- •Өзін тану және дамыту
- •Өзін тану және дамыту
- •Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде
- •§ 2. Сана-сезімнің құрылымы
- •3 Тарау. Өзін-өзі тану үрдіс ретінде: мақсаттары, мотивтері, тәсілдері, нәтижелері
- •§ 1. Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
- •§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
- •§ 4. Өзін-өзі тану нәтижелері
- •4 Тарау. Сәйкестендіру мен рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде
- •§ 1. Сәйкестендіру
- •§ 2. Рефлексия
- •2 Бөлім. Өзін -өзі дамыту психологиясы
- •1 Тарау. Өзін тану және дамыту дың жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Даму туралы түсінік
- •§ 2. Психологиядағы тұлғаның өзін тану және дамыту мәселесін алға тартудың алғышарттары
- •§ 3. Өзін тану және дамыту дың мәнісі және оның негізгі сипаттамалары
- •2 Тарау.
- •§ 1. Адамның ішкі әлемі
- •§ 2. Субъективтік нақтылықты дамыту
- •§ 3. Өзін тану және дамыту және тұлғаның өмірлік жолы
- •3 Тарау. Өзін тану және дамыту үрдіс ретінде
- •§ 3. Өзін-өзі таныту
- •4 Тарау. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту механизмдері ретінде
- •§ 1. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі болжауы
- •5 Тарау. Өзін тану және дамыту дың кедергілері
- •Бөлім 3. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға педагогикалық жәрдем беру
- •1 Тарау. Онтогенездің әртүрлі сатыларындағы өзін тану
- •§ 1. Мектепке дейінгі жастағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 2. Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 3. Ересек адамның өзін-өзі тануы және өзін тану және дамыту ы
- •§ 4. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың әдеттегі қиындықтары
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға психологиялық ілесе жүру және педагогикалық қолдау жасау
- •3 Тарау. Тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін тану және дамыту ына бағытталған педагогикалық технологиялар
- •§ 1. К. Роджерстің тұлғалық-бағытталған «технологиясы»
- •§ 2. Жәбірлемеу педагогикасы идеясы негізінде өңделген өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ды қолдау технологиясы
- •Өзін тану және дамытудың негіздері
- •§ 3. Мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы
- •4 Бөлім. Өзін тану және дамыту үрдістерінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және жәрдемдесу
- •§ 1. Сенімсіздік және оны жеңу жолдары
- •§ 2. Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеудің өзгешелігі
- •§ 3. Үрейлі балалармен жұмыс істеу
- •§ 4. Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
- •§ 5. Балаларға олардың тұлғасын дамыту барысындағы көмек
- •§ 6. Мектеп оқушыларына кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңдерінде
- •§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
- •§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының ерекшеліктері
- •§ 1. Педагогтың кәсіптік сана-сезімінің жалпы сипаттамасы
- •§2. Педагогтың кәсіптік өзін тануының психологиялық ерекшеліктері
- •§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
- •§4. Өзін тану және дамытудың кедергілері
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум
- •Өзін тану және дамытудың түсіндірмелі сөздік
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін тануы және
- •II бөлім. Өзін тану және дамыту бойынша практикум.......184
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум.................................185
Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы
Алғаш рет өзін тану мәселесі Ежелгі Шығыстың діни тұжырымдамаларында пайда болды, мұнда өзін-өзі танудың мағынасы мен мәнін ашып қана қоймай, осының элементтері қазіргі психологияда қолданылатын, өзін-өзі танудың бірегей технологиясын жасап шығару әрекеті жасалды. Ең аяқталған түрінде өзін-өзі тану мәселесі буддизмде ашып көрсетілген. Буддизм ілімінің мәнісі Будданың – Гаутама принцтің үш діни өсиетінде баяндалған. Бірінші діни өсиетінде Гаутама осылардан аулақ болу керек екі ақырғы шекті көрсетеді:
- сезімдік ләззаттарға ерік беру және шекті аскетизм. Бұған көру мен білімге ықпал ететін, бейбітшілікке, жоғарғы даналыққа, шаттануға және нирванаға әкелетін ортаңғы жолды таңдап алып қол жеткізуге болады. Одан әрі Гаутама өмір – азап шегу (дуккха): туу, ауру және өлім; әуестіктермен, ниеттермен байланыстының бәрі дуккха болып келеді.
Азап шегудің себебі ниеттерден, өмірге әуестіктен, сезімдік ләззаттардан тұрады. Азап шегудің тоқтатылуы ниеттерден бөліну, олардан бас тарту, қабыл алмау, босану арқылы мүмкін болады, бұл ортаңғы, сегіздік жолға түсу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жол өзіне: 1) дұрыс түсінуді; 2) дұрыс ойды; 3) дұрыс сөйлеуді; 4) дұрыс әрекет жасауды; 5) дұрыс өмір салтын; 6) дұрыс пиғылды; 7) дұрыс күш-жігерді; 8) дұрыс зейінді қосады.
