Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marwrut_esep.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

39) Келесі конфигурация нені орындайды, қандай желілік құрылғы, атқаратын функциясы қандай?

Switch3(config)#int fa0/2 Switch3(config-if)#switchport mode access Switch3(config-if)#switchport access vlan 7 Switch3(config-if)#exit Switch3(config)#int fa0/3 Switch3(config-if)#switchport mode access Switch3(config-if)#switchport access vlan 13 Switch3(config-if)#exit Switch3(config)#

Бұл конфигурация коммутатор желілік құрылғысында жүзеге асырылған. Коммутаторда access порттарды баптау келтірілген.

VLAN басты тағайындауы – трафиктің логикалық группаларға бөлу.

Коммутатор порттары келесі режимдердің бірінде болуы мүмкін:

Access порт- шеткі құрылғыларды қосуға арналған порт. Бір ғана VLAN-ға тиесілі болады. Құрылғыдан портқа кіретін трафик VLAN порттарында берілгендермен таңбаланады.

Trunk порт-басқа коммутаторға немесе маршрутизаторға қосылуға арналған. Бір физикалық кабель арқылы бір немесе бірнеше VLAN-ға трафик жібере алады.

Конфигурация сұлбасы:

access портты баптау.

VLAN access портқа статикалық не автоматы түрде берілуі мүмкін. VLAN –ды автоматты түрде тағайындау дерек көздің МАК адресіне негізделеді, VQP (VLAN Query Protocol) хаттамасын және VMPS (VLAN Management Policy Server) серверін қолдана отырып. VMPS сервері ретінде Catalyst 4000, 5000 және 6500 сериялары сияқты тек жоғары модельдердің коммутаторлары қолданыла алады.

Аccess портты қажетті VLAN-ға қосу үшін, келесілерді орындау керек:

- айрықша құқықты режимге кіру (команда: «enable«)

- глобальді конфигурациялау режиміне ену(команда: «configure terminal«)

- желілік интерфейсті конфигурациялау режиміне кіру (команда: «interface interface-id», мұнда interface-id—интерфейс аты және нөмірі)

- «access» портының/интерфейсінің режимін беру(команда: «switchport mode access«)

- портта/интерфейсте VLAN беру (команда: «switchport access vlan vlan-id«, мұнда vlan-id — VLAN нөмірі)

- портты/интерфейсті қосу (команда: «no shutdown«)

- интерфейсті конфигурациялау режимінен шығу (команда: «exit» немесе «end» )

Сұлбада компьютерлер бір коммутаторға жалғанғанмен бір-бірін көрмейді. Себебі олар әр түрлі VLAN- дарда жатыр.

40) Конфигурациясынан үзінді берілген, оның нәтижесінде не орындалады, бақылау тізімдерінің  басты функциялары.

Router>en Router#conf t Enter configuration commands, one per line.  End with CNTL/Z. Router(config)#access-list 1 permit 192.168.1.0 0.0.0.255 Router(config)#exit

Router#

access-list 1 permit 192.168.1.0 0.0.0.255 талдап көреміз. Жалпы access-list командасы бағытауыш арқылы өтетін пакеттердің өтуіне рұқсаттарды қадағалайды. Дәлірек, ережелер құруға мүмкіндік береді.

Біздің жағдайда 192.168.1.0 255.255.255.0 желісінен пакеттер өтуіне рұқсат берілген. Маскалардың сәйкес келмегендей көруінің себебі, ережеде маска инверсиялы тұрде жазылады.

Ережелер жазылуында қандай да орын бар. Рұқсат ету ережелері (permit) соңғы жазылғаны дұрыс, әйтпесе рұқсат етпеу (deny) ережелері оларды жұмыс істетпейді.

Ах да, 1 деген сан жай ғана ереже нөмірін көрсетеді. Бірнеше ереже құрғанда өзімізге ыңғайлы түрде нөмірлейміз.

41) Маршрутизатордың конфигурациясынан үзінді берілген, осы командалардан не  білуге болады, кері (шаблондық) маска қалай есептеледі?

Router>en

Router#conf t Enter configuration commands, one per line.  End with CNTL/Z. Router(config)#access-list 100 permit ip 192.168.1.0 0.0.0.255 192.168.2.0 0.0.0.255

Жалпы access-list командасы бағыттауыш арқылы өтетін пакеттердің өтуіне рұқсаттарды қадағалайды. Дәлірек, ережелер құруға мүмкіндік береді.

Біздің жағдайда 192.168.1.0 255.255.255.0 және 192.168.2.0 255.255.255.0 желісінен пакеттер өтуіне рұқсат берілген. Маскалардың сәйкес келмегендей көруінің себебі, ережеде маска инверсиялы түрде жазылады.

