Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aypi_shpor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
713 Кб
Скачать
☆

34. Шлюздің негізгі қызметтері:

-      телефондық желі мен ІР желі арасында физикалық интерфейсті ұйымдастыру;

-      абоненттік сигнализация сигналдарын детектирлеу және генерациялау;

-      абоненттік сигнализация сигналдарын дестелерге түрлендіру және керісінше;

-      абоненттерді жалғау;

-      сигнализациялық және дауыстық дестелерді желімен тарату;

-      байланысты ажырату.

TCP/IP архитектурасы шеңберіндегі шлюздің қызметінің көп бөлігі қолданбалы деңгейдегі процестерде ұйымдастырылады. Аналогтық екі сымдық телефондық арна қосылғанда шлюзде сигналдардың өңделуі 8-суретте келтірілген. Телефондық сигнал екі сымдық абоненттік желіден арнаның қабылдаушы және таратушы бөлігін айырып тұратын дифференциалдық сұлбаға келіп түседі. Әрі қарай таратылған сигнал қабылдау сигналының сіңген бөлігімен бірге аналогтық-сандық түрлендіргішке (АЦП) беріледі де, 12-разрядты стандартты сигналға айналады. Соңғы өңдеу жағдайында сәйкес экспандер болуы керек. Жаңғырықты компенсациялау (эхокомпенсация) құрылғысында тарату сигналынан қабылданған сигналдың қалдықтары өшіріледі (жойылады). Жаңғырықты компенсациялау құрылғысы (эхокомпен-сатор) бұл сүзгінің қызметін атқарады. Ішкі жолақтық көп жиілікті телефондық сигнализация сигналдарын (MF сигналдары), жиіліктік (DTMF) немесе импульстік сигналдар жиынын табу және анықтау үшін сәйкес детекторлар типі қолданылады. Кіріс сигналын әрі қарай өңдеу дауыстық кодерде жүзеге асады. Кодердің анализаторында сигнал белгілі бір ұзындықтағы  фрагменттерге сегменттеледі (кодтау әдісіне байланысты) және әр кіріс блогына сәйкес ұзындықтағы ақпараттық кадр қойылып шығады.

Кодер анализаторында есептелген параметрлер бөлігі дауыстық белсенділікті анықтау блогында қолданылады. Дауыстық белсенділікті анықтау блогы зерттелініп жатқан сигнал дауыс па, әлде үзіліс екендігін анықтайды.

                           8 Сурет - Шлюзде сигнал өңдеу сұлбасы

Үзіліс болған жағдайда ақпараттық кадр виртуалды арна қызметіне жіберілмей қалуы мүмкін. Сеанстық деңгейге әр бесінші үзілістік ақпараттық кадр ғана жіберіледі. Дауыс жоқ болған жағдайда ағымдағы спектрлік параметрлерді кодтау үшін ең қысқа ақпараттық кадр қолданылады. Виртуалды арнаның қабылдаушы жағында логикалық амал орындаушыға ақпараттық кадр немесе үзілісті білдіретін жалауша келіп түседі. Үзілістік кадрларда дауыстық синтезатор орнына үзілістік сигналдың спектралдық құрамын қалпына келтіретін комфорттық шу генераторы қосылады. Үзілістік ақпараттық кадр алынғанда сигналдың параметрлері жаңаланады. Ақпараттық кадрдың болуы шығысында дауыстық сигнал түзетін дауыстық декодерді іске қосады. Эхокомпенсатор үшін қашықтағы абоненттің сигналы болып табылады, бұл сигналдың сүзгіленуі таратылатын сигналдағы электрлік жаңғырықтың құраушысын береді. Сандық-аналогтық түрлендіру түріне байланысты сигнал қосымша кодтауға ұшырауы мүмкін.

Сигналдардың шлюзде сандық өңделуінің мынадай қиындықтарын атауға болады: екі сымдық абоненттік желілерді қолданғанда негізгі жұмыс болып эхокомпенсация болып қала береді, өйткені оның ерекшелігі мұнда сигналдардың екі класын – дауыс сигналдарын және телефондық сигнализация сигналдарын компенсациялау қажет. Телефондық сигнализация сигналдарын тауып, детектирлеу өте маңызды жұмыс болып табылады. Оның қиындығы мынада, қызметтік сигналдар дауыс сигналдарымен араласып кетуі мүмкін.

