Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_tarikh_novy_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
742 Кб
Скачать
☆

Керейттер ұлысы.

Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.

Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.

Осы қатынас Шыңғысхан тұсында да жалғасын табады. Шыңғысханның Монғолдардың ханы тағына келуін Тоғрул ханның Керейлері қолдайды, одан соң Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымды қайтадан тартып алуға Темучиннің ар-намысын үшін Меркіттерге қарсы 1719 жылғы жорыққа бірге қатысады (Тоғрул-Жамуха-Темучин одағы). Бұл жорыққа қосылуға Керейлер 20 мың атты әскер жіберген. 1198 жылы Шыңғысханмен бірігіп, татарларды талқандайды, 1201 жылы Темучинмен ашық тайталасқа шыққан Жамуханың Алақай-бұлақ одағын күйретеді. 1203 жылы тағы да Темучинмен бірлесіп, Наймандар еліне жорыққа қатысып, Найман елінің батыс қанатына соққы береді. Бұл жорықтар Шыңғысханның ұлы империясының құрылуына Керей мемлекетінің қосқан орасан зор үлесін көрсетеді.

Алайда 1203 жылы осы «екі алыптың» шайқасында Тоғрул хан жеңіліп, оның халқы Шыңғысхан әскерлерінің жартысын құрады. Бұлар Абақ Керейлер болса, Шыңғысханға мойын ұсынғысы келмеген Керейлер Орта Азия мен Батыс Қазақстан жерлеріне жеткен. Соның ішінде Орта Азиядағы Керейлерді қазір Ашамайлы Керейлер деп атайды. Ашамайлы Керейлер Қазақ халқымен бірге Қарақалпақ халқының және Өзбек халқының құрамында кездеседі. Олар бұл аталған халықтар құрамында негізінен Керей деп емес «Ашамайлы» руы деп аталады. Ал батыс Қазақстан жеріне жеткен Керейлер қазір Кіші жүздің құрамында. Бұл ру қазір Керейіт (Кіші жүз Керейлері) деп аталады. Керейіттердің және оның ішіндегі аталарының Торғай, Орал бойын мекендеген бір бөлігі Башқұрт және Ноғай халықтарының құрамында кездеседі.

Тарихта 12 ғ. соңында Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол меркіттер мен татарларды талқандағаннан кейін, сөйтіп 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Қалған наймандар Күшлік бастауымен Алтайға, керейттер мен меркіттерге қосылады. 1211 жылы Күшлік пен онымен одақ құрған хандар Жетісудағы Қарақытай мемлекетін жояды. Шыңғысхан әскерлері көп кешікпей оларды өкшелеп, Қарақытай мемлекетін де, одан әрі Хорезмшах елін де жаулап алды.

Сонымен, бұл аталған кезеңдегі, қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттері 10-13 ғасырларда қазақ халқының этногенетикалық процестеріне үлес қосқаны созсіз. Сондықтан бұл кезең тарихта қазіргі Қазақ халқының қалыптасу кезеңі оретінде танылады да аталған елдер алғашқы мемлекеттіліктің көріністері ретінде анықталады. Қыпшақ-Керей дәуірі Шыңғысханның жорықтарымен аяқталып, енді Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге – Алтын Орда-Ақ Орда кезеңіне аяқ басады. Бұл кезең Шыңғысханның көшпенді империясы иемденген қазақ халқының жерінде «Жошы Ұлысы» және «Шағатай ұлысы» деп аталған мемлекеттердің құрылуынан басталады.

44-сұрақ. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838). Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босаған жерге 1801 жылдан бастап патша рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазағы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.

Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан жалға алу үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі айып-пұл, алым-салық көбейді.

Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды.

Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.

1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.

Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды.

1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастаған әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңбірек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғыннан қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы Шекті руының қонысына келді.Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастаған жасақтар пайда болды.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастаған әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтеріліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. 1846 ж. Махамбетті немере інісі Ықылас өлтірді.

45-сұрақ. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.). КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.

Дағдарыстың себебі өте көп болды.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.

Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.

Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.

2. Демократияландыру мен жариялылық.

3. Төрешілдікке қарсы қүрес.

4. Халықтық реформа жүргізу.

5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.

80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.

Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.

Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.

46-сұрақ.Жібек жолы. .Ұ. Ж. ж. тарихы туралы алғашқы жазбаша дерек 7ғ. өмір сүрген будда дінін зерттеуші Сюань-Цзян жолжазбалары болып табылады. Б.э.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Қара теңіздің Дон бойында оңтүстік Арал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, Алтайға, Ертіс-Зайсан көлінің маңайында мекендеген тайпаларға осы Жібек жол арқылы жібек, тері, иран кілемі, асыл бұйымдар сауда арқылы таратылып жатты. Б.э.д. 2 ғ. Жібек жолы сауданың тұрақты желісі реттелді, қызмет ете бастады. Жібек жолы б.э.д. 2 ғ. және б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстанға Рим әйнегі, теңге, Қытай жібегі, айна, ыдыс-аяқ, иранның асыл тастары жеткізіліп тұрған. 6 ғ. соңында Жібек жолы Жетісуда, Қазақстанның оңтүстігінде жаңа қалалардың бой көтерілуіне көп көмегін тигізді. Бұл сауда жолы 14 ғ. ішкі қырқ-р қола мәдениетін тоздырғанға дейін Қытайға баратын теңіз жолын игергенге дейін бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенше жұмыс істеді. Археологтардың зерттегендеріне қарағанда осы кезде оңтүстік Қазақстанда оңтүстік батыста 27 қала: Тараз, Құлан, Атдак, Джамукат, Мерке, б-н Талас Алатауының баурайында Джумиланг Манксит қалалары, Шавгар өңірінде – Яссы, Қарған, Шағылжаң,Қарашоқ, Сайран, Сырдария маңында Сығанақ, Жент т.б. Шу алабындағы Баласағұн бас қалаға айналды. Міне, Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы қалалардың бойын көрсетуге, тауар айырбасты жақсартуға көп пайдасын тигізді. Ұлы Жібек жолы тек сауда қызметін ғана атқарып қойған жоқ сонымен қатар мәдениетті, дінді тасмалдаушы да болды. Шайырлар(ақындар), суретшілер, бишілер, сиқыршылар т.б. өнер адамдары үнемі жол үстінде жүретін болған. Демек, Ұлы Жібек жолы жер- жерлерде мәдениеттің негізгі мазмұнын таратушы-дәнекер бола алды. Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетінің үйлесуінің жаршысы болды. Жібек жолы 14ғ. дейін қызмет етті. Ең бастысы- Қытай теңіз жолының ашылуы, оның үстіне дүркін- дүркін болып жатқан соғыстар Ұлы Жібек жолын қарағанда істен шығарды. Бұдан былай құрлықтағы керуен сауда жолына қарағанда қауіпсіздеу әрі арзан түскен су жолы қолданды.

