- •1 Сурет.Кенкияк мұнай кенорнының шолу картасы
- •Сурет 2. Кенкияк мұнайгазкенорнының құрылымдық картасы
- •Сурет 3. Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы
- •Жер үсті жабдықтары
- •Сурет 5. Штангалы сорапты қондырғы үшін ұңғы сағасының типтік жабдықталуы
- •Арқанды алқа
- •Сурет 6. Арқанды алқа
- •Сурет 7. Ұңғылық сораптар
- •Сурет 9. Клапандық түйіндер:
- •11 Сурет. Шеген құбыры мен қашаудың диаметрін таңдауға арналған номограмма.
- •12 Сурет. Екітізбекті ұңғының конструкциясы
Сурет 9. Клапандық түйіндер:
а – НГН-1 сораптары үшін айдау клапаны (43, 55 және 68 мм); б – НГН-1 сораптары үшін сору клапаны (43, 55 және 68 мм); 1 – клапан торы; 2 – шарик; 3 – клапан седлосы; 4 – ниппель немесе ниппель-конус
Құбырлы штангалармен түсірілетін арнайы сораптардың бар болуын айтуымыз қажет. Олардың шифрына Т әрпі қосылады, мысалы, НГН2Т білдіретіні: құбырлы штангалар үшін салынбайтын тереңдік сорап типті -2. Құрамында құмы бар сұйықты айдап шығару кезінде, осы қоспаның цилиндр және плунжер арасындағы саңлауға (зазор) кіріп кетуін болдырмау үшін, шығарылатын сұйық плунжерден сорап құбырына емес, іші қуыс (құбырлы) штангілерге жіберіліп, жер бетіне көтеріледі. Құбырлы штангалар ретінде диаметрі кіші (48-60 мм) құбырлар қолданылады. Құбырлы штангалар үшін сораптардың негізгі ерекшелігі айдау клапаны (бір немесе екі) плунжердің төменгі бөлігінде орналасқан. Плунжердің жоғарғы бөлігі арнайы аударма арқылы құбырлы штангамен жалғасады. Сол үшін, сұйық сорапты құбырлар және құбырлы штангалар арасындағы кеңістікке түспейді. Қалғанында, бұл сораптың конструкциясында кәдімгі сораптардан айырмашылығы болмайды. Құбырлы штангалар үшін сораптар салынатын және салынбайтын болуы мүмкін. Одан басқа, сораптардың арнайы басқа түрі және тағайындалуы басқа сораптар, мысалы мұнайды бөлек өндіру үшін, сораптардың конструкциясы жасалып шығарылды.
Штангалар
Әдеттегі штангалар, штанга диаметрі бойынша төрт номиналды өлшемде шығарылады: 16, 19, 22 және 25 мм. Штанганың ұштары штанга бағанасын бұрау және бұрап шығару кезінде, арнайы кілтпен ұстау үшін басы қалыңдатылған квадрат қималы түрінде болады.
Қалыпты ұзындықты штангалардан басқа (8 м), стандартты диаметрлі, ұзындықтары 1; 1,2; 1,5; 2; 3 м болатын, қысқартылған штангалар шығарылады. Қысқа штангалар штанга бағанасының ұзындығын реттеу үшін қажет, мұнда ілінген плунжер сорап цилиндрінде берілген шектерде орын ауыстырады. Штанга бағанасының жоғарғы ұшы қалыңдатылған жылтылдатылған штокпен бітеді, ол ұңғы сағасындағы сальникті тығыздатқыш арқылы өтеді.
Сурет 10. Сорапты штанга және жалғастырушы муфта
Пайдалану жағдайына байланысты штангалар әр түрлі беріктік сипаттамада шығарылады. Оларды шығару үшін маркасы 40 болат немесе маркасы 20НМ жылуөңделген никель-молибденді болат және соңынан бетін жоғарғы жиілікті токпен (ТВЧ) нығайту қолданылады.
