- •42.М.Дулатовтың шығармашылығы.
- •43. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
- •44. Ұлы Отан соғысынан кейінгі мәдениет. Әдебиет. Ғылым.
- •45. «Бекмаханов ісінің» мәні
- •46. Ә.Х.Марғұланның қоғамдық-шығармашылық қызметі
- •47.Қазақ зиялыларын «ұлтшылдар», «байшылдар», «космополит» айыбымен қуғындалуы
- •48. 1937-1938 Жылдардағы қуғын сүргін саясатының рухани мәдениетке әсері
- •49.М.Әуезов және «Абай жолы»
- •50. 1970 -80 Жылдардағы мәдени өмір
- •51.1990 Жылдардағы мәдениет, ғылым, білім.
- •Екінші кезең
- •52.Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің даму бағыттары
- •53.Ш.Құдайбердіұлы, м.Жұмабаев, ж.Аймауытовтардың шығармашылық мұралары
- •54.Ұлттық Ғылым Академиясының қалыптасуы және ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі
- •55.Мемлекеттің «Мәдени мұра» бағдарламасы – мемлекеттік мәдени саясаттың басты саласы.
- •56.«Мәдени Мұра» бағдарламасының мәні, мақсаттары мен міндеттері
- •57.Жәңгір хан –реформатор билеуші. Бөкей Ордасындағы тұңғыш мұсылман-еуропалық мектептің ашылуы
- •58 Қазақстанның рухани өткенін зерттеудің өзектілігі неде?
- •59.Қазақ тілі- қалыптасу барысы, ерекшеліктері мен бүгінгі күндегі жағдайын талдаңыз
- •60.Араб-қыпшақ сөздіктері. Рабғұзидің «Қиса уль анбия» еңбегі және оның діни-рухани мазмұны неде?
47.Қазақ зиялыларын «ұлтшылдар», «байшылдар», «космополит» айыбымен қуғындалуы
Қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын-сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау етек алып, олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих сахынасынан кеткен алашордашыларды айыптап, олармен азды көпті байланыста болғандарды жылы қабақ танытқандарды алашордамен байланысын үзбеген, алашорданың агенттері, ниеттері бір деп кінә тағу қалыпты іске айналды. Жазушылар шығармаларынан күмәнді деген ой-пікір тауып, партия бағытынан, тап жолынан ауытқыды деп айыптады. Сыншылар осылай жасау арқылы, бір жағынан, тап жауларын, халық жауларын әшкерелеуге үлес қосты. Екіншіден, партия саясатын, бағытын қолдау үстінде деген өзі жөнінде жағымды пікір туғызу мақсатын көздеді. Тап жауларын әшкерелеу ісінен, жалпы елді қамтыған науқаннан қарапайым халықтан бастап, өкімет билігіндегі тұлғалар да тыс қалмады.Бұрынғы көзден таса бола бастаған «алашордашылар ісі» 1937 жылдың басында тағы көтерілді. Қазақ КСР Халық ағарту Комиссары, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі Т. Жүргеновтің «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық» [1] деген мақала жариялауы, мәдениет саласында әлі де ұлтшылдардың қалдықтары мен оларға ниеттестер бар деген пікірдің жандануына себепші болып, ұлтшылдарды, олардың сарқыншақтарын іздеуді онан сайын күшейтті. Араға бір апта салып Р. Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейік» [2] атты мақаласының жарық көруі әдебиеттегі ахуалды ғана емес, ел ішіндегі саяси-идеялық ахуалды да одан сайын ушықтырды. Р. Жаманқұлов алашордашыларды «тап жауы» деп атады. Сонымен қатар, олардың агенттері әлі де бар деп жазды. Бұл «тап жауы» алашордашыларға ниеттес, пікірлес, үндес ақын-жазушыларды іздеу мен әшкерtлеудің жаңа қарқынды кезеңін бастап берді. Қазақ Өлкелік партия ұйымының да ұстаған бағыты мен іс-шаралары бұл іске екпін қосты. Маусым-шілде айларында да Сәкенді айыптаған бірнеше мақала жарияланды. «Хлестаковтың көркем әдебиеттегі тәсілін» қолданып өз бейнесін «революция ісі жолындағы күрескер» ретінде көрсетіп, «халық жаулары» өз достары Рысқұлов, Нұрмақов, Садуақасов, Асылбековты жағымды жағынан көрсетіп жазды. Өзін-өзі және жауларды көкке көтеріп мақтау мақсатында «Тар жол, тайғақ кешу», «Домбыра» т.б. – «контрреволюциялық шығармаларын» жариялады, – деп айыптады[10]. Сәкенге ашық түрде «революцияға қарсы» шығарма жазды деп айып таға бастады. «Ұлтшыл-фашист» деген атауға да ілікті.