47-сұрақ. Кенесары көтерілісінің басты мақсаты- патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты- қоқандықтардың тепкісіндегңі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.

Кенесары Қасымұлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші- бұқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдалану, бұрынғы артықшылықтарын қайта алу, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.

1838 жылы Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары болды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары- Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т.б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен. Осыған орай жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батырлары да халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олардың қатарында Шұбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры- Иман, Табынның батыры- Бұхарбай, Тіленшіұлы Жоламан, Дулаттың батыры- Бұғыбай, Шапырашты руының батыры- Сұраншы т.б., Кенесарының інілері- Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі- Бопай көтеріліске белсене қатысты.

Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен, қарғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Көтерілістің бастапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің саяси қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымыраға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмет пен Мұхаммед Жаңтөриндер, сұлтан Баймағамбет Айшуақов т.б. болды. Омбы облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.

1838 жылы көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бұл тұста Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп тұрды.

Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орнатуға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан салық алынатын болды.

Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілген батырлар, билер, сұлтандар, ханның туысқандары кірді. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарыны өз қолында қалды..

Әскери істе де Кенесары және оның көмекшілері бірқатар өзгерістерді іске асырды. Батырлар мен төлеңгіттердің басқаруындағы көтерілісшілердің әскери күші негізінен өз еркімен құралған жасақтар еді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатылды. Опасыздық жасағандар тек өлім жазасына кесілді.

1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айтып кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық сеніділік қатынас орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын зеңбіректерімен, оқ- дәрімен жабдықтап отырды.

1843 Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны құғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаковпен бірігіп, Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді.

Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 жылы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады.. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Гекке және Бизянков бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорыққа аттанды. 1 және 7 қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақта жеңіске жете алмай, майдан шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап берекесін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.

1844-1845 жылы жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оғап Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дәрі жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы жолға қойылды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберуі, барлау жұмысы ұйымдастырылды.

1844 жылдың жазында Кенесары жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен тобы шықты. Олардың алдына Кенесары жасақтарын қоршап, шешуші соққы беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеуге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола бекінісіне шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844жылы 14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін қатты састырды. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыдағы айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.

1845 жылы Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып, Жетісуға келіп тоқтады. Ақши, Күрті, Жиренайғыр деп аталатын жерлерді мекен етіп, осы арада ол Ұлы жүздің халқын біріктіруді, қырғыздармен одақ құрып, Қоқан хандығына шабуыл жасауды, сөйтіп оның қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді. Кенесары Қытаймен мәмлеге келіп, онымен келіссөз жүргізу үшін Құлжаға елші жібереді.

1845 жылы қазан-қараша айларында Кенесары жасақтары қоқан хандығына жорыққа аттанады. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алып, Ақмешітті қоршауға алды. Бірақ жорықты жалғастыруға осы жақта жұқпалы індеттің күшеюі бөгет жасады. Ол кері оралып, Жетісу жерінде өзінің келешегіне байланысты жоспарларын ойластырды.

Бұл тұста патша әкімшілігі Кенесарының төңірегіне тор құрып үлгерген еді. Ол қырғыз манаптарының және патшаға адал болып жүрген қазақтың бай шонжарларының басын қосып, Кенесарыға еңсесін көтертпейтін ең соңғы соққы беруге әзірленді. 1846 жылғы жазғы айлардың бірінде мың қаралы жасағымен Кенесары қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуын талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай және Жанғараш тайпалар өкілдерінің құрылтайын шақырды. Сарыбағаш, Бұғы, Саяқ, Солто, Шерік және басқа тайпалардың өкілдері қазақ ханының талаптарын орындаудан бас тартты. 1847 жылы сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Қырғыздармен қақтығысу Ыстық көлінің тау шатқалы қойнауында және Шу өзенінің бас жағында өтті. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерінде үш жақтан қоршалған қайырымсыз қатал қамауға түсті. Оны қамаған қырғыз манаптарының жасағы, генерал Вишневский,Қоқан хандығының мыңнан астам сарбаздары еді. Кенесары қолы өзінен күші он есе басым жаумен үш күн бойы соғысты. Сөйтіп бәрі бітті.

Кенесары Қасымұлының көтерілісінде бірсыпыра қайшылықтар орын алды. Олар: бір жағынан қазақтарды Қоқан хандығынан азат ету мақсатымен соғыс, екінші жағынан, туыстас, қандас қырғыздармен ескі кек алу соғысы, үшіншіден, өзіне қолдау көрсетуден бас тартқан қазақ руларынан қарсы басып-шаншу саясаты..