Ережелер жазылуында қандай да орын бар. Рұқсат ету ережелері (permit) соңғы жазылғаны дұрыс, әйтпесе рұқсат етпеу (deny) ережелері оларды жұмыс істетпейді.

Ах да, 100 деген сан жай ғана ереже нөмірін көрсетеді. Бірнеше ереже құрғанда өзімізге ыңғайлы түрде нөмірлейміз.

42) Д түйінінің IP адресі 202.12.74.37 және бағыныңқы желісінің  маскасы 255.255.255.224 тең.  Д түйіні IP адресі  202.121.74.66,  маскасы 255.255.255.224 болатын Ж түйініне ақпаратты жіберуі керек. Д және  Ж түйіндерінің бір бағыныңқы желіде жатқан-жатпағанын және ақпараттың қалай жіберілетінін анықтаңыз.

43) В класының 128.131.0.0 IP адресін алған компанияда жұмыс істейсіз делік. Қазіргі кезде желінің 45 жеке сегменттері бар. Тағы да 50 бағыныңқы желілер қосу жоспарланған. Түйіндердің максималды санын қолдау үшін қандай масканы пайдаланған жөн?

128.131.0.0 желі B класына жатады. Яғни бос 16 биті бар. Бізге 45 + 50 = 95 ішкі желі қажет. Екінің дәрежелерінің ішінде ең жақыны ол 128 (себебі 2^7 = 128). Біздің есептеу бойынша бізге қосымша 7 бит қажет. Нолдерді бірліктерге айналдырып, 16 + 7 = 23 масканы аламыз. 23 маска дегеніміз

11111111. 11111111. 11111110. 00000000 = 255.255.254.0

44) 255.255.240.0 маскалы 132.90.132.5 IP адресі  132.90.128.0/20 желісіндегі нөмірі 4.5-ке тең түйінді анықтайтынын көрсетіңіз.

132.90.132.5 екілік санау жүйесінде:

10000100.01011010.10000100.00000101

255.255.240.0 маскасы:

11111111.11111111.11110000.00000000

132.90.128.0 - 10000100.01011010.1000 0000.00000000 біздің ішкі желіміз

Түйінді анықтау үшін,

11111111.11111111.1111 0000.00000000 - маска 10000100.01011010.1000 0100.00000101 - адресі (біздің 132.90.132.5) 00000000.00000000.0000 0100.00000101 = 2^2.2^2+2^0 = 4.5

45) 59.124.163.151/27 желісі және маскасы берілген, 5 ішкі желі құрып, олардың желі ID анықтап көрсетіңіз

59.124.163.151/27 – адресінін диапазонын анықтасақ.

27 маска ол 1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 1110 0000

2^3 = 8 ішкі желі, 2^5 = 32-2 = 30 түйін әрқайсысында. Біздің 59.124.163.151 диапазоны

59.124.163.128 бастап 59.124.163.159 дейін.

Бізге 5 ішкі желі қажет. Қажетті мән 8 (2^3). Маскамыз сақталады.

59.124.163.159 дейін қажетті 5 желіні алуға болады. Нақты 5 желі алуға болмайды, себебі 2 ешбір дәредесіне нақты келмейді.

46) 204.15.5.0/24 желісі берілген, 4 ішкі желі құрып, диапазондарын көрсетіңіз

24 маскасын жазсақ. 1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 0000 0000

Бізге 4 ішкі қажет. 2^2 = 4. 24 + 2 = 26. 1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 1100 0000 =

255.255.255.192 – бізге қажетті жаңа маска. Диапазондарымыз:

204.15.5.0 - 204.15.5.63

204.15.5.64 - 204.15.5.127

204.15.5.128 - 204.15.5.191

204.15.5.192 - 204.15.5.255

47) IPV6 адресациясының ерекшеліктері, мысал келтіріңіз.

IPv6 (англ. Internet Protocol version 6) —  IP хаттамасының жаңа нұсқасы, интернетте қолданылуда алдыңғы нұсқа (IPv4) тап болған мәселелерді шешуге арналған. Хаттама  IETF-пен жасалды.

Қазіргі уақытта IPv6 хаттамасы барлық әлем бойынша бірнеше мыңдаған желілерде қолданылады, бірақ IPv4 сияқты интернетте кең таралуға ие болған жоқ. 2012 жылдың соңында, IPv6 желілік трафиктің бөлігі шамамен 1%-ті құрады. 2013жылдың соңына қарай 3%. Көптеген ресейлік хостингтің домендерін және провайдерлерін тіркеушілердің DNS-серверлері IPv6 қолданады.