Штанганың жоғарғы қимасына, әдетте, көп ауырлық түсетіндігіне қарамастан, практиканың көрсетуі бойынша, штанганың сынуы және үзілуі төменгі қимасында да болады. Үлкен диаметрлі (56, 70, 95 мм) сораптарды қолдану кезінде, әсіресе тұтқырлы сұйықты айдап шығарған кезде және плунжердің үлкен жылдамдықтарында (Sn>30), төменгі штангаларда бойлы бұрылыс байқалады, соның салдарынан сыну және үзілулер болады. Мұндай жағдайда, «асты ауырлатылған» қондырғыны қолданады, ол 2 - 6 ауыр штангадан және жалпы массасы 80 – 360 кг құбырлардан тұрады. Бұл штанга бағанасының төменгі жағының жұмыс жағдайын жақсартып, бірақ сорап алқасының (подвеска ) шекті тереңдігін қысқартады.
Штанганы бекіту кезінде келесі шекті айналу моменттері ұсынылған:
Штанга ддиаметрі, мм 16 19 22 25
Айналу моменті, Н·м 300 500 700 1000
Штанаганы жиі түсіру және көтеру, штанганың үзілу жиілігін көбейтеді. Сәйкес нұсқау бойынша, штанга және штанга бағанасының сақталу, тасымалдану және жиналу ережелері белгіленеді.
Сорапты құбырлар
Сорапты-компрессорлы құбырлар (СКҚ) тегіс және ұшы шығарылған (высаженный) болып бөлінеді. Ұшы тегіс құбырлар, ұзындығы бойынша диаметрі тұрақты болып келеді, сол үшін ойық жерлерінде муфталы жалғасу әлсіз. Ұштары сыртқа шығарылған құбырлар, ойық жерлерінде муфталы жалғасуы қалыңдатылған ұшты болып келеді, сондықтан құбырдың ойылған бөлігінде беріктігі жоғары.
Ұзындығы бойынша СКҚ үш топқа бөлінеді:
I – 5,5-тен 8 м дейін;
II – 8 – 8,5 м;
III – 8,5 – 10 м.
Құбырлар бес беріктік топты болаттан жасалады: Д, К, Е, Л, М. Беріктік тобы К, Е, Л, М тегіс құбырлар және олардың муфталары, сонымен қатар ұштары шығарылған барлық құбырлар жылуөңделеді. Құбырлардың шартты диаметрі бірнеше ондық үлес миллиметрге дейін дәлдікпен, құбырдың сыртқы диаметрімен сәйкес келеді.
Ұңғымадағы СКҚ-ға, әсіресе, ШҰСҚ кезінде, үлкен жүктеме түседі. Өзінің салмағы әсерінен созылудан басқа, оларға СКҚ толтыратын сұйық бағанасы салмағы және кейде жоғарғы жағында үзілу немесе плунжерді сору клапанының штогына отырғызу кезінде штанга бағанасы салмағы әсер етеді. Майысқан ұңғымаларда құбырларға штангалық муфталар үйкелісі әсер етеді. Сағадағы үлкен қарсы қысымдар кезінде, саға қысымының құбыр ауданына көбейтіндісіне тең күш қосылады. Әдетте, беріктік қор коэффицентін 1,3 – 1,5 тең деп алады, ол σт ағу қуатына сәйкес жүктеме бойынша алынады.
Құбырлар муфталы ұшта таңбаланады. Таңбада диаметр, қабырға қалыңдығы (мм), зауыттың тауарлық белгісі, беріктік тобы (әріп), шығарылған айы және жылы көрсетіледі. Қабырғаның қалыңдығы тек 73 және 89 мм құбырлар үшін көрсетіледі, олар екеу болуы мүмкін.
СКҚ-ң резьбалық қосылысын дұрыс түсіру, белгілі шамадағы айналу моментін салу арқылы жеткізіледі, яғни:
Құбырдың шартты диаметрі, мм 48 60 73 89 102 114
Айналу моменті, Н·м 500 800 1000 1300 1600 1700 – 2000
Сондықтан СКҚ-ы бұрап салу және бұрап шығару үшін арнайы фрикциондық момент реттегіші бар автоматтарды пайдаланған жөн.
