- •1.Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс түсінігі: тарихи талдау жасаңыз.
- •2.Халықтардың Ұлы қоныс аудару:себептері, барысы салдары.
- •3.Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Батыс және Шығыс
- •4. Еуразия даласында халықтардың Ұлы қоныс аударуының Батыс әлеміне әсерін бағалаңыз.
- •5. Ғұндардың Остгот корольдігіне ықпалын көрсетіңіз
- •6. Еуропадағы Ғұн мемлекетінің ішкі басқару құрылымына сипаттама беріңіз
- •7. Ғұндар мен герман тайпалары арасындағы саяси бәсекелестікті көрсетіңіз
- •8. Батыс тарихнамасындағы Ғұндар тарихын көрсетіңіз
- •9. Еуразия тарихындағы ғұндардың ролін анықтаңыз
- •10. Отандық тарихнамадағы батыс ғұндар туралы зерттеулерге сипаттама беріңіз
- •11. Кеңес тарихнамасындағы батыс ғұндар
- •12. Аттиланың Батыс пен Шығыс тарихындағы ролін көрсетіңіз
- •13. Ғұн, авар, хазар тайпалық бірлестіктерінің дүние жүзі өркениетіне қосқан үлесіне талдау жасаңыз
- •14. Ғұндар тарихы бойынша еуропалық деректер.
- •18. Халықтардың Ұлы қоныс аудару барысындағы Батыс Рим империясының саяси және экономикалық ахуалы
- •19. Отандық тарихнамадағы аварлар туралы зерттеулерге сипаттама жасаңыз
- •20. Ғұн және Батыс Рим империясы арасындағы геосаяси мәселелерге талдау
- •30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
- •35. Шыңғысхан және Монғол империясының әлем тарихындағы орны
- •36. Шыңғысхан империясының Батыс пен Шығысқа тигізген әсері
- •40. Орта ғасырларда Батыс пен Шығыстағы білім мен ғылымның және мәдениеттің дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз
- •41. Осман империясының Батыс пен Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •42. Бүкіләлемдік отарлау жүйесіндегі Батыс және Шығыс
- •46) Хvііі-хіх ғ.Ғ. Ресейдің Шығыстағы империялық саясатын көрсетіңіз
- •53. Хх ғ. Батыстың экономикалық дамуына өзіндік баға беріңіз
- •54. Хх ғ. Ақш-тың Шығыстағы саясатына талдау жасаңыз
- •55. Хх ғ. Еуропа мемлекеттерінің Шығыстағы саясаты
- •57. Нато-ның құрылуын және оның Шығысқа ықпалын көрсетіңіз
- •59. Еқыұ-ның әлемдік саясаттағы орны
- •60. Ххі ғасырдың басындағы бүкіләлемдік саяси және экономикалық процестерді көрсетіңіз
30. Орта ғасырлардағы исламдық өркениеттің Батыс пен Шығысқа ықпалы
Көпшілік Еуропа елдерін көрмесе де олардың мәдениеті мен білімі жоғары, криминалдық оқиғалары аз деп біледі. Ал Ислам мемлекеттері санаға мылтық асынған террорларымен, жарылыстарымен үрей туғызады. Бағдад жауыздар мекені, Каир мазасыз ал Дамаск тарихтың қойнауына батып кеткен көңілсіз қала ретінде елестейді. Бұл қалаларды қазақ көрмекке талпынған емес. Ал Еуропаға дәл қазір шабаданын жинауға дайын. Бірақ, аталмыш қалалар бір кездері өркениет орталығы болып, ал Еуропа елдері рухани жұтаң болатын.IX-XIIІ ғасырлар Батыс елдері тарихында «қаратүнек заман» болып саналады. Ал мұсылман мемлекеттерінде тіпті тұрмыс өзгеше еді. Керуен сарайларын айтпағанның өзінде, ғылым-білімнің ошағы дәл сол Бағдад, Каир, Дамаск еді. Мешіттер өте көп болатын. Онда намаз ғана оқылып қоймай, нәрестеге есім беру рәсімдері, неке қию, ақындар сайысы, спорт