Екінші діни өсиетте адамда жанның жоқтығы туралы теория баяндалады: «Дененің (рупаның) жаны жоқ. Егер де жан бар болса, дене дуккхидің субъекті болмас еді. Бірақ дене жансыз болып табылатындықтан, ол – дуккхидің субъектісі». Осыдан барып адамның өзінің Менінен бас тарту керектігі келіп шығады.
Үшінші діни өсиетте адамның шынайы санасын тұмандап тастайтын надандықпен қозғалысқа келтірілетін «өмір дөңгелегі» туралы айтылады. Надандық әрекеттерді тудырады, осының нәтижесінде әлемде түрлер бөліп шығаратын үйреншікті сана қалыптасады. Түрлермен түйісу барысында ниеттер тудыратын сезімдер пайда болады, ниеттер сараңдықтың себебі болып шығады, сараңдық мәңгілік өмір сүруді көксеуге, өмірді көксеу – тууға алып келеді, туудың болмай қоймайтын нәтижесі болып кәрілік және өлім табылады. Басқаша айтар болсақ, тірі ағзасы Будданың іліміне бас ұрмағанынша, «өмір дөңгелегінде» айналуға душар болады.
«Өмір дөңгелегінен» сытылып шығу үшін не істеу керек? Буддизмге құлшылық ететін адам өзінің Менінен бас тартып, жарқындыққа және ақыр соңында нирванаға қол жеткізуге тиіс. Нирвана – бұл толық ішкі болмыс, ниеттердің болмауы, шүбәсіз қанағаттанғандық пен өзіне-өзі жеткіліктілік, сыртқы әлемнен қол үзгендік күйі. Нирвана – абсолютпен толықтай тұтасу. Нирвана күйіне қалай қол жеткізуге болады? Міне, осы жерде алдыңғы көрініске өзін-өзі тану келіп шығады. Тізбек құрылады: жетілген өзін-өзі тану жетілген өзін-өзі реттеу – жарқындану – нирвана. Осылайша, өзін-өзі тану шекті мақсатқа, яғни нирвана күйіне қол жеткізудің міндетті шарты болып табылады. Өзін-өзі білмейтін адам оған ешқашан да жақындамайды, «өмір дөңгелегінде» ұзаққа қалады. Өзін-өзі танудың бетке ұстар амал-тәсілдерінің бірі буддизмде осыған орасан зор мағына берілетін медитация болып табылады. Медитациялау барысында буддашы өз өзінің психика ағынын, өзінің Мен-бейнелерін, сезімдерін, ойларын, ұмтылыстарын және т.с. интуициялық қарастыруға ұшыратады, осының нәтижесінде осының бәрі жеке, тәуелсіз өмір сүрмейтіндігін және бұл мағынада оның Менін оның психикасының қандай да бір көрініс табуына да, олардың қосындысына да қиюластыруға болмайтындығы мүмкін емес нәрсе, сондықтан да өзінің Мені туралы нақтылы бар бір нәрсе ретінде тек шартты түрде айтуға болады. Осылайша, медитациялау арқылы өзін-өзі тануға болады, оның өзін-өзі реттеуін табиғи етеді, соқыр сезімді өзектендіру есебінен толықтай өзін-өзі ұстай білуге алып келеді, осының нәтижесінде әлеммен гармониялы бірігуге қол жеткізіледі. Өзін-өзі танудың мағынасы мәсіхшілдікте біршама өзгеше қарастырылады. Өзімізге белгілі, мәсіхшілдіктің негізгі идеялары болып: күнәҺарлық идеясы, құтқарылу және өтелу идеясы, Құдай - адам, Құдай – құтқарушы идеясы табылады.
КүнәҺарлық идеясынан, бір жағынан, адамзаттың басына төнген барлық бақытсыздықтардың себебі ретіндегі күнәҺарлық туралы ілім, екінші жағынан – арылу, құтқарылу туралы ілім өсіп шықты. Осындай арылтушы және құтқарушы өзін адамзатқа, әлемге құрбандыққа шалған Иса Мәсіх болды. Осы бір өз еркімен жасалған құрбандық адамзатты күнәдан арылтты. Сондықтан Иса Мәсіхке сену, оның ілімін ұстану – әрбір дінге сенген адам үшін жеке басын құтқару жолы.
Мәсізшілдікте өзін-өзі тану өзінің құдай берген жаратылысын ұғыну, Құдаймен бірігу тәсілі ретінде көрініс табады.
*Соңғы жылдарда жарық көрген, әлемнің діни бірлестіктері мен діндері бойынша анықтамалықтарда және энциклопедиялық сөздіктерде прин Шакьямуни («дуана») жиі еске алынады – бұл принц Гаутаманың екінші есімі – Редактордың ескертуі.