Аймақтың контроллерінде (қақпақшада) ІР-телефонияның барлық интеллекті шоғырланған. Н.323 рекомендациясы бойынша құрылған желінің зоналық архитектурасы бар. Аймақтың контроллері ІР-телефония желісінің бір аймағын басқару функциясын орындайды, мұндай аймаққа терминалдар, шлюздер, бір аймақ контроллеріне тіркелген конференцияларды басқару құрылғысы кіреді. Н.323 желісі аймағының бөлек фрагменттері территориямен бөлінген және олар маршрутизаторлар арқылы бір-бірімен байланыса алады.

Аймақ контроллерінің маңызды қызметтері:

-      ақырғы және басқа құрылғылардың тіркелуі;

-      пайдаланушылардың RAS сигнализациясының көмегімен IP-телефония қызметтеріне кіріп қосылуын бақылау;

-      шақырылған пайдаланушының alias адресін ІР дестелерді маршрутизациялау (IP адрес – TCP порты номірі) желісінің транспорттық адресіне түрлендіру (абоненттің жарияланған есімін, телефондық номерді, электрондық пошта адресін және т.б.);

-      желінің өткізу жолағын резервтеу, басқару және бақылау;

-      терминалдар арасында Н.323 сигналдық хабарларын ретрансляциялау.

IP-телефонияның бір желісінде ITU H.323 талаптарына жауап беретін өзара RAS хаттамасы арқылы байланысатын бірнеше аймақ контроллерлері болуы мүмкін.

 Конференцияларды басқару құрылғысы (MCU) үш немесе одан да көп қатысушылар арасында байланыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Н.323 рекомендациясы конференцияның үш түрін қарастырады: орталықтандырылған (яғни MCU арқылы басқарылатын, әр қатысушы нүкте-нүкте режімінде қосылған), орталықсыздандырылғын (әр қатысушы қалған басқа қатысушылар-мен нүкте-нүктелер тобы режімінде қосылған) және аралас. Конференцияны басқару құрылғысы конференцияның бір міндетті элементі конференция контроллерінен (MC) тұрады және бір немесе бірнеше ақпаратты өңдеу процессорынан (МР) тұруы мүмкін. МС аймақ контроллерімен, шлюзбен, конференцияны басқару құрылғысымен бірігуі мүмкін.

Н.323 желісінің прокси-сервер деген тағы бір элементі, яғни сервер-делдал (посредник). Бұл сервер қолданбалы деңгейде жұмыс істейді және екі қосымша арасында алмасатын ақпаратты дестелерді бақылай алады. Прокси-сервер шақыру қай қосымшамен қосылғандығын анықтап, қажетті қосылысты жалғайды.

Н.323 хаттамалар тобының негізгі үш хаттамасы бар: ақырғы құрылғының RAS қақпақшасымен өзара байланысу хаттамасы, Н.225 қосылыстарын басқару хаттамасы және Н.245 логикалық арналарын басқару хаттамасы.

Халықаралық Электрбайланыс Одағы Н.225.0 хаттамасында Н.323 желісі компоненттерінің өзара әрекеттесу хаттамасын анықтады: ақырғы құрылғының (терминалдар, шлюздер, конференцияны басқару құрылғысы) қақпақшамен. Бұл хаттама  RAS деп аталды (Registration, Admission and Status).

 

17. ІР-телефония желісінде байланысты ұйымдастыру принциптері

Дәстүрлі телефонияда шақырушы, қолданушы керекті абоненттің номерін тереді, ал телефондық желіні шақырудың маршруты ретінде қолданады. Шақыруды басқару үрдісі үш кезеңге (фазаға) бөлінеді: байланысты ұйымдастыру, дауысты беру және ажырату. Сигнализация жүйесінің хабары бұл фазаларды ұйымдастырады, ал стандартты бақылау сигналдары  және жазылған дауыстық хабарлар абонентті өз шақыруының өту сипаттамалары туралы хабардар етіп отырады.

         ІР-телефония жүйелерінде шақыруларды басқару үрдісі сигнализация хаттамалармен орындалады (9-суретті қараңыз).