IPv6 адресациясының негізі

IPv6 адрестерінің әртүрлі типтері бар: бірадресті (Unicast), топтық (Anycast) және көпадресті (Multicast).

Unicast типіндегі адрестер барлығына белгілі. Осындай адреске жіберілген пакет осы адреске сәйкес келетін интерфейстің нақтылығына жеткізеді.

Anycast типіндегі адрестер Unicast адрестерінен синтаксисті айырықсыз, бірақ олар интерфейстердің топтарын адрестейді. Осындай адреске бағытталған пакет ең жақын (маршрутизатордың метрикасына байланысты ) интерфейске түседі. Anycast адрестері тек маршрутизаторлармен қолданыла алады.

Multicast типіндегі адрестер интерфейстер тобын теңестіреді. Осындай адреске жіберілген пакет көпадресті хабар тарату тобына тіркеулі барлық интерфейстерге жетеді.

Адрестер қос нүктемен бөлінеді (мысалы. fe80:0:0:0:200:f8ff: fe21:67cf). Нөлдің топтардың көп мөлшері екі еселенген қос нүктемен жіберілуі мүмкін (fe80::200:f8ff: fe21:67cf). Мұндай жіберілу адресте біреу ғана болуы керек.

IPv6 адрестері қос нүктемен бөлінген төртеуден сегіз топ он алтылық сандар түрінде бейнеленеді. Адрестің мысалы:

2001:0db8:11a3:09d7:1f34:8a2e:07a0:765d

Егер бір не одан да көп топтар қатарынан 0000 тең болса, онда олар түсірілуі және екі еселенген қос нүктеге алмастырылуы мүмкін (::). Мысалы, 2001:0db8:0000:0000:0000:0000:ae21:ad12 қысқартылуы мүмкін 2001:db8::ae21:ad12 дейін, немесе 0000:0000:0000:0000:0000:0000:ae21:ad12 қысқартылуы мүмкін  ::ae21:ad12 дейін. Қысқартылу бір қатарлы емес болғандығына байланысты 2 бөлінген нөлдік топтарға ұшырауы мүмкін емес.

IPv6-адрестерді URL-де қолдану кезінде адрестерді тік жақшаға алу керек:

http://[2001:0db8:11a3:09d7:1f34:8a2e:07a0:765d]/

Егер портты көрсету қажет болса , онда ол жақшалардан кейін жазылады:

http://[2001:0db8:11a3:09d7:1f34:8a2e:07a0:765d]:8080/

Кейінге сақталған IPv6 адрестер

IPv6 адресі

Префикс ұзындығы (биттер)

Сипатталуы

Белгілері

 ::

128

—

 IPv4-те 0.0.0.0

 ::1

128

loopback адрес

IPv4-те 127.0.0.1

 ::xx.xx.xx.xx

96

кіріктірілген IPv4

Төменгі 32 бит бұ IPv4 адресі. Сонымен қатар IPv6 адреспен үйлесімді IPv4 деп аталады. Ескірген және енді қолданылмайды.

 ::ffff: xx.xx.xx.xx

96

IPv6-да бейнеленген IPv4 адресі

Төменгі 32 бит бұл IPv4 адресі. IPv6-ны қолдамайтын хосттар үшін.

2001:db8::

32

Құжаттау

 RFC 3849-да құжаттамаларда мысалдар үшін кейінге қалтырылған

fe80:: — febf::

10

link-local

IPv4-те 169.254.0.0/16 аналогы

fec0:: — feff::

10

site-local

в RFC 3879 –да ескірген деп белгіленген (Ішкі желілер аналогы 10.0.0.0; 172.16.0.0; 192.168.0.0)

fc00::

7

Unique Local Unicast

Ауысымға Site-Local RFC 4193 келді

ffxx::

8

multicast

48) ARP адресті анықтау хаттамасын Pacet Tracer қалыпқа келтіру қалай орындалады, мысал  келтіріңіз. 

ARP хаттамасы ARP кестелерін ping командасы орындалғанда автоматты түрде толтырады. Пайда болған мәліметтерді arp –a командасы арқылы көруге болады. Arp –a командасы кестені тазартады.

ARP кестесіне статикалық жазбаларды (записи) енгізуге болады. Ол үшін конфигурацияда:

Arp ip_адрес mac_адрес arp-a командасын қолданамыз.

49) Фирма  9 бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысына жеке бағыныңқы желі қажет. Фирма 130.121.0.0 желі  идентификаторын алды. Бөлімдегі 3000 түйінді қолдау қажет. Бағыныңқы желінің қандай  маскасын қолдануды ұсынар едіңіз?  