түрлерінен жарыстар өткізілетін. Ес білгеннен, соңғы демге дейін мұсылмандар өмірі мешіттердің төңірегінде өтіп жатты. Бір сөзбен айтқанда мұсылмандар үшін мешіт «мәдениет орталығы» саналды. Валенсиялық саяхатшы әрі тарихшы Ибн-Джубейра Испаниядан Меккеге аттанған сапарында Александрияда болғанын және сол кездің өзінде онда 12 мың мешіт бар екенін жазды. (Ал Қазақстанда небары 2500-ден астам мешіт барын ойлап қойыңыз.) Үлкен мешіттерде жолаушылардың түнеуге мүмкіндігі болды. Мешіт қызметкерлері білім аламын деушілерге тегін шам, жатарға төсек беретін. Тарихшы Ғалибтің мәліметі бойынша мешітте жүзден астам қызметкерлер болатын.(Ал бізде бір имам және төрт-бес көмекші ғана.) Көптеген медреселер орта және жоғары білім берді. Онда тек діни сабақтар беріліп қоймай, дүниелік сабақтар да өтті. Математика, физика, химия пәндері ерекше дамыды. Алгебра негізін салушы Әл-Хорезми осы мектептердің жемісі еді. Саяхатшы Ибн-Хаукал кішкентай Сицилия қаласының өзінде 300 бастауыш мектебі бар деп мәлімет қалдырыпты. Бастауыш мектептерде араб тілінде жазуға, оқуға үйретті.Ең алғаш заманауи университеттер де Ислам әлемінде пайда болды. Көпсалалы университет 830 жылы Бағдад қаласында Халиф Мағмун тұсында ашылды. Ол «Даналық үйі» деп аталды. Ал Еуропалық университет Солена бар болғаны 1090 жылы Сицилия королі Роджер екіншінің тұсында құрылды. Нормандар мұсылмандардан Сицилияны 1072 жылы басып алған соң, араға 18 жыл салып, аталмыш оқу орнын ашты. Олар ел үшін білімнің маңызы қаншалықты екенін мұсылмандарға қарап ұғынды. Ал білім араб тілінде жүргізілді. (Қазір араб тілін үйреніп жүргендер сырт көзге құдды террорлармен байланысып жүргендей көрінеді. Не деген әлемдік саясат жүріп жатыр десеңізші.) ХІ-ХІІ ғасырларда еуропаның барлық ойшылдары араб тілін білетін. Ғалымдары болса мұсылман авторларының еңбектерін арабшадан латын тіліне аударумен айналыстыКаирдағы Әль-Әзхар университеті 988 жылы құрылды. Біз білетін Оксфорд, Кембридж оқытушылары киетін мантияны сол кезде-ақ Әль-Әзхар университетінің ұстаздары алғаш киді. Олардың оқу барысына әмірлердің бұйрығы жүрмейтін. Студенттер шәкіртақы алатын. Мұсылман университеттері үлкен кітапханаларымен әлемге мәшһүр болды. Мұны көре алмаған сыртқы жаулардың іштері өртенетін. Қалаларды басып алу сәті түсе қалса, ең бірінші кезекте кітапханаларды жоюға тырысатын. Моңғолдар Бағдад қаласын басып алған уақытта кітапхананың он мыңдаған кітаптарын дереу Ефрат өзеніне тастады. Өзен суы апталап кітаптардың қара сиясына боялды. Қазақ жеріндегі өртке оранған Отырар кітапханасының орны тіпті бөлек. Екінші дүниежүзілік соғыстың өзінде өркениетті деген батыстың өзі мұсылман қалаларында бірнеше кітапханаларды бомбалады. Өздерінің білім бастауын мұсылман әдебиеттерінен ала отырып, осындай қадамға бару жабайылықтың көрінісі еді.Сол кезеңдерде мұсылман елдерінде қоғамдық қорлардың саны шексіз еді. Жетім-жесірлерге көмек үшін ашылған қорларды айтпағанда, балалы және жүкті әйелдерге арналған қорлар да болатын. Мемлекетте қоғам теңдігі бұрын болмаған дәрежеге жетті. Қорлар саны неғұрлым көп болса, садақа берушілер де жеткілікті болатын. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқандай: «Бір заман туады және ол кезде адамдар кімге садақа берерін білмей қалады» деген осы шығар бәлкім. Уақыт өте қорлар қызметіне қарай көше тазалауға, тағысын тағы салалар бойынша жіктеле бастады. Иелері бас тартқан үй жануарларын мемлекет өз қамқорлығына алды. Қазіргі Дамаск қаласындағы футбол стадионы сол қордың орналасқан жері болатын. Ал бұл күндері мұсылмандардың осы құндылықтарын Еуропа елдері меншіктеп алды және өз жетістіктері ретінде мақтан тұтып жүр.1171жылы Египед басшылығын қолға алған Салах-ад-дин кресшілермен соғысты бірден қолға алған жоқ. Ол кезде кресшілердің әлемді билеу идеологиясы өршіп тұрған еді. Ал Египедтің өзі кресшілер қолындағы Иерусалимге бағынды. Өзінің көрегендігімен Салах-ад-дин Иерусалимді, Дамаскты тағы бірнеше мұсылман қалаларын кресшілерден қайтарды. Мұсылмандар сол үшін де оған Салах-ад-дин (сенім сақшысы) лақап атын берді (шын есімі Юсуф болатын). Ал опық жеп қалған кресшілер оны тиісінше Сала-дин (өзге діннің сақшысы) деп атады. Салах-ад-дин тұсында қалалар бұрын соңды көрмеген керемет заманды бастарынан өткерді. Мәселен, Дамаск қаласының қақпасында екі құбыр жұмыс істеді. Бірінен адамдар сүт ішсе, екіншісінен таза су алатын. Мұндай өркениет, әрине, қазір ертегі сияқты көрінеді. Ал ол кезде солай болатын. Ислам жеткізген жетістіктер еді бұл.Денсаулық сақтау саласы тіпті ерекше еді. ХІ-ХІІ ғасырларда ауруханасы жоқ бірде- бір мұсылман қалалары болған емес. Тұңғыш аурухана Дамаск қаласында 706 жылы салынды. Ал біз мақтан көретін Еуропада ең бірінші азаматтық аурухана Страсбургте ХVI ғасырдың басында ғана пайда болды. Ал бұған дейін болған ауруханалары шіркеулердегі госпитальдар ғана еді. Онда ешкімді емдемеді. Тек ауруы асқынғандарға баспана болып, арғы дүниеге аттанғанша рухани демеу ғана көрсетілді. Араға бір жыл салысымен мұсылмандар бірінші болып 707 жылы алапестерге арналған клиника ашты. Сол уақытта Еуропа алапестермен қандай көзқараста болғанын, оларды елден қалай аластағанын бәріміз білеміз. Мұсылмандар болса бұған үлкен түсіністікпен қарап, оларды күтті, емдеді. ХІІІ-ші ғасырдың аяғында Каирде құрылған Қалауын ауруханасының орны тіпті бөлек. Онда стационар және емхана болды. Емхана тәулігіне төрт мың адамды қабылдады. Ал мұндай емханалар қазірдің өзінде Еуропада жоқ шығар. Емхана дипломсыз дәрігерлерді қызметке алмады. Қазіргі таңдағы жануарларға тәжірибе жасайтын анатомиялық корпустар 836 жылдың өзінде-ақ Бағдадта ашылған болатын. Жұмысқа орналаспас бұрын барлық дәрігерлер осы жерден практикадан өтетін. Бұл ғылымның негізін салушы Ибн-Сина да мұсылман еді.Енді заман өзгерді. Білімді Еуропадан іздеп сарсылып кеттік, ауырсақ тағы сол Батысқа шапқылаймыз, көше тазалығы сөз болса Германияны, Австрияны ауызға аламыз. Ана мен баланың денсаулығы туралы айтылса Еуропа көрсеткіштерін алға тартамыз. Заман ағымы осыған әкелді. Үйретпек бар жерде үйренбек бар. Егер Еуропадан үйреніп жатсақ, бергенімізді қайтарып жатырмыз деп білейік!
