- •1.Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:
- •2. Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •1.Жедел өткен шақ. 2.Бұрынғы өткен шақ. 2.Ауыспалы өткен шақ. 4.Қатыстық өткен шақ
- •2) «Қазақ грамматикасы»: Есімдік7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.
- •Келер шақ.
- •(Ы.Маманов «Қазақ тіл білімінің мәселелері»
- •3) А.Ысқақов бойынша: Сан есімнің мағыналық топтары: Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстрактылы сандық ұғымды білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді.
3) А.Ысқақов бойынша: Сан есімнің мағыналық топтары: Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстрактылы сандық ұғымды білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Реттік сан есімдер есептік сандарға –ыншы/-інші жұрнақтарын қосу арқылы жасалып, белгілі бір зат, құбылыстың сандық ретін білдіру үшін қолданылады.
Жинақтық сан ес-р бірден жетіге дейнгі есептік сан есімдерге –ау/-еу жұрн-ң қосылуы арқылы жасалады.
Топтық сан ес-р есептік, жинақтық, болжалдық сан ес-ге, қазыргі кезде шығыс септікке тән гр-қ мағынадан біржола қол үзген –дан(-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жаслады да, біркелкі зат, құбылыстардың сан мөлшерін ьоптап көрсетеді. Мыс: төрттен.
Болжалдық сан ес-р – белгілі бір зат, құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап қана шамамен айтатын сөздер. Мыс: үш жүздей адам болды. Болжалдық сан ес жасайтын жұрнақтар:
-дай,-дей,-тай,-тей: елудей
–ер жұрнағы өте көне форма, қазіргі кезде тек бірер сөзінде қолданылады. Бірер адам машина қасында қалды.
Сан есім-ң қосарлануы арқылы: төрт-бес күн болдық.
Сан ес-ге шақты, шамалы, шамасында, тарта, қаралы, жуық, астам сияқты сөздер тіркесіп жасалады: жиырма шақты студент.
Субстантиветніп, көптік, септік, тәу-к жалғауларын қабылдайды: сағат ондарда келеді.
Бөлшектік сан есімдер – таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді: үштен бір.
Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамы жағынан жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді. Мыс: жарым, жарты - бөлшектік ұғымдары, жалғыз, сыңар, дара - бірлік ұғымдары, кг, тонна, қадақ – көлем өлшемдері, метр, адым, қарыс, қозы көш – аралық өлшемдері, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт өлшемдері. Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш – тек олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық белгілері ғана. Олар сан есім сөз табына жатпайды.
4) Н.Оралбай бойынша: Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретн, есімдер сөз тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Сан есім зат есімнің сан-мөлшерін білдіреді. Мыс: бес кітап. Ал зат есімсіз жеке бес десек, жалпы сандық ұғымды ғана білдіреді.
Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мыс: Жолға шыққан үшеу едік.
Заттың саны мен мен мөлшері бір-біріне қатысты, сондықтан олар тілде қатар қолданылады. Мыс: жарты уыс бидай, ет асым уақыт. Мұндай сөздер сағынасы жағынан сан есімге жақын болғанымен, олар – табиғаты басқа сөздер. Өйкені, жарым, жарты, жалқы, кг, центнер, адым – зат есімдер, сүт пісірім – фразалық тіркестер.
Сан есімдер сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де жазылады.
№59 - Көсемше, жасалуы, қызметі.
А.Ысқақов бойынша: Етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдік және басқа мәндерді білдіретін ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады.
Көсемшелер етістіктің жалаң және күрделі негіздеріне, қимыл атауларына, есімшелерге, рай формаларына, көсемшелердің өздеріне басқа ешбір дәнекерсіз-ақ еркін тіркесіп, олардың белгілерін, сипаттарын білдіреді де, сөйлемде көбінесе динамикалы адвербиал (етістіктен болған пысықтауыш) болып қызмет атқарады. Көсемшелердің осы қасиеті оларды етістіктің өзге формаларынан ерекшелендіріп отыратын негізгі жалпы грамматикалық сипаты болады. мұнымен қатар көсемшелердің барлық түрлері де бағыныңқы сөйлемнің басяндауышы бола береді, бірақ олардың ішінен тек жіктелетін түрлері (-ып, -іп, -п; -а, -е, -й) ғана басыңқы сөйлемнің баяндауышы болады. мыс: Жаңбыр жауып,жер көгерді.
Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, морфологиялық жағынан түрленбейді, демек, көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, тек әредік қана жіктеледі, пысықтауыш және баяндауыш қана болады. көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, субстантивтік, адъективтік қызмет атқармайды, тек пысықтауыш, баяндауыш болады және күрделі етістік компоненттерінің құрамында негізгі я жетекші сыңар есебінде қызмет етеді. Осыған орай, көсемшелержің әбден қалыптасқан дағдылы қызметі етістіктің белгісін білдіру болады.
Көсемшенің жалпы гр-қ (категориялық) қызметі етістік айналасына байлауыл болса, мағынасы етістікке қатысты белгімен бйланысты болады. осы себептен де көсемшелер етістіктің негізгі бір категориясы саналады.
Бұл категорияның арнаулы формалары бар. Олар мыналар: 1) –ып,-іп,-п; 2)-а, -е, -й (бұл екеуі жіктеледі); 3)-ғалы, -гелі, -қалы, -келі; 4)-ғанша, -генше, -қанша, -кенше (бұлар жіктелмейді).
Жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне орай, шаққа қатысына қарай, көсемшелерге төмендегідей қысқаша сипаттама беріледі.
Өткен шақ көсемше етістік негізіне –ып,-іп,-п, -ғалы,-гелі,-қалы, -келі; 4)-ғанша, -генше,-қанша,-кенше жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Өткен шақ көсемшенің бірінші түрінің мағынасы да, қызметі де орасан көп. Олардың кейбір негізгі сыр-сипаттары мынадай:
Бұл форма дара түрде де (айтып, көріп), қайталанып та (айтып-айтып, көріп-көріп), қосарланып та (келіп-кетіп), бірінен соң бірі тізіліп те (бәрін көріп біліп, байыптап отырмын), аналитикалық етістіктің жетекші компоненттері ретінде де (айтып жібер), және жіктеліп те (айтыппын) жұмсала береді. Осындай жағдайларда көсемше, біріншіден,
сөйлемде амалдың белгісін, бейнесін, мезгілін, тәсілін, себебін және басқа сипатын білдіретін дара я күрделі пысықтауыш болады (мыс: институтқа оқуды аңсап келіп түстім). Екіншіден, бағыныңқы сөйлемнің де, басыңқы сөйлемнің де баяндауышы болады (мыс. Үйдегі шам сөніп, қараңғы түсіпті). Үшіншіден, күрделі етістіктің жетекші компоненті болып қызмет етеді (мыс: Шөлдеп кеттім). Төртіншіден, бұл форма жедел бірінен соң бірі, бірімен-бірі жалғаса, бірімен-бірі жарыса-қабаттаса істелген бірнеше амалдың не бейнесін, не амалдың өзін білдіретін бірыңғай мүше бола береді (мыс: мен ерет тұрып, жуынып, тамақ ішіп, киініп жұмысқа кеттім).
Көсемшелердің мезгіл мәнін дәл білдірмей, контексте оның бір нышанын білдіре алады. Осы соңғы қасиет –ып,-іп,-п жұрнақтарына тән: мен барыппын, сіз барыпсыз дегенде өткен шақ мәні бар.
Ал –ғалы,-гелі,-қалы,-келі және –ғанша, -генше,-қанша,-кенше жұрнақтарының шақтық мәні контексте қолданылу ыңғайына қарай, бірде өткен шақ, бірде келер шақ реңкіне көшіп отырады. Мыс: сізбен танысқалы көп болған сиқты, көріспегелі көп уақыт өтті.
