Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geomorfologia_otv.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

2. Қатпарлы (иілмелі) деформациялар және олардың жер бетіндегі көрінісі.

Тау жыныстарының бастапқы жазық бағыттағы астасу жағдайының бұзылуы дислокация (лат. dislokatio - ауьгсуы) деп аталады. Тектоникалык дислокациялар көбіне екі түрге бөлінеді - қатпарлы, яғни пликативті (лат. plicatio - бүктеу) және айырылып-ажырау, яғни (лат. disjunctio - ажырату) дислокациялар. Қатпарлы дислокация тay жынысы кабаттарының иілуі барысында өз тұтастығын сақтау нәтижесінде калыптасқан.

Қатпарлы деформациялардың жай түрлері антиклиналь және синклиналь екені белгілі. Бұлар қабаттардың толқын тәрізді иілуі. Антиклиналь деп иіні жоғары караған қанаттары карсы жаққа көлбеген оң мағыналы иілімді атайды. Синклиналь -иіні төменге караған, қанаттары бір-біріне карай еңкіш келген, теріс мағыналы (ойыс), иілім.

Қатпарлар өздерінің астасу пішініне байланысты сызықты және үзілмелі болып екі түрге бөлінеді. Созылмалы қатпарлардың ұзындығы көлденеңнен әлдеқайда артық, сондықтан олар көпке дейін бір-біріне параллель бағытта ұзаққа созылып, геосинклиналь аймақтарда тұтасып жатады. Үзілмелі, қысқа пішінді қатпарлар немесе брахиантиклинальдар мен брахисинклинальдар және күмбез тәріздес геологиялык құрылымдар платформа аймақтарына тән. Әдетте антиклинальдар мен синклинальдар көп жағдайда жер бетінде көрініс береді, бірақ көбінесе катпарлы құрылымдар мен рельефтің өзара байланысы өте

күрделі.

3. Аңғарлық мұздықтардың қалыптасуы. Экзарация

Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды. Экзарация (лат. exaracia — жырту) — мұзға қосылып қатқан таужыныс сынықтарының мұздық төсенішін жырымдауы. ) Меандралар терең тілімделген (аңғарлық) және еркін (арналық) болып екіге бөлінеді. Терең тілімделген меандралар ұлы мұз басу дәуіріндегі мұздардың еруінен кейінгі су тасқынының әсерінен пайда болған, бұл жағдайда өзенмен қатар оның аңғары да меандра жасайды. Еркін меандралар осы күнгі су тасқындарының әсерінен пайда болады. Мұнда тек өзен арнасы ғана өзінің аңғарының жайпақ түбінде меандр жасайды.

4. Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы

Магматизм — жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процестердің бірі больп саналады.Магматизм жер бедерінің құрылуында маңызды және әр түрлі рөл атқарады. Магма өзінің жер қойнауынан көтеріліп шығуы, суып қатаюы жағдайларына байланысты интрузиялық және эффузиялық тау жыныстарына бөлінеді. Интрузиялық тау жыныстары (лат. Intrusion-итеру) магманың жер бетіне шығып үлгермеген жер қыртысы қабаттарына еніп, кристалданған магма есебінен қалыптасқан тау жыныстары. Жердің ішкі қабатында қатқан магма баяу сиуды да, оның толық кристалдануына жағдай туады. Бұған гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит және т.б. жатады. Бұлар жер қыртысында түрлі пішінді интрузиялық шоғырларды құрайды. Батолиттер негіщінен гранитоидтерден тұратын, қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жиі ұшырасатын, ауқымы жүздеген км квадрадқа жететін интрузиялық шоғырлар. Бұлар жер қойнауларында суынып кристалдануы нәтижесінде қалыптасып, кейіннен олардың үстіндегі тау жыныстар қабаттарының денудацияға ұшырап шайылу нәтижесінде ашылып, сыртқы күштердің әсеріне төзімділеу болғандықтан, жер бетінде қоршаған ортадан анық дараланатын тау жотасы түрінде көрініс береді. Лаколиттер саңырауқұлақ пішінді, үсті күмбез тәріздес, асты тегіс магма шоғырлары. Магма сиыстыру қабаттары арасына жарып кірген кещде кейінгілер күмпиіп жоғары көтеріледі де, сонда пайда болған қуысқа кептеледі. Эффузиялық магматизм (вулканизм) арнай жанартаутану (вулканология) деген геология ғылымының зерттеу нысаны. Бірақ бірқатар жанартаулар құбылыстарының геоморфологияға тікелей ұатысы бар. Жанартау каналдарының жер бетінде шығу мұржасына орай олар кеңістікті, жарықшақты және орталықты деп бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]