31. Кордова халифатының Еуропа тарихындағы ролін көрсетіңіз – Пиреней түбегінде 929 – 1031 жылдар аралығында салтанат құрған мұсылман мемлекеті. Пиреней түбегін арабтар мен берберлер жаулап алғаннан кейін Кордоба әмірлігі (756 – 929 жылдары) құрылып, астанасы Кордоба қаласы болған. Абдуррахман II 929 ж. өзін халифа деп жариялағандықтан әмірлік Кордова хилафатына айналды. Кордова хилафаты 10 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында аса қуатты мемлекет болды. Кордова хилафаты билеушілері жікшілдік пиғылдағы араб-бербер тайпа көсемдерін талқандап, түбектегі христиан мемлекеттерімен жүргізілген соғыстарда үлкен жеңістерге жетті. Нәтижесінде Кордова хилафаты саяси-экономикалық жағынан айтарлықтай нығайып, сауда мен мәдениеттің өркендеуіне кең жол ашылды. Бірақ билеушілер арасында үздіксіз болып тұратын тақ таластары ел ішінде өзара соғыстар туғызды. Соғыстар кезінде бай қалалар қирап, егіншілікпен айналысқан аймақтар қаңырап бос қалды. 1031 ж. Кордова хилафаты бірнеше ұсақ әмірліктерге бөлініп кетті. 756 – 1031 жж. болған мемлекет - Кордоба, Хилафатының елордасы өз уақыта Еуропаның ең үлкен және байлық қаласы болды. Кордоба қаласы 7 ғасырда араблар солтүстік Африкадан Испанияға келіп, Кордоба Хилафаты орнатылған. Осы уақыта солтүстік Испания, және Португалияда Христиан патшалықтар: Арагон, Кастилия, Наварра және Астурия болды, олар арабтармен жаугершілік күресу — «Reconquista» (ұрып өзіне қарату) басталды. «Reconquista» 722 ж. Ковадонга шайқасымен басталды, христанлар жеңіс алып, Астурия патшалығы жасады. Сондықтан араблар пиреней тауларға кеттіп, фрасиамен соғысу бастады. 1469 ж. Кастилия мен Арагон патшалықтар бірлесті, және бір мемлекет – Испания істеді. 1492 ж. христиандар ең соңғы мұсылман мемлекеті – Гранада патшалығын басып алды.
32. Орта ғасырларда Қытайдағы династиялар. Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин империясына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай(Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин(Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты. 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды. 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды. 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхаданығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті; қ. Канси. Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті. 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып, 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді. 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты. 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Қле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды. 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті. 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.
