Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИК 1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
201 Кб
Скачать
☆

104,Бұрыштық коэффициент жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың шекті нормасын көрсетеді.

105,Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді.

106,Табыс және бағада болатын өзгерістер бюджет сызығының қозғалысына әкеледі.

107 Теңдестік жағдайында алмастырудың шекті нормасы MRSxy-пен бюджет сызығының бұрыштық коэффициенттері тең болады. Сондықтан тұтынушы өзінің теңдестік жағдайына қол жеткізуі үшін Х және Y тауарларының көлемін келесі шарт орындалатындай етіп таңдауы қажет:

Бұл теңдестік тұтынушының теңдестік шарты деп аталады.

108, Егер тұтынушының табысы көбейе түссе, онда оның бюджет сызығы бастапқы сызыққа параллель түрде өседі, ал теңдестік нүктесіне (Е1, Е2, Е3) тұтынушының ұтымды таңдаулары сәйкес келеді. Егер осы жағдайды жазықтықты бейнелейтін болсақ, онда біз тұтынушылардың теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелердің тізбегін аламыз. Осы нүктелерді бір-бірімен қоссақ, онда табыстық өсуіне байланысты 4.9-суретте көрсетілгендей «табыс-тұтыну» қисығы шығады. Бұл қисықты кейде «тұрмыстың деңгейін көрсететін қисық» деп те атайды.

109,Сапасыз тауарлар – табыс өскен сайын оларды тұтыну шамасы азаятын тауарлар. сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы көрсетілген.

110, Еегер тұтынушының табысы өзгермей Х және Y тауарларының тек біреуінің ғана бағасы өзгеретін болса, онда біз әр түрлі бюджет сызықтарын аламыз. Олардың әр қайсысында тұтынушы теңдестік жағдайға ие болады. Егер осындай теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін бір-бірімен қосатын болсақ, онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғамы қалай өзгергенін бейнелейтін қисық аламыз. Бұл қисық «баға-тұтыну» қисығы деп аталып,

110, бюджеттік шектеу:

І = Р1 F1 + 06

болады, бұдан:

Р1 = І / F1

111, Сонымен сұраныс қсығы мен «баға-тұтыну» қисығы – басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда, тауардың бағасы өзгеруіне байланысты осы тауарды сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсетудің екі түрлі әдісі деп айта аламыз.

112, Тұтынушының сұранысын арттыратын бірінші жағдайды табыс әсері, ал екіншісін – алмастыру әсері деп атайды.

113, «Микроэкономика» курсының бұл тарауы өндірісте қолданылатын өндіріс факторлары мен осы ресурстарды пайдалану арқылы өндірілетін тауарлардың мөлшері арасындағы байланысты зерттейді.

114 Өндірістің технологиялық әдісі деп өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге (тауарларға немесе қызметке) айналдыруды айтамыз.

115 Өндірістік процесте қолданылатын факторларды негізгі 4 түрге бөледі:

1) шикізаттар мен материалдар;

2) басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;

3) еңбек құны;

4) капитал (құрал-жабдықтар, ғимараттар).

116 Өндірістік процесте п өндірістік факторлары қатысады деп қарастырсақ, бұл төмендегідей шығын векторы түрінде көрсетілуі мүмкін:

Х = (х1, х2, . . . , хп).

Мұнда хі – і - факторларының саны. Бұл факторлар п-түрлі дайын өнімдер өндіру үшін қолданылады. Бұларды шығару векторы түрінде қарастырамыз:

У = (у1, у2, . . . , уп).

Мұнда уі – j - өнімнің саны. Енгізілген белгілеулер арқылы өндірістік процесті былай жазуға болады.

V = (X, Y)

Егер барлық өндіріс факторлары тек қана бір өнім түрін өндіру үшін қолданылса, онда осы өндірістік процесті шартты түрде келесі өндірістік функция түрінде көрсетуге болады:

у =f (х1, х2, . . . , хп).

117, Өндірісті ұйымдастыру кезінде, әдетте, өндірістік процесс тиімді болуын қалайды, сондықтан өндіріс функциясы, өндірістік шығындар құрылымы тұрақты деп ұйғарғ,андағы шығаратын өнім көлемінің ең жоғары деңгейін көрсетеді деп атайды.

118, Өндіріс функциясы белгілі технология үшін жасалады. Бұл айтылған деректерді түсіндіру үшн, өндіріс шығындары тек қана L – еңбек және К – капиталдан тұрады деп қарастырайық. Осы жағдайда өндірістік функцияны келесі түрде жазуға болады:

у =f (К, L).

Мұнда, у – өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі.

119, Фирмалар өндіріс факторларын барынша көп тиімділікпен қолдануы мүмкін, яғни қолданылып отырған фактордың санының көбеюі шығару көлемінің төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Оны математика тілмен былай өрнектеуге болады.