9 Сурет - ІР-телефония жүйелерінде шақыруларды басқару

 

ІР-телефониядағы  маңызды сұрақ – жүйеге қатынауды бақылау. Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілеріндегі абонент белгіленген жергілікті шлейф арқылы АТС-қа қосылады, сондықтан телефондық аппаратты анықтау өте оңай. ІР-телефония желісінде барлығы күрделі, себебі оған қатынаудың көптеген түрлері бар:

-         Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілері (СТОП) арқылы жай телефонмен;

-         Модемдік байланыс арқылы қашықтықтағы нүктенің сервері арқылы жалғастыру;

-         ЛЕЖ (ЛВС) арқылы және территориялды бөлінген желі арқылы.

Жалпы жағдайда шақырушы және шақырылушы абоненттер арасындағы байланысты ұйымдастыруда ІР-телефония шлюзі мынадай болуы керек:

-         ақырғы құрылғы тіркелуі мүмкін аймақ контроллерін табу;

-         аймақ контроллерінде өз мнемоникалық адресін тіркеу;

-         керекті өткізу жолағын көрсету;

-         жалғауды ұйымдастыру;

-         шақыру процесі кезінде жалғау параметрлерін басқару;

-         жалғауды ажырату.

Жалғаудың ұйымдастыру, ұстап тұру және бұзу алгоритмдері.

Жалпы жағдайда жалғауды ұйымдастыру, ұстап тұру және бұзу алгоритмдері Н.323 бойынша өзіне келесі фазаларды біріктіреді:

-         А фазасы. Жалғауды ұйымдастыру;

-         В фазасы. Жүргізуші құрылғыны анықтау және функционалды мүмкіндіктер туралы деректермен алмасу;

-         С фазасы. Шақырушы және шақырылушы абоненттер арасында аудиовизуалды байланысты ұйымдастыру;

-         D фазасы. Өткізу жолағын өзгерту, құрылғының осы сәттегі жағдайы туралы хабар алу, конференцияны ұйымдастыру және қосымша қызметтерге бет бұру.

Аймақ контроллерінің қатысуы арқылы базалық жалғауды ұйымдастыру жүргізіледі: шақырушы құрылғы alias адресті ARQ хабарын шақырылушы абонентке береді, жауап ретінде аймақ контроллері ACF  хабарын қайтарады. Келген хабарда аймақ контроллері сигналдық хабарды өзі басқаратыны туралы және өзінің сигналды каналының транспортты адресін көрсетеді. Ары қарай шақырушы құрылғы осы транспорттық адреске Setup (жалғауды) жалғау туралы сұрау жібереді. Аймақ контроллері  Setup хабарын шақырушы абонентке қайта жібереді және шақырылушы абонентке Call Proceeding  хабарын, яғни алынған мәлімет келген шақыруға қызмет етуге жететіндігі туралы хабарын береді.

Шақырылған абонент Setup–қа Call Proceeding хабарымен жауап береді. Егер құрылға шақыруды қабылдауға мүмкіндігі болса, ARQ желісінің ресурстарына жіберу туралы сұрау жібереді. Бұл сұрауға аймақ контроллері ACF бекітуімен жауап беруі мүмкін немесе  ARQ желісінің ресурстарына жібермеуі туралы хабар береді. Бірінші жағдайда шақырылатын құрылғы Alerting (дайындыққа келу) хабарын жібереді және аймақ контроллері оны шақырушы құрылғыға маршуруттайды. Шақырылатын құрылғыға кіруші шақырыс ретінде визуалды немесе акустикалық сигнал беріледі, ал шакырушыға шақырылып жатқан құрылғының бос екендігі туралы белгі ретінде шақырушы сигнал беріледі. Желі ресурстарына қатынауға болмайтын кезде шақырушы құрылғы өзінің сигналды арнасын аймақ контроллеріне Release Complete (босату) хабарын береді.

         Шақырылған қолданушы кіріс шақыруды қабылдаған соң, аймақ контроллеріне шақырылатын құрылғының басқарушы Н.245 каналының транспорттық адресімен Connect хабары беріледі. Контроллер бұл адресті өзінің басқарушы Н.245 арнасының транспорттық адресімен алмастырады және Connect хабары шақырушы құрылғыға береді, осыдан соң басқарушы Н.245 арнасы ашылады.