33. Крест жорықтары кезіндегі Батыс және Шығыс. Крест жорықтары батыс европалық рыцарьлық пен Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі ірі феодалдардың басқыншылық соғыстары болып табылады. Мұның өзі екі ғасырға жуық 1096 жылдан 1270 жылға дейін созылды. «Крест» жорықтары деп аталуы бұларды католик шіркеуі ұйымдастыруынан еді. Бұл шіркеу сол жорықтарға діни соғыстың сипатын – христиандықтың (крест белгісімен бейнеленген) мұсылмандыққа қарсы күрес сипатын берген еді. Шығысқа қарсы жорықтары ең алдымен батыс европалық феодалдардың, ірі, сол сияқты ұсақ феодалдардың агрессияшылдығының өсуінен, өз жерін ұлғайту, басқа біреулердің жерін, ең алдымен Шығыстағы бай жерлерді басып алу, өз табыстары мен байлықтарын молайту ниетінен туған еді. ХІ ғасырдың аяғында күшейе түскен феодалдық езгіден құтылуды іздеген шаруалардың едәуір тобы да, Шығыспен өз саудасын ұлғайту үшін Шығыс Жерорта теңіз жағалауындағы тіректі пункттерді иемденуге ұмтылған Оңтүстік Европаның көптеген қалалары да крест жорықтарына мүдделі болды. 1055 жылы түріктер Бағдатты алып, ал 1071 жылы Манцикерт (Армения) маңындағы соғыста Византия әскерін ойсырата жеңді, содан кейін бүкіл Кіші Азияны, сол сияқты Сирия мен Палестинаны жаулап алды. Олар басқа қалалар ішінде соған дейін фатимид Египетіне қарасты, христиандардың киелі қаласы саналған Иерусалимді басып алды. Мұның өзі шіркеу қызметкерлерінің мұсылман Шығысына қарсы соғыс жүргізу жайына Батыста кеңінен уағыз айтуына сылтау болды. Мұсылмандардың билігінен «тәңірінің табытын азат ету» (яғни шіркеу аңызы бойынша Иерусалимде қойылған делінетін Исус Христың табытын) ұраны тасталды. «Дінсіздер» Палестинада христиандарды қандай қуғын-сүргінге ұшырататыны, христиан әулие орындарын қалай қорлайтыны жөнінде және, әсіресе батыстық діндар ел кезушілерді Иерусалимде қалай қудалауға салатыны туралы лақаптар таратылды. Крест жорықтарының сипаты және оған қатысушылардың құрамы ХІ ғасырдың аяғында жер еріксіз жұмысшы күші жағынан тапшылық және ақшалай қаражат жағынан қиыншылық көрген ұсақ рыцарьлар жаңа жерлерді басып алып, Шығыс елдерін тонауға ұмтылды. Ірі феодалдар крепостнойлық шаруалар (шаруалардың шабуылдары мен көтерілістерінен қорқып) есебінен поместьеден түсетін табысты елеулі түрде ұлғайту мүмкіндігі болмағандықтан, жаңа жерлерді басып алу жолымен өз иеліктерін ұлғайту, сонымен қатар Шығыста жаңа, өздеріне ғана бағынышты дербес мемлекеттер құру арқылы саяси ықпалын күшейтуді ойлады.
Крест жорықтарына Солтүстік Италияның қала республикалары, әсіресе Венецияның, Генуяның, Пизаның саудагерлері де біршама белсене қатысты. Крест жорықтары көп ретте феодалдық, қарақшылық экспедицияға айналды. Сонымен бірге жорыққа қатысушылар оңтүстік европалық көпестердің сауда мүдделерін барған сайын көбірек жақтай берді. ХІІ ғасырдың аяғынан бастап крест жорықтарының бірінші мақсаты Батыс европадағы феодалдық мемлекеттердің Шығысқа деген территориялық және сауда экспансиясы, олардың Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы жерлерді басып алу үшін алдыңғы Азиядағы мұсылман мемлекеттеріне және Византияға қарсы күресі болды. Крест қозғалысының діни мазмұны өзінің шын маңызын жоғалтқанымен, крест жорықтары тоқтатылғанына дейін формальді түрде солардың туы болып қалды.Крест жорығының басталуы. 1095 жылы папа Урбан ІІ француз қаласы Клермонда шіркеу соборын ашты. Собор аяқталған соң, ол қарапайым қалың жұртшылық рыцарьлар, діни қызметшілер алдында салтанатты түрде сөз сөйлеп, «дінсіздердің қолынан тәңірінің табытын тартып алу үшін» қарулануға шақырды. Жорыққа қатысушылардың барлығына күнәларың толық кешіріледі, ал қаза тапқандар о дүниеде жұмаққа барады деп уәде етілді.