Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ООП теория(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
607 Кб
Скачать
☆

2. Арифметикалық операциялар қолданылатын қосымша құрастырыңыз (мысал келтіріңіз).

Көптеген арифметикалық операциялар жай алгебралық өрнектегі амалдар приоритетін (реттілігін, басымдылығын)сақтай отырып жұмыс істейді, алдымен көбейту, бөлу және қалдық табу, соңынан қосу мен азайту орындалады. Егер өрнекте реттілігі бірдей бірнешеамал қатар тұрса, олар солдан оңға қарай орындалады. Мысалы:

i=k+d*i/m%n-1;

Арифметикалық амалдар мынадай ретпен атқарылады: алдымен көбейту, бөлу және қалдық табу, қосу мен азайту.

3. Идентификаторлар, кілттік сөздер, C++-тің стандартты деректер типтерінің қолданылуын мысалдар келтіре отырып көрсетіңіз.

Идентификаторлар – программалық объектінің аты. Әріп немесе сызық таңбасы Идентификатордың бірінші символы болуы мүмкін, бірақ цифр бола алмайды.

Идентификаторлар – программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымаларды, функцияларды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және сақтау біраз уақытты керек етеді. Идентификаторлар латын алфавитінің бас және кіші әріптерінен, цифрлардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын қолдануға рұқсаат етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болғанмен әр түрлі Идентификатор болып саналады. Мысалы: abc, ABC, A128B 3түрлі идентификатор болып саналады. Идентификатордың ұзындығына шек қойылмайды, біраұ оның тек 31 символы ғана мағыналы болады. Идентификатор сипаттау кезінде қолданылады да, кейінгі операторларда қолданыла береді.

4. Деректерді түрлендіру, жады класстары, операциялар, операциялардың артықшыығы, С және C++-тің стандартты кітапханаларының қолданылуын мысалдар келтіре отырып көрсетіңіз.

C/C++ стандарттық кітапханасы

C++ программалық тілінде стандарттық кітапхана термині база данных жазылған класс және фунекция жинағын білдіреді. C++ тілінің стандарттық кітапханасы сонымен бірге  ISO C90 (СИ стандарты кітапханасы) стандарты спецификациясын қосады. Стандарттық кітапхананың функцияналдық ерекшелігі std кеңістік атында жарияланады.

  • fstream

  • iomanip

  • ios

  • iostream

  • sstream

  • string

Стандартная библиотека шаблонов

  • algorithm

  • bitset

  • deque

  • functional

  • hash_map

  • hash_set

  • iterator

  • vector

  • list

  • map

  • set

  • stack

  • queue

Арттыру немесе кеміту (инкремент жəне декремент) операциялары

++ жəне – – түрінде жазылады. Бұлар кез келген операндтың мəндерін бірге арттыруға немесе кемітуге мүмкіндік береді. Инкремент, яғни арттыру операциясы (++) жəне декремент (– –), кеміту операциясы айнымалы (тек айнымалы мəнін) мəнін бірге арттырады немесе кемітеді. Олар айнымалы мəнін өзгертеді, яғни жасырын түрдегі меншіктеу амалы болып табылады. Көбінесе олар жеке оператор түрінде жазылады:

i++; немесе ++i;

Бұл екеуі де мынадай амалмен бірдей болып саналады

i = i + 1;

Бұл екеуін өрнектерде жиі қолданады. Мысалы:

sum - sum + х * --i;

Инкремент пен декремент екі формада жазылады: префикстік жəне постфикстік. Постфикстік арттыру былай жазылады:

х++ , ал префикстік арттыру былай жазылады: ++х .

Префикстік амалдар негізгі операция алдында, ал постфикстік амалдар негізгі амалдан кейін орындалады. Постфикстік формада Х айнымалысының мəні оны қолданғаннан кейін өзгереді, ал префикстік формада – айнымалы мəні оны қолданғанға дейін өзгереді, яғни бір деген санға артады. Мысалы:

k=10;

x=k++; /* x=10 k=11 */

13 x=++k; /* x=12 k=12 */

Арттыру/кеміту операцияларын өрнек ішінде де орындау мүмкіндігі бар. Мысалы:

sum=a+b++;/*алдымен a,b қосылады, сонан соң b мəні 1-ге артады */

sum=a+ ++b; /*алдымен b 1-ге артады, сосын барып a,b қосылады */

Арттыру/кеміту операцияларының приоритеттері өте жоғары, тек жақша ішіндегі операциялардың приоритеті олардан жоғарылау болады.

Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнектің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.

Мысалдар:

y=1.5e3;

i++;

a+=2;

m1: ;

x=a+b-sin(2*alfa);

Келтіру операциясы

Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады. Мəліметтердің көрсетілген қажетті типіне келтіру үшін Си++ тілінде арнайы бір тəсіл бар. Бұл тəсілде типтердің келтірілуі келесідей түрде қолданылады: айнымалының алдында дөңгелек жақшада қажетті типтің аты жазылады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады: (тип)өрнек. Мысалы:

int m;

float x,y;

y=pow(x,2)+sqrt((double)m);

Шартты операция

Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байланысты əр түрлі мəн қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл операция үшорынды болып табылады. Егер оның шарты (бірінші операнды) ақиқат болса, өрнек мəні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда - үшіншіге тең. Мысалы:max_ab = a > b? a : b;