Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ELTANU_2010 (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
860 Кб
Скачать
☆

2. Қытайдың ертедегі заттық мәдениет мұралары.

Қытай мәдениеті тарихындағы әрбір дәуір келешекке қайталанбас, өзіндік ерекше құндылықтарды мұра етті. Шань\инь дәуіріндегі материалдық мәдениеттің түрлі белгілері б.з.д IIIғ Хуанхэ бассейнін мекен еткен неолиттік тайпалармен байланысы бар екендігі анықталды. Керамикада, ауыл шаруашылық құралдарында ұқсастықтар бар. Алайда Шань\Инь дәуіріне үш маңызды жетістікті жатқызуға болады: қоланы қолдану, қалалардың пайда болуы, жазудың пайда болуы. Осы кезеңде ритуалды аспаптар, әскери құралдар, арба бөлшектерін және т.б жасайтын айтарлықтай ірі шеберханалар болды. Сонымен бірге қала салу дамыды. Қалалар арнайы жоспармен, сарайлық\храмдық типтегі ғимараттармен, қола құю шеберханалармен, қолөнер кварталдарымен салынды. Қолаға жазылған б.з.д XI-VI ғ өлеңмен жазылған жазбалар бүгінге жетіп отыр. Бұл жазбаларда алдыңғы дәуірлер бойы қол жеткізілген тарихи, эстетикалық, діни және көркем тәжірибе көрініс алған. Б.з.д Vғ патшалықтардағы түрлі жағдайлар туралы қысқа жазбалар негізінде жылнамалар жинағы құрастырылды, солардың бірі Лу шежіресі бүгінгі күнге жетіп отыр. Чжоу династиясы кезеңінде медицина дамып, Бянь Цяо деген дәрігер анатомияны, терапияны, патологияны зерттеді және арнайы ішімдік арқылы наркозбен операциялар жасады. Қытай қолбасшысы Сун Цзы әскери қимылдардың тактикасы мен стратегиясы, соғыс пен саясаттың байланысы көрініс тапқан әскери өнер трактатын жазды. Сонымен қатар Чжоу дәуірі ежелгі қытайдың көптеген ескеркіштердің пайда болуымен ерекшеленді. Темір құралдарға көшумен жер өңдеу техникасы өзгеріске түсіп, суару жүйесі, қала салу техникалары жақсарып, монеталар айналымға енді. Күміспен, алтынмен безендірілген қола айналар кең таралды. Қола ыдыстар орнаментінің байлығымен, ерекше безендірілгенімен ерекшеледі, музыкалық аспаптар пайда болды. Чжанго дәуіріне жібекке салынған алғашқы картиналар тиесілі. Храмдар қабырғаларында аспан, жер, таулар, өзендер, құдайлар мен мақұлықтар бейнеленді. Чжанго дәуірінде нефриттен жасалған бұйымдар кең қолданысқа ие болды. Сонымен бірге Чжаньго дәуірінің бүгінгі күнге жеткен заттық мұраларының ішінде арнайы орнаменттермен және аң суреттерімен безендірілген керамикалық ыдыстарды атап көрсетуге болады. Сонымен бірге ресми білім жүйесіне бастама қойылды. II ғ басында түсіндірме сөздік, кейіннен арнайы этимологиялық сөздік жарық көрді. Хань дәуірінде математика, астрономия ғылымдары дамып, б.з.д I ғ аспан денелерінің қозғалысы бейнеленген глобус, сейсмографтардың прототипі ойлап табылды. Чжан Хэн деген ғалым 2500 жұлдыздар анықталған аспан глобусын жасап, сейсмографтың прототипін жасады. Әлемдік мағынаға ие болған жаңалық бұл компастың тапқырлануы болып табылады. Оңт және Солт династиялар кезеңінде жаңа қалалардың қарқынды құрылысы жүргізілді. III-Vғ арал Қытайда 400-ден астам қалалар салынды. Алғаш рет қала құрылысында симметриялық жоспар қолданыла бастады. Vғ үлкен ескерткіштер салына бастады. V-VI ғ құрамы жағынан фарфорға ұқсас болған керамика ерекше орынға ие болды. Осы кезеңде ашық жасыл және сарғыш түсті глазурьмен қапталған керамикалық ыдыстар кең тарады. IV-VI ғ суреттер жібек ендеріне салынып, каллиграфиялық жазбалармен безендірілді. Таң дәуірі тұсында қала салуда бұрын соңды болмаған өзгерістер болды. Астаналар Император қаласы және тыйым салынған қаладан тұратын сарайлық кешендер орталығы болған ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықтарға айналды. Бүгінгі күнге дейін сақталып қалған сарай қалдықтардан сол кездегі архитектурада монументалды формалар және сарайлар көп қабатты болғандығын байқауға болады. Жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде Қытай терр\нан неолиттік тұрақтар көптеп табылды. Табылған керамикалық заттардың негізгі ерекшелігі оның жоғары сапалылығында еді. Ежелгі дәуірдің аяқталуы судың құлау күшін пайдаланатын механикалық двигательдердің пайда болуымен сипатталды. Материалдық мәдениеттің ірі жетістіктерінің бірі ежелгі қытайлық лактік өндіріс болып табылады. Хань дәуірі кезінде лактік өнімдер сыртқы сауданың негізгі құралына айналды. Ұлы жібек жолының «ашылуынан» бастап Хань династиясы әлемге әйгілі жібекті жеткізіп берушіге айналады. Ежелгі Қытайдың жалпы адамзаттық дамуға қосқан елеулі үлесі қағаздың тапқырлануы болды. Қағаздың және тушьтың ойлап табылуы кейін келе кітап баспасына алғышарт болды. Сонымен бірге Хань дәуірінде ежелгі ескерткіштер жиналып, жүйеленді. Осының нәтижесінде заттық мұралар қазба жұмыстары нәтижесінде табылса, рухани мұралар сол кезеңдегі жазбалар арқылы жетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]