Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
enbek_shpora.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
324 Кб
Скачать
☆

14. Шамдар (светильники) (анықталуы, классификациясы, маркировкасы).Жасанды жарықтандыру жарық көздері арқылы жасалады, олар екі топқа бөлінеді: қыздыру шамдары, газ разрядты шамдар.

Қыздыру шамдары - пайдалануы қарапайым, арзан өндіріледі, пульсация коэффициенті көп емес (3-ке дейін), кең аралықты температура және қысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кемшілігі-ПӘК-і өте кіші (7%), жарық беруі төмен (25 лм/Вт-қа дейін), аз мерзімде қызмет етеді (2000 сағ), спектральді құрамы тиімді емес, жарықтандыруы бір қалыпты емес.

Газ разрядты шамдар - екі типті болады: төмен қысымды (түскі жарық), жоғары қысымды (ДРЛ, ДРН). Артықшылығы - үлкен мерзімде қызмет етеді (13 мың сағат), жарық беруі жоғары (25 125 лм/Вт), жарықтандыруы бір қалыпты, спектральды құрамы тиімді болады. Кемшілігі: қымбат, қоршаған ортаның ластауы.

15 Жарықтану бойынша негізгі мағлұматтар (шамасы, өлшем бірлігі)Жарық ағыны (f)—сәуле энергиясының қуаты. Жарық ағыны люменмен (лм) өлшенеді.

Жарық күші (I ) - жарық ағынының кеңістіктегі қысымы. Жарық күші дене бұрышының жарық ағынына қатынасымен анықталады, өлшем бірлігі кандела (кд). (3.6)

мұнда I —жарық күші, кд; F —жарық ағыны; лм; w —дене бұрышы, ср.

Дене бұрышы (w) косинуспен шектелген кеңістіктің жартысы, ол сфераның ортасындағы шыңға ие. Дене бұрышы аудан (S) қатынасымен анықталады.

Жарықтылық (Е) - жарық ағынының беттік тығыздығы. Ол беттік элементке түсетін жарық ағынының сол элемент ауданына қатынасымен анықталады және люкста (лк) өлшенеді.

(3.7)

мұнда Е — жарықтылық, лк; F -беттік элементке түсетін жарық ағыны; S - беттік элементтің ауданы, м2.

16 Кәсіпорындардағы шу көздері, шудың адам организміне әсері.Шу – адамның естуіне жағымсыз әсер ететін және демалуына, жұмыс істеуіне кедергі жасайтын дыбыстар жиынтығы. Дыбыс жиілікпен (қарқындылық) және дыбыстық қысыммен (Р) сипатталады.

3.2 Адамға әсер ететін шудың классификациясы

Спектр сипаты бойынша: үздіксіз спектрлі кеңістікті шу; спектрда лебізді рең беретін тональді шу.

Уақыттық сипаттамасы бойынша-тұрақсыз шу.

Тұрақсыз шулар уақыт аралығындағы тербеліс және импульсті тербеліс болып бөлінеді.

17 жұмыс орындарындағы шу деңгейінің мөлшері.Шуды нормалауда 12.1.003 – 83 – ГОСТ бойынша қауіпсіздену талаптары орындалады. Тұрақты шу үшін орташагеометриялық жиіліктегі дыбыстық қысымның деңгейі нормаланады.

Акустикалық есептеу үш деңгейде жүреді:

а) есептеу және құрал көмегі әдісі бойынша барлық сегіз орташагеометриялық жиіліктегі жұмыс орындағы шу қарқындылығын анықтау;

б) жұмыс орындағы нормативті мәндері бар шудың есептелген және өлшенген деңгейін салыстыру;

в) егер орташагеометриялық жиіліктің біреуінде шудың деңгейін жоғарыласа, онда қорғану әдістерін қолдану керек.

18 өндірістік шудан қорғану тәсілдері.Қорғаныс әдістері: а) шу көзіндегі шуды азайту. Мысалы: механикалық шу үшін – майлау, аэродинамикалық шу үшін - өшіру жүйесі, электромагниттік түрдегі шу үшін – пакеттің толық прессовкасы; б) арақашықтықпен қорғану, процесті алыстан басқару; в) құрылғылар мен цехтарды дұрыс орналастыру; г) дыбысты өзіне сіңдіретін және оқшаулайтын материалдарды қолдану.

