Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

2*Билет

1. АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Қалыптасқан әскери-стратегиялық жағдайды талдау және соңғы жергiлiктi әскери қақтығыстар тәжiрибесi халықты қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жүйесiн сақтау қажеттiлiгiн көрсетедi. Алайда бұл құралдарды бағыттау жүйесiнiң жоғары дәлдiгiне байланысты оларды қолданудағы акцент оқтұмсық қуаттылығын елеулi азайту кезiнде басқарудың және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң маңызды объектiлерiн зақымдауға ауысады. Бұл жағдайда соғыс уақытында халықтың тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету жөнiндегі мiндет аса өзектi болады. АҚ-тың барлық iс-шараларын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мүмкiн болмайтындығына байланысты, "ақылға қонымды жеткiлiктiлiк" қағидатын негiзге ала отырып, бұл шығыстарды азайту бойынша шаралар қабылданады. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады.

Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған. Сонымен қатар, техникалық базаның жеткiлiктi болмауына байланысты шет елдердегi iзгiлiк операцияларға олардың қатысуы мүмкiн емес. Әскери бөлiмдердiң, қорғаныс құрылыстары мен АҚ басқару пункттерiнiң техникасы мен жабдығы моральдық және физикалық тұрғыдан ескiрген. Мұнай өндiру объектiлерiнде және өнеркәсiптiң басқа да объектiлерiнде iрi ауқымдағы БЖ туындауының жоғары ықтималдығы бар елдiң батыс өңiрiнде АҚ-ның әскери бөлiмдерi жоқ.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бiрқатарында ТЖ мен АҚ бойынша арнайы құрылымдық бөлiмшелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдарда ТЖ мен АҚ мамандарының болмауынан ТЖ-дан және терроризм көрiнiстерiнен ел халқын, объектiлерi мен аумағын қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, АҚ жүйесiн реформалау қиынға соқты. АҚ жүйесiн реформалау назарды халықты қорғау, оның тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету нысандары мен әдiстерiне ауыстыруды көздейдi.

Осыған байланысты:

АҚ басқарудың өңiрлiк органдарын (бiрнеше облыстарда бiр-бiрден) құру;

жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ iс-шараларын жоспарлау, жүргiзу және қаржыландырудағы рөлiн күшейту; АҚ әскери бөлiмдерiн құтқарушы сарбаздары даярлау жүйесiн сақтай отырып келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен толықтыру;

АҚ құрамаларын құру және жарақтандыру қағидаттарын қайта қарау;

АҚ материалдық-техникалық ресурстарының ұтымды санын және қауiптi өңiрлерге оларды ауыстырудың, сондай-ақ шығыстарды өтеудiң тиiмдi тетiгiн айқындау жөнiндегi мәселелердi пысықтау қажет.

Осы бағдарламада көзделген iс-шараларды орындау белгiлi бiр дәрежеде ТЖ саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң және халықты, объектiлер мен аумақтарды дүлей зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыруға; су тасқынына, сырғымаға, селге және қар көшкiнiне бейiм аумақтарда шаруашылық қызметтi ұтымды жоспарлау мақсатында олардың неғұрлым қауiптi ошақтарын анықтауға; ТЖМЖ басқару органдарының, авариялық-құтқару күштерi мен құралдарының жедел дайындығын арттыруға; зардап шеккен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету бойынша материалдық-техникалық резервтер қорын жасау жөнiндегi шараларды қабылдауға; қарастырылатын салада бақылау функцияларын реттеуге; өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етудi, мұнай операцияларын қауiпсiз жүргiзудi бақылауды күшейтуге; ТЖ-ның алдын алудың, Қазақстан Республикасының халқы мен мемлекеттiк басқару органдарын хабардар етудiң корпоративтiк ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн жаңарту бойынша iс-шараларды жоспарлауға мүмкiндiк бердi.

