Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilet_2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

1, Құқықтық мем-т ж/е азаматтық қоғам

Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын әділдікпен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр,сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамсыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекет демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін оның алдында бәріде тең саналатын,жеке адам құқықтары жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті.Билік шын мәнінде бөлінеді.Адам құқығы биік дәрежеде сақталады.Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық жүргізіледі,оның жұмысы жұүртшылықтың бақылауында болады.Азаматтық құқық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы ҚР құқығының бір саласы.

2, Келісім-шарт ж/е оның түрлері.

Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады.

Келiсiм-шарт - Құзыреттi орган мен Мердiгер арасында Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияның түрі көрсетілсін жүргiзуге арналған осы Келiсiм-шартты, сондай-ақ осы Келiсiм-шартқа барлық қосымшаларын бiлдiредi.

3, ҚР-ң қаржы құқығы

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Мемлекеттің қаржылық қызметі әр түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады.Бюджетке түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады.Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістер қаржыландыру мен несие беру әдістері.Қаржыландыру жоспарлы мақсаты қайтарымсыз,ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат.Несие беру банкілік қарыз түрінегі жоспарлы,мақсатты,ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын пайызбен берілетін ақшалай қаржы.Несие берудің мемлекеттік, банктік,комерциялық түрлері бар. Мемлекеттің қаржылық іс әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары мәжіліс пен сенат,үкімет,қаржы министрлігі,Ұлттық банк,Санақ палатасы,Қазыналық салық комитеттері,Салық полициясы,Басқада көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.

4билет

1, Мем-ң пацда болу теориялары

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары:теологиялық - құдайды алланы,танитын ғылым,негізін салушылар Гертулиан,Августин.Патриархалдық теория отбасы руға,ру тайпаларға,тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп ,нәтижесінде мемелекет пайда болды деп түсіндіреді.Нег. салушылар: Аристотель,Конфуций, Фильмер. Шарттар теориясы мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.Нег. салуш:Гоббс,Руссо,ДидроМаркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің,отбасының, жеке меншіктің және бір біріне қарама қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды деп есептеді.Нег. салу:Маркс,Энгельс Зорлық,күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінде руларды,тайпаларды,халықты,ұлтты,тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу,күштеу әдістерін қолданады.Нег. салуш: Дюринг,Каутский,Гумплович.