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Оның жеңілу себебі, дамудың феодалдық саясатында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқы үш жүзге және Бөкей ордасына бөлінді.

48-сұрақ. Қаз-ң 60ж екінші жартысымен 80-ші ж басындағы әлеуметтік эканомикалық дамуы

60 ж Қазакстан жұмысшыларының катары сан жағынан да сағат жағынан да өсті. 1970 ж 3,4 млн астам жұмысшы болды. Ол 40 жылдан 5 есе көп еді. 1965 ж. халық табысы 5 паиыз болса. 70 ж. бұл көрсеткіш 10 пайызға жетті. Халқының әл-ауқатын жақсарту эконамикалық саясаттың басты міндеті КОКП-н әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жана сатыға көтеріп отырды. Кенес адамдарыниң әл-ауқатының жақсарғанын таңырлықтай көптеген мысал келтіруге болады. Халқының жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе медицина ғылым мәдениет қызметкерлерінің көптеген отбасының тұрғын ұй жағдайын жақсарту осыған айғақ. 1970-83 ж 887,7 мын пәтер тұрғызып, оған 3 млн астам адам коныстанды. Алайда халық тұрмысы 30-40 ж..салыстырғанда ғана едәуір жақсарды. КСРО-ң негізгі экономикалық жағдайының нашарлауы оның дамыған капиталистік елдердін материалдық тұрмыс денгейІнен еңбекақы тұрмысты. автоматтандыру тұрғын ұй, тампақтандыру. мәселес б/ша елеулі түрде артта қалушылығын күшейті Денсаулық сактау саласының көрсеткіші 20-25 ж. деңгейінде қалып койды. Қазақ мем. өктемдігі өндірістік қатынастарды бұмадап адамның еңбекке деген адамгершілік қөзқарасын жойын тынды, Ақшалардың ақшалай табыстары төлеу кабілетіне негізделген сұранымы тауарлар қызмет түтілері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда өсіп отырды. Ақша саны мен сапалы тауарлар саны арасындағы аймақтың. жаппай зәрулікке әкеп тіремей коймады Экономикалық қайыршылықтар әлеуметтік кайшылықтар туындаса олар өз кезіндегі адамгершілік проблеманы дүниеге әклді. Осының бәрі респ. болашағы бұлдыр әлеуметтік экономикалық жағдай қалыптасуынын айғағы еді.. Қазақстандағы алғашқы неғұрлым бұқаралық қозқалыстың бірі – «Невада – Семей» 1989 ж. көктемде ақын О. Сүлейменовтың ұсынысы бойынша құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты Қазақстан территориясында орналастырылған Семей т.б. полигонды жабу еді. 1990 ж. шілдеде «Азат» азаматтық қозғалысы д. к. р. 1991 ж. күзде өз партиясын құрды. 1989 ж. сәуірде «Әділет» қоғамы құрылды. 1986 ж. Алматыда Желтоқсан толқуы болып өтті. Осындай шешім таппаған проблемалар Маңғыстау облысының Жаңа өзен қаласындағы ірі толқуға әкеп соқты. 1989 ж. шілдеде Қарағанды көмір алабының кеншілері ереуілге шықты. 1989 ж. 22 қыркүйекте «Тіл туралы заң» Қаз КСР жоғарғы кеңесінің 15 сессиясында қарастырылды

49-сұрақ. Қала және қоныстар және олардың Қазақстанның мәдени және экономикалық өміріндегі ролі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.)ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.

Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар. Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана. Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған. XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.