Мұнда индивид пен тұлға арасында шек жүргізіледі. Индивид үшін ақыр аяғында тіршілік етудің жекеленуіне, ол қандай: «өзге дербес» немесе «өзге ұжымшыл» болғанына қарамастан, осы өзгемен шайылып кетпеу, талқандалмау үшін өзгені теріске шығаруға және т.с. алып келетін өзін-өзі нығайту тән. Тұлға болса – бұл мүлде өзгеше, кемелденген тұлға – бұл Құдай. Ал адам Құдайдың бейнесі бойынша және оған үйлестікте жаратылғандықтан, ол да тұлғаға ие, бірақ ол кей кездері адамнан жасырынған және индивид түрімен көрініс табады. Осы ой түйініне негіз болатын пайымдауларды басшылыққа ала отырып, өзін-өзі танудың жолдары мен амал-тәсілдері шығарылады. Индивидтің өзін-өзі тануы өзінде тек оңды жақтарды ғана емес, теріс жақтарды да ұғыну, өзін тұтастай қабылдай білу қабілетін дамытудан тұрады. Адам өзінің күнәҺарлық шамасын неғұрлым көбірек дәрежеде ұғынса, тәубеге келу жолына неғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болса, ол өзін тану және дамыту жолына соғұрлым көбірек дәрежеде тұратын болады.
Тұлғаның өзін-өзі тануы – бұл өзінде Тірі Құдай бейнесін ашудан тұратын, өзінің шынайы борышын танып-білуі. Мұның амалы сену, тәсілдері – шіркеудің құпияларына тартылу болып табылады. Осының нәтижесінде адам өз өзі болып шығады. «Өз өзі болу, - деп жазады митрополит Антоний Сурожский, - біздің құтқарылуымыз және өзгеруіміз үшін біздің бейнемізде болуды ниет еткеннің бейнесі бойынша болу деген сөз».
Ғылыми тұрғыдан өзін-өзі танудың мағынасы психологияда ең толық ашып көрсетілген. Мұнда өзін-өзі тану мәнінің ең алуан түрлі қырлары көрінісін табады. Олардың тек кейбірі ғана мыналар:
• өзін-өзі тану тұлғаның психикалық және психологиялық саулыққа ие болуының шарты болып табылады;
• өзін-өзі тану – ішкі гармония мен психологиялық кемелденуге ие болудың амалы;
• өзін-өзі тану – тұлғаның өзін тану және дамыту ы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жалғыз ғана жол және әрине, осы қырлардың барлығы тығыз өзара байланысты және оқшаулана көрініс таппайды. Қандай да бір психологиялық тұжырымдамаларда (ал олар өте көп) тек бір қырға акцент қана жасалады. Мысалы, классикалық психоталдауда өзін-өзі танудың маңызды құрамдас бөлігі болып санадан тысқа ығыстырылып шығарылғанда ұғыну табылады.
Австриялық психолог және психиатр З. Фрейдтің пікірінше, сана үшін қабылданбайтынның барлығы, ең алдымен сексуалдық және агрессиялық тенденциялар ығыстырылуға тиіс. Психоталдаудың ролі психоталдаудың арнайы техникаларын қолдана отырып, пациентке ығыстырылғанды ұғынып, басынан өткеруге көмектесуден тұрады. Осының нәтижесінде тұлғаның катарсисі (тазаруы) және сауығуы орын алады. З.Фрейдтің шәкірттері, өз ұстазының ережелерінен біршама ауытқи отырып, одан әрі кетті. Мысалы, А.Адлер (бұл да австриялық психиатр) өзін-өзі танудың мәнін адамның тұлғадан кей кездері басқалардан үстемдікке, билікке және т.с. итермелейтін жалған мақсаттармен жасырынған нағыз өмірлік мақсатын тануынан көреді. Өзге бір шәкірті – швейцариялық ғалым К.Юнг өзінен тұлғаның Көлеңке деп аталатынның саласына, яғни адам өзінікі деп танымайтын, бірақ нақтылы бар және оның өзіндігінің (тұтас тұлғаның) ажырамастай бөлігін құрайтын салаға кеткен қырларын тануға көңіл бөледі, міндет осылайша өзінің тұтастығына және өзінің Менінің толықтығына ие бола отырып, осы қырларды ұғынудан және қабылдаудан тұрады.
Негізін қалаушысы итальяндық психолог Р. Ассаджоли болып табылатын психосинтезде өзін-өзі танудың негізгі идеясы ішкі гармонияға жетуге, Жоғарғы менмен бірігуге келіп саяды. Бұл үшін адам өзін өз тұлғасының қандай ерекшеліктерімен (яғни субтұлғалармен) ұқсастыратынын, осылайша тұлғаның дисгармониялығын анықтай отырып, олардың ненің нәтижесінде тұлғаға «билікті» алатындығын ұғынуға тиіс. Мысалы, адам өзін «Әкемен», «Бастықпен», «Жолы болмайтын адаммен», «Мазасыз адаммен», «Бақытты адаммен», «Епті адаммен» және т.с. ұқсастырып, өзін өмірінде таңдап алынған рөлге сәйкес алып жүруі мүмкін. Ішкі гармонияға ие болу үшін ол өзінің субтұлғаларын анықтап, танып-білуге, олардың ішіндегі өзіне «билік» алғандарынан арылуға, өзінің субтұлғаларына толық бақылауға ие болуға тиіс. Негізін құрушысы неміс психологы Ф.Перлз болып табылатын гешталъттерапияда*, өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелдікке қол жеткізуінің амал-тәсілі ретінде көрініс табады. Тұлғаның кемелдігінің көрсеткіштері ретінде Ф.Перлз келесілерін бөліп көрсетеді: өзгелерден емес, өзінен қолдау таба білу; өзіне жауапкершілік ала білу қабілеті; күрделі жағдайларда өз ресурстарын жұмылдыра білу қабілеті; тығырықтан шығу үшін тәуекелге бару қабілеті. Мақсатқа (кемелдікке) қол жеткізу үшін адам өзінің невротикалық деңгейлерін ұғынуға және мұқият пысықтауға тиіс: «тікіриіп қалған» – бұл деңгейде ол қалыптасып қалған таптаурындардың әсерімен әрекет етеді; «жасанды» - мұнда рөлдер мен әртүрлі ойындар басым болады; «тығырық» - басқалардың қолдауының және адекватты өз өзін қолдаудың болмауы; «ішкі жарылыс» немесе «өлім» - өзінің өзін-өзі тануында дәл осы деңгейге жете отырып, адам өзінің шынайы Менін ашады, кемелденген тұлғаның белгілеріне ие бола бастайды. Гештальт (нем. Gestalt) – пішін, бейне, құрылым деген мағына береді. Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтінжақтарын қарастырады. Гештальт стуктура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де елес те емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар»( гештальттар)деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды. Гештальтпсихологияда Германияда ХХ ғасырдың басында дүниеге келген идеалистік психологиялық бағыт.