СКҚ-ң резьбалық қосылысын майлаусыз түсіру және де оларды сақтандырғыш сақинасыз және ағаш заглушкасыз тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Құбырдың өзінің меншікті салмағын азайту үшін, үлкен тереңдікке түсіру қажеттілігі туғанда, үстіндегі диаметрі үлкен және астындағы диаметрі кіші СКҚ сатылы бағанасы қолданылады. Коррозиялық ортада жұмыс жасау үшін, ішкі беті лакты сырмен, эмальмен немесе алюминийден жасалған метеллмен қапталатын СКҚ көп қолданыс табуда.
Арнайы өте терең ұңғымалар үшін алюминий ерітпе қоспасынан жасалған құбырлар шығарылды. Олардың кіші массасы беріктікті шамалы азайтқан кезде, СКҚ үлкен тереңдікке түсіруге мүмкіндік береді.
Құбырлар тобының барлық орын ауыстырулары СКҚ жұмысын бақылайтын арнайы журналға тіркеледі. Жарамсыз деп танылатын құбырлар міндетті түрде топтан шығарылады да, және ұңғымаға түсірілмейді.
СКҚ резьбалық қосылысын босаңсату үшін, муфталық қосылысын үлкен балғамен ұруға тыйым салынады, бірақ өкінішке орай, кәсіпте бұл әдіс кең қолданылады. Мұндай операциядан кейін, резьбалық қосылыстың беріктігі күрт төмендейді де, құбырдың үзілуі және ағып кетудің пайда болу ықтималдығы көбейеді.
ҚОНДЫРҒЫНЫ ЕСЕПТЕУ
Кесте-1.Штангалық ұңғылық сораптардың техникалық сипаттамалары
Тербелмелі станоктың түрі |
Штанганың аспа нүктесіне түсетін ауырлық |
Типыл штоктың жүріс ұзындығы м,. |
1 мин.ішіндегі Балансирдің тербеліс саны |
Макс. айналу моменті кН* м |
Балансирдің алдындағы иығының ұзындығы мм |
Балансир артқы иығының ұзындығы мм мм |
шатун ұзындығы, мм |
криво-шиптің радиусы, мм |
ТСД3-1.5-710 |
30 |
0.75; 0.9; 1.1; 1.3; 1.5 |
5-15 |
7.1 |
1145 |
1085 |
1625 |
650 |
ТСД4-2.1-1400 |
40 |
0.7; 1.0; 1.3; 1.6 2.1 |
5-14 |
14.0 |
1600 |
1415 |
2125 |
850 |
ТСД6-2.5-2800 |
60 |
0.9; 1.2; 1.6; 2.5; |
5-14 |
28.0 |
1905 |
1665 |
2500 |
1000 |
ТСД8-3-4000 |
80 |
1.2; 1.6; 2.0; 2.5; 3.0; |
5-12 |
40.0 |
2290 |
2000 |
3000 |
1290 |
ТСД10-3.5-5600 |
100 |
1.6; 2.0; 2.4; 2.8; 3.5; |
5-12 |
56.0 |
2670 |
2000 |
3000 |
1290 |
ТСД12-3-5600 |
120 |
1.2; 1.6; 2.0; 2.5; 3.0 |
5-12 |
56.0 |
2290 |
2000 |
3000 |
1290 |
2ТС2-0.6-250 |
20 |
0.3;0.45;0.6 |
