- •2.Сеитова Банкке барып тұрғын үйді сатып алу үшін.....
- •3.Мына терминдердің ішінен бірі-біріне қарама –қарсысын табыңыз және олардың мәнін ашыңыз:
- •4.Қазіргі кезде , қоғамда, мұсылман әйелдерінің хиджаб киюіне.............
- •5.Қазақстанда қылмыстық істі шешу барысында а. Атты тергеуші шариат нормаларына жүгінді.....
- •6.Мұсылман құқығы бойынша қоғам, адам, билік ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •7. А. Танысова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы......
- •8. Алматы қаласының нотариалды кеңесінің біреуінде қр азаматшасы мен Иран........
- •9.Интернеттің форумында ҚазҰу-нің қабырғаларында намазхана.......
- •10.Қазақстандағы діни мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдарды атаңыз. Олардың қызметін ашыңыз.
- •11. 10 Жастағы Абдулла сауда-саттықпен айналысқысы келіп.....
- •12.Кади Құран мен Суннада көрсетілмеген мәселе бойынша қылмыстық іс қозғайды.......
- •13.Барысова күйеуіне талақ беріп ажырасады. Ажырасқаннан кейін....
- •14.Азаматов әйелі Жүнісбекова талақ береді. Біраз уақыт өткеннен кейін.......
- •15.Талақ алған әйел, талақ алғаннан кейін бір ай өткен соң.....
- •16.Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсенді.........
- •17.Күйеу қайтыс болған мұсылман әйел екі айдан соң қайтадан тұрмысқа шығады......
- •18. Барысова күйеуін өлтіріп кеткенін біліп, өш алуды көздейді.....
- •19.Мұрынова күйеуі бола тұрып, көршісі Рашитовпен ........
- •20.Кулиров үйіне қайтып келе жатып, бір сөмке тауып алады.....
5.Қазақстанда қылмыстық істі шешу барысында а. Атты тергеуші шариат нормаларына жүгінді.....
Бұл жағдайда құқықтың заңдылық қағидасы бұзылды. Себебі, біздің заңнамамызда шариат нормаларымен Құран ережелерін қолдануға рұқсат етілмейді. Заңдылық қағидасы дегеніміз – құқық нормаларын барлық адамдардың мемлекеттің бүкіл аумағында дәл және бұлжытпай жүзеге асыруларынан тұратын қоғам мен мемлекет талаптарының жүйесі. Ол заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілердің бұлжытылмай сақталуын, азаматтар құқықтарының және қоғам мен мемлекет мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлардан тұрады. Ал, бұл жерде жоғарыда айтылған заң мен нормалардың ешқайсысы да сақталмаған.
6.Мұсылман құқығы бойынша қоғам, адам, билік ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
Қоғам – умма ( үммет ). Біз мысалға Мұхаммед пайғамбардың ( с.а.с. ) үмбетіміз. Ол дегеніміз – соның артынан ерушілер, соның істеген істерін, амалдарын істеу жатады.
Адам – есі дұрыс, басы бос адам. Ислам бойынша есі дұрыс дегеніміз – мұсылманның 5 парызын түгелімен орындайтын адам. Мқсылманның 5 парызына мыналар жатады: Калима Шаһадат, ораза тұту, намаз оқу, зекет беру, қажылық жатады. Ал, басы бос дегеніміз – ешкімге қарызы жоқ, ешкімнің құлы емес адам.
Билік – Жаратушының жердегі өкілдері. Әр нәрсе Жаратушының қалауымен болады. Билік басындағылар – өз елінің, жұртының жердегі құқықтары мен бостандығының дұрыс қадағалануын, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың еліне де мемлекетке де тиімді болуын қадағалайды және солар үшін Жаратушының алдында жауап береді.
7. А. Танысова, жалғыз басты қарт кісі өзінің жазылмайтын ауруы......
Эвтаназия дегеніміз – әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, ауыр науқастың өз өлімін тездету жөніндегі өтінішін қанағаттандыру. Эвтаназия орын алған мемлекеттер: Нидерланды, Бельгия, Швеция, Швецария, АҚШ ( Оригон және Вашингтон штаттары )
Мұсылман құқығында эвтаназияға жол берілмейді. Себебі, адамды Жаратушы жаратқан және өмірді де өлімді де беретін өзі. Ал, адмдардың өзін-өзі өлтіртуге еш құқығы жоқ.
8. Алматы қаласының нотариалды кеңесінің біреуінде қр азаматшасы мен Иран........
Некеге тұрардағы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі өзінде болуы шариатта жоқ, себебі ерлі зайыптылардың мүлкі ол ерінің мүлкі болып есептелінеді. Неке барысында ерлі-зайыптыларда пайда болған мүлік күйеуіне тиесілі болады да, жеке қолданылатын заттары мен күйеуі сыйлаған әшекей бұйымдар әйеліне тиесілі болуы шариатта бар. Әйелі үш жыл бойы үйде отыруы, ешқайда шықпауы, отанына кетпеуі керек деген шариатта жоқ, себебі әйелі күйеуінің рұқсатымен қалаған жерге баруына болады. Әйелі екі жыл бойы бала көтермеуі керек (олардың отбасында әйел бала тууға лайықты ма екенін бақылау) – бұндай қылық мұсылмандарға жат қылық болып есептелінеді. Әр әйел адам үйленгеннен кейін бала тууға құқылы. Әйелі үй шаруасымен айналысуы қажет (тамақ даярлау, үй жинау және т.б.), күйеуі: әйелін асырау; әйеліне қажет киім-кешек пен тұтынуына қажет ақша беру – бұл шариатнормаларында да көрсетілген. Ері әйелін, бала-шағасын асырауға , аләйелі үйін жинап, кір жуып, тамақ жасап, бала тәрбиесімен айналысуға міндетті. Ажырасқан жағдайда балалар күйеуінің отбасында қалады – бұл шариат нормаларында да көрсетілген, тек емшектегі бала ғана анасында қалады. Зайыбы екі жыл бойы тұрмысқа шықпайды. Бұл жағдайда идда мерзімі берілмейді. Сондықтан да әйел ажырасқаннан кейін үйлене беруге құқылы.
Сол себепті де некеге тұру шарты қайтадан жасалынуы керек.
