- •Мәдениет жөнінде анықтамалардың айырмашылығы.
- •3. Қытайдың клессикалық ілімдерінің қалыптасуының тарихи жағдайын талдау жаса.
- •4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
- •5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
- •6.Конфуций ілімінін негізгә ұстанымдарын пайымда
- •7.Даосизм ілімі және онын даму кезендерін көрсет
- •8.Заңшылдар(легизм) ілімі және онын әлеуметтік рөліне талдау жаса
- •10. Буддизмнін қытайға таралуы
- •14. Цин патшалығы кезінде батыстың рухани мәдениетінің Қытайға ықпалын дәлелде
- •18. Қытайдың төрт ұлы жаңалықтары және оның Батысқа таралуын түсіндір.
- •21. Хх ғ. Басында Қытайда жеңіл өнеркәсіп техникасының дамуынпайыда
- •24. Қытайда хх ғ. Басында жаңаша білім беру жүйесінің қалыптасуын анықтап көрсет.
- •30. Хх ғ. Бірінші жартысында Қытайдың білім беру істерінің дамуын сипатта.
- •32.Қкп хх ғ. 50 - жылдардағы мәдениет саласындағы социалистік қайтақұрулар ұдерісін көрсет.
- •35.(2) Қазіргі қхр мәдениетінің әлемдік ықпалына талдау жаса.
- •39. Қхр ғылыми-техника саласындағы рефомалары саясаты (1978 жылдан кейінгі)..
- •41. Қхр индустурия өркениетінің дамуын бағамда.
- •42. Қазіргі қхр-ның әлемге мәдениет тарату тәсілдерін пайымда.
- •45. Цин патшалығы кезінде батысдың рухани мәдениетінің қытайға ықпалына талдау жаса.
- •51. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай поэзиясының дамуын сипатта
- •53. Заңшылдар (легизм) әілемі және оның теорияларын Батыспен салыстыр.
- •54. Гоминьдан үкіметінің жүргізген мәдениет саясатының мақсатын ашып көрсет.
- •58. Қазіргі заманғы қытай мәдениетінің әлемдік ықпалы
- •59. Қазігі қытайлықтардың менталиттеріндегі өзгерістерді пайымда.
4. Қытайдың дәстүрлі медицина ғылымының даму кезеңдерін көрсет.
Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Қытай медицинасының негізі,қайнар көзі Қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, Қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады. Қытай медицинасы адам организмін біртұтас дене деп қарастырады, ал дененің саулығы адам организміндегі қуаттың (энергияның) тепе-теңдігіне байланысты деп санайды. Мұнда бір мүшеге қатысты диагноз жоқ; ол адамның денесін жанынан айырып қарамайды, ондағы сезімдік (эмоциялық) ,ділдік, рухани қызметтер тек миға ғана емес, әр мүшеге , әр клеткаға тән қасиет деп саналады. Дәрігер, ең алдымен, салауатты өмір сүруге үйрете алатын ұстаз әрі ақылшы. Сау адамның алдымен дәрігерден кеңес сұрауы дағдылы құбылыс. Мұндай ерекшелік ,тіпті, көне жазбалардан –ақ айқын көрінеді.
Көне Қытайда, аурулардың алдын алуға көп көңіл бөліп, шаралар қолданған.
Көне дәуірде қытайлықтар ,адамның денесінде табиғаттағыдай үздіксіз қарама қарсы екі үш күресу жағдайында тұрады деп есептеген. Бұл күштер :
«белсенді» аталық –ЯН
«белсенді емес» аналық –ИНЬ деп аталған. Түрлі табиғи жағдайлардың әсеріне байланысты организмде осы екі күштің бірінен бірінің басым болып кетуінің салдарынан адамда ауру басталып, егер аталық белсенді куш басым болса- адам қозған ауруларға шалдығып, көп сөйлеп, орынсыз қимылдар жасайды, ал егер де аналық, белсенді емес куш басым болса- адам көп сөйлемейтін, орынсыз қимыл түгілі керекті қимыл іс-әрекеттерінде жасамайтын ауруларға тап болады деп түсіндірген. Сондықтан ауруды негізгі емдеу әдісі қарама-қарсы емдеу әрекеттері болып табылады.
Қытай медицинасында ертеден бастап, көптеген дәрілерді, өсімдіктерден, жануарлардың органдарынан алып қолданған.Әсіресе, осы уақытқа дейін кеңінен қолданып келе жатқан ине шаншумен емдеу тәсілі арнайы атап өткенді талап етеді. Қытай медицинасы денсаулық сақтау жөнінде гигиеналық ережелерге, жұмыс,демалу, тамақтану ережелерінде дұрыс сақтауға аса көп көңіл бөлінген.
Қытайдың ерте замандағы медицинасында маңызды компонент ал шай болған. Себебі, шайдың емдік шипасы сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда оның алдын алудағы емдік сұйықтық ретінде пайдаланады. Қытай ерте замандағы медицинасы емделу, күрделі ауруларға диагоз қою , ауру себептерін анықтау, жігін ажырату бұл күнде бүкіл дүниеге ортақ құбылыс. Бес мың жылдық ұзақ тарихы бар алып ел медицина саласында ерекше дамығандығымен айрықшаланады.
