- •1.Полимерлі материалдар ұғымына анықтама беріңіз.
- •2.Пм колдануы жане арналуы б-ша жиктеу. Пластикалық массаның құрамына полимерден басқа қандай заттар
- •3.Кристалдану дәрежесі жоғары полиэтиленді алу жағдайын көрсетіңіз
- •7. Молекулалық массасы және тазалығы жоғары полимерлерді алу әдістерін сипаттаңыз.
- •9. Полимерлі материалдарды медицина мен биологияда қолдану перспективаларын түсіндіріңіз.
- •11. Полиолефиндер үшін жақсы еріткіштерге (бөлме температурасында) мысал келтіріңіз.
- •12. Полимерлі материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері
- •14. Полиолефиндердің физика-химиялық және диэлектрлік қасиеттерін төмендететін, яғни, полимерді «ескіртетін» факторларды анықтаңыз.
- •15. Этиленнің полимерленуіне температураны 70-80 с-қа жоғарылытудың әсерін түсіндіріңіз.
- •16. Төмен тығыздықты полиэтиленді (ттпэ) өндірісте алу жағдайларының (температура, қысым, катализатор) түзілетін полимердің физика-химиялық қасиеттеріне әсерін болжаңыз.
- •17. Жоғары тығыздықты полиэтиленді (жтпэ) өндірісте алу жағдайларының (температура, қысым, катализатор) түзілетін полимердің физика-химиялық қасиеттеріне әсерін болжаңыз.
- •18.Соққыға төзімді полистиролды алу жолдарын түсіндіріңіз
- •19) Көбікті полистиролды қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді анықтаңыз. Көбіктендіргіштер ретінде қолданылатын қосылыстарды айтыңыз.
- •20) Полимерлі материалдар өндірістерінің дамуына шолу жасаңыз. Сол кезеңдердегі тарихи оқиғалармен байланысын тағайындаңыз.
- •21. Төмен тығыздықты полиэтилен (ттпэ) мен жоғары тығыздықты полиэтилен (жтпэ)
- •22. Этиленнің полимерлену жылдамдығы мен алынатын жоғары тығыздықтағы полиэтиленнің қасиеттеріне әсер ететін параметрлерді анықтаңыз?
- •24.Төмен қысымда полиэтиленді өндірудің технологиялық процесінің негізгі сатыларын бағалаңыз.
- •25. Эмульсиялық полистиролды периодты әдіспен алу үрдісінің сызба-нұсқасы.
- •26.Полистиролды массада алу технологиясын түсіндіріңіз
- •27. Суспензиялық полистиролды периодты әдіспен алу процесінің сызбасын түсіндіріңіз:
- •30. Полимер (полипропилен) құрылымының қалыптасуына (кристалды, аморфты) әсер етуші факторларды анықтаңыз.
- •33. Поливинилспирті алудын үздіксіз және периодты өндірісінің басты критерийлерін салыстырыңыз.
- •34.Поливинилхлорид негізіндегі композициялық материалдарды (винилпласт пен пластикат) өзгешіліктерін түсіндіріңіз.
- •35. Суспензиялық поливинилхлорид өндірісі
- •37.Химиялық талшықтарды классификациялаңыз. Талшық түзгіш полимерлер қандай талаптарға сай болу керектігін жобалаңыз
- •38. Жасанды талшықтарға анықтама беріңіз. Целлюлозаны түрлендіру жолдарын қарастырыңыз. Қажетті реакция теңдеулерін жазыңыз.
- •41. Акрил- және метакрил қышқылдары полимерлерінің шикізаттарын алу жолдарын ұсыныңыз.
- •42. Акрил- және метакрил қышқылдарының эфирлерін полимерлеу әдістерін ұсыныңыз және салыстырыңыз.
- •43.Химиялық түрлендірілген және түрлендірілмеген целлюлозаның қасиеттерін салыстырыңыз.
- •44. Блокты полиметилметакрилат сызбасы
- •45.Фенол-альдегидті полимерлерді синтездеу процестерінің ерекшеліктерін бағалаңыз. Новолакты және резолды олигомерлердің түзілу механизмін келтіру.
- •55.Вискозды талшық өндірісінде сілті ерітіндісін дайындайтын бактардың санын анықтау
11. Полиолефиндер үшін жақсы еріткіштерге (бөлме температурасында) мысал келтіріңіз.
Жалпы олефиндер мына формуламен өрнектеледі:
Полиолефиндер қанықпаған көмірсутектердің полимерленуі мен сополимерленуінен түзілетін жоғары молекулалы қосылыстар.
Полиолефиндердің ең маңыздысы полиэтилен және полипропилен болып табылады.
Органикалық еріткіштерде полиолефиндерді ерітінділерден компоненттерді бөлу әдістері.
