Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет теор.-УМК.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Практикалық сабақтардың

ж о с п а р ы

№ 1 сабақ

Тақырыбы: Эстетика туралы негізгі тұжырымдар.

Мақсаты: Эстетика туралы орта ғасырдағы пайымдаулар туралы айту

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Эстетика, негізгі аспектілері

2. Әдемілік теориясы мен асқақтық

  1. Эстетикадағы шығыстық бағдар

Тапсырма:

№ 1. Эстетика, оның негізгі тұжырымдары

№ 2. Әдемілік теориясы

№ 3. Гегель. Эстетика. 1 том. 1968. (конспект, талдау)

№ 2 сабақ

Тақырыбы: Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары

Мақсаты: Халықшылдық эстетика, оның негізгі ұстанымдары туралы тұжырымдарды саралау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Өнердің халықшылдық сипаты

2.Ұлт әдебиетіндегі халықшылдық

3.Халықшылдық эстетика

Тапсырма:

№1. Эстетика мен әдебиеттану ғылымындағы негізгі принциптерді жүйелеу.

№2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. 1 том. А., 2008. (4-33-б., конспект)

№ 3 сабақ

Тақырыбы: Эстетика және әдебиеттану ғылымы

Мақсаты: Эстетика және әдебиеттану ғылымының ортақ ұстанымдарын саралау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Сөз өнері және эстетикалық нормалар

2.Әдебиет теориясының дербес ғылым ретінде дамуы

3.Әдебиет теориясы - әдіснамалық ғылым

Тапсырма:

№ 1. Андреев А.А. Место искусства в познании мира. М., 1980 (танысу, конспект).

№ 2. Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Қ., 2004. 31-60-б. (конспект)

№ 4 сабақ

Тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі және басқа ғылымдармен байланысы.

Мақсаты: Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметін, басқа ғылымдармен ықпалдаса даму ерекшеліктерін ашу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Сөз өнерінің басқа ғылымдармен байланысы

2.Әдебиет теориясының қалыптасуы

3.Әдебиеттің даму кезеңдері

Тапсырма:

№ 1. Хализев В. Теория литературы. М., 2000. 4-30 б. (танысу, конспект)

№ 5 сабақ

Тақырыбы: Әдебиет теориясы және эстетика категориялары.

Мақсаты: Әдебиет теориясы мен эстетика категорияларының сабақтаса даму ерекшеліктерін ашу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Антикалық дәуірде өнердің дамуындағы эстетикалық нормалар

2.Әдебиет теориясы және эстетика категориялары

Тапсырма:

№1. Теория литературы. ( Под ред. Н.Д.Тамарченко). В двух томах. Том. 1. М., 2004. 43-77 б. (танысу, конспект).

№2. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана, 2003. (танысу, талдау)

№ 6 сабақ

Тақырыбы: Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері

Мақсаты: Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктерін, басты сипаттарын ашу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әдеби-эстетикалық ой дамуының шығыстық бағдары

2.Қазақ әдебиеті дамуының арғы бастаулары

3.X-XV ғ. жазба мұралардың жанрлық-құрылымдық сипаты

4.XVI-XVIII-XIX ғ., әдеби-сыншылдық, теориялық пайымдардың орнығуы

5.XX ғасырдағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірлер

Тапсырма:

1. Ж.Смағұлов. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Қ., 2005. 14-88-б. (конспект, талдау).

№ 7 сабақ

Тақырыбы: XX ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірлердің қалыптасуы

Мақсаты: XX ғасыр басында қазақ әдебиеттануыныда қалыптаса бастаған зерттеушілік ой-пікірлер, ғылыми ізденістер сипатын ашу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Қазақ қоғамы рухани өміріндегі өзгерістер

2.Баспасөздегі («Айқап», «Қазақ») сыни-зерттеушілік мақалалардың маңызы

  1. Ұлттық әдебиет туралы (дәуірлеу, жанрлық жіктеу, поэтика) ғылымның тууы

№ 1.Тапсырма: «Айқап» (А., 1995, мақалаларға талдау),

№ 8 сабақ

Тақырыбы: Жанр түрлері.

Мақсаты: Жанр туралы ой-пікірлерді саралап, жанрішілік, аралас жанр сипатын ашу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Әдеби тек пен түр

2. Жанр түрлері

3. Жанрішілік және аралас жанр түрлері

Тапсырма:

№ 1. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А., 1991. (талдау)

№ 9 сабақ

Тақырыбы: Уақыт және кеңістік

Мақсаты: Қазіргі көркем туындыдағы уақыт пен кеңістік мәселесін, оның жасалу тәсілдерін талдау