Жоғарыда көрсетiлген iс-шаралар кешенiн жүргiзудiң нәтижесiнде 2006 жылдың 1 жарты жылдығында 2005 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда ТЖ-дан зардап шеккендердiң саны 10,8%-ға, оның iшiнде табиғи сипаттағыларынан 2,6%-ға кемiдi. Бұл ретте табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-дан болған материалдық шығын 2 еседен астам - 7,3 млрд. теңгенiң орнына 3,5 млрд. теңгеге кемiдi. Қабылданған ескертпелi шаралар көрсетiлген кезеңде республиканың қауiптi өндiрiстерiнде өлiмге әкеп соғатын жарақат алудың деңгейiн 36%-ға, ауыр салдары бар жарақат алуды 9%-ға кемiтуге мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ, топтық жазатайым оқиғалардың саны 66%-ға, зардап шеккендердiң саны 75%-ға азайды.

Соған қарамастан, жыл сайын республикадағы ТЖ-дан тiкелей залал орта есеппен 3,5-тен 4,5 млрд. теңге сомасында есептеледi (ғаламдық дүлей зiлзалалар болмаған кезде). Сараптамалық бағалау бойынша жанама залал бұл жағдайда шамамен 15-20 млрд. теңге және адам қазасы мен зақымданушыларды емдеуден келетiн залал 3 млрд. теңгеге жуық сомада бағаланады. Жалпы сомада бұл жыл сайын 25 млрд. дейiн теңгенi құрайды.

2. Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты МемСТ 12.1.007-76

тағайындалып,төмендегідей кластарға бөлінеді:

1. Төтенше қауіпті (сынап,қорғасын).

2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).

3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).

4. Қауіптілігі төмен (аммяк, ацетон).

Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы маңыздысы ҚШШ(қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін. Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зиянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет.Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады:механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді

герметизациялау(технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы),жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану(өндіріс процестерінің рационализациялау).

Егер жұмыс аймағында ауа зиянды газдармен,булармен ластанса,оның мөлшері ҚШШ-сынан асып кетсе,қорғану амалдарын қолданған жөн.Мысалы,универсалды респираторларды,противогаздарды,арнайы киімдерді пайдалана білу керек.Ауа кеңістігіне баға беру әдістерінің кең тарағандары тек экспрестік және лабораториялық.Лабораториялық әдіс өте дәл,бірақ өте көп еңбек жұмсауды талап етеді.

Экспрестіік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды.Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық порошогы бар түтікшеден сорып өткізеді.Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық порошок өз түсін басқа бояуға өзгертеді.Түсі басқа бояуға өзгерген ин,дикаторлық порошок, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауның қоюлығына және

ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады.Бұл зиянды газдардың қоюлығын экспрес әдіспен анықтау үшін УГ-2 деп аталатын газоанализатор қолданылады. Адамның психофизиологиалық мҥмкіндігін іске асыру. Адамның жұмыс қабілеті жұмыс күнінде бірнеше рет ӛзгеріскеұшырайды,атап айтқанда –фазалық.Фазалар

1.Жұмысқа үйрену (қалыптасу)

2.Жұм ыс қабілеттілігінің тұрақтылығы

3.Жұмыс қабілетінің тӛмендеуі

1.Бұл жұмыс басталғандағы фаза яғни ұзақтығы – 1,5 сағат

2.Еңбек ӛнімділігінің жоғарылауы ұзақтығы 2,25 сағат

3.Шаршағанда пайда болатын фаза.

Жұмыс қабілетінің ӛзгеруі жұмыс түріне тікелей байланысты.Жұмыс қабілетінің тұрақтылығын тек қана адам-машина-ортаны үйлестіру,жұмыс,демалыс режимдерін сақтау.Оның ең бірден-бір жолы коллективтегі ішкі жағдайлардың

дұрыс болуы.Аталған жағдайдың дұрыс болмауы стресс,жарақатқа және аварияға әкеліп соғуы мүмкін.

Жұмыс қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық фактор: ықылас (назар аудару),сезіну, еске сақтау,ойлау,жұмыс қабілеттілігі,қабылдау,шаршау (қажу).Зиянды газдар кӛбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана

тарайды.Сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады. Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады,мысалы: азот (70%),

кислород (21%), көмірқышқыл газы және басқа активті (1%) және күкірт (1%) газдардың қосындылары.

Ал, ӛндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды.Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен

газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін.Мысалы,аммяк,бензин және басқалар. Қауіпті және зиянды ӛндірістік факторлардың кері әсерлері томендегідей салдарға әкеліп соқтырады: - Қауіпті факторлар сәтсіз оқиғаларға, ал зиянды кәсіби ауруларға.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]