50-сұрақ. Ж.Нұрмұхамедұлының көтерілісі.Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі тек әрбір үйден түтін салығы емес, сондай-ақ жер кепелерді, қамыстан салынған күркелерді пайдаланғаны үшін де халықтың кедей топтарынан алым-салық жинады. Алым барлық халықтан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей - бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Сырдария бойындағы шекаралық өкімет Райым және Қазалы әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Сыр бойындағы жақсы жайылым жерлерді тартып алу, ол жерлерге орыс қоныстанушыларын орналастыру, алым-салықтың көбеюі қазақ кедей шаруаларына өте ауыр тиді. Орыс отаршыларының қанауы бұрынғы Хиуа билеушілерінің тепкісінен әлдеқайда асып түсті. Қазақ еңбекшілері екі түрлі қанаудың - патша өкіметі және жергілікті өз феодалдарының тепкісін бастан кешірді. Бұл халық арасындағы наразылықты күшейтіп, аяғында келіп ашық көтеріліске ұшыратты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 жылы желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Сонымен көтерілістің басталуының негізгі себебі Орынбор әкімшілігінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар да, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты. 1856 жылы патша әскерлері мен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды, бұл уақытта Жанқожаның қаруланған жасақтарының саны 1500-ге дейіп жетті. Көтеріліске тек Шекті руының адамдары ғана емес, басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілердің саны ең әуелі үш мыңға, ал 1857 жылдың қаңтар айында бсс мың адамға жетті. Бұл көтеріліс кезінде Жанқожа өзінің жақсы меңгерген әскери әдісін қолданды, ол 1856 жылдың аяғында Қазалы фортын қоршауға алды. Бұған дейін көтерілісшілер казак-орыс тұрған Солдатская слобода поселкісін жойды. Көтерілісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михайловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскср, бір зеңбірек болатын. Осы шайқастың барысы азғантай топтан құралған көтерілісшілер жасағының жеңілісімен аяқталды. 1856 жылы 19-23 желтоқсан аралығында көтерілісшілер тобы патша әскерлерінің майоры Булатов қолбасшылық еткен екінші бір отрядпен шайқасты. Бұл соғыс қимылдары желтоқсан айының аяғына дейін алма-кезек басымдықтармен жүрді. Көтерілісшілер фортқа жақын жердегі дайындалған 150 шөмеле шөпті өртеп жіберді. Көтерілісшілердің басты орталығы бұл кезде Сырдарияның жағасына орналасқан Жаңақала қамалы болды . Көтерілістің кеңінен таралуы Орынбор генерал-губернаторы әкімшілігін қатты састырды. Оның бұйрығымен көтерілісті басу үшін Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ жіберілді. Оның құрамында 300 казак-орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық /зеңбірек орнататып/ қондырғы кірді. Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек, мылтықпен жақсы қаруланған Фитингофтың әскерлеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті. Ауыр жараланған Жанқожаны сарбаздар шайқас болған жерден алып шығып, қауіпсіз жерге жасырды. Көтерілісшілерді жеңген Фитингоф әскерлері енді олардың ізіне түсіп, жазалауға кірісті. Олар қазақтардың 212 үйін өртеп, көптеген малдарын, соның ішіндк 20 мыңнан аса ірі қара малдарын тартып алды. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Сырдарияның оң жағалауына, ондағы Хиуа хандығының жеріне өтуге мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оның бұл саясатынан ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды. Көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтеріліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптерге сүйену көтерілістің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдарының сатқындығы да өз әсерін тигізді. Көтерілісті басқаппан ксйіп патша әскерлері бұқара халықты топауға кірісті. Тек бір ғана Кузьминский басқарған әскери топ қазақ ауылдарын талқандап, ондағы малдардыцң барлығын айдап әкетті. Көптеген адамдар қырғынға ұшырады, жазалаушылар қарттарды да, әйелдерді де, балаларды да аямады. Жазалау барысында қарапайым халық зардап шекті. Көтерілістен кейін Жанқожаның өзі халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды, кейін оны жаулары опасыздықпен өлтірді. Бірақ осыған қарамастан Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған 1856-1857 жылдары болған Сырдария қазақтары көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық-азаттық қозғалыс еді. Оған Арал өңіріндегі әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір болігі қатысты көтерілісшілер арасында Кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды.

52-сұрақ. 9-13 ғ. ғылым мен мәдениеттің дамуы. Белгілі ғалымдар Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи және т.б. 9-12ғ.Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғарғы дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы- егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді.

XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген.

«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген

Ахмет Яссауи 12 ғ-да Яссы (Түркестан) қаласында туған. Қожа Ахмет Яссауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол мұсылман дінін таратуда ат салысқан. 14 ғ.Ақсақ Темір оның басына зәулім кесене тұрғызған. Ол түрік тілінде «Диурия Хикмет» (даналық кітап) өлеңдер жинағын шығарған. Соның бірі Сүлеймен Бақырғани болған. Оның артынан өнеге насихатқа толы өлеңдер қалдырған. Ахмет Яссауи жайлы айтқанда оның ұстазы Арыстан баба есімі қатар айтамыз. Халық арасында «Арыстан бабаға түне. Қожа Ахметтен тин» деген сөз бар. Дертіне дауя іздеген адамдар Арыстан баба мазарына түнеп, содан кейін Қожа Ахмет мазарына зиянат етеді.

53-сұрақ.ХІХғ бас Қаз капит қат дамуы. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға капиталистік қатынастар ене бастады.Қазақстанда негізінен кен қазып шығару және тау-кен зауыттары, өңдеуші кәсіпорындар дамыды.Тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындары Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. ХХ ғ. басында Қазақстандағы мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтар шығаратын тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолында боды. ХХ ғ. бас кезіндегі тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары пайдаланылды. Сондай-ақ тұз өндіру ісі де біршама дамыды. Семейде, Павлодарда тұз кәсіпшіліктері болды. Батыс Қазақстандағы Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. Жалпы алғанда ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін, теріден былғары жасайтын, май шыжғыратын, сабын қайнататын, спирт шығаратын кәсіпорындар басым болды.1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.ХІХ ғасырдың аяғына қарай шаруашылықтың дамуына байланысты Қазақстанда банкілер пайда болды. Орал банкісі (1876 ж.), Қызылжар банкісі (1881 ж.), Семей банкісі (1895 ж.), Омбы банкісі (1895 ж.), Верный банкісі (1912 ж.) ашылды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда, айырбас ісі қанат жайды. ХІХ ғасырда қазақ даласында сауда ісінде маңызды орын алған көптеген жәрмеңкелер ашылды. Алғашқы жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасында ұйымдастырылды. 1848 ж. Қазақстандағы ең ірі жәрмеңке Талдықоянды деген жерде ашылды. Қарқара жәрмеңкесі, негізінен Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық болды. 1880 ж. Қазақстанның шығыс өңірінде 70-ке жуық маңызды сауда орталығы (жәрмеңке) болған.ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан, Қытай Шынжаң араларында сауда байланысы дами түсті. Екі ел арасындағы ірі сауда орталықтары: Бұқтырма, Кереку, Өскемен бекіністері мен Семей, Қызылжар (Петропавл) қалалары.

54-сұрақ. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

55-сұрақ.Ақ Орданың құрылуы дамуы.