5-15 |
2.5 |
740 |
740 |
840 |
295 |
3ТС3-0.75-400 |
30 |
0.3;0.52;0.75 |
5-15 |
4 |
750 |
750 |
1025 |
360 |
4ТС3-1.2-700 |
30 |
0.45;0.6;0.75; 1.05;0.9;1.2 |
5-15 |
7 |
1200 |
1200 |
1430 |
570 |
6ТС4-3-2500 |
40 |
1.29; 1.7;2.15; 2.6;3.0 |
6-15 |
25 |
3000 |
2100 |
2500 |
1000 |
5ТС6-1.5-1600 |
60 |
0.6; 0.9; 1.2;1.5 |
5-15 |
16 |
1500 |
1500 |
1790 |
715 |
6ТС6-2.1-2500 |
60 |
0.9; 1.2;1.5; 1.8; 2.1 |
6-15 |
25 |
2100 |
2100 |
2500 |
1000 |
7ТС8-3.5-4000 |
80 |
1.675; 2.1; 2.5; 3.0; 3.5; |
5-12 |
40 |
3500 |
2500 |
3000 |
1200 |
7ТС12-2.5-4000 |
120 |
1.2;1.5; 1.8; 2.1; 2.5; |
5-12 |
40 |
2500 |
2500 |
3000 |
1200 |
8ТС12-3.5-8000 |
120 |
2.1;2.3;2.6; 2.9; 3.2; 3.5 |
5-10 |
80 |
3500 |
3500 |
4200 |
1670 |
9ТС20-4.2-12000 |
200 |
2.5; 2.8; 3.15; 3.5; 3.85; 4.2; |
5-10 |
120 |
4200 |
4200 |
5000 |
2000 |
1ТС1-0.6-100 |
10 |
0.4; 0.5; 0.6; |
5-15 |
1 |
740 |
510 |
680 |
200 |
2ТС1.25-0.9-250 |
12.5 |
0.44; 0.66; 0.9 |
5-15 |
2.5 |
1100 |
740 |
840 |
295 |
3ТС2-1.05-400 |
20 |
0.42; 0.75; 1.05 |
5-15 |
4 |
1050 |
750 |
1025 |
360 |
4ТС2-1.8-700 |
20 |
0.675; 0.9; 1.12 1.350; 1.575; 1.8 |
5-15 |
7 |
1800 |
1200 |
1430 |
570 |
5ТС4-2.1-1600 |
40 |
0.84; 1.26; 1.68; 2.1 |
5-15 |
16 |
2100 |
1500 |
1790 |
715 |
7ТС12-2.5-6000 |
120 |
1.2; 1.5; 1.8; 2.1; 2.5 |
5-12 |
60 |
2500 |
2500 |
3000 |
1200 |
7ТС8-3.5-6000 |
80 |
1.675; 2.1; 2.5; 3.0; 3.5; |
5-12 |
60 |
3500 |
2500 |
3000 |
1200 |
ТС3-1.2-630 |
30 |
0.6; 0.75; 0.9; 1.05; 1.2; |
5-15 |
6.3 |
1200 |
1200 |
1430 |
570 |
ТС5-3-2500 |
50 |
1.3; 1.8; 2.1; 2.5; 3.0; |
5-15 |
25 |
3000 |
2100 |
2500 |
1000 |
ТС6-2.1-2500 |
60 |
0.9; 1.2; 1.5; 1.8; 2.1; |
5-14 |
25 |
2120 |
2100 |
2500 |
1000 |
ТС8-3.5-4000 |
80 |
1.8; 2.1; 2.5; 3.0; 3.5; |
5-12 |
40 |
3500 |
2500 |
3000 |
1200 |
ТС8-3.5-5600 |
80 |
1.8; 2.1; 2.5; 3.0; 3.5; |
5-12 |
56 |
3500 |
2500 |
3000 |
1200 |
ТС10-3-5600 |
100 |
1.5; 1.8; 2.1; 2.5; 3.0; |
5-12 |
56 |
3500 |
2500 |
3000 |
1200 |
ТС12-2.5-4000 |
120 |
1.2; 1.5; 1.8; 2.1; 2.5; |
5-12 |
56 |
3000 |
2500 |
3000 |
1200 |
Бастапқы мәліметтер:
1.Ұңғының өнімділігі:
Q=18м³/тәулік.
2.Ұңғының тереңдігі:
L=3200м.