Өзін-өзі тану мәселесіне гуманистік психологияда ерекше мән-маңыз беріледі. Мұнда өзін-өзі тану тұлғаның өзін тану және дамыту ының, өзін-өзі танытуының, яғни басқалар, әлеуметтік қоршаған орта таңып отырған адам болып шықпай, өзі болуға қабілетті кісі болып шығуға қабілеттілігінің қажетті шарты ретінде қарастырылады. Гуманистік психологияның жұрт мойындаған беделді адамдарының бірі американдық ғалым К.Роджерс болып табылады. Оның тұжырымдамасына сәйкес, адамда екі құрамдас бөлік көзге ерекше түседі: Нақтылы Мен мен Идеалды Мен және адамға тиесілі емес, бірақ оған үлкен әсерін тигізетін тағы бір құрамдас бөлік – бұл Әлеуметтік қоршаған орта. Нақтылы Мен - өзі, өзінің сезімдері, ойлары, ұмтылыстары және т.с. секілді түсініктердің жүйесі. Нақтылы Мен – адамның болғысы келген нәрсе, оның тәжірибесі мен тереңде жатқан күйзелістері. Әлеуметтік қоршаған орта – бұл адамға сырттан таңылатындардың бәрі: жүріс-тұрыс нормалары, құндылықтары, көзқарастары тәсілдері және т.с. Нақтылы Мен мен Идеалды Мен арасында туындайтын сәйкессіздік үрей сезімін, жүріс-тұрыстың адаптивтік емес түрлерін, алуан түрлі психологиялық мәселелер тудырады, бұл тәжірибенің бұрмалануына, болмаса оны теріске шығаруға алып келеді. Осыдан барып өзін-өзі тану – бұл өз тәжірибесін, тереңде жатқан күйзелістерін игеру амалы, ақыр нәтижесінде - өз өзі болу тәсілі. Бұл үшін тұлғаның өзін қалай қабылдайтындығын, оны басқалардың қалай қабылдайтындығын, өз тәжірибесін бұрмалауға итермелейтін, қоршаған адамдардың көңіліне бола әрекет етуге итермелейтін себептерді ұғыну қажет болады.
Өзін-өзі танудың нәтижесінде адам тек осылар болған кезде ғана өмірдің толыққандылығы, өмір қуанышын сезіну, өмірдің мән-мағынасын ұғыну мүмкін болатын тұлғалық өсуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болады. Ақыр соңында, дұрыс мағына, тұрмыстық психология тұрғысынан алғанда, өзін-өзі тану айтарлықтай оңай анықталады. Егер тіптен, ешқашан психологияны оқымаған және ол турасында көмескі түсініктері ғана бар кез келген адамды өзін-өзі танудың мәні неде деп сұрай қалсақ, ол сірә былай: «Өзін-өзі тану еңбекте, басқа адамдармен қарым-қатынаста, қандай да бір іспен айналысқанда өз мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға мүмкіндік береді» деп жауап қайырар – және де жалпы алғанда оныкі дұрыс та болып шығады. Дәл сол кезде кейбіреулері былайша жауап беруі де мүмкін: «Өз мақсаттарыма қол жеткізу үшін, оларды басқару үшін, басқаларға билігім болуы үшін мен өз өзімді танимын». Осылайша, дұрыс мағына тұрғысынан өзін-өзі танудың екі мәні бар: біріншісі – жағымды, екіншісі – жағымсыз. Шынында да, жағымды мән кез келген істің, жағдайдың, басқа адамдардың адамға белгілі бір талаптар қоятындығынан және жұмыста, келіссөздерде табысқа қол жеткізу, қарым-қатынас орнату үшін оның өз мүмкіндіктерін таразы басына салып, өз тұлғасының қасиеттеріне тірек артуға тиіс екендігінен тұрады, бірақ оларды алдын-ала өзінде танып алу қажет.