         Сөйлесу сессиясын жылдамдату үшін басқарушы арна шақырылушы құрылғымен ашылуы мүмкін. Бұл тек шақырушы құрылғы немесе аймақ контроллерінің басқарушы Н.245 арнасының транспорттық адресімен берілетін Setup хабарын алған соң болады немесе шақырушы қолданушымен  аймақ контроллерінің немесе  шақырылушы қолданушының  басқарушы Н.245 каналының транспорттық адресіне ие  Call Proceeding немесе Alerting хабарымен іске асады.

         Басқарушы Н.245 каналының ашылуынан кейін құрылғының функционалды мүмкіндіктері туралы деректермен алмасады. Біздің жағдайда бір ақырғы құрылғыдан екіншісіне берілетін басқарушы хабарлар аймақ контроллерімен маршрутталады. Терминал TerminalCapabilitySet  (қабілеттіліктерді терминалды теру) хабарларымен алмасады, оларда қабылданатын информацияның декодалануының мүмкін болатын алгоритмдері көрсетіледі. TerminalCapabilitySet хабары басқарылушы арнамен берілетін хабарлардың біріншісі болуы керек. Басқа бір құрылғыдан TerminalCapabilitySet хабарын қабылдаған  құрылғы, бұл хабарды алғаны туралы растау ретінде TerminalCapabilitySetAck хабарын жібереді.

         Сонан соң  жетекші/жетектегі құрылғыларды анықтау процедурасы ұйымдастырылады. Бұл конференция кезінде екі құрылғы арасында болатын келіспеушілікті шешуге қажетті. Олар конференцияның активті контроллерлері болуы мүмкін немесе бір уақытта екі бағытты логикалық арналар ашуға тырысады. Процедура барысында құрылғылар masterSlaveDetermination (бастыны анықтау) хабарларымен алмасады. Алынған хабарларға (mSD)  жауап ретінде  екі құрылғыда mSDAck хабарларын, яғни қай құрылғы жетекші немесе жетектегі екенін білдіретін хабарлар жібереді. mSD хабарын беріп, mSDAck хабарын алған құрылғы mSDAck хабарын таратады. Функционалды мүмкіндіктері туралы деректермен алмасып және жетекші немесе жетектегі құрылғыны анықтаған соң, бір бағыттағы логикалық арналар процедурасы орындалуы мүмкін. Open LogicalChannel арнасын ашу талабында құрылғы осы арна бойынша таратылатын ақпарат түрін және кодтау алгоритмін көрсетеді. Логикалық арна дауысты тасу үшін қолданылады, сондықтан Open LogicalChannel хабарында RTCP арнасының транспорттық адресі көрсетілетін media Control Channel параметрі қосылады. Оның көмегімен RTP дестелерді бақылайды. OpenLogicalChannel хабарына жауап ретінде құрылғының транспорттық адресі көрсетілетін OpenLogicalChannelAck дейтін растау жібереді. Оған таратушы жақтан RTP дестесі, сонымен қатар RTPС арнасының транспорттық адресін жіберуі керек.

         Әрі қарай сөйлесу сессиясы ашылады. Шақырушы қолданушының құрылғысы RTP/UDP/IP дестелері түріндегі дауыстық мәліметттерді шақырылған қолданушының құрылғысына RTP арнасының транспорттық адресіне береді. Ал шақырылған қолданушы дестеленген дауыстық мәліметттерді шақырылған қолданушы құрылғысының RTP арнасының транспорттық адресіне жібереді. RTСР арнасының көмегімен RTP арналары бойынша мәліметтерді тарату бақыланады.

Сөйлесу фазасы аяқталған соң байланысты бұзу фазасы басталады. Тұтынушы құрылғысы дауыстық мәліметтерді беруі тоқтатуы керек, логикалық арналарды жабу және басқарушы Н.245 арнасына тұтынушы байланысты аяқтағысы келетіні туралы end Session Command (сессияның аяқталуы туралы команда) хабарын береді. Сонан соң қарсы құрылғыдан end Session Command хабарын күтеді, оны қабылдаған соң басқарушы Н.245 арнасы жойылады. Бұдан әрі, егер сигналды арна ашық болса, онда Release Complete хабары беріледі.