130.121.0.0 B класының желісі. Бізге 9 ішкі желі қажет. Ең жақыны 16 = 2^4.

3000 түйін ең жақыны 4096 = 2^12. Бізге жалпы 12 + 4 бит қажет. Бізде B класс желісімен ондай мүмкіндік бар. Сондықтан тапсырма орындалымды.

16 + 4 = 20 = 1111 1111. 1111 1111. 1111 0000. 0000 0000 = 255.255.255.224

50) Интернетке қосылған ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі немесе бір В класы керек. Бірақ В класына 65534 түйін сияды – бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп. Егер С класының 8 адресін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметші ақпараттың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады. Осы мәселені шешу үшін қандай масканы пайдаланған ыңғайлы.

C класындағы түйін саны 2^8 = 256-2 = 254 бола алады. 2000 компьютерді қамту үшін 8 адрес бізге жеткілікті. Трафик толтырылуы болмайды, себебі әрбір адрес бір бірінен шегерілген. Яғни 192.168.1.0 және 192.168.8.0 бір біріне бөгет жасамайды. Әр адрес 24 масканы, 255.255.255.0 алуы қажет.

В класындагы үнсіз келесім бойынша маскасын қолдану тым көп түйін санайды. 2000 түйінге жақын 2048 = 2^11 алайық. 32-11 = 21 масканы қолданамыз.

1111 1111. 1111 1111. 1111 1000.0000 0000 = 255.255. 248.0

51) А бағаны 

 

1.Token Ring _______Г

 2.100Base X_______Е

 3.Көмейлер ______З

 4.Көпірлер______В

 5.Бағыттауыштар ________А

 6.Концентраторлар_________Д

 7.10BaseТ      _________Б

В бағаны

А. Кең таралатын хабарламалардың артық

жүктелуінен сақтайды және Желілік деңгейде жұмыс істейді

Б. UTP негізіндегі «жұлдызша-шина» топологиясын қолданады

В. Әртүрлі хаттамаларды қолданатын желілерді қосады

Г.«Жұлдызша-сақина» топологиясын және маркерлік берілісті қолданады

Д. Көппортты репитерлер сияқты жұмыс істейді

Е. Стандартты Ethernet ретінде белгілі

Ж.  Жергілікті желілерді цифрлік қосуды қамтамасыз ететін қызмет

З. Пакеттерді жіберу Ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейінің адресіне негізделген

 

А және В бағандарының арасында сәйкестік орнатыңыз.

52) А және В бағандарының арасында сәйкесті орнатыңыз.

А  бағаны

1. Қолданбалы деңгей _______Д

2. Арналық деңгей _______Е

3. Желілік деңгей _________Б,З

4. Көрсету деңгейі ______Ж

5. Транспорттық деңгей _____А

6. Физикалық деңгей ________В

7. Сеанстық деңгей _________Г

 Бағаны В 

А. Деректердің қатесіз берілісін қамтамасыз етеді

Б. Компьютер арасындағы маршрутты анықтайды

В. Деректер ағымдарына бақылау нүктелерін қоя отырып қолданушылар тапсырмаларын синхронизациялауды қамтамасыз етеді

 Г. Барлық адрестерді, байланыстардың жұмысын тексереді

Д. Қолданушылар қосымшаларын тікелей қолдайтын қызмет көрсетеді

Е. Физикалық деңгейдің өңделмеген биттерін деректер кадрларына біріктіреді

Ж. Деректер форматтарын көшіруге жауап береді

З. Желілік кабельдің  адаптермен қосылу әдісін анықтайды

53) Сөйлемді аяқтаңыз:

А бағанындағы сөйлемнің басының мағынасы жағынан сәйкес В бағанындағы жалғасын табыңыз. Дұрыс вариантты таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. В бағанындағы бір сөйлем артық екенін және әрбір сөйлемді тек бір рет қана қолдануға болатынын ескеріңіз.

 А бағаны

1. Оптикалық талшықты кабель ____Д

2.STP__________________В

3.Жіңішке коаксиал  кабель ___Ж

4.Шашыраңқы инфрақызыл сәулеленуде __________Е

5.Жуан коаксиал кабель__Г

6.Пленум_____________Б

В бағаны

А. Тікелей көрінуді талап етеді

Б. Төбе мен шатыр арқалығы арасындағы кішігірім кеңістік

В. Сөз, деректер және видеоны жіберуді қолдайды

Г. Әдетте үлкен желіде магистраль ретінде қолданылады

Д. RJ-45 разъемдарын қолданады

Е. Сигналдар қабырғалар мен төбеден шағылысады

Ж. Сигналды 185 м дейін қашықтыққа жеткізеді

54) А және В екі түйіндердің бір желіде орналасқанын немесе орналаспағанын анықтау.  