48. 1937-1938 Жылдардағы қуғын сүргін саясатының рухани мәдениетке әсері
30 жылдардың екінші жартысында қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған көрнекті тұлғалардың өзі рухани моральдық дағдарысқа түсті. Бұрын бірін бірі шығармаларындағы таптық, саяси-идеялық көзқарастары бойынша сынаса, енді бір біріне ашық түрде жала жапты, кінәсіз екендігін біле тұра айыптады. Ақиқатында, әрқайсысы өз қара бастарын қорғауға жанталасты. Бұл адамдар арасындағы жаман қасиеттерді принципсіздікті, жалтақтықты, жағымпаздықты, жаны ашымастықты өршітті. 1937 жылғы репрессия бұрыннан бықсыған шаланы үрледі. Бұрынғы жікшілдік, жершілдік, рушылдық, бақталастық жаңа сатыға көтерілді. Енді өз қызметтестеріне саяси айып тағуға, қуғындауға тікелей араласты. Репрессияны қолдады, жазалау шараларына баспасөзде үн қосты. Бүгін біреуді айыптағандар, ертең өздері айыпталды. Оларды ұсталамын-ау деген үрей мен қорқыныш биледі. Адамды басқалар не болса о болсын, қалай болса да тірі қалсам-ау деген құлдық психология жеңді. Әсіресе, «жалақорлар … бассауғалау қамында болды. «Қырағылығың кем» деген айыптауға ұшырап, креслодан сыпырылып қалармын деп қорықты. Атақ үшін неден болса да тартынбады, адал адамдарды жәбірлеуге, жылатуға, айдатып, аттыруға барды. Басқаларды әшкерелеп, еңбек сіңіріп жүрген адам ретінде көрініп, қолды болмауға, лауазымынан айырылмауға тырысты. Сөйтіп, өз бастарының амандығын қарастырды» Айыптау мен жазалау шаралары қазақ интеллигенциясын әбден үрейдің жетегіне жекті. Олар қиянатты көре тұрса да үндемеді, бірін бірі кінәсіз еді деп ақтауға, қарсылық білдіріп дауыс көтеруге қорықты. Академик, тарихшы Р. Б. Сүлейменовтың «30-шы, 50-ші жылдардағы репрессияның табы бүгінгі күнімізден де сезілетіні – шындық. Жөнсіз, жосықсыз қудалау біздің интеллигенцияны зәрезеп қылғандығы сонша, үрейдің өзі мұра сияқтанып, бір ұрпақтан екіншісіне жалғасып келеді [25]» деп жазғаны тарихты таразылау ғана емес, ақиқат екендігі де талас тудырмайды. Ғ.Мүсіреповтың өзіне «Жиырмасыншы-отызыншы жылдар … оңай соқпаған тәрізді. … бүгін болмаса – ертең, ертең болмаса – бүрсігүні айдалып кетемін деп ойлаған. Сондықтан, бір-екі пар таза киім, беторамал, шұлық, ұстара, сабын, тарақ және басқа аса қажет дүниелер салынған жол чемоданын босағаға сүйеп қойып, екі көзі есікте болған. Ерте ме, кеш пе – ұстала қалған күндері тергеушілер жармасады-ау деген туындыларынан алдын ала бас тартып, күнделікті жазбаларында өз пайдасына шешілетін пікірлер жазып отырған. Бір ғажабы, ешқандай дау туғызбау үшін, бұрмалап аудармау үшін кейбір пікірлерін, «мойындауларын» орыс тілінде жазған. Мысалы, латын әрпімен басылған «Қыз Жібек» драмасының үшінші бетінде өз қолымен жазылған мынадай сөздер бар: «Прошу всех, мужчин и женщин, настоящих и будущих , т.е. ныне здравствующих и будущем рождающихся, если эта глупнейщая вещь попадает кому-нибудь в руки, не читайте ее дальше этой страницы. Написаны мерзко, глупо, бездарно, даже бессовестно!» Автор Мусрепов» . Бүгін болмаса ертең ұсталам деген қауіп пен үрей тек қана Ғ.Мүсіреповтің емес, барлық қазақ зиялылары басынан өтті.Ақиқатында, 30 жылдары жазалау шаралары қарқын алғанда жалпы қазақ интеллигенциясы, оның ішінде, шығармаларымен танылып көзге көрініп қалған, айыптау нысанасына іліккен шығармашылық интеллигенция қорқыныш пен үрейдің жетегінде жүрді. Қайтсем аман қалам деген пенделік сұрақ басты орынға шықты. Сонымен қатар, шынымен «халық жауы» шығар, партия мен НКВД қателеспейді деген түсінік те болды. Содан да шығар троцкишілерді айыптауға қазақ интеллигенциясы өкілдері де үн қосты.Москвада 1937 жылдың 23-30 қаңтарында «Антисоветтік троцкистік орталық» ісі бойынша Пятаков, Сокольников, Радек, т.б. соты өтіп, олар атылу жазасына кесілді.