120,Басқа факторлар тұрақты болып, тек қана бір факторлың санын көбейту арқылы өнім шығару көлемін ұлғайтқан уақытта оның жоғарылау шегі болады, яғни айнымалы фактордың өнімділігінің төмендеу заңы орын алады.

121, Өндіріс факторлары бірін-бірі өзара алмастырады және толықтырады.

122, Өндірістік процесті зерттеген кезде уақыт мерзімі төмендегідей 2 түрге бөлінеді:

1) қысқа мерзімді кезең – бұл мерзім ішінде өндірістік факторлардың белгілі бір бөлігі тұрақты болады, ал қалған бөлігі айнымалы болады;

2) ұзақ мерзімді кезең – бұл мерзім аралығында барлық қолданылып отырған өндірістік факторлар өзгеруі мүмкін.

123,Жалпы өнім – басқа өндіріс факторлары тұрақты деп ұйғарып, зерттеліп отырған фактордың белгілі санын пайдалану арқылы өндірілген өнім саны.

124, Экономикалық талдауда жалпы көрсеткіштермен қатар орташа және шекті өнімнің көрсеткіштері де кеңінен қолданылады.

125, Айнымалы өндіріс факторының орташа өнім жалпы өнім (У) мен зерттеліп отырған фактордың санының қатынасымен анықталады және берілген факторлардың қайтымын немесе қолданылуының тиімділігін бейнелейді. Мысалы, еңбектің орташа өнімділігі былай анықталады.

Бұл көрсеткіш бір уақыт бірлігінде өндірілетін тауарлар санын көрсетеді және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың орташа өнімі келесі түрде есептеледі:

Бұл көрсеткіш негізгі өндірістік қордың қолданылуының тиімділігін білдіреді және ол қор қайтымы деп аталады.

126,Шекті өнім өндіріс нәтижесінің өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. Яғни капитал мен еңбек үшін олардың шекті өнім былай есептеледі:

Басқа факторлар тұрақты болып, бір айнымалы фактордың санын көбейту арқылы өнім шығарғанда шекті өнім азаяды. Бұл жағдай шекті өнімділіктің азаю заңын көрсетеді.

127, Егер еңбектің шекті өнімі еңбектің орташа өнімнен артса МPL >АPL , онда орташа өнім көбейеді.

128, Егер шекті өнім орташа өнімнен аз болса (МPL<АPL), онда орташа өнім кемиді.

129, Барлық қарастырылған жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері абсолюттық көрсеткіштер болады, яғни бұлар экономикалық өлшемі бар көрсеткіштер. Дегенмен де, экономикалық талдау жүргізген кезде қатынас көрсеткіштерінің үлкен маңызы бар. Олардың бірі – факторлардың икемділік коэффициенті.

130, Өндіріс факторларының икемділік коэффициенті зерттеліп отырған фактордың шекті өнімділігінің МС орташа өнімділікке АР қатынасы түрінде анықталады және қолданып отырған фактордың саны 1%-ке өзгергенде өнім шығару көлемі неше %-ке өзгеретінін көрсетеді.

Факторлар икемділігі былай есептеледі:

- еңбек икемділігі;

- капитал икемділігі.

131, Егер өндіріс функциясының мәнін тұрақты деп белгілесек, яғни

у =f (К, L) =У0 = const,

онда бұл белгілі бір өнім көлемін өндірудегі осы факторлардың қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл функцияның жазықтықтағы графигі изокванта деп аталады

132, Өндіріс факторларының өзара алмасуын анықтау мақсатында кейінгі талдауларға технологиялық ауыстырудың шекті нормасы (MRTS) деген түсінік енгіземіз.

133, Технологиялық ауыстырудың шекті нормасы еңбекті бір өлшемге көбейткенде капиталды қандай шамаға азайту керек екенін көрсетеді, және бұл уақытта өндіріс көлемі өзгеріссіз қалуы керек. Бұл көрсеткіш төмендегідей формула арқылы есептеледі.

.

Өндірістік фугкция біртектес функция болып табылады, сондықтан у=f(К, L) =У0 = const болған жағдайда келесі теңдеу дұрыс болады:

.

Мұнда, - капиталдың шекті өнімділігі;

- еңбектің шекті өнімділігі.

Көрсетілген осы белгілерді орнына қойсақ:

134, Барлық қолданылып отырған факторлар бір пропорцияда өзгеретін болса, мысалы, а рет (а >0), онда фирма өндіріс ауқымын өзгертеді. Егер осы кезде өнімді шығару көлемі а реттен көп өссе, онда бұндай өсу өндіріс ауқымының оң тиімділігі деп аталады