Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қарлығаш апайдан жауаптар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
661 Кб
Скачать
☆

2.Тақырып пен идея туралы әдеби-эстетикалық пайымдаулар.

Мейлі шағын,мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, жазушы ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым –қатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой – пікірлерін, көөқарастарын ұсынады.

Шығарманы жазбас бұрын, қандай мәселені оқырманның алдына тартпақшы, сол туралы аз ба көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.

М.О.Әуезовтің атақты «Абай» романы – төрт томдық, көлемді еңбек. Әйтсе де сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: « 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл – феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі» дер едік. Әрине, әңгіме негізгі тақырып туралы, мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен шығармаларда, қосымша тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың өзара тартысы, барымта- сырымта тәрізді тұрмыс – салт мәселесі т.б. бар.

Шығарманың тақырыбын идеядан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шығарманы не туралы жазуын –тақырыбы десек,шығармада суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарастары, қалай бағалаушылығы шығраманың идеясы болмақ. Тақырыпты жазушылар қалай болса, солай ала салмайды. Шығармаға тақырып боларлық өмір құбылысы, әр алуан өмір мәселесі көп. Солардың ішінде әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы, дүниетанушылығы, өз табыныі тілек –мүддесіне керекті деген тақырыпты таңдайды. Кейде екі таптың ақын –жазушылары бір тақырып туралы жазуы да мүмкін. Бірақ ол тақырыптың негізінде суреттелінетін өмір құбылысын оқушыларына жеткізу, суреттеу әдістері, оқушыларының ой –сезіміне әсер етуі әр басқа. Бұрын да және осы кезде де өз Отанына деген махаббат, сүйіспеншілігін көрсететін ақындардың өлеңдері аз емес. Олардың тақырыбы да, идеясы да бір. Бұл айтқандарымыз бір бағыт, бір идеялық көзқарастағы ақындар туралы. Ал әр басқа идеялық бағыт, әр басқа көзқарастағы ақын –жазушыларды алсақ, олар бір тақырып туралы жазса да әрқайсысы өзінің дүние танушылық көзқарасы тұрғысынан жырлайтындығын көреміз. Мысалы: 19 ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ақындар Махамбет, Шернияздарды алсақ, өз кезіндегі әлеуметтік мәселерді шығармаларына тақырып етіп алса да, оны суреттеулерінің тек әдісі ғана емес,халықтың ой сезіміне әсер ететін әсерлері де басқа болды.

Шығарманың идеясы.

Қандай шығарма болсын, белгілі бір идеяны үндейді дедік. Тақырып, оқиға және оның құрылысы шығармада қатысушылардың араларындағы тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде – жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы.ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмріге көзқарасына, дүниетанушылығына негізделінеді. Шығармадығ суреттелетін өмір құбылысын, күрес –тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезіміне әсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді. Мысалы: М.Горькийдің «Ана» романы 1905 жылғы революция жеңілгеннен кейін басылып шықты, жазушы оқиғаны революцияның алдыңғы жылдарынан бастаса да, сол қиын- қыстау жылдары, сол кездің өзінде жұмысшы табының алдыңғы саптағы өкілдерінің күресін, бұрын езілген жұмысшы әйелдердің, қазір революциялық қимылдың әсерімен қатй тәрбиеленгенін, олардың революция жолындағы батылдығын суреттейді. Романның негізгі идеясы – осы сияқты үлкен мақсат, ұлы тілектің туын көтерген қайтпас ер, қаһарман күрескерлерді туғызып отырған тапқа, ісінің уақытша оңына келмеуі, уақытша жеңілуі бөгет бола алмайды; түбінде жеңіп шығатын осы пролетариат табы деген пікір. Кітапты оқып шыққан адам осы қорытындыға келеді.

Көркемдік идея – шығармады суреттеліп отырған өмір құбылысы туралы автлрдың айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Идеясыз өнер шығармасы болмайды. Мазмұны мен түрдің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Суретші өмір жиынтығын көркем образдарға жинақтап, оны өз шығармасының идеялық – тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады.Әрбір картинадаға көркемдік идеяның құрылымы сол туындыны жазған суретшінің дүние танымына, әлеуметтік таптың көзқарасына тығыз байланысты. Көркемдік әдіс белгілі бір дәуірде көптеген суретшілердің шығармаларында қолданылып, өмір жиынтығын суреттеу ерекшеліктерін белгілейтін негізгі принцип. Көркем өнердің барлық салаларында тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеуде  өзгешеліктер байқалады.

Шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, тілі мен әдісі – осының бәрі көркемдік заңына бағынады.Олар жеке алғанда ойға орамды, сезімге жайлы келіп, гармониялық бірлестікте шығармаға нәр береді, оны тартымды етеді, көркем дүниеге айналдырады.