Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
uchebnoe_posobie_endodontia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

Түбір өзегін ирригациялау.

Механикалық өңдеу кезінде түбір өзектерін үнемі жуып-шаю оны дентин қалдықтарынан, жұмсақ тіндердің қалдықтарынан тазалау және дезинфекция, эндодонтиялық аспаптың өзекке оңай кіру мақсатында жасалады. Ол үшін тотықтырғыш тобына жататын заттарды (3% сутегінің асқын тотығы, мочевина тотығы және т.б.), органикалық қышқылдарды(лимон қышқылы), хелацион агенттерін (ЭДТА – этилендиаминтетрасірке қышқылы) қолданады.

Түбір өзектеріне ирригациялық зат ретінде әдетте натрий гипохлоритін (NaOCl) кеңінен қолданады. Ол – ең күшті тотықтырғыш, ағзаның ішкі ортасымен байланысты қасиетке ие. Себебі, миелопероксидазаның - және қандай да бір кофакторлардың ( , , ) қызмет жүйесін қамтамасыз ететін тотықтырғыш қасиеті бар полиморфоядерлі нейтрофилді лейкоциттерге жақындағандықтан. Бұл жүйенің микробқа қарсы белсенділігі оның кейбір белсенді галоид туындыларын түрлендіру қасиетімен байланысты, олар – өте күшті тотықтырғыштар гипохлориттер, гипобромиттер және гипоиодиттер. Бактерицидті әсері хлорлы қышқылдың түзілуіне және газ тәрізді хлордың бөлінуіне байланысты. Әсер ету механизмі жасушалардың негізгі ферменттеріндегі сульфгидрильді топтардың тотығуында. Бактерицидті қасиеті органикалық заттардың қатысуымен төмендейді, сондықтан өзекті көп жуып-шаю керек.

Натрий гипохлоритін дезинфектант ретінде 1915 жылы H.Dakin ұсынды. Оны бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде инфицирленген жараларды суландыру үшін қолданды. Стоматологияда 1920 жылдан бері қолданып келеді (Crane). 5,25, 2,6, 1 және 0,5% ерітінділері таралған. Эндодонтиялық жұмыс кезінде NaOCl ерітіндісі антисептика, өлі және фиксирленген тіннің (көп жағдайда инфицирленген дентиннің) еріткіші ретінде және эмульсия, өзекке оңай кіріп-шығу үшін қолданылады. Тіннің ерігіштігі бойынша оптималды температурасы 21-40 С°. Жоғары бактерицидті әсері 37 С° -қа жеткенде болады.

Бұл препаратты басқа да ерітінділермен қосуға болады. Түбір өзегін натрий гипохлоритімен және 30% этил спиртімен кезектесіп өңдеу натрий гипохлоритінің тіндерге түсу дәрежесін жоғарылатады.

Өзекті ирригациялауды шприц көмегімен жүргізеді. Ұшы өткір емес және бүйір тесіктері бар инелерді қолданады.

Ультрадбыстық ұштықпен жұмыс істегенде ирригация дезинфекциялаушы ерітіндінің жоғары температурасымен және сұйықты көлемінің көбеюімен бүйір өзектерге кіруімен жүреді.

Әр түрлі клиникалық жағдайларда түбір өзектерін медикаментозды өңдеуде қолданылатын көптеген дәрілік заттарда тоқтамай-ақ қояйық. Одан да түбір өзектерін кеңейтуге арналған заттарға сипаттама берейік.

Қазіргі кезде комплексон және хелатты заттар көп қолданады. Олар тістің минералды компоненттеріне жақын болғандықтан, олармен бірге химиялық реакцияның соңында борпылдақ құрылым түзеді. Эндодонтияда ЭДТА (этилендиаминтетрасірке қышқылы) препараттарын жиі қолданады. Бұл топқа ЭДТА-ның трилоны Б-динатрий тұзы және ЭДТА-ның тетра-кальций-динатрий тұзы кіреді. Төмен беткей керілістің нәтижесінде бұл заттар ең тар өзектерге де енеді. Практикада көбінесе ЭДТА-ның 10-20 % бейтарап немесе әлсізнегізді ерітінділердің тұздарын қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]