19.Кәсіпорындардағы вибрация көздері, вибрацияның адам организміне әсеріДіріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Оны динамикалық орнықсыз машиналар пневматикалық және электр инструменттері, транспорт құралдары және т.б арқылы пайда болады.Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйесінің талдауыштары – вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды рөл ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.Адамға әсері: бас ауырады, көз көруі төмендейді, салмақ төмендейді.Дірілді виброметр көмегімен өлшейді.

Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6…9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін – 25 шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.

Қатты денелер арқылы 2-63 Гц жиілікте берілетін тербеліс –дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық, б) көліктік, в) көлікті-технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл XYZ өсімен ауытқу бағыты, ауытқу амплитудасы А (м), діріл жылдамдығы v=2p/А (м/с) және діріл үдеуі бойынша W=4pf2A (м/с2) сипатталады. Діріл жылдамдығының деңгейі: LV=20lg v/v0 , дБ, мұндағы v0 - тіректі діріл жылдамдығы (10-8 м/с), v=1м/с -ауыратын кезеңіне болады .Діріл ауруы –кәсіби ауру.

20.Жұмыс орындарындағы вибрация деңгейінің мөлшері.Қатты денелер арқылы 2-63 Гц жиілікте берілетін тербеліс –дірілдік тербеліс деп аталады. Діріл шығу көздеріне қарай олар а) технологиялық, б) көліктік, в) көлікті-технологиялық болып бөлінеді. Организмге әсер ету бойынша ішкі және жалпы болып бөлінеді. Діріл XYZ өсімен ауытқу бағыты, ауытқу амплитудасы А (м), діріл жылдамдығы v=2p/А (м/с) және діріл үдеуі бойынша W=4pf2A (м/с2) сипатталады. Діріл жылдамдығының деңгейі: LV=20lg v/v0 , дБ, мұндағы v0 - тіректі діріл жылдамдығы (10-8 м/с), v=1м/с -ауыратын кезеңіне болады .Діріл ауруы –кәсіби ауру.

Дірілдеткішті нормалау ССБТ 12.1.012-90 ГОСТ бойынша қалыптасады (санитарлық және техникалық нормалау).

21.Өндірістік вибрациядан қорғау тәсілдері.Қорғаныс әдістері: а) Діріл көзіндегі дірілді азайту; б) діріл тудыратын және діріл жұтқыш материалдарды қолдану; в) жеке қорғаныс материалдарын қолдану.

Машина және жабдықтың дірілінен күресу және жұмыс істейтіндерді содан қорғау үшін неше түрлі тәсілдерді пайдаланады. Дірілді төмендету үшін вибродемпфирация – механикалық тербелістер энергиясын энергияның басқа түріне, әсіресе жылулыққа айналдыру құбылысын кең қолданатын болды. Дірілдің таратылатын көздерден: еденнен, жұмыс орнынан, орындықтан және т.б пайда болуын бәсеңдету үшін дірілді оқшаулататындарды: резеңкені, тығындарды, киізді, болат серіппеліні кең қолданады. Жұмыс істейтіндерді жеке қорғанудың құралдары ретінде қалың резеңкелі табаны бар арнаулы аяқ-киімді пайдаланады. Қолды қорғау үшін биялай, қолғап, жапсырмалар мен төсемдер қажет болады, олар иіліп бәсеңдетуші материалдардан дайындалады. Діріл мен шуылдың адам ағзасына қауіпті әсерін төмендету үшін ең маңыздысы жұмыс және демалыс режимін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын әрдайым қадағалап отыру, емдеу – алдын алу, мысалы, гидропроцедуралар (қол мен аяққа жылы ванналар, витаминдер беру) сияқты шараларын жасау болып табылады.