XIII ғасырдың ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың 1-ширегіне дейін өмір сүрді . Бұл мемлекет Жошы ұлысының шығыс жағында орналасты . Ақ Орда мемлекетінің негізін Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына Жетісудың солтүстік -шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында), сондай-ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына көшірілді. Бертін келе монғол билеушілері - ақ сүйек ("төре") тұқымы біртіндеп қазақтарға (түріктерге) сіңісіп, қазақ (түрік) рулары мен тайпаларының рөлі өсе түсті. Ал, Алтын Орда ыдырағаннан кейін, Ақ Орда тәуелсіз, егеменді елге айналды. Алайда Ақ Орда бөлінгенге дейін Алтын Орда билеушілері тарапынан кез келген саяси бостандыққа деген талпыныстарға тосқауыл жасалып келді. Ақ Орда хандары мынандай ретпен билік құрды: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы Бұқа, Ерзен Мүбарак, Шымтай, Орыс, Қойыршық және Барақ. XIV ғасырдың басында Сыр өзені бойындағы қалалар мен Жетісу аймағы үшін Орда Ежен мен Шағатайлықтар арасында күрес басталды. Біртіндеп Оңтүстік Қазақстан аймағын бағындырған Ақ Орда хандары Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы-егіншілік оазистерінде Талас, Шу өзендері мен ұлытау далаларында шаруашылық-мәдени өмірді қалпына келтіре бастады. Мысалы, Ерзен хан Сығанақ қаласын "гүлдендіріп", Отырар, Сауран, Жент және Баршынкент қалаларында бірқатар құрылыстарды қайтадан салдырды. XIV ғасырдағы Ақ Орда хандары теңгелерді тек өздерінің аттарымен шығарды. Орталығын Оңтүстік Қазақстанға көшіріп, Сығанақ қаласын астана еткен Ақ Орда мемлекеті - Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланысты кеңейтті. XIV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда билеушілерінің арасында қайшылықтар туып, өзара билік үшін күрес жүргізіп "дүрбелең жылдарды" бастарынан өткізді. Тақ үшін күреске Ақ Орда хандары белсене араласты. Әсіресе, 1361 жылы билікке келген Орыс хан Алтын Орда тағы үшін күрес жүргізіп, 1368 жылы Еділ өзені маңына бірқатар жорықтар жасады. Ол 1374-1375 жылдарда Алтын Орданың астанасы Сарай қаласын жаулап алып, Хаджы-Тархан (Астрахань) қаласын қоршауға алды . Біраз уақытта Кама болғарларын өзіне бағындырды. Алайда Орыс ханның жетістіктері уақытша сипат алды. ¤йткені, ол Алтын Орданы уақытша билеуші Мамайды биліктен кетіре алмады, сонымен қатар 1376 жылы Ақ Орданың оңтүстік шекараларында Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің (қаталдығы жағынан аты шыққан Темірлан) агрессиялық әрекеті белең ала бастады. Осындай жағдайларға байланысты Орыс хан Еділ өзені маңынан Дешті Қыпшаққа қайтуға мәжбүр болды. Ақ Орда хандары Жошы ұлысы (шығыс және батыс бөлігі) жерлерін бір тудың астына жинастыруды алдарына мақсат етіп қойды. Бұл істі Әмір Темірдің көмегімен билікке келген Тоқтамыс одан әрі жалғастырды. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін Мамаймен күреске түскен Тоқтамыс Куликов даласында (1380 ж.) Дмитрий Донскойдың көмегімен шыңғыстық емес ханды(Шыңғыс ұрпағы емес) жеңді . Жеңілген Мамай Польшаға кетуге мәжбүр болды. Алайда Алтын Орда уақытша ғана қалпына келтірілген еді. Мауераннахр билеушісі Әмір Темір өз ықпалына көнгісі келмеген Тоқтамысқа қарсы күресті бастады. 1395 жылы Әмір Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірді паналады. XV ғасырдың басында, бір жағы Әмір Темірмен күресте, екінші жағы ішкі күресте Ақ Орда мемлекеті әлсіреді. Тек 1423-1424 жылдары билікке келген Орыс ханның немересі Барақ сұлтан аз уақытқа жағдайды жақсарта алды. Ол өз қарсыластарын құрту арқылы біртұтас билік орната алды. Алайда Әмір Темірдің жорығынан кейін Сыр бойы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласымен қоса Темір әулеті мемекеті құрамына өткен еді. Барақ ханның билік еткен кезі Әмір Темірдің өлімінен кейін, Мауереннахрда билікке келген ұлықбек басқарған уақытқа сай келді. Қытайға жорыққа дайындалып жатқан Әмір Темір аяқ астынан 1405 жылы Отырар қаласында қайтыс болады. Күшті, әрі абырой сүйгіш Барақ ұлықбекпен болған шайқаста оны жеңіп, Сыр бойындағы ата-бабасының жерін кері қайтарып алды. 1428 жылы Барақ қайтыс болғаннан кейін Дешті Қыпшақта билік Шейбан әулетінің өкілі Әбілқайырға көшті. Соған қарамастан Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамына кіретін рулар мен тайпалар, кейіннен құрылған Қазақ хандығының этникалық ядросын құрады. Бұл жайлы белгілі башқұрт ғалымы Ахмед Зәки Уәли былай деп жазады: "Барақ хан өлтірілгеннен кейін (1428 ж.) Көк Орда мен Ақ Ордада шейбани әулетінен шыққан Мақмұдқожа хан мен Әбілқайыр күшейіп, Барақ ұрпақтарын қуғындай бастады. Әбілқайыр оларға тиеселі жерлерді тартып ала бастады, бұл әрекет Есен Бұғаға ұнамады. Әбілқайырдан зорлық көрген Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы халықтармен моғол ханы Есен Бұғаның қарамағына көшіп барды . Осында көшіп келген Ақ Орда халқының өкілдері "қазақтар" деп атала бастады. Сөйтіп, олар күшті Қазақ хандығының негізін қалады. Хандықтың басында Керей хан мен Жәнібек сұлтандар тұрған еді". Жоғарыда айтылған жайттардан Ақ Орданың тайпалары мен рулары XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуы мен халқының қалыптасуына әсер етті деген түйін жасауға болады.