Жағымсыз мән өзін-өзі, өз тұлғасының мықты және әлсіз жақтарын жақсы білуді кей кездері адамның өз пайдасын күйттеген мақсаттарда: өзінің кеудемсоқтығын, өзінің ниеттерін қанағаттандыру, басқалардан үстемдікке қол жеткізу, өзіне белгілі бір басымдықтарды қамтамасыз ету және т.с.с. үшін пайдаланатындығынан тұрады.
Сонымен, адам үшін өзін-өзі танудың мағынасы мен маңызы, мәні неден тұрады деген сұраққа қысқаша жауап беруге әрекет жасап көрдік. Әркім осы мағынаны өзі үшін өзі анықтайды. Дәл сол кезде ең жалпы тұрғыда алғанда өзін-өзі танудың үш мағынасы бар:
дінге сенетін адам үшін өзін-өзі тану – бұл өзінде Құдайлық бастауды тану арқылы Құдаймен бірлесу тәсілі;
үстіртін психологиялық деңгейде өзін-өзі тану өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін өмірде және іс-әрекетте ең толығымен пайдалану амалы, әлде басқа адамдарды басқару тәсілі ретінде көрініс табады;
ғылым ашып көрсетуге тырысып жатқан тереңдетілген психологиялық деңгейде өзін-өзі тану – бұл психикалық және психологиялық саулыққа, гармония мен кемелдікке, өзін тану және дамыту мен өзін-өзі танытуға деген қабілетке ие болу жолы.
Тақырып бойынша тапсырмалар
Өзін-өіз тану туралы 2-3 анықтаманы талдап және қоғамдық сана мен жеке даралық сана арасындағы қатынастарға түсінік беріңз?
«Өзін-өзі танудың адам өмірінде алатын орны» тақырыбын пайдалана отырып, психология ғылымында өзін-өзі танудың алатын орны туралы 5 сұрақ дайындаңыз?
Қазіргі қоғамдағы өзін-өзі тану негізгі мәселелерін атап көрсетіңіз?
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар
1. Өзін-өзі тану пәнін төмендегідей етіп қарстырсақ, ол қалай өзгерер еді:
- психология бөлімі
- педагогика бөлімі
- әдіснамалық бәлімі
- философия бөлімі
- немесе дербес аумақ ретінде
2 - тақырып. Өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтары
Адамда оның өзін-өзі тануының объектісі болып не табылады? деген сұраққа жауап беріп көрейік. Егер біздің кез келгенімізден: «Өзің туралы не білесің?» деп сұрасақ, әрқайсымыз белгілі бір тығырыққа тіреліп қалғандай боламыз, одан кейін міндетті түрде: «Мен адамға үйірмін, көпшілмін, бірақ аздап ұялшақпын, тілектеспін, аздап батыл емеспін» және т.с. секілді бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын жауап қайырамыз. Мұнда, әрине бұл қолдан келмейтін, студент бірден бір сәтте барлық материалды еске түсіруге тырысып бағатын, емтихан алдындағы жағдайға ұқсас жағдай туындайды. Бірақ нақтылы сұрақтары билетті алып, сабырлы қалыпқа түсіп, ойланып алсақ болды, әрине, егер материал жақсылап зерделенген және ойластырылған болған жағдайда, жауап анағұрлым тереңірек және мазмұндырақ болады.
Өзін-өзі тану барысында да өз тұлғамыздың өзіміз танып-білуге және зерттеуге ниет еткен аумақтары мен салаларын бөліп көрсетуіміз керек. Өзін-өзі тану аумағын психологияда алғашқы болып бөліп көрсеткен американдық психолог У. Джемс (прагматизмнің негізін қалаушы) болды. Адам санасында танылатын элементтер ретінде ол: физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны және рухани тұлғаны бөліп көрсетеді.
Физикалық тұлға – бұл адамның денелік ұйымдастырылуы және адамға тиесілінің немесе оны қоршаған ортаны: киімді, отбасын, үйдегі ошақты, өз еңбегінің күйін, өнімдерін құрайтынның бәрі (қазіргі психологияда бұл ережелерге дау айтылуда);
Әлеуметтік тұлға – бұл басқа адамдар тарапынан бізді тұлға деп тану. У. Джемс қаншама адам одан тұлғаны таныса және ол туралы түсінігі болса, адамда соншама әлеуметтік тұлғалар бар екендігін атап көрсетеді.
Рухани тұлға – бұл сананың, нақтылы алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің жекелеген күйлерінің толықтай бірігуі.
Тұлғалардың бүкіл осы үш түрі иерархиялық тұрғыдан ұйымдастырылған. Жоғарғы деңгейді рухани тұлға, төменгі тұлғаны – физикалық тұлға алып жатады. Әлеуметтік тұлғалар аралық орын алып жатады.
Демек, өзін-өзі тану, У. Джемске сәйкес, физикалық, әлеуметтік және рухани тұлғалар деңгейінде жүзеге асырыла алады.
Отандық психологияда ғалымдардың көпшілігі адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы ережені ұстанып отыр.