22.Адам организміне электромагниттік сәулеленудің әсері, мөлшері, одан қорғану шаралары.Электромагниттік өрістің адамға әсер ету дәрежесі жиілікке, сәулелену қуатына және ұзақтығына, сәулелену режимдеріне сонымен бірге адам организмінің жеке ерекшелігіне байланысты болып келеді. Электромагниттік өрістің адамға зиянды әсерін алдын алу мақсатында жұмыс орнындағы электромагниттік өріс энергиясы ағынның тығыздығын және кернеуліктің шекті рұқсат ететін мәні орнатылған. ЖЖ және УЖЖ толқындар диапазоны үшін электромагниттік өрістің электрлі және магниттік құрастырушыларының кернеулігі (сәулелену интенсивтілігі) нормаланған АЖЖ диапазоны үшін электромагниттік өріс энергиясы ағынның шекті рұқсат етілген тығыздығы нормаланған:

W-адам организміне рұқсат етілетін энергетикалық жүктеменің нормаланған мәні, Вт*сағ/м2

Т-сәулелену зонасында болу уақыты, сағ.

ЭАТ - энергия ағынының тығыздығы

ППЭ – плотность потока энергии.

Жұмыс орындарындағы электромагниттік өріс энергиясы ағынның шекті рұқсат етілетін тығыздығы 300 МГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонында ЭАТ=10 Вт/м2 аспау керек. Ал рентген сәулелері бар немесе жоғарғы температуралы жұмыс бөлмелерінде 1 Вт аспауы керек.

Электромагниттік өріс әсерінен қорғану негізгі әдістері:

  1. Қорғануды ұйымдастыру шаралары

  2. Сәулелену көзінің интенсивтілігін азайту.

  3. сәулелену көзін экрандау

  4. сәулелену көзін жұмыс орнынан алып тастау

  5. сигнализация құралдарын қолдану

  6. жеке қорғану құралдарын қолдану

23. Адамнаың тоққа түсіп қалуына әсер етуші факторлар. Электрлік тоқтың әсері – өте қауіпті фактор болып табылады, себебі ол қашықтықта әсер етеді (электрлік доға), оны арнайы аспатардың көмегінсіз анықтау мүмкін емес. Адам тоққа әр түрлі жағдайда түсіп қалуы мүмкін, үй шарауашылығы кезінде, өндіріс орныда, аспапты тоқ көзіне алмай жөндеу кезінде, жалпы техникалық қауіпсіздік шараларын бұзған жағдайда немесе оны жөнді сақтамағн кезінде болуы мүмкін. Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.

Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, тканның және қан тамырларының қызуын тудырады.

Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.

Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.

Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар болуы мүмкін:

күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар:

- электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады;

- терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.

-электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл – сары түсті дақтың қалуын айтамыз.

-электроофтальмия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.

Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.

Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.

Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.

Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.

Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтан да бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады.

24. Қорғаныстық жерге қосу құрылғысы, оның кернеуі 1кВ және одан жоғары тораптардағы істеу құрылғысы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық электр қондырғылары (ПУЭ) электр қондырғыларын орнату ережелеріне (ЭОЕ) сәйкес 1000 В дейінгі және 1000 В жоғары болып бөлінеді.

1000 В жоғары қондырғылар өте қауіпті болғандықтан, олардың қорғаныс қауіпсіздік шараларына қатаң талаптар қойылады.

Электр қауіпсіздігі деңгейі бойынша жұмыс жағдайлары 3 категорияға бөлінеді: адамдардың электр тоғына түсіп қалу қаупі өте жоғары, өте қауіпті және жоғары қаупі жоқ.

Қорғаныстық жерге қосу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін жермен арнайы қосуды айтамыз.

Қорғаныстық жерге қосудың мақсаты, ол корпус пен жер арасындағы кернеуді, яғни жанасу кернеуін және де соған байланысты адам денесі арқылы жүріп өтетін тоқты қауіпсіз шамаға дейін азайту болып табылады.

Жерге қосу құрылғысы жерге қосқыштан және жерге қосатын сымдардан тұрады

Жерге қосқыштар табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи жерге қосқыш ретінде ғимараттардың жерге көмілген тоқ өткізетін бөліктерін, су және басқа құбырларын, кабелдің қорғасын қабатын пайдалануға болады. Бірақ та табиғи жерге қосқыш ретінде газ және басқа жарылғыш заттар жүретін құбырларды пайдалануға болмайды.

Жасанды жерге қосқыш ретінде болат, мыстан жасалған құбырларды (уголки) және басқа металдарды қолданады. Олар траншеяға топырақ қатпайтын тереңдікте көміледі. (М: құбыр диамертрі 5-6 см, ал қалыңдығы 3.5 мм аз болмауы керек). Жерге қосқыштар бір-бірімен балқытылып (сварка) бекітіледі.