 

1. А компьютерінің IP-адресі: 94.235.16.59;

В компьютерінің  IP-адресі: 94.235.23.240;

Желі маскасы: 255.255.240.0.

 

2. А компьютерінің IP-адресі: 131.189.15.6;

В компьютерінің IP-адресі: 131.173.216.56;

Желі маскасы: 255.248.0.0.

3. А компьютерінің IP-адресі: 215.125.159.36;

В компьютерінің IP-адресі: 215.125.153.56;

Желі маскасы: 255.255.224.0.

55) Егер желі маскасы және желі нөмері (адресі) белгілі болса, желідегі адрестердің санын және диапазонын анықтаңдар.

1. Желі нөмері: 192.168.1.0, желі маскасы: 255.255.255.0.

2. Желі нөмері: 110.56.0.0, желі маскасы: 255.248.0.0.

3. Желі нөмері: 88.217.0.0, желі маскасы: 255.255.128.0

56) Төменде көрсетілген ІР – адрестердің диапазондарына сәйкес келетіндей желі маскасын анықтаңыздар:

1. 119.38.0.1 – 119.38.255.254.

2. 75.96.0.1 – 75.103.255.254.

3. 48.192.0.1 – 48.255.255.254

57) Келесі желілерді N ішкі желіге бөлуге бола ма? Егер ол мүмкін болса, онда ең мүмкін болатын желі саны немесе түйін саны бар нұсқаларды көрсетіңіз. Жауапты негіздеңіз. • 165.45.67.0, маскасы 255.255.255.224, N=3 • 235.162.56.0, маскасы 255.255.255.224, N=6 • 234.49.32.0, маскасы 255.255.255.192, N=3

  • 165.45.67.0, маскасы 255.255.255.224, N=3 маскасын екілік түрде жазсақ.

1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 1111 0000. 3 ішкі желі бізден 4=2^2 2 битті қажет етеді. Берілген мысалда 30 желі арқылы, 255.255.255.252 арқылы 3 ішкі желі құруға болады, мүмкін. Ең көп мұмкін болатын ішкі желі саны 4. Мүмкін болатын түйін саны бастапқы 255.255.255.224 маскасымен 2^4 = 16 – 2 = 14.

  • 235.162.56.0, маскасы 255.255.255.224, N=6 маскасын екілік түрде жазсақ.

1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 1111 0000. 6 ішкі желі бізден 8=2^3 битті қажет етеді. Мұнша ішкі желі құруға болмайды себебі 31 маска алынбайды. Бізде түйін саны 2^1 = 2 -2 = 0. Бұл масканың алынбауының себебі түйіндерге беруге болатын адрес жоқ. Мүмкін болатын желі саны 4. Түйін саны 14.

  • 234.49.32.0, маскасы 255.255.255.192, N=3 маскасын екілік түрде жазсақ.

1111 1111. 1111 1111. 1111 1111. 1110 0000. 3 ішкі желі бізден 4=2^2 битті қажет етеді. Берілген мысалда 3 ішкі желіні 29 маска арқылы оп оңай алуға болады, мүмкін. Мүмкін болатын ішкі желі саны 2^3 = 8. Ең көп түйін саны 2^5 – 2 = 30.

58) R2#show ip route

Codes: C - connected, S - static, I - IGRP, R - RIP, M - mobile, B - BGP

D - EIGRP, EX - EIGRP external, O - OSPF, IA - OSPF inter

area N1 - OSPF NSSA external type 1, N2 - OSPF NSSA external type 2 E1 - OSPF external type 1,

E2 - OSPF external type 2, E - EGP i - IS-IS, L1 - IS-IS level-1, L2 - IS-IS level-2,

ia - IS-IS inter area * - candidate default, U - per-user static route,

o - ODR P - periodic downloaded static route Gateway of last resort is not set

C 172.17.0.0/16 is directly connected, Serial0/0

R 192.168.1.0/24 [120/1] via 172.17.0.1, 00:00:17, Serial0/0

R 192.168.2.0/24 [120/1] via 172.17.0.1, 00:00:17, Serial0/0

C 192.168.3.0/24 is directly connected, FastEthernet0/0

C 192.168.4.0/24 is directly connected, FastEthernet0/1

ә. М2 маршрутизаторына қанша желі белгілі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]