Бұл полиолефиндерді бөлу үшін қолданады. Аталған әдісте полиолефинді бөлме температурасына дейін органикалық еріткіштерде салқындату болып табылады. Түзілген парафинді массаны ұсақтап,сумен араластырады.Алынған массаны полимердің қайнау температурасына дейін қыздырады.Осы қоспаны 15-40 мм сын.бағ. ұстап,судан фильтрлеп бөліп алады.Полимерді алып кептіреді. Вакуумдау сатысында ерітіндінің булану конденсациясын - 5-0oС жүргізеді. Осы аталған технологиялық процессте органикалық еріткіш ретінде бензол,толуол қолданылған. Жаңадан пайда болған үрдіс технологиялық процессті арзандатуға,тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.
12. Полимерлі материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері
Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал.
агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді.
радио- және электротехникалық қасиеттері жоғары, сонымен бірге диэлектрлік көрсекіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді.
фрикциалық және антифрикциалық қасиеттерінің диапазоны өте кең.
арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең диапазонында жарық, сонымен бірге ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді).
физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (қаттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және бір материалда қарама-қарсы қасиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштікті («брондалған» полимерлер).
ПМ кемшіліктері:
жылуға төзімділіктері төмен (фторопластар мен кремнийорганикалық полимерлерден басқаларында бұл қасиет 120 С-дан төмен);
қаттылығы төмен (6-60 кг/мм2);
жорғалау және кернеу релаксациясы;
жоғары жылулық кеңею;
жылу өткізуді қиындататын төмен жылуөткізгіштік (металдардың жылуөткізгіштігінен 500-600 есе төмен);
биологиялық ыдырауға ұшырамайтындығына байланысты экологиялық мәселелерді шешу қажет.
13. Полимерлі материалдардың қолдану аясына мысал келтір. Полимерлі материалдарды жай органикалық қосылыстар – мономерлерлен өндіреді, ал оларды қазба көмірлер, мұнай, газ, ауа және әк сияқты кең таралған және арзан шикізаттардан алуға болады.
өзіндік құнының арзан болуына, дайын өнім өндірісінде еңбек күшінің үнемделуіне және оларды қолданудың тиімділігіне байланысты халық шаруашылығының барлық салалары ПМ тұтынушылары болып табылады.
жалпы машина жасау (құрылымның үлкен габаритті элементтері, түтіктер, құбырлар, подшипниктер, тежегіштер, электроизоляциялық детальдар);
авиажасау (ұшу қондырғыларының күштік элементтері, жылуқорғағыш жабқыштар, жанармай бактары, шынылану элементтері, дыбыс- және жылусіңіретін панельдер, амортизаторлар, шиналар, тігіс герметиктері, желімдер мен бояу-сыр материалдар);
автомобильжасау (кузовтар мен кабиналар, дыбыс- және жылуизоляциялайтын және декоративті детальдар, шынылану және жарықтандырғыш детальдар, шиналар, жанармай беру жүйесіндегі және тежегіш жүйесіндегі сіңіретін панельдер );
электротехника мен радиотехника (электр машиналарын, аппараттар мен кабельдік бұйымдарды, соынмен бірге электрдвигательдер мен генераторларды, трансформаторларды, коммуникациялық аппаратураларды, конденсаторларды, жартылайөткізгіштерді, микросхемаларды құюға арналған компаундтар, желімдер);
теміржолтранспорты (вагонларлың конструкциялық элементтері, фрикциялық, амортизациялық детальдар, орындықтардың толтырғыштары мен сыртқы пішіні, рельстердің шпалдармен жалғаштырғыштар, светофорлар және т.б.);
кеме жасау (кеменің жалпы корпусын және жекеленген кеме конструкцияларын, жылу-, дыбыс- және виброизоляциялауға арналған нығайтқыш детальдар, герметиктер, желімдер, тайғанауға қарсы жабқыштар, лак-бояу материалдар);
құрылыс (ғимараттардың конструкциялық элементтері, санитарлық-техникалық жабдықтары, қабырға панельдері және есік және терезе жақтаулары, құбырлар, жылу- және дыбысизоляциялайтын материалдар);
ауыл және су шаруашылығы (егін егуге арналған қондырғылардың элементтері мен үлдірлер, тұқым себуге арналған суда еритін үлдірлер, коррозия мен ылғалдың аккумуляциялануынан қорғайтын топырақ түзгіштер, орағыш материалдар, сумен қамтамасыз етуге арналған құбырлар және т.б.);
тамақ өнеркәсібі (конструкциялық материалдар және тамақ өндіруге арналған машиналардың жабқыштары, ыдысорауға арналған материалдар, консерві лактары және эмальдар, сүтті өңдеуге арналған иониттер);
медицина (медициналық техникалық бұйымдар, биоинертті және биоассимиляцияланатын полимерлер, жасанды қанайналдыру аппараттарының функциональді тораптары, қан- және плазмаалмастырғыштар, дәрілік препараттар мен полимерлі дәрілік заттардың әрекетін пролонгациялайтындар және т.б.);
ПМ ендіру халық шаруашылығының дәстүрлі салаларының күйіне тек қана оң әсер етіп қана қоймай, ол техника мен технологиялардың дамуында сапалы серпін берді, қазіргі заманғы машинажасауда, ракета және атом өндірісінде, самолетжасауда, тевидениеде, радиоэлектроникада, қалпына келтіру хирургиясы мен жалпы медицинада техникалық прогрессті анықтап берді.