56-сұрақ.Столыпин реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:

Ақмола облысы – 36,6%

Семей облысы - 73%

Жетісу облысы – 60,5%

Сырдария облысы – 63,3%

Төрғай облысы – 58,7%

Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеми бастағанын дәлелдейді.

58-сұрақ. Қазақстан монғол империясының құрамында. «Алтын орда» мемлекетінің құрылуы. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды.Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.

Алтын Орданың коғамдық құрылысы. Алтын Орда мемлекетінің кұрылысы толығымен Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Манызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы — құрылтай шақырылды. Армияны және өзге мемлекеттермен дипломатиялық катынастарды бешербек басқарды. Қаржы, алым-салык мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталык аткарушы орган — диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салык., сыбаға жинау міндетін атқаратын даругтер, басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадурлер түмендерді, мындық, жүздіктерді басқаратын әскербасылары болып сайланды.Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді.

Батый мен Орда Еженнің үлыстары өз ішінде тағы да кіші ұлыстарға бөлініп, олардың басында Жошының өзге ұлдары отырды.

Үлысты (үлесті жер) билеуге өкімет басындағы әулет мүшелерінің барлығы күкықты болды. Ал өзге монғол аксүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне карай бөлініп берілді. Біртіндеп аксүйектер құкығы арта түсіп, олар карамағындағы жерді ұрпзғына мұра етіп калдыра алатын дәрежеге жетті. Екінші жағынан Алтын Ордада көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды.

Алтын Орданын гүлденуі мен құлдырауы. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.

Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.

1312 ж. Өзбек хан ісләмді Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. Далалык. түркі-монғолдык мәдениет Еділ бойы (бұлғарлар) және Орта Азия (Хорезм) мүсылмандык, салт-дәстүрлерінін әсерімен ісләмді кабылдай бастады.

XIV ғ. екінші жартысында Алтын Орда алауыздықтан әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін такка 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі елтіріп, орнын тартып алып жатты. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкдн боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді ертеп жіберді, Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола қүлады. Бүл ұлыстардың ең ірісі XV ғ. 30-жылдары Еділ мен Днепрдің аралығында қүрылған Ақ Орда болды. 20 — 60-жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары бөлініп шықты.

59-сұрақ. ХХғас бас Қаз. 1905-07ж революция. Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді.1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінің экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады. 1904 жылы пайда болған Сібір социал-демократиялық одағы, оның Омбы, Орынбор, Саратов комитеттері Қазақстан жерінде революциялық жұмысты күшейте түсті.1905 жыл Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстанның барлық қалаларында шерулер, митингілер мен жиналыстар болып өтті. Пе­ровскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан және қазақтардан шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Қарқаралыдағы 1905 жылғы 15 қарашадағы үлкен саяси митингке қазақтардан, татарлардан, орыстардан және басқаларынан тұратын 400-дей адам қатысты. Олар патша өкіметіне қарсы бірқатар талаптар қойды, отаршылық әкімшілікке қарсы күресуге шақырды. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғынға ұшырады. А. Байтұрсынов Орынборға, Ж. Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Патша өкіметі 1905 жылы 17 қазанда елдегі революциялық қозғалысты басу мақсатында арнайы манифест қабылдады. Бірақ бұл жоғары мәртебелі ма­нифест жұмысшы қозғалысын бәсеңдеткен жоқ, қайта кейбір жерлерде күшейте түсті.

Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. Қазақ ша­руалары ең алдымен жер, су үшін, теңдік, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жылы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында жер үшін толқулар болды.

Мәскеудегі желтоқсан қарулы көтерілісінің әсерімен 1905 жыл 11 желтоқсанда Успен руднигіндегі жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. Ереуіл барысында орыс жұмыскері Петр Топорнин мен қазақ жұмысшысы Әлімжан Байшағыров басқарған «Орыс-қырғыз одағы» құрылды. Жұмысшылар өздерінің жалпы жиналы­сында қабылдаған талаптарын «Петиция» ретінде рудник басшысы Н. Фелльге тапсырды. Оның бірде-бір пункті қабылданбағандықтан «Орыс-қырғыз одағының» шақыруымен рудникте ереуіл басталды. Рудник кеңсесі үстіне қызыл жалау көтерілді. Успен руднигі жұмысшыларының ереуілі 1905–1907 жылда­ры Қазақстанда болған революциялық қозғалыс тарихында көрнекті орын алады. Яғни, ол өлкеде революциялық қозғалыстың ең жоғарғы шарықтаған кезі деп саналады.

1906 жылы 6 қаңтарда патшаның арнаулы жарлығымен Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Меллер-Закомельскийдің жазалау экспедициясы әкелінді.

1905–1907 жж. болған революциялық қозғалыстармен байланысты Қазақстан жұмысшыларының кәсіподақ ұйымдары бой көтерді. Алғашқылардың бірі бо­лып Оралдағы теміржолшылардың кәсіподағы (1905 ж. қараша) құрылды, оған Н. Смуров, Н. А. Покатилов және Н. И. Ульянов басшылық жасады. 1905–1906 жж. Орынбор-Ташкент теміржолшыларының кәсіподағы ең ірі ұйым болып саналды. Оның 6 мың мүшесі болған.