Үзуді ынталанған қолданушы жіберген end Session Command бұйрығын  алған қолданушы дауыстық мәліметтерді тоқтатуы, логикалық арнаны жабуы және  end Session Command хабарын беру керек. Ары қарай, егер сигналды арна ашық болса, Release Complete хабары беріледі және сигналды арна жабылады.

Бұл әрекеттердің барлығы аяқталған соң  ақырғы құрылғы аймақ контроллеріне иеленген өткізу жолағының босағандығы туралы хабарлайды. Осы мақсатпен әрбір байланысқа қатысушы RAS арнасы бойынша DRQ байланысынан шығу туралы сұрау жібереді. Бұған аймақ контроллері DCF растауымен жауап беруі керек, бұдан соң шақыруға қызмет көрсетілу аяқталды деп есептеледі.

 

18. ІР-телефонияда сценарилерді ұйымдастыру 

ІР-телефонияның үш негізгі сценариі

ІР-телефонияда көп қолданылатын үш сценариді қарастырайық.

-         “компьютер-компьютер” ;

-         “компьютер-телефон”;

-         “телефон-телефон”.

19. “Компьютер-компьютер” мультимедия құрылғыларымен жабдықталған және интернет желісіне қосылған стандартты компьютерлер негізінде ұйымдастырылады. “Компьютер-компьютер” сценариі бойынша ІР-телефония моделінің компоненттері 10-суретте келтірілген.

                   10 Сурет - ІР-телефонияда “компьютер-компьютер” сценариі

 

Бұл сценариде А микрофонынан шыққан аналогты дауыстық сигналдар аналогты-сандық түрлендіргіш көмегімен сандық түрге түрленеді, әдетте 8000 санақ/с, 8 бит/с, нәтижесінде 64 Кбит/с.

Сонан соң дауыстық деректер өздеріне қажет тарату жолақтарын 41, 81, 101 қатынастарында қысқарту үшін кодтаушы құрылғы көмегімен сандық түрге сығылады. Сығылған соң нәтижелік деректер хаттамалардың тақырыптары қосылатын дестелерге айналады, бұдан соң дестелер ІР жүйесіндегі Б абонентіне қызмет етуші ІР-телефония жүйесіне жіберіледі. Дестелер Б абонентінің жүйесімен қабылданған кезде, хаттама тақырыптары жойылады, ал сығылған деректер өздерін алғашқы қалпына келтіретін құрылғыға келеді. Сонан соң дауыстық деректер аналогты түрге сандық-аналогты түрлендіргіш көмегімен қайта түрленіп Б абонентінің телефонына келіп түседі.

ІР жүйесіндегі екі абонентті қарапайым түрде жалғау үшін әрбір ақырғы бөлікте біруақытта тарату функциясы әрі қабылдау функциясы ұйымдастырылады. ІР желі деп ғаламдық ІР желіні немесе деректерді таратудың  корпоративтік  желісі ретінде түсінуге болады.

А және Б абоненттері бір-бірімен сөйлесуі үшін интернетке немесе  басқа бір желіде ІР хаттамасымен шығуы керек. Осы абоненттер арасындағы байланысты ұйымдастыру алгоритмін қарастырайық:

- А абонентінің құрамында Н.323 хаттамасы бар өзінің ІР-телефония қосымшасын жібереді;

- Б абоненті Н.323 хаттамасы бар ІР-телефония қосымшасын бұрынырақ жібереді;

- А абоненті Б абонентінің домендік атын біледі, әрі осы атты өздерінің ІР-телефония қосымшасындағы “кімге соғу” бөліміне енгізеді және Return түймесін басады;

- ІР-телефония қосымшасы Б абонентінің домендік атын ІР адресіне  айналдыру үшін DNS серверге жүгінеді;

- DNS сервері Б абонентінің ІР адресін қайтарады;

- А абонентінің қосымшасы Б абонентінің ІР-телефония адресін алады және оған Н.225 Setup хабарын жібереді;

- Н.225 Setup хабарын алған уақытта Б абоненті оған кіріс шақыру туралы сигнал береді.