3.Қабат сұйығының тығыздығы:
ρ=900 кг/м³.
Анықтау қажет:
А)Тербелмелі станоктың түрін,сорап түрі мен диаметрін,сорап құбыры мен штанг диаметрін;
Б)Сораптың жұмыс ережесін(қысымын,өнімділігін,сораптың ұзындығын);
Тербелмелі станоктың түрін анықтау үшін «Әзірбайжан ғылыми зерттеу институтында» А.Н.Адонинннің атымен жасалынған диаграмманы қоданамыз.
Адониннің диаграммасы бойынша ,яғни өнімділік Q=18м³/тәулік және L=3200м болғанда, Dпл.=28мм болады.
Тербелмелі станок маркасы: 7СК-12-2.5-6000 таңдап аламыз.
Мұндағы: 7-өлшемі
12 және 13-1 минут ішіндегі жүріс жиілігі;
2,5-штанг ілінген нүктенің жүріс ұзындығы;
6000-1м³/тәу.жоғары мәндегі өнімділік;
Тербелмелі станоктың ең максималды тербелу жиілігі минутына 13 рет, ал ең минималды тербелу жиілігі 12 тербеліс жасайды.
Ұңғыға қажетті сораптың түрін таңдаймыз:
Егер,ұңғыма тереңдігі 1200м-ден жоғары болса,салынбалы сорапты қолданамыз.Ал егер,1200 м-ден төмен болған жағдайда,құбырлық сорап қолданамыз.Менің жұмысыма салынбалы сорап қажет.Сондықтан Кенкияк кен орнындағы №31 ұңғыманың тереңдігі 3200 м болғандықтан, мен 7ск-12-2.5-6000 маркалы ШҰСҚ-ын таңдап алдым. Мұнда ШСҰҚ-ның сорабы-құбырлық, салынбайтын сорап түріне жатады. Осы негізді, мен Адонин диаграммасы бойынша штангалір мен құбарлардың диаметрлерін анықтадым:
Кесте-2. Штангілер мен құбырлаға арналған диаграмма.
Сорап диаметрі,мм |
Жабдықтар |
Тербелмелі станоктар |
||||||||
1СҚ |
2СҚ |
3СҚ |
4СҚ |
5СҚ |
6СҚ |
7СҚ |
8СҚ |
9СҚ |
||
28 |
Штангілер Құбырлар |
16 48 |
16 48 |
16 48 |
16 48 |
19х16 73х60 |
19х16 73х60 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
32 |
Штангілер Құбырлар |
16 48 |
16 48 |
16 60 |
16 60 |
19х16 73х60 |
19х16 73х60 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
38 |
Штангілер Құбырлар |
16 60 |
16 60 |
19 60 |
19 60 |
22х19 73 |
22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
43
|
Штангілер Құбырлар |
16 60 |
16 60 |
19 60 |
19 60 |
22х19 73 |
22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
25х22х19 73 |
55 |
Штангілер Құбырлар |
19 73 |
19 73 |
19 73 |
19 73 |
22 73 |
22 73 |
25х22 89 |
25х22 89 |
25х22 89 |
68 |
Штангілер Құбырлар |
22 89 |
22 89 |
22 89 |
22 89 |
22 89 |
22 89 |
25х22 89 |
25х22 89 |
25х22 89 |
82 |
Штангілер Құбырлар |
- - |
- - |
22 89 |
22 89 |
22 89 |
25 89 |
25 89 |
25 89 |
25 89 |
93 |
Штангілер Құбырлар |
- - |
- - |
22 114 |
22 114 |
25 114 |
25 114 |
25 114 |
25 114 |
25 114 |
Кесте-3. Штангілердің нүктеге түсетін ауырлық күші бойынша:
Штанга |
L ш·мм болғандағы Штанга салмағы ( кг) |
||||||||||
1000 |
1200 |
1500 |
2000 |
3000 |
8000 |