Шығысқа қарсы жорық ашу идеясын феодалдар қолдаған болатын. Себебі соғыс оларға жаңа жерлер мен бай мүлікті елестеткен еді. Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдіктер жасады. бұлар қарыздарын төлеуден босатылды. Ал, олардың дүние мүліктері мен жанұялары шіркеу мекемелерінің қамқорлығына берілді. Ұсақ рыцарлар тек қарыздарын төлемеу үшін ғана кресті қабылдады. Клермон соборынан кейін, Урбан ІІ-нің тапсыруы бойынша жер-жерде епископтар, дінбасылар және монахтар «дінсіздерге» қарсы соғыс ашуды уағыздады. Осындай уағыздаушылардың әсерінен 1096 жылдың ерте көктемінде Францияның және Батыс Германияның ондаған мың кедей шаруалары өздерінің лашықтарын тастап, Петр Пусытынниктің Солтүстік Франциядан шыққан кедейленген рыцарь Вальтер Гольяктың, Рейн облысынан шыққан Готшальктың бастауымен «қажылық жорыққа» шықты. Крест жорықшылары сойылмен, орақпен, балтамен қаруланып, азық-түліксіз Рейннің және Дунайдың жағасымен, одан әрі оңтүстікке Константинопольге қарай ағылып жатты.Феодалдардың алғашқы крест жорығы. 1096-1099 Сол жылдың жазында еуропалық феодалдардың армиясы Шығысқа қарай аттанды. Рыцарлар жақсы қарулан. Лотарингияның феодалдары жорыққа басқаларда бұрын аттанды. Оларды герцог Готфрид Бульонский басқарды. Кейіннен басқа феодалдық жасақтар жорыққа дайындалды. Оңтүстік Италияның нормандық рыцарларын, көптен бері Византияның жауласып жүрген. Шығыста да тәуелсіз княздік құруды арман еткен князь Боэмунд Торентския басқарды. Оңтүстік Францияда да үлкен армия жасақталды. Оған граф Раймунд Тулузский басшылық етті. ол да Шығыста княздіктер құруды ойлаған еді. оның жасағында крест жорықшылары жанындағы папа легаты болды. солтүстік және орта Францияның рыцарларын герцог Роберт Нормандский. Граф Стафан Блуадан және граф Роберт Фландрский басқарды. 1096 жылдың аяғы мен 1097 жылдың басында крест жорықшыларының жасақшылары Константинопольге келе бастады. Олар өздерін дөрекі ұстады. Маңайындағы тұрғындарды тонап, византилік дәстүрді мазақ етті. 1098 жылдың басында рыцарь отрядтарының басшыларының бірі Болдуин Фландрский бай қала Эдессаны, (Солтүстік Месопотамида) басып алды. Осы арада крестшілердің 1-ші мемлекеті Эдесса графтығының негізі қаланды. Дәл осы кезде кресшілердің негізгі әскери күші Сирияға келіп кіреді. Шығыс Жерорта теңізінің мейлінше жақсы бекінген қалаларының Антиохияны қоршауға жарты жылдан астам уақыт жұмсады. Бекініс мұнараларының бірінің бастығының опасыздық жасауы арқасында 1098 жылы маусымда Антиохияны кресшілердің алуына мүмкіндік туды. Боэмунд Таренский онымен құпия келісім жасасқаннан кейін, опасыз қалаға кресшілерді кіргізіп жіберді. Антиохияны алу, оның халқын тағылықпен қырып жоюмен қосарланды. Антиохияда кресшілердің екінші мемлекеті – Антиохия княздігінің негізі қаланды. Әскерлер Сириядан Палестинаға аттандыұ 1099 жылдың шілде айында 5 күндік қамаудан және кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Бұдан 1 жыл бұрын бұл қала Египеттің билігіне көшкен болатын.
.
34.Христиан дінінің Батыс пен Шығысқа ықпалы.Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 — 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 — 390), Григорий Нисский (335 — 394), Василий Кессарийский (330 — 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 — 11 ғасырларда Христиан діні “Батыс шіркеуі” (католиктер) және “Шығыс шіркеуі” (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.[1]
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мүнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық қүдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиаңдықгың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметгерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.