Осыған сәйкес, оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері бөліп көрсетіледі, сондықтан ұзақ уақыт бойы ғылымда адамның екі деңгейлік ұйымдастырылуы: индивид және тұлға туралы түсінік үстемдік етіп келді және тек ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аралық айнымалы - әлеуметтік индивид түсінігі енгізілді. Жекелей алар болсақ, отандық психолог В.В. Столиннің пікірінше, адамда оның ұйымдастырылуының үш деңгейін бөліп көрсетеді: ағза, әлеуметтік индивид және тұлға.
Биологиялық индивид (организм) ретінде адам белгілі бір конституциямен, жүйке жүйесінің түрімен, мидың нейродинамикалық қасиеттерімен, алуан түрлі биологиялық қажеттіліктермен сипатталады.
Әлеуметтік индивид – қоршаған әлемді игеру, білімдерді, ептіліктерді, жүріс-тұрыстың нормалары мен ережелерін игеру қабілеттерімен сипатталады.
Тұлға – қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау жүйесінде таңдау жасау, өз өмірлік жолын құру, өз жүріс-тұрысын үйлестіру қабілетімен сипатталады.
Бұл деңгейлер сондай-ақ иерархиялық ұйымдастырылған, олардың ең жоғарғысы – тұлға, төменгісі – организм. Осыдан барып біздің өзімізді барлық үш деңгейде, яғни биологиялық индивид, әлеуметтік индивид және тұлға ретінде өз қабілеттерімізді тани алатындығымыз түсінікті болып шығады. Дәл сол кезде адамның құрылу деңгейін түсіну бізге өзін-өзі тану сфералары туралы толық түсінік бере қоймайды, оларды нақтылы мазмұнмен қанықтыру қажет болады.
Қазіргі психологияда осыларды қолдана отырып, басқа адамдарға толықтай сипаттамалар беруге, өзіміздің өзін-өзі тануымызды ұйымдастыруға және, әрине, өз өзімізді сипаттауға болатын сан көптеген схемалар бар. Ең жалпы түрінде өзін-өзі талдау мен өзін-өзі тануға ұшырай апатын келесідей блоктарды бөліп көрсетуімізге болады.
Тұлғалық-сипаттың ерекшеліктері: осыларда басқа адамдарға (ақ ниеттілік, көпшілдік, ілтипаттылық, көнгіштік және т.б.); іс-әрекетке, еңбекке, оқуға (бастамашылдық, тиянақтылық,, еңбексүігіштік және т.б.), өз өзіне (өзін-өзі құрметтеу, сенімділік – сенімсіздік); заттарға (ұқыптылық, үнемділік, таза жүрушілік); табиғатқа; өнерге; ғылымға және т.с. деген қатынасын білдіретін тұлғаның сапалары және мінездің қасиеттері.
Тұлғаның мотивациялық-құндылық аумағы - өзінде іс-әрекет пен мінез-құлықты анықтайтын өз түрткілерін, қызығушылықтарын, мүдделерін, мотивтерін, құндылықтарын өз бетінше танып-білу.
Тұлғаның эмоциялық-ерік саласы - өзінің эмоциялық күйлерін, басым сезімдерін, стресс жағдайларда әрекет жасау тәсілдерін, күш-жігерді жұмылдыра, табандылық, тегеурінділік, мақсатқа ұмтылғыштық және т.б. қасиеттерін көрсете білулерін танып-білу.
Қабілеттер мен мүмкіндіктер саласы – тіршілік әрекетінің әртүрлі сфераларындағы өз мүмкіндіктерін талдау, ойлаған істерді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді бағалау.
Тұлғаның танымдық аумағы– психикалық процестердің: қабылдаудың, жадының, ойлаудың, елестетудің қызмет етуін, өз ойының қасиеттері мен сапаларын, зейінділігін, өмірлік және кәсіптік міндеттерді шешу тәсілдерін танып-білу және түсіну.
Сыртқы бейне, темперамент ерекшеліктері аумағы - өзіндік бет әлпеті, сыртқы түрі, жүріс мәнері, өзін ұстау мәнері, сөйлесу мәнері, сондай-ақ өзінің жиынтығында темпераментті анықтайтын қасиеттер өзін-өзі талдауға ұшырайды.
Басқа адамдармен, әлеуметтік қоршаған ортамен қатынастар аумағы – адам оның басқалармен – жақын және онша жақын емес адамдармен қарым-қатынасы қалай құрылатынын талдайды, өз жүріс-тұрысының стратегияларын, кикілжіңдер мен кедергілерді талдайды.
Іс-әрекет аумағы – адамның қандай білімдерге, ептіліктерге, дағдыларға, қабілеттерге ие екендігін, оның бұларды өмірінде және іс-әрекетінде қалай пайдаланатындығын, осыларды өзінде қалай дамытатындығын білген маңызды.
Өзіндік өмірлік жол аумағы - әрбір адам қандай да болсын дәрежеде өткен өмірін талдайды, қандай да бір нәтижелерді шығарады, болашаққа жоспар құрады, өз тұлғасын болжаумен және өзін-өзі болжаумен айналысады.
