарлама елдің мәдени мұрасын зерделеумен, сақтаумен, тарихи-мәдени дәстүрлердің дамуы, ұлттық әдебиет пен мәдениет жәдігерлерін қалпына келтіру, мұражайға орналастыру жөніндегі шараларды қарастырады. 2006ж "Мәдени мұраның" 2004-2006жж арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Бағдарламаны іске асрыу барысында тарих пен мәдениеттің жаңа жәдігерлерін ашу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен көп ғасырлық тәжірибесін қорытындылау жөніндегі кешенді шаралар қамтамасыз етілді. Тариз пен мәдениеттің 35 жәдігерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, Қаз. аумағындағы отыз көне қаланың орнына, қорғанға кең ауқымды археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбаларды, сирек басылымдарды, кітаптарды анықтау және алу үшін Ресейдің, Қытайдың, Батыс Еуропаның мұражайлары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы Қаз. халқының мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке тарату жүйесін одан әрі дамытуға жәрдемдесе береді. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың Қазақстандықтардың өзінің тарихы мен мәдениетіне деген ықыласын арттыру үшін зор маңызы бар.

96. ҚР Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы

Қ.Р. Президентінің нұсқауы бойынша 2003-2015жж Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы бекітілді. Оның жүзеге асуы 3 кезеңнен өтеді (2003-2005жж, 2006-2010жж, 2011-2015жж). Стратегиялық мақсаты-ұзақ мерзімді жоспардан сервисті-технологиялық экономикаға көшу кезінде жасалатын жағдайлар, экономика саласын дамыту жолымен елдің тұрақты дамуына жету. Осы стратегияның жүзеге асырылуы үшін зерттеумен, өңдеумен және инновациялық жобалардың қаржыландыруымен шұғылданатын арнайы институттар ашылды. Олар бәсекеге қабілетті бағыттардың және келешекте тиімді жобаларды әрі қарай жылжуымен шұғылданады, сонымен қатар мүдделес инвесторларды іздеумен айналысады. Индустриалды-инновациялық стратегиясының жүзеге асырылуы үшін институттардың даму жүйесін қаржыландырды: Инвестициялық қор, Қазақстан даму банкі. Бұл инвестициялық қордың мақсаты- Қазақстандық компаниялардың ашылуына кмектксу. 2006ж барлық институттардың үйлесімді жұмысынан "Қазына" қоры ашылды. Қазіргі уақытта барлық даму институттар "Самұрық Қазына" ұлттық әлауқат қорына қосылды.

97. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің даму ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдениеттің сипаты сан қырлы және алуан түрлі болып келеді. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет, денсаулық сақтау ісі тек егемендік пен тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзін-өзі дамытуы түшін ауқымды кеңістікке шығып, идеологиялық қасаң қағидалардан еркіндік алды. білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқу орындарын тіркеу, аттестаттау және сараптау жөніндегі түбегейлі ісөқимылдар жүзеге асырылуда. Оқу-білім барысының сапасын жақсарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы іс-шаралардың мақсаты болып табылады. "Ғылым туралы" Заңның қабылдануы Қазақстан ғылымын одан әрі дамыту үшін шешуші мәнге ие болды. Салалық ғылым академиялары желісі кеңейтілуде. Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдарды, жазушылар мен мамандарды ақтауға бағытталды. Қазіргі кезде мудениет саласында 30мыңнан астам адам жұмыс істейді. Абай атындағы опера және балет театры, республикалық орыс, қазақ және неміс драма театрлары, ұйғыр және корей музыкалық театрлары жетекші театрлар болып табылады. Қаз-ғы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, мемлекеттің мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялдық даму өлшемін анықтайды. медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық саланың бірі болып табылады.

98. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қаз. озінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттермен байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізі-көп бағыттылық. Ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен Ресей, Қытаймен қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Ресей мен Қаз. арасындағы болған 1988ж Мәскеуде қол қойған Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліштерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. Тәуелсіздік жылдары Қытаймен тату көршілік және достық қатынастар орнатуға едәуір табысбарға қол жетті. Темір жол арқылы өзара байланыс іске асты, Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қаз. мен АҚШ қарым-қатынастары серпінді дамыды. Вашингтон Қаз-ға Орта Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік тұғыры, осы аймақтағы басты серіктесі ретінде қарайды. Шекара мәселесін тұрақты шешуде 1996ж құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы маңызды рөл атқарды. Басында бес ел Қаз., Ресей , Қытай, Тәжікстан, Қырғыстан басшылары бас қосты кейіннен бұл келісімге Өзбекстан қосылды. Қаз-ның БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы еліміз үшін орасан зор маңызы болды. Осыдан кейін маңызды басқа да халықаралық ұцымдарға мүше болып кіруіне жол ашылды. Атап айтқанда, Халықарлық Валюта қорына, Дүниежүзілік қкйта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. Тәуелсіз Қаз. дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатты. Қаз. әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. 2010ж ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі оның сенімді дәлелі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]