6.2-сурет.Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының сұлбасы

Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының техникалық жағдайын анықтау үшін оларды мезгілімен тексеріп және кедергісін өлшеп тұру керек. Кәсіпорындарда қорғаныстық жерге қосу құрылғысының кедергісін өлшеу жылына 2 рет жүргізіледі: жазда (топырақ кепкен кезде), қыста (топырақ қатқан кезде). Электр станцияларында тексеру әр жыл сайын болса, ал әуе және кабелдік желілерінде найзағай болу мерзімінің алдында (сәуір-мамыр айлары) жүргізіледі.

Қорғаныстық жерге қосу өзінің құрылғысы бойынша сыртқа шығарылған және контурлық болуы мүмкін.

Соңғы жылдары контурлық жерге қосу көп қолданысқа ие.

25. Қорғаныстық ажырату құрылғысы. Қорғаныстық ажырату дегеніміз, электр қондырғысына тоққа түсіп қалу қауіпі туған кезде, оны автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін тез әрекет етуші қорғаныс.

Тоққа түсіп қалу қауіпі туған кезде, сол тізбекті тез ажырату мақсатында қорғаныстық ажырату құрылғысы (УЗО) қолданылады.

Олар жерге қосу немесе нөлдеу сияқты қорғаныс шараларынан бөлек түрде де және оларға қосымша түрде де қолданылады. (Көп жағдайларда 1кВ электр қондырғыларында қолданысқа ие: жылжымалы электр құрылғылары, электр инструменттері, жерге қосу және нөлдеу мүмкін болмаған стационарлы электр қондырғыларында). Қорғаныстық ажырату құрылғысының (УЗО) сұлбасы 6.4 – суретінде көрсетілген.

УЗО сұлбасы корпус пен көмекші жерге қосқыш аралығына қосылған кернеу релесінен КР (РН) тұрады, ол корпустағы кернеудің мәні шекті рұқсат етілетін мәнінен асып кеткенде іске қосылады және ол автоматты ажыратқыштың (АВ) айыру катушкасымен (ОК) тізбекті тұйықтайды.

Жетістігі – қарапайым және сенімді.

Кемшілігі – селективтілігі жєне өзін өзі бақылауының жоқтылығы сонымен бірге көмекші жерге қосқышты пайдалануы.

26. Нөлдеу, істеу принципі, есептелуі.Нөлдеу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін қорғаныстық нөлдік сыммен қосуды айтамыз. Нөлдеу кернеуі 1000 В дейінгі бейтарабы терең жерге қосылған төрт сымды үш фазалы тораптарда қолданылады.

Нөлдеудің мақсаты – бір фазалы қысқа тұйықталуда корпусқа өтіп кетуінің алдын - ала отыра, қорғанысты іске қосып және қоректену торабынан электр қондырғысын минимум уақыт ішінде ажырату.

Қорғау құралы ретінде балқымалы сақтандырғыштар және автоматты ажыратқыштар қолданылады. Үлкен тоқ пайда болған кезде (ҚТ тоғы) балқымалы сақтандырғыштар күйеді немесе автоматта электромагнитті тізбек ашылады, тізбек ажыратылады және электр қондырғысы тораптан ажыратылады.

Нөлдеу құрылғысында қоректену көзінің бейтарабы жерге міндетті түрде қосылуы керек. Ол, нөлдік сымдағы, сонымен бірге фазалардың жерге кездейсоқ тұйықталуында электр қондырғысының корпусындағы кернеуді азайту үшін жүргізіледі.

Қорғаныстық нөлдік сым белгілі қашықтықта қайталап жерге міндетті түрде қосылуы керек. (М: ӘЖ үшін 250 м ден).

Нөлдік сымды қайталап қосу нөлдік сым үзіліп қалу жағдайында немесе фазаның корпусқа тұйықталуында электр тоғының әсер ету қауіпін азайту мақсатында жүргізіледі.

Қондырғыны пайдалану алдында, сонымен бірге мерзімді түрде нөлденуді тексеріп тұру қажет.