1905 жылы желтоқсан айында I Мемлекеттік Думаны шақыру туралы патша үкіметінің жарлығы шығып, оған Қазақстаннан 9 депутат, оның ішінде 4 қазақ сайланды. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Құлманов. 1906 жылы тамыз айында II Мемлекеттік Дума шақырылды. Оған Қазақстаннан 14 депутат сайланды, оның алтауы қазақ халық өкілдері болды. Олар: Ш. Қошығұлов – Ақмола облысынан, Х. Нұрекенов – Семей облысынан, Б. Қаратаев – Орал облысынан, А. Бірімжанов – Торғай облысынан, Т. Аллабергенов – Сырдария облысынан, М. Тынышбаев – Жетісу облысынан.

Ұлтық қозғалыстың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал –демократи­ялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. 1905 жылы қазанда ұлттық интеллигенция өкілдері Оралда бес облыстағы қазақтардың де­легаттарының съезін өткізіп, онда олардың ұлттық мүддесін қорғауға тиісті Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы сәуір-мамыр айларында Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті.

Қазақ еңбекші бұқарасының 1905–1907 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы көп жағдайда ұйымдаспаған түрде өтті.

60-сұрақ. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның қурылуы.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

61-сұрақ. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы. Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді. Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

62-сұрақ. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстанға әсері. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

63-сұрақ. Семей ядролық полигоны. Арал трагедиясы және т.бАтом қаруын және қарудың басқа түрлерін сынау үшін Семей ядролық, Орал және баска полигондар жұмыс істеді. 80 жж. Полигондар, әртүрлі әскери объектілер 18 млн га – дай Қазақстан жерін алып жатты. Тек Семей ядролық полигоны ғана 8372 шаршы шақырым жерді жайлады. Жер бұл объектілерге республикалық органдардың ешкандай келісімсіз және оларға алдын – ала ескертусіз – ақ орталық органдардың шешімі бойынша алып берілді. Мұндай жағдайдыреспубликаның жоғары лауазымды адамдары жүйенің үнсіз – түнсіз құлы болы қала берді. Олардың бірде біреуі халыққа қырғын, қайғы – қасірет әкелген ядролық сынақтарға қарсы дауыс көтере алған жоқ. Семей және басқа полигондарды барлығы 500 ден астам ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы ондаған жылдар бойы үндемей келді. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радияцияның тұрақты сәулесіне ұшырады. Ядролық қаруларды жер астында сынау облыстың суландыру құрылыстарының жағдайына зардапты әсерін тигізді. Жер асты суларының ағысын бүлдірді, су алатын скважиналардың өнімділігін төмендетті. Полигонға жақын аудандарда одан алыстағы аудандарға қарағанда жем – шөпте және мал шаруашылық өнімдерінде йодтың, цезийдің, стронцидің құрамы 30 – 100 есе жоғары болды. Қоғаныс және Женсаулық сақтау министрліктері атом қаруын сынаудың адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 ж. дейін жасырып келді. 1975 – 1985 жж бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті. Бала тууы азайды, жынданып ауыру және өзін - өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда республика территориясында 27 жерде қуатты әр түрлі 38 ядролық жарылыс жасалған. Бұл мақсатта әсіресе Атырау облысы көбірек пайдаланылған, мұнда жаппай қырып жоятын қарудың 17 – і сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңт. Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қаруларды сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған. Кеңес басшылығы Шығыс және Батыстың арасындағы текетірес тұйықтан шығудың нақты қадамдарын жасады. КСРО 1985 ж. озінің ядролық сынақтарын бір жақты түрде тоқтатты. Полигондар бір жыл үнсіз жатты, бірақ 1987 жылы сынақ қайта басталды. Республика жұртшылығының 1989 жылғы ақпандағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада – Семей ” қозғалысының бастамасы салынды. Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АКШтың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауларға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. Онда былай делінді: “Біздің даламыз ядролық жарылыстардан дүр сілкінуде, сондықтан енді біз үндемей отыра алмаймыз. 40 жылға созылған бұл сынау мың – мыңдаған Херосималарды өз жалынымен шарпыды. Біз су ішуге, тамақ жеуге, бала тууыға қорқамыз. Біз Қазақстанда ядролық қаруды тоқтату, өз үлесімізде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы өзіміздің ізгі құқығымызды қорғау жолында күресу үшін “Невада - Семей” қозғалысын ұйымдастырдық”. “Невада - Семей” қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырында Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державада қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш – жігерін біріктіру мақсатымен “Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы үкімге қол қойды. Сөйтіп қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың, Францияның полигондарында мораторийлар жарияланды. 1969 – 70 жылдары Маңғыстау облысында да халықтан жасырып үш бірдей жерасты ядролық сынақ өткізді. Арал теңізі атырабына өндіруші күштер орналастыруда жіберілген қателіктер су қоын есепсіз пайдалану мақта- күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап кетті. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Құрғап қалған теңіз түбінен шаңның көтерілуі күшейе түсіп Арал аймағының климаты өзгерді. Дүлей күшіне енген экологиялық апат ұлы өсіп - өну мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселені көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал қазақтар мекендейтін аудан. Бұған Балқаш көлінің бір бөлігінің іске жарамсыз қалғанын көптеген өнеркәсіптік қалаларда Өскемен, Жамбыл, Шымкенттегі экологиялық жағдайдың ауырлығын қосқанда КСРОға социалистік құрылыстың артықшылықтары тайға таңба басқандай болып көрінді.

64-сұрақ. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен. Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан. «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. Халқының этникалық құрамы. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді. моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы. Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші "Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады. Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.

Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.

