- •Тұтыну бағалар индексі мен жіө дефляторына анықтама беріңіз, өзара айырмашылығын сипаттаңыз.
- •Қазмұнайгаз компаниясы мұнай өндірісі саласында монополист болып табылады. Мемлекет монополист фирманың өніміне акциздік салықты енгізді. Одан кейін болатын салдарды график арқылы түсіндіріңіз.
- •Екінші деңгейлі банктер депозиттің пайыздық қойылымын жоғарылатты. Осы жағдай бойынша ақшаға сұранысының өзгеруін графикте арқылы түсіндіріңіз, негізгі байланыстардың сыни тұрғыда бағалаңыз.
- •Қр табыс салығы өсті. Осы жағдайда қр ақшаға сұраныс өзгерісін табыңыз, сыни түрде бағалаңыз.
- •3.Сұраныс бағалық икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз, график арқылы түсіндіріңіз.
- •4.Ұсыныс икемділігін талдау түрлері мен есеп формуларын атаңыз.
- •14.Қазақстан экономикасының даму үлгісін анықтаңыз: кіші ашық экономика немесе үлкен ашық экономика.
- •Макроэкономикалық тепе-теңдікті ad-as моделі арқылы сипаттаңыз.
Қазмұнайгаз компаниясы мұнай өндірісі саласында монополист болып табылады. Мемлекет монополист фирманың өніміне акциздік салықты енгізді. Одан кейін болатын салдарды график арқылы түсіндіріңіз.
Шығырылатын
өнімге салық бәсекелестік салаға
қарағанда монополист үшін өзгеше әсер
етеді. Монополист үшін салықтың әсерін
талдау қиын емес. Өнімнің әр бірлігіне
t
доллар
көлемінде арнайы салық енгізілді деп
есептейік,
енді монополист әр сатылған тауардың
бірлігі үшін t
долларды мемлекетке беру керек. Сондықтан
фирманың шекті (және орташа) шығындары
салықтың t
көлеміне
өседі. Егер фирманың бастапқы шекті
шығындары МС тең болса, енді оның
оптималды өндіріс көлемі келесі теңдеумен
беріледі:
Өнімнің
бірлігіне t
салық
кезінде фирманың нақты шекті шығындар
t
көлеміне
өсіп, MC
+t тең
болады. Нақты мысалда баға ∆P
көлеміне өседі, бұл көлем t
салық
көлемінен көп болып табылады.
Графикте біз шекті шығындар қисығын t көлеміне жоғары қарай жылжытып,шекті табыспен қиылысудың жаңа нүктесін табамыз.
Мұндағы, Q0 және P0 — салықтың әсеріне дейінгі тауадың көлемі мен бағасы, ал Q1 және P1 — салықты енгізгеннен кейінгі тауардың көлемі мен бағасы.
Шекті табыс қисығының жылжуы тауар көлемінің азайғанын және жоғарырақ баға дейгейін көрсетеді. Кей кезде баға салықтың көлеміне тең дейгейге өседі, бірақ әрдайым емес.
Суретте баға салық көлемінен көп деңгейге жоғарылап отыр. Бәсекелестік нарықта мұндай болуы мүмкін емес, бірақ монополист үшін әбден мүмкін, себебі баға мен шекті шығындар арсындағы қатынас сұраныс икемділігіне тәуелді.
Монополист үшін тұрақты шекті шығындар кезіндегі сұраныс қисығының икемділігі тұрақты және -2 тең деп есептейік.
Салық кезінде шекті шығындар MC + t көлеміне жоғарылайды, сондықтан баға 2(MC + t) - 2MC + 2t көлеміне дейін өседі, яғни салықтың көлемінен екі есеге. Алайда монополист пайдасы салық пайда болысымен төмендейді.
Тенгизшевройл компаниясы екі өндірісте өнім өндіреді. Бірінші зауыт екіншісіне қарағанда жоғары шекті шығындарға ие. Тенгизшевройл компаниясы қандай тауар көлемінде максималды пайда табады? Осы жағдайды график арқылы түсіндіріңіз.
Екі зауыты бар фирма Q1 және Q2 өнім көлемін таңдау арқасында максималды табысқа қол жеткізеді. Осылайша жалпы шығарылыммен анықталатын MR шекті табыс әр зауыттың шекті шығындарына MC1 және MC2 тең болды.
Осы принцип Тенгизшевройл мысалында суретте көрсетілген. Мұндағы, MC1 және MC2 — екі зауыттың шекті шығындарының қисығы (көріп отырғанымыздай бірінші зауыт екіншісіне қарағанда жоғары шекті шығындарға ие). Сонымен қоса, МСТ арқылы белгіленген фирманың жалпы шекті шығындар қисығы көрсетілген. Ол MC1 және MC2 горизонтальді қосындығымен анықталады. (Осылайша біз бәсекелестік нарықтағы фирмалар үшін салалық ұсыныстың қисығын анытайтын едік). Енді біз Q1, Q2 және QT өндіріс көлемдерін анықтай аламыз. Алдымен МСТ мен MR қиылысу нүктесін табамыз. Бұл нүкте шығарылымның жалпы көлемін QT анықтайды. Енді осы нүктеден шекті табыс қисығында жататын, вертикальді оське қарай горизонтальді сызық жүргіземіз. MR* нүктесі фирманың шекті табысын анықтайды. Шекті табыс қисығында жатқан MC1 және MC2 нүктелері екі зауыт үшін Q1 және Q2 көлемдерін анықтайды.
QT шығарылымның жалпы көлемі фирманың шекті табысын анықтайтынын атап өту керек, сәйкесінше, өнімнің P* бағасын да. Алайда Q1 және Q2 екі зауыттың әрқайсысына шекті табысты береді.Фирманың жалпы шекті шығындары горизонтальді MC1 және MC2 қосындысы арқылы табылғандықтан, Q1+Q2=QТ түсінікті. Осылайша, өндірістің бұл көлемдері MR–MC1<<MC2 туралы шартты қанағаттандырады.
