Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Molya_WAN (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
437 Кб
Скачать
☆

17. Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp пайдалану. Dns

 IP адрестің тек TCP/IP хаттамалар стегінде ғана қандай да бір мәнге ие болатындығы проблема тудырады. Арналық деңгейлердің жеке өздерінің адрестеу үрдісі бар (негізінде 48-биттік адрестер); желілік деңгейлер өз кезегінде осы арналық деңгейлерді пайдаланады. Әртүрлі желілік хаттамаларды пайдаланатын компьютерлер бір физикалық кабельде орналасуы мүмкін. Желілік тақшаның драйвері IP дейтграммадағы қабылдаушының IP адресіне ешқашан қарамайды. Басқаша айтқанда, адрестердің әртүрлі формаларының 32-биттік IP адрестер мен арналық деңгейдің қандай да бір адрестер типтеріның арасында сәйкестік орнатудың қажеттілігі туады. Екі хаттаманы қарастырайық: адресті анықтау хаттамасы (ARP - address resolution protocol) және кері адресті анықтау хаттамасы (RARP - reverse address resolution protocol).

ARP IP адрестер мен сәйкес аппараттық адрестер арасында динамикалық салыстыруды көрсетеді. Динамикалық терминін пайдалану себебіміз, бұл салыстыру автоматты түрде, әдетте, қолданбалы программалар немесе жүйелік администратордан тәуелсіз жүретіндігінде.

RARP, көбінесе, қатты дискісіз жүйелерде қолданылады (қатты дискісіз жұмыс станцалары немесе X терминалдар), бірақ мұнда жүйелік администратордың көмегімен қолдан конфигурациялауға тура келеді.

ARP-нің негізіне қаланған іргелі концепцияның мәні желілік интерфейсте аппараттық деңгейде әсерлесуге қажетті Фреймнің аппараттық адресі барлығы және олардың интерфейске дәл адрестелінуі тиіс екендігі. Бірақ TCP/IP өзінің жеке адрестеу үрдісі 32-биттік IP адрестерді қолданады. Хостың IP адресін білу ядроға ол хостқа дейтграмманы жіберуге мүмкіндік бермейді. Деректерді жіберу үшін Ethernet драйверіне қабылдаушы жақтың аппараттық адресін білу қажет. ARP қызметі әртүрлі желілік технологиялар пайдаланатын аппараттық адрестер мен 32-биттік IP адрестер арасындағы динамикалық сәйкестікті қамтамасыз етеді. ARP жұмысының тиімділігі көбінесе әрбір хоста бар ARP кэшке тәуелді (ARP cache). Кэште Internet адрестер мен оларға сәйкес аппараттық адресатер орналасқан. Әрбір жазбаның кэштегі стандартты өмір сүру уақыты ол жазба құрылғаннан бастап 20 минутқа созылады. ARP хаттамасы TCP/IP –дің барлық орындалуларында қолданылатын негізгі хаттама болып саналады. Көбінесе оның қызметі қолданылған қосымшалар мен жүйелік администратордың қалауынан тәуелсіз. Біз arp бұйрығын кэшті көру үшін немесе модификациялау үшін қолдандық. Кэштегі әрбір жазба аяқталмаған немесе аяқталған жазбаларды жоятын таймерді қолданады. Arp бұйрығы ARP кэшіндегі модификацияланған жазбаларды көрсетеді.

DNS қызметі.Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – TCP/IP-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын таратылған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себебіміз, барлық қажетті ақпарат Internet-тің бір ғана түйінінде сақталмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін хаттаманы ұсынады. DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бөлігі, бұл жүйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады. Ұйымдастырудың негізі – DNS аттарының кеңістігін құратын тармақталған ағаш. Барлық DNS сұраныстар мен жауаптардың форматтары бірдей. Бұл хабарламаларда сұрақтардың ресурстар жазбалары (RR), жауаптары және RR қосымша ақпараттар болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]