Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меж эк шпор 55-60.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
30 Кб
Скачать
☆

56. Төлем балансының операцияларының классификациясын беріңіз. Төлем балансының негізгі бөлімдерін атаңыз, есептерiнiң өзара байланыстарын көрсетіңіз.

Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз – белгілі бір уақыт мерзімінде бір елдің әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалық операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілген статистикалық тізімдемесі.

Төлем балансының екі негізгі бөлімдері: - ағымдағы операциялар есебі; - капиталмен жасалынатын операциялар есебі қаржы операциялары мен қосалқы активтер.

1. Ағымдағы операциялар есебі – тауарлар, қызмет көрсетулер, табыстар мен ағымдағы трансферттермен жасалынатын нақты операцияларды қамтиды.

Ағымдағы операциялар есебінің оң сальдосы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспортын, табыстардың және трансферттердің келуін білдіреді.

Ал теріс сальдо – тауарлар мен қызмет көрсетудің импортын, табыстар мен трансферттердің төленуін білдіреді.

Баптар:Тауарлар. Бұл бап тауарлар саудасын қамтып, оның ішіне қайта өңделген, одан кейінгі қайта импорт – қайта экспортқа арналған тауарлар, кемелер сияқты қозғалмалы капиталды жөндеу, порттарда транспор құралдарымен сатып алған тауарлар, беймонетарлық алтын кіреді.

Табыс - өндіріс факторы болып табылады, еңбек пен капиталды пайдаланудан түскен табыс қызметкерлерге жәрдемақы, тікелей және портфельді басқа да инвестициялардан алынған табыс пен қорлардан құралады.

Ағымдағы трансферттер. Бұл бапқа техникалық немесе гуманитарлық көмек сияқты экономикалық құндылықтары қайтарылмайтын гранттардың берілуіне және алынуына байланысты нақты және қаржы ресурстарымен жасалатын операциялар кіреді.

2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:

- капиталды; - қаржылық есеп.

Капиталды – капиталды трансфері, өндірістік емес активтер операциялар енеді.Қаржылық есеп – халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.

Қаржы есебі:

- тікелей инвестициялар; - портфельді инвестициялар; - Басқадай инвестициялар; - Резерфтік инвестициялар.

Тікелей инвестициялар – негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвестициялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары.

Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар енеді.

Басқадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жеке қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.

Резервтік активтер – мемлекеттің сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансының маңызды бөлігі болып табылады.

Төлем балансының ағымды шоттар балансы және капитал қозғалысы балансының бойынша теңгерімсіздігі ресми валюталық резервтердің өзгеруімен реттелінеді.Резервтік активтерге елдің Орталық банктің бақылауында тұрған жəне кез келген уақытта төлем балансы тапшылығын тікелей қаржыландыру үшін пайдаланылуы мүмкін сыртқы активтері кіреді.Резервтік активтер сол сияқты ұлттық валюта бағамына ықпал ететін валюта нарықтарындағы операциялар арқылы осы тапшылық мөлшеріне жанама ықпал ету мақсатында да пайдаланылуы мүмкін. Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервтік активтердің өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетіледі.ХВҚ-ның қазіргі тұжырымдамасы бойынша ағымды операциялар мен капиталдар баптары балансының сальдосы қортынды баланс ретінде («сызықтың үстінде») қарастырылады.Осыдан төлем балансының (ағымды шоттар балансы және капитал қозғалысы балансының бойынша) теңгерімсіздігі ресми валюталық резервтердің өзгеруімен реттелінеді (теңестіріледі).