27. Оқшауламаны бақылау.Оқшаулау. Қазіргі уақытта пайдалану жағдайларына байланысты жұмыстық және қайталама оқшаулау пайдаланылады. Адамдардың тоққа түсіп қалмауын қамтамасыз етуде оқшауламаларды бақылау жүргізіледі. (1 кВ дейінгі электр тораптарында оқшаулама кедергісі 0,5 мОм).

Адамдарға төнетін қауіпті ескерту үшін ескеру плакаттары ілініп қойылады: М: “Жоғары кернеу”, “Адам өміріне қауіпті”, “Тоқта” “Қоспа, адамдар жұмыс істеп жатыр”, “Мына жерде жұмыс істе”, “Жерге қосылған” және т.б. қолданылады.

6.1-сурет. Электр қондырғысын тормен қоршау

6.2 Электр қондырғыларының тоқ жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғану

Жоғарыда атап өткен сияқты, тоқ жүрмейтін бөліктері деп аталатын электр қондырғысының металдық корпусы кернеу астында болуы мүмкін.

Адамдарды электр қондырғыларының тоқ жүрмейтін бөліктеріне жанасудан қорғауда қорғаныстық жерге қосу және нөлдеу қолданылады.

28. Қорғаныстық жерге қосу жүйесі және түлері, есептеу принциптері, бақылау. Қорғаныстық жерге қосу дегеніміз, кернеу астында қалуы мүмкін болған электр қондырғысының металды бөліктерін жермен арнайы қосуды айтамыз. Қорғаныстық жерге қосуды машина корпусының, аспаптардың, электр инструменттерінің, каркас, щит, пульт және шкафтартардың металды корпустарына, сонымен бірге кабелдік муфталар, электр сымының болаттан жасалған трубаларының металды бөліктеріне жүргізеді.

Қорғаныстық жерге қосудың мақсаты, ол корпус пен жер арасындағы кернеуді, яғни жанасу кернеуін және де соған байланысты адам денесі арқылы жүріп өтетін тоқты қауіпсіз шамаға дейін азайту болып табылады.

Жерге қосу құрылғысы жерге қосқыштан және жерге қосатын сымдардан тұрады (6.2 –сурет ).

Жерге қосқыштар табиғи және жасанды болуы мүмкін.

Табиғи жерге қосқыш ретінде ғимараттардың жерге көмілген тоқ өткізетін бөліктерін, су және басқа құбырларын, кабелдің қорғасын қабатын пайдалануға болады. Бірақ та табиғи жерге қосқыш ретінде газ және басқа жарылғыш заттар жүретін құбырларды пайдалануға болмайды.

Жасанды жерге қосқыш ретінде болат, мыстан жасалған құбырларды (уголки) және басқа металдарды қолданады. Олар траншеяға топырақ қатпайтын тереңдікте көміледі. (М: құбыр диамертрі 5-6 см, ал қалыңдығы 3.5 мм аз болмауы керек). Жерге қосқыштар бір-бірімен балқытылып (сварка) бекітіледі.

Жерге қосатын сымдар оқшауланған және оқшауланбаған болуы мүмкін. Егер жерге қосатын сым ретінде мыс сымды пайдалансақ, оның қимасы 4 мм2 аз болмауы керек, ал алюминийде –6 мм2.

Жерге қосқыштар және жерге қосатын сымдардың жалғанған түйіспелері сенімді болуы керек.

6.2- сурет. Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының сұлбасы

Қорғаныстық жерге қосу құрылғысының техникалық жағдайын анықтау үшін оларды мезгілімен тексеріп және кедергісін өлшеп тұру керек. Кәсіпорындарда қорғаныстық жерге қосу құрылғысының кедергісін өлшеу жылына 2 рет жүргізіледі: жазда (топырақ кепкен кезде), қыста (топырақ қатқан кезде). Электр станцияларында тексеру әр жыл сайын болса, ал әуе және кабелдік желілерінде найзағай болу мерзімінің алдында (сәуір-мамыр айлары) жүргізіледі.

Өлшеуді арнайы М-416 өлшегісімен немесе амперметр-вольтметр әдісімен жүргізуге болады.

Қорғаныстық жерге қосу өзінің құрылғысы бойынша сыртқа шығарылған және контурлық болуы мүмкін.

