Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

20.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігін беріңіз?

88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын                қолдану негiздерi

      1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:       а) есi дұрыс емес жағдайда осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;       б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;       в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;       г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.       3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексiмен және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен белгiленедi. P950514       4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған және өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қауiп келтiрмейтiн адамдар жөнiнде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық ұйымдарға жiберу туралы мәселенi шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.             89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын                қолдану мақсаттары

      Осы Кодекстiң 88-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген жаңа әрекеттердi жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.

      90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының                түрлерi

      1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:       а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;       б) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;       в) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;       г) интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерiн тағайындауы мүмкiн.       2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмысы үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

21.Жәй адам өлтіру қылмыс құрамын саралаңыз?

Адам өлтіру обьектісі – адамның өмірі , ол адамның азамматтығына , ұлттына және нәсіліне, шыққан тегіне жасына, әулементік жағдайына, немен айналысатына байланысты денсаулық ахуалына, біліміне байланысты емес.

Қылмыстың объективтік жағы: .Адам өлтіру әректпенде, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адам өмірімен күш қолданып жарақаттау, тұншықтыру уландыру, тағы басқа, психикалық ықпал жасапта қорқытып үрейлендіріп, жалған жала жабу, осыдан айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз — өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы өлтіру тәсілдері әртүрлі кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің сараланған түрін құрайды

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Республиканың жаңа қылмыстық кодексі бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс — әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады.

Адам өлтірудің субъектісі: Қылмыстық кодекестің 96-бабы-жасы 14 — толған есі дұрыс адам жатады. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады.

 96-бап. Адам өлтiру

      1. Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -       алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.       2. Адам өлтіру:       а) екi немесе одан көп адамдарды;       б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;       в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен ұштасқан;       г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;       д) аса қатыгездiкпен жасалған;       е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;       ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;       з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;       и) бұзақылық ниетпен;       к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;       л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;       м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;       н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;       о) кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру;       п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру –       мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.