||||||
ШН16 ШН19 ШН22 ШН25 |
|
2,07 2,89 3,71 5,17 |
2,39 3,25 4,3 5,85 |
2,86 3,92 5,2 7,12 |
3,65 5,03 6,7 9,08 |
5,23 7,26 9,68 12,93 |
12,93 18,29 24,5 31,65
|
||||
1)Штангілер ілінетін нүктеге түсетін максималды күштерді келесі формуламен анықтаймыз:
Pmax=Fпл*Pm*L/10+qорт*L(в+S*n²/1440)
Мұндағы:
Pm-сұйықтың тығыздығы (900 кг/м3);
Fпл.-плунжер ауданы
L-ұңғы тереңдігі (3200м);
Qорт.- штангілердің 1м-дегі орташа салмағы (2,7 кг);
в-сұйықтықтағы штангінің салмағының азаю коэффициенті в=0,85;
S-штанга ілінген нүктенің жүріс ұзындығы (2.5 м);
n²-штангінің 1мин-ғы жүріс жиілігі (12-13);
Fпл=П*Д2/4
δмах= Pmax/Fш-штангілерге түсетін максималды кернеу;
Есептеулер:
Fпл=П*Д2/4=3.14*0.028²/4=6.15 см²;
n-штангінің 1мин-ғы жүріс жиілігі-12 болғандағы:
Pmax=Fпл*Pm*L/10+qорт*L(в+S*n²/1440) =6.15*900*3200/10000+2.7*3200*(0.85+2.5*12²/1440) =11..275 т;
δмах= Pmax/Fш= 11.275/0.615=18.33 т/см²;
n-штангінің 1мин-ғы жүріс жиілігі-13 болғандағы:
Pmax=Fпл*Pm*L/10+qорт*L(в+S*n²/1440) =6.15*900*3200/10000+2.7*3200*(0.85+2.5*13²/1440) =11.65 т;
δмах= Pmax/Fш= 11.65 /18.943 т/см²;
2) Ұңғы түбіндегі сораптағы плунжермен сорап цилиндірінің арасындағы саңылаудан ағып кететін сұйық мөлшерін анықтау:
q=0.016*g*Dh*H*δ³/v*l
Мұндағы:
g-еркін түсу үдеуі (9.8 м/ с²);
Dh-сорап диаметрі (28 мм);
H-ұңғы тереңдігі( 3200 м);
δ³-арасындағы қуыс-арасындағы қуысқа байланысты сораптар келесідей топтарға бөлінеді:
1.0.01-0.035 мм – 1000 м тереңдікке дейін;
2. 0.035-0.06 мм – 2000 м тереңдікке дейін;
3. 0,06-0.085 мм – 2000 м-ден жоғары;
v-сұйықтың кинематикалық тұтқырлығы-0.00184 м²/с;
l=s-цилиндрмен плунжердің арасындағы жұмыс беті ұзындығы (2.5 м);
q=0.016*g*Dh*H*δ³/v*l=0.016*9.8*3200*0.028*0.085³/0.00184*2.5=0.0187
=1.87%;
ІІІ. ҰҢҒЫ КОНСТРУКЦИЯСЫН ЖОБАЛАУ
Ұңғының негізгі конструктивтік параметрлеріне – шеген тізбектерінің саны мен диаметрі, олардың түсірілу тереңдігі, қашаудың диаметрі саналады.
Ұңғы конструкциясын таңдаудың негізгісі болып – ол өндірілетін мұнай мен газдың көлеміне, онда жүргізілетін жөндеу, аулау жұмыстары үшін түсірілетін жабдықтарға байланысты пайдалану шеген тізбегінің диаметрі саналады. Пайдалану тізбегінің диаметрі кіші болған сайын соғұрлым аралық тізбектердің, бағыттаушының және кондуктордың диаметрлері де кішілеу болады. Сонымен қатар құбырдың диаметрі неғұрлым кіші болса сыртқа және ішкі қысымдарға төтеп беруі де жоғарылайды. Шеген тізбегінің диаметрі кіші боған сайын оның салмағы мен құны да төмендейді. Диаметрі кіші ұңғылардың құрылысын тұрғызуда энергия, металдар, бұрғылау ерітінділері және химиялық қопаларда үнемделеді.