Осы шақ көсемше. Бұл формаға –а(-е,-й) жұрнағы арқылы жасалтын көсемше жатады. Бұл көсемшенің де мағынасы мен қызметі өте көп. Оның негізіглері:
Көсемшенің жалаң түрі (айта), қосарланған (айта-айта), күрделенген (айта келе) етістік негіздерімен, олардың туынды формаларымен жатырқамай тіркесіп, еркін жұмсала береді. Осындай тіркестердегі бұл көсемше мынадай қызметтер атқарады:
–ып формалы көсемше сияқты амалдың белгісін, мезгілін, тәсілін, мақсатын, себебін, басқа амалмен жарыстырыла я жол-жөнекей (бірақ негізгі амалдан бұрын) істелу сипаттарын білдіреді. Мыс: ол әрі сөйлей, жүгіре жөнелді.
Құрмаластың бағыныңқысында, жалаң және жай сөйлемдер де баяндауыш болады. мыс: жастар ән салады, би билейді.
Көсемшенің бұл түрі әдетте ауыспалы осы шақ формасы деп аталады. Бұл форма контексте осы шақ мәнін де, келер шақ мәнін де білдіреді.
Келер шақ көсемше. Бұл форма –а (-е, -й), -ғалы, -гелі, -ғанша, -генше жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс: егін жинауға барамыз. Сізді әдейі көргелі келдім. Біз келгенше, ел аман болсын.
Н.Оралбай бойынша: Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады. Мыс: біз келгенде, ол жантайып жатыр екен. Жанама қимылды білдіретін етістіктер негізгі қимылды уреттеп, олардың қалай жасалғанын көрсетеді. Осы жанама қимылды білдіретін етістік – етістіктің көсемше түрлері. Жанама қимылды білдіру – көсемшенің негізгі мағынасы, ол оның табиғатына тән негізгі қызметі. Сондықтан да көсемшелер қайтіп?неге?қалай? деген сұақтарға жауап береді.
Тілдің кейінгі даму сатысында көсемше түрлі өзгеріске түсіп, негізгі қызметіен басқа да қызмет атқаратын болған, олар:
Күрделі етістік құрамындағы етістіктерді байланыстыру қызметін атқарады: көріп келді, айтып шықты.
Сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: сол күні таң бозынан тұрып, атқа мініп еді.
Көсемшелер шақ көрсеткшітерін білдіре алмайды? Сондықтан шақтық формадағы көсемше тұлғалы сөздердің қосымшаларын көсемше деп қарастыру орнды емес, олар басқа. Себебі көсемшенің шақтық тұлғалануы оның табиғатына қарама-қарсы? Яғни көсемше жанама қимылды ғана білдіреді, ал шақ формалары негізгі қимылды білдіреді.
Көсемше жасайтын жұрнақтар:
-ып,-іп,-пнегізгі түбір етістікке жалғанып, қимылдың қалай жасалғанын, сын-бейнесін білдіреді: сораптап ішті. Негізгі қимылмен болатын жанама әрекетті білдіреді: сүйреп тарту. Негізгі қимылдың себебін: алайын деп келді.
–а,-е,-й тұлғалы көсемше негізгі қимылдың қалай жасалғанын суреттеп, қалай?қайтіп?деген сұрақтарға жауап береді.
–ғалы,-гелі,-қалы,-келі қимылдың жасалу мақсаты мен негізгі қимылдың аяқталуға жақындағанын білдіреді: сенімен танысқалы келді? Аяқтағалы отыр.
–ғанша, -генше, -қанша, -кенше жанама қимылдың негізгі қимылдан бұрын қатар болатынын білдіреді: жеңгенше күрес, бітіргенше тоқтама.
–майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше. Бұл А.Ысқақвота –ғанша жұрнағының болымсыз түрі делінген. Олар мағыналас: Бірі болымды, Екіншісі болымсыз мағынаны білдіреді. Бұлар негізгі қимылдан бұрын болған жанама қимылды білдіреді: хабар келмейіне, қозғалма.
