№41 Сұрақ.Әлеуметтәк құрылым Хандар
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын. Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырларжәне рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкілдері жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгіленіп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік тәбәрік ретінде үлестіріліп жіберілетін. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың салтанат құратынына ант беретін болған. Хан билігі Кіші жүз бен Орта жүзде 1822—1824 жылдарға дейін жүргізіліп келді. Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада хан билігі 1845 жылы ғана жойылды. Ұлт-азаттық көтерілістері болған жылдарда қазақтар тарапынан хан билігін қайта орнатуды көксеген әрекеттер болып жатты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ хандары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи мешітінің кесенесіне жерленетін. XVIII ғасырдағы ең айбынды хандар: Тәукехан, Абылай хан және Әбілқайыр хан, ал XIX ғасырдағы ең күшті хан — Кенесары Қасымулы болды.
Сұлтандар
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды. Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хансотында ғана қарала алатын. Сұлтандарға олардың денесіне зақым келтіретін жаза қолдануға тыйым салынатын. Сұлтанға тіл тигізіп, масқаралағандар айып төлеуге міндетті болған. Ал оны өлтіріп қойған адам әдеттік заңның талабы бойынша құн төлейтін. Ол құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін. Бұл әлеуметтік топтың белгілі өкілдері Сұлтанбет төре, Орыс Сұлтанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Ғұбайдулла Уәлиұлы, Қасым Абылайұлы, Саржан Қасымұлы және басқалары болды. Кіші жүз бен Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін сұлтандардың айрықша артықшылық құқықтары бірте-бірте жойыла бастады. Олардың сословиелік айрықша артықшылығына берілген алғашқы қатты соққы патша үкіметінің 1867-1868 жылдарда қабылдаған әкімшілік реформалары болды. Сол кезден бастап сұлтандар өздерініңқұқықтары жағынан қатардағы қарапайым қазақтармен теңестірілді.