Бұл сызбаның айтарлықтай шартты болып табылатындығы, онда өзін-өзі тануға және өзін-өзі талдауға ұшырауы мүмкін тұлға мен адам өмірінің барлық алуан түрлілігін көрсетуге болмайтындығы түсінікті. Сызба тек қана біз өзімізден түптеп келгенде тани алатынға бағыт-бағдар береді. Өзін-өзі танудың тізіп көрсетілген аумақтары сыртқы әлемде де, ішкі әлемде де «орналаса» алады. Сондықтан өзін сыртқы әлемде өздігінен танып білу және өзін ішкі әлемде, осы ішкі әлемнің өзінде өздігінен танып білу туралы сөз қозғауымызға болады.
Өзін-өзі сыртқы әлемде танып-білу – демек, өзінің жүріс-тұрысын, өзінің әрекеттерін бағалау, іс-әрекет орындау, қарым-қатынас жасау үшін өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау деген сөз. Сыртқы әлем секілді, ішкі әлемнің де өз кеңістігі, өз уақыт сипаттамалары бар, мұнда адамның өз өзімен аяқталмайтын диалогы өрбиді, ақыр нәтижесінде дәл сол адамдық Мен болып табылатын сан көптеген субтұлғалар «одақ» құрады және «конфронтацияға» түседі. Ішкі әлемге біздің сезімдеріміз, уайымдарымыз, армандарымыз, ниеттеріміз, ойларымыз және басқа да көптеген нәрселер тиесілі. Өзінің ішкі әлемін ашу және тану өзінің сыртқы әлемдегі жүріс-тұрысын танудан кем түспейтін қызықты да еліктіргіш іс.
Енді өзін-өзі тану салаларын бөліп көрсетейік. Дәстүрлі түрде психологияда екі аймақ: сана мен санасыз бөліп көрсетіледі, алайда кейбір тұжырымдамаларда тағы бір салаға – санадан тысқа немесе жоғарғы санасызға көңіл бөлінеді. Мысалы, З. Фрейд тұлғаның құрылымында толығымен сана саласында тұрған және нақтылық қағидасына бағынышты Эгоны немесе Менді, бір мезгілде сана аумағында да, санасыз аумағында да тұрған, өзінің мәнісі бойынша адамзат жасап шығарған және нақтылы тұлғаның жүріс-тұрысын реттеп отыратын нормалар, құндылықтар, алуан түрлі тыйым салулар болып келетін Жоғары-Мені немесе Шамадан тыс Менді, сонымен қатар инстинктерді таратушы болып табылатын және санасыздың аумағында тұрған Ид-ны немесе Ононы бөліп көрсетеді. К. Юнгке сәйкес, тұлға бірқатар инстанциялардың үйлесімі болып келеді: Эго – адамның нақтылы Мені; Бетперде – адамның басқалардың алдында осындай болып көрінгісі келетіні; Көлеңке – адамға жағымсыз келетін, онда үрей тудыратын және ақыр соңында өзінікі деп есептегісі келмейтін барлық тұлғалық қасиеттер осында ығыстырылып шығарылатын санасыздың саласы; ақырында, осының негізін мифтерде, аңыздарда, көптеген халықтардағы архетиптер немесе алғашқы бейнелер деп аталатындар, мысалға, Ана архетипі, Батыр архетипі, Арғы ата архетипі және т.б. құрайтын ұжымдық санасыз. Ұжымдық санасыздың негізін құра отырып, архетиптерді адам ұйқыда, шығармашылықта арнайы көрсетеді, олар оның тұлғасының, дербес мінез- құлқының өзіндік келбетін анықтайды.
Сана мен санасыздың бар болуының одан да кең спектрі американдық ғалым К.Уилбердің Мәңгілік психологиясында көрсетілген. Мұнда тұтас бес деңгей бөліп көрсетіледі:
1) Майнд деңгейі, немесе адамның әртүрлі – Брахман, Дао, Құдай деп аталатын универсумның абсолютті және шекті нақтылығына өзінің ұқсастығын интуициямен ұғынуы;
2) трансперальды аймақ – бұл деңгей Спектрдің адам өзінің Баршаға бірыңғаймен ұқсастығын ұғынбайтын, тұлғадан тысты сипаттайтын, сонда да оның тұлғасы жекелеген ағзаның шегімен шектеліп қалмайтын саласы болып келеді, дәл осында біз архетиптермен (К.Юнгтегі секілді) кездесіп отырамыз;
3) экзистенциальдық деңгей (экзистенция – бұл күнелту) – бұл деңгейде адам өзін негізінен алғанда барлық психосоматикалық оағзамен (психе – жан, сома – дене) теңестіреді, мұнда Мен қоршаған орта арасындағы анық шектеу жүреді;
4) Эго (Мен) деңгейі – бұл деңгейде өзіндік Меннің ағзадан бөлініп шығуы жүреді, Мен бейнесі бөлініп көрсетіледі;
5) Көлеңке деңгейі – адам бойын аулақ салған, қабылдамаған нәрселер санасыз аймаққа кетеді, бірақ, бұл сөзсіз, тұлғаның ажырамастай бөлігі болып қалуын нақтылы жалғастыра береді.