Соңғы жылдары контурлық жерге қосу көп қолданысқа ие. Ол аудандардағы потенциалдардың теңесуіне және қадам мен жанасу кернеулерінің азаюына алып келеді. 6.3 – суретінде контурлық жерге қосу сұлбасы және аудандағы потенциалдардың таралу графигі келтірілген. Суреттен, егер адам екі жерге қосқыштар арасында тұрса, онда жанасу кернеуі үлкен, ал егер адам жерге қосқыштың үстінде тұрса, онда жанасу кернеуі кіші екендігін көреміз. Жерге қосқыштан қашықтаған сайын жанасу кернеуі азаяды және контурлық жерге қосқыш шетінде күрт өседі, мұнда потенциалдың күрт құлауы байқалады.

29. Электр қауіпсіздігінің техникалық шаралары. Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.

Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады.

Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы 4.1- кестеде көрсетілген. Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тизізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.

Адам організмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.

4.1-кесте. Адам денесі арқылы өтетін электр тоғының мәніне және тегіне байланысты зақымдалу сипаттамасы

4.1 – сурет. Электр тоғының әсері астында тұрған адам денесі кедергісінің эквивалентті сұлба

Әдетте, электр тораптарындағы қауіпсіздікті талдауда және есептеуде адам денесінің кедергісі активті және 1 кОм деп қабылданады.

Электр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы уақытқа байланысты болады. Тоқтың көп уақыт әсер етуінде тері қызады және тері терлеп ылғалданады, соның нәтижесінде оның кедергісі төмендеп адам арқылы тоқ өтетін тоқтың шамасы күрт өседі.

Электр тоғынан зақымдалудың сипаттамасы адамның жеке физиологиялық ерекшеліктерінеде байланысты. Егер адамның денсаулығы жақсы болса, онда электр зақымдалуы аз болады. Егер адамның жүрек қан-тамырлары жүйесі, терісі, жүйке жүйесі ауыратын болса және мас күйінде болса, онда электр тоғынан алған зақымдалуы аз мәнді тоқтың өзінде күрделі болады.

Тоқтың жүріп өту уақытына байланысты жанасу кернеуі және тоқтың рұқсат етілетін мәндері 4.2 - кестесінде келтірілген. Олар қорғаныстық құрылғысын есептеуде қолданылады.

4.2 кестесі. Адам арқылы жүріп өтуге рұқсат етілетін жанасу кернеуі және тоқ

30. Электр қауіпсіздігінің ұйымдастырылған шаралары: жұмысқа рұқсат ету, өкім және наряд бойынша атқарылатын жұмыс, электроқорғаныстық құралдар. Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.

Электр қондырғыларында барлық жұмыстар административтік, техникалық, кезекші және операторлы – жөндегіш адамдармен жүргізіледі. Бұл кезде ескерілетін жайт, зақымдану деңгейі жұмыс жасау шарттарына байланысты.

Жұмыстарды үлкен төрт топқа бөлуге болады: тоқ жүретін бөліктерде кернеуді толық сөндіру; кейбір бөліктердің кернеуін сөндіру, кернеу астында жүргізу.

Жұмыс категорияларына байланысты ұйымдастыру жұмыстары әр түрлі болуы мүмкін. Электр қондырғыларында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына мыналар жатады: өкім немесе наряд бойынша жұмысты беру, жұмысқа рұқсат ету, жұмыс кезінде бақылау, демалыс уақытын беру, басқа жұмыс орнына ауысу және жұмыстың аяқталуы.

Электр құрылғыларындағы барлық жұмыстар наряд бойынша, бұйрық бойынша және келесі пайдалануға рет-ретімен өту бойынша орындалады. Наряд - қалыптасқан форманың бланкісінде безендірілген жұмыс орындауға арналған жазбаша есеп. Нарядта бригада құрамы, жұмыс орны, басталу уақыты және жұмыстын аяқталуы; оның қауіпсіз орындалу шарттары, қауіпсіздікке жауап беретін адамдар көрсетілген. Жұмыстың қауіпсіздігіне жауап беретіндер деп наряд шығаратын, жұмыс басқарушы, бригаданың мүшесі болатын адамды айтамыз.

Наряд екі экземплярда шығарылады. Нарядтың мерзімі – 5 тәуліктен көп емес.