65-сұрақ. 1917 ж. Ақпан төңкерілісі. Рев-ң себебі: І-ші дүниежүзілік соғыстың салдарынан туған. Еңбекшілердің ауыр күйі экономикалық күйзеліс саяси правасыздығы яғни патша самодержавасының сақталуы. Рев-ң міндеті. Патша өкіметін құлату. Россияда демократиялық республика орнату, коммунистік жер иеленуді жойып барлық жерді шаруалардың патшасына беру. 8 сағ-қ жұмыс күнін енгізу, ұлттық езгіні жою. Рев-ның қозғаушы күші: жұмысшы табы мен шаруалар. 1917ж. 18 ақпан Петроградтағы Путилов заводы. 23 ақпан полиция мен алғашқы қақтығыстың басталуы. 21 ақпан «нан» деген ұранның самодержава жойылсын, соғыс жойылсын деген ұранға айналуы. 27 ақпан Петроград соғыс лагеріне айналды. 27 ақпан Петроградта қарулы көтеріліс болып, солдаттар халық жағына шыға бастады, патша режимі құлатылды. Рев-ға қатысқан большевиктер Сараходов, Гордиенко, Колянин ж/е т.б. Ақпан рев-ның басты өзгешілігі сол елде екі өкіметтілік Буржуазиялық уақытша өкімет пен жұмысшы солдат депутаттарының кеңестері п. б. Қазақстанда қазақ интелегенциясын басқарған қазақтың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым негізді де батыл революциялық бағдарламаларын әрекет жасағаны Әулие ата уезінде Тұрар Рұсқұлов ұйымдастырған қазақ жастарының революцияшыл одағы болды

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады. Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі). Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды. Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту. Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:

1.. 1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды.

2. 1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды.

3. 1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды. (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына).

66-сұрақ.ҚР тәуелсіздігінің жариялануы.1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. Президентті бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

67-сұрақ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі. XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.

68-сұрақ. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи маңызы.1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыс болды. Оған сылтау патша жарлығы. 1916ж. 25 маусымда патша 19-43 жас аралығындағы қазақтың ер азаматтарын жұмысқа алу үшін жарлық шығарды. Қозғаушы күші қазақ шаруалары, жұмысшылар, қолөнершілер. 1916ж. көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Куропаткин генерал-губернатор болып тағайындалды. Ол қалай болса да көтерілісті басып тастауға тырысты. Көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов патша үкіметі 14 батальон, 83 жүздік, 12 зеңбірек пайдаланды. Тағы бір орталығы Торғай облысы болды. Көтерілістің сардабегі Амангелді Иманов, ал саяси жетекшісі Жангелдин болды. Жауынгерлердің саны бір мезгілде 20 мыңға жетті. Амангелді жауынгерлері сарбаздар д.а. Оның әскеріне қарсы жазалаушы экспедиция жіберді. Соғыстар татыр, шошқалы қора, т.б. жерлерде болды. Доғалы үрпек түбіндегі соғыс қайғылы болды. 40 сарбазды жазалаушы отряд қоршап алды. Көтеріліске шыққан халықты басып жан ұшты. Көтерілістің сипаты –Ұлт-азаттық империализмге, отаршылдыққа қарсы көтерілістің жеңілу себептері: 1.Ұйымдаспаған.2.Патша Үкіметі әскермен көтерілісті тез арада басып тастап отырды. 3. Қоныстандыру жеделдетті. 4. Байлардың сатып кетуі. 5. Ру аралық қарама қайшылықтар 6. Демократиялық зиялылардың екі түрлі көз-қараста болуы. Біреуі әскерге баруға, екіншісі бас тартуға шақырды. Себебі ұлттық езгі патша үкіметінің зорлық-зомбылығы, жер жайылымдарын тартып алуы (42млн г. Десятина 20млн 1900 жылдан бастап). Салықтардың көбөйуі.

71-сұрақ. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс (1868–1869 жж.)

«Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші Н. А. Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды; салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай облыстарында халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды.Патша «Уақытша ережені» мақұлдағаннан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзеге асырыла бастаған салық саясатына қазақтардың наразылығы 1868 жылғы қарашаның аяғына қарай қарулы қарсылыққа ұласты. Нашар қаруланған, бірақ жер жағдайын тамаша білген көтерілісшілерге қарсы қимылдаған шағын ка­зак шолғыншылары олардың тегеурінін әлсірете алмады.

Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869 жылдың көктемінен басталады. Наурыз айының басында Орынбордан Жем ауданына екі жүздік казак отряды жіберілді. Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әлі де реформа енгізуге батылы бармай отырған Қобда және Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген «қазақтар қарақшыларының» шабуылына ұшырады. Көтерілісшілердің бұл тобы біріне Ханғали Арсланов сұлтан, екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды.

Қарулы бой көрсетулер шектес екі облыстың бірқатар аудандарында бір мезгілде дерлік болуы себепті тұрақты бөлімдер аз болған кезде қазақтардың нақты күштерін ұтымды бөлу қиын болды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бытыраңқы жасақтарын үкіметтің өзін-өзі қорғайтын күштерімен жеткілікті қамтамасыз етілген ірі әскери-тірек бекеттеріне қарсы емес, қайта қазақ ауылдарына казак отрядтарының қорғауымен жасырынып жүрген жеккөрінішті старшындарға, болыстарға қарсы бағыттады.

Көтеріліс Орал облысының солтүстік-батыс аудандарын, атап айтқанда, бұрынғы халық көтерілістері бойынша да отаршылдыққа қарсы қозғалыстарға бел­сене қатысқаны аңғарылған жауынгер табын, шекті руларының қоныстарын кең қамтыған. Бұл жолы да табындар реформадан кейінгі кезеңдегі отар­шылдыққа қарсы күреске елеулі үлес қосты.

Отаршылдық өкімет орындары көтерілістің шектес екі далалық облыс аумағына қанат жаюының шын мәніне бойлап жатпай, мұның себебін барлық уақыт­та хиуалықтардың ықпалы деп білді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]