Қорытындылай келгенде, Қытай медицинасы өзінің мол , таңғажайып сырлы , қуатты емдеу өнерінің жоғарылығымен әлемге әйгілі. Ғасырлар бойы тынымсыз соғыстарды басынан кешірген алып ел адам баласында кезігетін аурудың сан алуан түрін сан алуан жолдармен емдеп жазып келеді, сол үшін, қытайлардың ғұмырының ұзақтығы куллі ғаламды мойындатып келгені жасырын емес.
5. Суй, Тан патшалықтары кезіндегі қытай мәдениеттерінің дамуын нақты мысалмен аянда.
Суй әулеті – Қытайда 581 – 618 ж. билік құрған мемлекет. Төрт ғасырға созылған саяси бытыраңқылықтан соң елді біртұтас мемлекетке біріктіру жолындағы саяси күрес нәтижесінде құрылды. 581 – 89 ж. Ян Цзянь атты қолбасшы ұсақ патшалықтарды бағындырып, Суй әулетінің билігін орнатты. Қытай халқының біртұтас мемлекет шеңберінде әкімшілігі және мәдени өрлеуі басталды. Император Ян Цзянь (Вэн-ди, 589 – 604) елдегі ішкі жағдайды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. Салықтарды төмендетіп, жаңа ақша бірлігін шығарды. Мемлекеттік қызметке орналасуға жол ашатын емтихан тапсыру жүйесін енгізді. Елдің әкімшілігі бөлінісі қайта реттелді. Ян Цзянь орталық өкіметті барынша күшейтуге тырысып, жергілікті ақсүйектердің қарсылығын аяусыз басып отырды. Бірақ 604 ж. өзінің ұлы Ян Гуанның қолынан қаза тауып, баласы таққа ие болды. Ян Гуан (Ян-ди, 604 – 617) саясаты негізінен елді экономика және саяси орталықтандыруға бағытталды. Ел астанасын Чаньаннан Лоянға көшірді. Бұл кезде Суй әулетінің ішкі, сыртқы сауда байланыстары жақсы дамыды. Қытай жібегі, қағазы мен темірі батыс пен шығысқа көптеп шығарылды. Қытай қорғанын салу ісі жалғастырылды. Оңтұстігіндегі Сиам, Вьетнам сияқты елдермен қарым-қатынасы жақсарды. Дегенмен, Суй әулетінің солтүстік-батысында қуатты Түрік қағандығы әрқашан қауіп төндіріп отырды. Қытай қорғаны да көшпелілердің шабуылына қарсы қорған бола алмады. Кейде Суй әулеті түркілерге тәуелді екендіктерін мойындауға мәжбүр болды. Түрік қағандығын әлсірету үшін Суй әулеті тайпаларды бір-біріне айдап салу, олардың өз іштерінде алауыздық туғызып, тайпа көсемдерін сый-сияпат, атақ-шен беру арқылы алдап ұстау, қыз беруді дәстүрге айналдыру, атақты билеушілердің отбасы мүшелерін император сарайына құрметті кепілдікке шақырып отыру сияқты икемді дипломат. принциптерді қалыптастырды.
589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. Феодалдық қытай өнерінің бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің ортағасырлық өркениетінің барынша дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекет Таң (618—907) және Сұң (960—1279) империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдың рухани өмірі үш ғасыр бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтың түрлі салалары — сәулет өнері мен кескіндеме, мүсін мен қолданбалы өнер, поэзия мен проза кемелденіп, гүлдене түсті.Таң және Сұң кезеңінің кескіндемесі өмірдің көптеген жақтарын ашып көрсетті. Онда көрініс тапқан құбылыстардың ішінде қалалықтардың тұрмыс-тіршілігін жіті бақылау, жаратылысқа аса мұқияттылықпен назар аудару басты орын алды. Кескіндеме мен поэзия біртұтас бөлінбес бірлікке айналды.Таң және Сұң кезеңінің суретшілері өз таланттарын танытудың түрлі жолдарын тапты. Олар сарай қабырғалары мен храмдарды безендірді, желпуіштерге миниатюрлі кескіндемелік композициялар салды. Көлемді орама қағаздарда қала және сарай өмірін, пейзаждарды, портреттерді, тұрмыс-тіршілікті, аңыздар мен саяхатшылықтың сюжеттерін бейнеледі. Орамалар өзінше кескіндемелік кітап қызметін атқарады. Онда суретші өзінің алған бар әсерін дербестеп, ұсақ бөлшегін көрсете алды. Көркем шығарманың композициялық құрылымы өте күрделі орама кағаздарға салынған сурет үздіксіз ойды білдіреді.Таң сарайы суретшілерінің жібекке салған суреттерінің сюжеті ретінде сарай тіршілігі, бикештер серуені, ғалымдардың әңгімелесу сәті алынды. Сонымен қатар әрбір шебердің өзі сүйіп жазатын белгілі бір тақырыбы болды. Әйгілі У Даоцзы будда жазбалары такырыбына композициялар мен портреттер жазса, Хань Гань жылқы малын салумен әуестенді, Янь Либэн "Жэньу" жанрында ("адамдар мен заттар") жұмыс істегенді ұнатты. Сол кездегі атақ пен даңққа бөленген суретшілердің бізге жеткен еңбектері саусақпен санарлық. Олар — қырғын соғыс пен табиғат апаттарының құрбаны. Солай бола тұра, бізге жеткен шағын образдарының өзі Таң кескіндемесінің биік деңгейін тануға мүмкіндік береді.