Бригада жұмысқа нарядты бергеннен кейін жіберіледі. Жіберуші жұмыстың мақсатын, қандай топ жіберуші бөліктерден кернеу түсірілгенін көрсетеді, қайсысы кернеуде қалғанын, қай жерде өтпелі жерлендіру орналасқанын, жұмысшы қандай оқшауланған қорғаныс құралдарын қолдануын білуі қажет. Алынғаннан кейін бригада жұмыс орындауға кіріседі. Бақылаушы жұмысқа тікелей қатыспайды, тек қана қорғаныстық бағыты бойынша орындалуына қарап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда, жұмысты тоқтатады.

Үзіліс кезінде бригада жұмыс орнынан шығарылады, ол туралы белгілі кестеде белгіленуі керек. Жұмыс уақыты аяқталған кезде, жұмыс орны жиналып, орын ауыстыратын жерлеткіштер шешіліп, қорғау, плакаттар, содан соң наряд жабылады. Наряд жабылғаннан соң ғана электр құрылғы іске қосылады.

Өкім - өнеркәсіптік жұмыстарға ауызша тапсырма беру, ол бір түрде сипатталады. Бұйрық беру тікелей немесе байланыс жүйелері арқылы беріледі және оперативтік журналда тіркеледі. Ол журналда бұйрық берушінің жұмысты орындаушының және бригада мүшелерінің аты – жөндері, жұмыс орындары және оны орындау уақыты, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік жөндеулер тізімі жазылады. Өкім бойынша қысқа уақыт аралығындағы жұмыс орындалады (1 сағат артық емес). Егер жұмыс бір смена аралығындағы аяқталмаған болса, онда өкім қайта беріліп және жаңадан орындалады.

Пайдалану кезіндегі орындалатын жұмыстар, әрқашан шешілген болады және олар нарядтың немесе бұйрықтың берілуін талап етпейді. Бұл жұмыстардың түрі жұмыс тізіміне жазылып отырады, ол пайдалану кезіндегі кәсіпорынның басты инженерімен немесе бас энергетигімен бекітіледі.

Электр құралдарына электр дрельдері, электрпаяльниктері, электр аралары, орын ауыстыратын шамдар және тағы басқалар жатады. Электр құралдарымен жұмыс істеуге, олармен жұмыс істей алатын және электр қауіпсіздігі бойынша I топтағы адамдарға ғана рұқсат етіледі. Электр қауіпсіздігі бойынша электр құралдарына келесідей жалпы міндеттемелер қойылады. Электр құралдары тоқ жүретін бөліктерден қол жетпейтін жерде болуы керек. Оның корпусы металлдан және берік оқшауланған материалдан жасалады. Резенке шланкта орналасқан көпжелелі өткізуші желілер қолданылады. Егер кернеу 42 В тан көп болса корпустары жерге қосылады. Соңғы кезде, электр құрылғыларын қосу үшін түйіспеден басқа корпусы сенімді жерге және нөлге қосылған розеткалар және ашалар қолданылады.

Жоғары қауіпті емес бөлмелерде кернеуі 220 В тан аспайтын электр құралдары қолдануға рұқсат етіледі. Жоғары қауіпті бөлмелерде кернеуі 42 В тан аспайтын электр құралдары (ерекше жағдайларда – 220 В) рұқсат етіледі, бірақ міндетті түрде оқшауланған қорғаныс құралдары (қолғап, резеңке кілемшелер және т.б.) қолданылады. Ерекше қауіпті бөлмелерде электр құралдарының кернеуі 42 В тан көп болмауы керек, оқшауланған қорғаныс құралдары міндетті түрде қолданылады.

Электр құралдарын ай сайын мегомметр көмегімен корпусқа, жерлестіретін желі үзілістерге тұйықталудың жоқтығына тексерулер жүргізуі керек, сонымен қатар оқшаулама жағдайын қадағалап тұру керек. Тексеруші адам электр қауіпсіздігі бойынша III - топта болуы керек.

31Жану және жарылу процестерінің негіздері, кәсіпорындарда өрттің пайда болу себептері. Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.

Жану бұл – жанғыш затпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.

Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:

а) дифуздық – тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;

б) кинетикалық – тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.

Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік

(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) болады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:

а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1м/с;

б) детонациялық – 1-10 м/с-тан астам;

в) жарылып жанатын – 10 м/с.

Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда, жанғыш затпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]