Әрине, біз осы көзқарастарды мәселені күрделендіре түсу үшін емес, тұлға өзінен тани алатын аймақтарды бөліп көрсетуге деген қазіргі ғылымда бар тұрғылардың алуан түрлілігін көрсету үшін өте қысқа түрінде келтіріп кеттік. Әдеттегі қарапайым адамның практикалық көзқарасы тұрғысынан, егер ол сана аймағында да, санасыз аймақта да өзін-өзі тану шеңберін өз бетінше кеңейтуге қабілетті болса, бұл енді өзін тану және дамыту ға, өзінің бірегей, қайталанбас өмірінің мәнісіне ие болуға деген тенденцияны ынталандыратын жеке «ерлігі» болады. Қорытындылай келе, баяндау тақырыбын өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтарын ғана баяндаумен аяқтағанымыз дұрыс болмайтындығын атай кетеміз. Мұнда тағы да бір қызықты аспекттің шеті көріне бастауда. Істің мәнісі біздің кез-келгеніміздің өзін-өзі тануының біздің өзгелерді және өзгелердің бізді тануымен үйлесіп, шектесіп отыратындығында. Біз өзіміз туралы білмейміз, қалған адамдар біз туралы не біледі, бірақ та біз ол туралы олардың не ойлайтнын біз білмейміз? Басқалар біз туралы не білетін, бірақ бұл жайында өзіміз білмейтін не нәрсе бар? – адамдар, әсіресе қандай да бір өмір коллизиялары терең түсінілетін және бастан кешірілетін, біз өсу мен өзгеру қажеттігін сезінетін жағдайларда өздеріне саналы немесе санасыз түрде қоятын сұрақтар міне, осындай. Психологияда қысқа, сызба түрінде біздің өзін-өзі танудың аумақтары мен аймақтары туралы түсініктерімізді кеңейте отырып, осы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін бір өте қызықты үлгі бар. Ол өзін ойлап тапқан Д. Лафта пен Г. Ингроманың құрметіне «Джогари терезелері» деп аталады (1- суретті қараңыз).
Менің өзім туралы білетінім Менің өзім туралы білмейтінім
-
Арена
Соқыр дақ
Көз көрерлік (жасырын сала)
Белгісіз
Кесте 1 - «Джогари терезесі»
Осы үлгіге сәйкес, әрбір адам өзінде өз тұлғасының төрт «кеңістігін» ұстап тұр деп елестетуге болады.
Арена мен өзім туралы білетінді және осы туралы мені қоршаған адамдар білетінді қамтиды. Соқыр дақ – мен туралы басқалар білетін, бірақ менің өзім білмейтін нәрсе. Көз көрерлік – мен өзім туралы білетін, бірақ басқалардың бұл туралы сезбеуі де мүмкін нәрсе. Ақыр соңында, Белгісіз – бұл мен өзім туралы білмейтін және бұл жайында басқалар да білмейтін нәрсе. Осыны ескере отырып, өзін-өзі танудың міндеті өз Аренасын мүмкіндігінше көбірек дәрежеде кеңейтуден, Белгісізді мейлінше азайтудан, қажеттілігіне қарай Соқыр дақтың саласын тарылтудан және Көзге көрерлікке қатысты өз ұстанымын анық анықтаудан тұрады (нені шынында да басқалардан жасырып қалу керек, ал нені ашуға болады және өз мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді пайдалануға болады). Осы үлгіні пайдалану тұлғаға өзін басқа адамдармен өзара әрекеттестікте көрнекірек көрсетуге, сұрақтарды шешуге (мысалы: «Мен туралы басқалар не ойлайды?»), өзін түсінуде және өзінің басқаларға өзін-өзі көрсету шамасын түсінуде сенімділікке ие болуға мүмкіндік береді.
Сонымен, өзімізде нені тану керек? деген сұраққа жауап беруге тырысып көрдік. Көріп отырғанымыздай, оған біржақты жауап жоқ екен. Өзін-өзі тану сфералары айтарлықтай кең, ал салалары – біздің санамызды да, санасыз бен «санадан тыстың» әртүрлі салаларын қосатындай айтарлықтай «терең» болуы мүмкін. Онымен қоймай, біздің өзін-өзі тануымыз әрқашан да мен өзім туралы не ойлаймын, мен өзім туралы не білемін, мен туралы өзіме ерекше маңызды басқа адамдар не ойлайды екендігімен ілесіп отырады.
Тақырып бойынша тапсырмалар
Өзін-өзі тәрбиелеу саналы іс-әрекет ретінде, өзін-өзі танумен байланысты тұлғаның өзін-өзі реттеуге бағытталғанын Сіз оны өз өміріңізде мысалдар келтіріп қалай дәлелдеп берер едіңіз?
Писхологиялық зерттеулерде өзін-өзі тануда қандай әдістер қолданылады?
«Өзін-өзі танудың ерекше сипаттарын атап көрсетіңіз?
Өзін-өзі тану аумағындағы ерекшілігі.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар
Қазіргі қоғамдағы өзін-өзі тану өзектілігі және оның кәсіби дайындық
үрдісінде алатын орны.
