- •Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
- •Жекешелендіру қағидалары:
- •11. Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол саланың бір тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
- •Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
- •2003 Жылғы 20 маусымдағы қр Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар көзі
- •19. Аграрлық құқытың құқық саласы ретiнде түсiнiгi жəне қалыптасу тарихы. Аграрлық
- •1982 Жылы Быстров г.Е. Мынадай еңбек щығарды “Сельскохозяиственное право” ,
- •20. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер:
Жекешелендіру қағидалары:
Жекешелендіру қағидалары негізгі және арнайы болып бөлінеді.
Негізгі қағидалар:
* жариялылық қағидасы;
* бәсекелестік қағидасы;
* құқық қабылдаушылық қағидасы;
* сатылуға шығарылған объектілер туралы мәліметтердің шынайылығы қағидасы және жекешелендірудің заңдылығына лауазымды тұлғалардың жауап беруі.
Арнайы қағидалар:
«Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендірудің ерекшеліктері туралы» Заңның 2- ші бабы:
еңбек ұжымының әрбір мүшесіне жекешелендірілген мүліктен өз үлесін ақшалай немесе заттай алуына кепілдік беру;
ауылшаруа шылық ұйымдардың орналасу орнын және қызмет түрін, климаттық жағдайларды есепке алу;
жекешелендіру уақыты мен ауылшаруашылық өнімінің маусымдық кезін сәйкестендіру қажеттігі;
құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендерінің және т.б. өнім өндіру технологиялық процесінің бұзылмауын қамтамасыз ету;
9. Жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының“Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді: 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар; 2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; 3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар; 4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар; 5) жеке және заңды тұлғалар. Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату,сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
10. Сату-сатып алу шартыны тсінігі жне маызы Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап сатушы млікті екінші тарапты сатып алушыны меншігіне, шаруашылы жргізуіне немесе жедел басаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бл млікті абылдауа жне ол шін белгілі бір аша сомасын тлеуге міндеттенеді. Баалы ааздар мен валюталы ндылытарды сатып алу-сатуа, егер за актiлерiнде оларды сатып алу-сатуды арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта кзделген ережелер олданылады. Кодексте немесе зге де за актiлерiнде кзделген жадайларда тауарларды жекелеген трлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi за актiлерiнде жне зге де нормативтiк ыты актiлерде белгiленедi.
Келісім шарт жасасу шарты – ол сатушының өзімен, яғни өндірушімен (шаруашылықпен) өндірілген немесе өсірген ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу сату болып табылады. Сатып алушы бұл шартта дайындаушы (контрактант) деп аталады. Бұл шарт фьючерс деп аталатын, яғни әлі өндірілмеген біракта болашақта болатын тауарды сатып алу сату жөнінде жасалатын шарт. Егер сатылатын ауыл шаруашылық өнімі сатушының өзімен өсірілмеген немесе өндірілмеген болса, жақтардың қатынастары келісім шарт жасасу шартының емес, жәй сатып алу сату шартының ережелерімен реттеледі. Шарт нысанасы – жазбаша жәй болады. Бұл шарт сатып алушыға (дайындаушыға), өндірушіге өнімді тиеп атқару, өнімді өндірілген жерде қабылдап алу, өнімнің сапасын анықтау жөнінде жәрдем беру ретінде қосымша міндет жүктейді (АК 479 б.). Өндіруші тек кінәлі болған жағдайда жауапты болады, яғни оған кәсіпкерлік тәуекел ауыртпалығы жүктелмейді.