Есептің берілгендері:
1. Бұрғыланатын ұңғының тереңдігі: L = 3200 м;
2. Ұңғының түптік диаметрі: d = 150 мм;
3. Бағыттауыш тізбектің түсірілу тереңдігі: l b = 12 м;
4. Кондуктордың түсірілу тереңдігі: lK = 200 м;
5. 1-ші аралық тізбектің түсірілу тереңдігі: la.m = 960 м;
6. 2-ші аралық тізбектің түсірілу терңедігі: la.m = 2754 м;
7. Пайдалану тізбегінің түсірілу терңедігі: ln.m =3195 м.
Шеген тізбектерін орналастыру үшін бұрғылауға арналған қашаудың диаметерін бұрғылау құбырларының муфтасының диаметріне байланысты таңдаймыз.
Д Қ = Д м + 2 ∆к, (1)
мұндағы: Д Қ - қашаудың диаметрі;
Д м - шеген құбыр муфтасының диаметрі;
∆к - ұнғы оқпаны мен шеген құбыры муфтасы арасындағы диаметралды кеңістік.
Бұл көрсеткішті ∆к - қашаудың диаметріне байланысты қабылдап отырамыз (1 кесте). Біздің жағдайда Д Қ = 150 мм болғандықтан ∆к = 15 мм деп аламыз.
1-кесте.
Диаметрі, мм |
Диаметралды кеңістік, мм |
Диаметрі, мм |
Диаметралды кеңістік, мм |
|||||
Шеген тізбегінің |
Шеген тізбегі муфтасының |
Шеген тізбегінің |
Муфты обсадных труб |
|||||
114 127 140 146 168 178 194 219 |
133 146 159 166 188 196 216 245 |
15 15 20 20 25 25 25 30 |
245 273 299 324 340 351 377 377 |
270 299 324 351 365 376 402
|
30 35 35 45 45 45 50 50 |
|||
Дм = Д Қ - 2 ∆к = 150 – 2 ∙ 15 = 120 мм.
Муфтасының диаметрі Д м = 124 мм болған кезде 1 кесте бойынша шеген тізбегінің диаметрі келесідей деп қабылдаймыз.
Д n ∙ m = 114 / 96.
Қашаудың диаметрін 151м деп қабылдап аламыз (1-сурет).
2-ші аралық тізбектің диаметрін пайдалану тізбегін бұрғылауға арналған қашаудың диаметріне байланысты анықтаймыз. Ол үшін аралық тізбектің ішкі кеңістігі, пайдалану тізбегі үшін бұрғылауға арналған қашуадың диаметрінен үлкен болуы тиіс. Осыған байланысты шеген тізбектерінінің ішкі диаметрі келесі шарт бойынша анықталады.
d іш = Д қ +∆, (2)
d іш - шеген тізбегінің ішкі диаметрі;
Д қ - қашау диаметрі;
∆ - қашау мен шеген тізбегінің арасындағы кеңістік, бұл көрсеткіштің мәні () 5≤ ∆ ≤ 20 аралығында болады. Біздің жағдай үшін ∆ = 5 мм деп қабылдап аламыз.
Ары қарай
d іш = Д қ +∆ = 151 + 5 = 156 мм.
Сонда МЕСТ 632 -80 бойынша ОТТМ түрлі трапециалды резбалы шеген тізбегін 2-ші аралық тізбек үшін қабылдап аламыз.
Д 2АШТ = 178/154 мм; Дм = 187 мм
2-ші аралық шеген тізбегін орнату үшін ұңғы оқпанының диаметрін қабылдап аламыз.
Д 2АҚ = Дм + 2 ∆ к = 187 + 2*25 = 237 мм.
Стандарт бойынша ДҚ = 244,5 мм.