№ 60 - Негізгі және көмекші етістіктер,арақатынасы,қызметі
Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»: Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді:олар дербес етістіктер мен көмекші етістіктер.Дербес етістіктер деп заттың қимыл әрекетін білдіріп,етістіктің қосымшалары арқылы түрленіп,сөйлемде түрлі синтаксистік қызмет атқарып,белгілі сұрақтарға жауп беретін,сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп,сөз тіркестерін жасайтын етістіктер жатады.Лексикалық мағыналы дербес етістіктердің өзіндік белгілері мыналар:
1.Лек.мағ.дербес ет. сөйлем мүшесі болады,белгілі сұрақтарға жауап береді.
2. Лек.мағ.дербес ет. сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түседі.
3. Лек.мағ.дербес ет. заттың қимыл әрекетін білдіреді.
4 . Лек.мағ.дербес ет. сөз тіркесін жасайды:үнсіз жатты.
Тілдің дамуымен байланысты бірсыпыра етістіктер лексикалық мағынасынан айрылып,грамматикалық мағынаға көшкен.Тілдегі грам.мағынаны білдіретін,грам.көрсеткіш қызметіндегі етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.Көм.етістіктердің даму дәрежесі бірдей емес.Осымен байланысты көмекші етістіктер екі топқа бөлінеді:толымды к.е. және толымсыз к.е.
Толымды к.е. деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған,бірақ лексикалық мағынасынан айрылған,қазіргі тілде грам.мағына білдіріп,түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын к.е. аталады.Толымды көмекші етістіктер тілімізде отыз шақты:ал,бар,баста,бақ,бер,бол,бөл,біл,отыр,тұр,жат т.б.
Толымсыз көмекші етістіктер деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған,тістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып,қазір сол тұлғада түбір сөз ретінде қолданылатын көмекші етістіктер аталады.Олар саны жағынан өте аз:еді,екен,емес,ет,жазда.Бұл көмекші етістіктер көне тілде болған ер етістігінің қысқарып,е түріне ауысқан кездегі түрлі грамматикалық тұлғалары сақталып,е етістік ретінде қолданыстан шыққан,ал оның грамматикалық түрлі тұлғалары көмекші етістіктер қызметіне көшкен.Тілімізде бұл көмекші етістіктер әртүрлі қызмет атқарады:
Еді көмекші етістігінң қолданылу аясы кең,ол есім сөзбен де,етістікпен де қолданыла береді.Еді толымсыз көмекші етістігі шақ,рай көрсеткіштерімен тіркесіп,олардан күрделі аналитикалық форма жасайды.
Екен толымсыз көмекші етістігі есім сөзбен де,шақ,рай көрсеткіштерімен де тіркесіп,күрделі аналитикалық формант жасайды.
Ет көмекші етістігі есім сөзден құранды етістік жасайды.
Жазда толымсыз көмекші етістігі дербес етістіктерге көсемшенің –а,-е, -й жұрнағы арқылы ғана тіркесетін аналитикалық формант ретінде қолданылады.
А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.Етістіктерді қалыптасқан негізгі функциясына қарай үш салаға бөлуге болады:
Бірінші сала: Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын дәйім толық сақтап отыратын,соған орай дербес грамматикалық қызметтерін түгелімен атқарып отыратын түбір етістіктер жатады.
Екінші сала: Бұл топқа өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын толық сақтап сөйлемде дербес мүше болумен қатар, негізгі етістікпен тіркескенде лексикалық мағыналарын жартылай не бүтіндей жоғалтып,оған қосымша грамматикалық мағына ғана үстеп жәрдемші ретінде де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады.Мұндай бірде жетекші,бірде көмекші болатын етістіктердің саны тілімізде отыз шамалы.
Үшінші сала: Бұл топқа енетін етістік саны аз.Олраға өздеріне тән әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай,я бүтіндей жоғалтып,тек қана грамматикалық мағына жамап,грамматикалық формаға лекер болып қызмет ететін яғни бірыңғай көмекші есебінде ғана жұмсалатын е,еді,екен,жазда етістіктері ғана жатады.