- Б абоненті шақыруды қабылдайды және ІР-телефония қосымшасы Н.225 Connect жауаптық хабарын жібереді;

- А абонентінің ІР қосымшасы Н.245 рекомендациясына сәйкес Б абонентінің қосымшасымен өзара әрекеттеседі;

- Н.245 хаттамасы бойынша өзара әрекеттер аяқталған соң  және логикалық арналардың ашылуынан соң А және Б абоненттері ІР желісі арқылы сөйлесе алады.

         20. “компьютер-телефон” сценариі  мәлімет – ақпараттық сүйеу қызметтерінің әр түрлерінде қолданыс тапты. Бұл ІР-телефония модификациясының екі сценариін қарайды:

-         компьютерден (ІР желіні қолданушы) телефонға  (СТОП абонентіне),

жекелей түрде, ІР желісін қолданушыларға телефондық қызмет көрсету, оның ішінде мәлімет – ақпараттық қызметтерге және интеллектуалды желі қызметтеріне.

-         СТОП абонентінен ІР желісінің қолданушысына, яғни шақырылатын

жақтың екі нөмірлік Е.164 немесе IP адресациялары негізіндегі идентификациясымен.

Бірінші модифифкацияда "компьютер - телефон" сценариінде ІР желісін қолданушы мен коммутация арналары жүйесінің қолданушысы арасында ұйымдастырылады (11-суретті қараңыз).

 11 Сурет - СТОП абонентінің ІР желісін қолданушыға шақыруы

Байланысты ұйымдастыруға ІР желісін қолданушы ынталы деп есептейік. СТОП және ІР желілерінің өзара әрекеттесуі үшін керекті шлюз жеке құрылғыда жасалуы немесе СТОП және ІР желісі құрылғыларында интеграцияланған.

"Телефон - компьютер"  сценариі бойынша жасалған ІР-телефония жүйесі құрылымының қарапайымдатылған мысалын толық түрде қарастырып көрейік (12-суретті қараңыз).

12 Сурет - ІР желісін қоданушы СТОП абонентін шақырады

 

Алғашқы фазада мәліметті-ақпараттық қызметті шақыру әрекеті кезінде дестелі телефония немесе қарапайым телефон қызметтерін қолдана отырып, А абоненті ІР-телефонияның жақын жердегі шлюзін шақырады. Шлюзден А абонентіне шақырылуы керек абоненттің нөмірін теру туралы сұрау түседі. Сонымен қатар аутентификация үшін керек идентификациялық нөмір (PIN) және бұл қызмет шақыруға шақырушы абонентпен ақы  төленетін болса, онда төлеудің келесі есептеулері келеді. Шлюз шақырылатын номерге негізделе отырып берілген қызметке ең қолайлы жолды анықтайды. Бұдан басқа, шлюз өзінің дауысты кодтау және дестелеу функцияларын активизациялайды, шақырылуға қызмет көрсету процесіне мониторинг жүргізеді және бұл процес  (үзу шақырысы посылкасының бос еместігі) туралы мәліметтерді шығушы жақтан басқару және сигнализациялау хаттамалары арқылы қабылдайды. Кез келген жақтан үзілу сигнализация хаттамасы бойынша қарсы жаққа беріледі, орнатылған байланыстарды аяқтауды шақырады және келесі шақыруға қызмет көрсету үшін шлюздің ресурстарын босатады.

21-22-23. "телефон - телефон"  сценариі ІР-телефонияның басқа сценарилерінен айрықшаланады, себебі оның мақсаты қарапайым СТОП абоненттеріне қалааралық және халықаралық телефон байланысының альтернативтік мүмкіндіктерін беру болып табылады. Бұл режімде ІР-телефонияның қазіргі технологиясы ІР қатынау арқылы виртуалдық телефондық линияны пайдалануға береді.

ІР-телефонияның мұндай сценариі бойынша шақыруларға қызмет көрсету келесі түрде жүреді. ІР-телефония қызметін жеткізуші өз шлюзін коммутациялық торапқа немесе СТОП станциясына қосады, интернет желісі бойынша немесе бөлінген арна арқылы басқа бір қалада немесе елде орналасқан ұқсас шлюзбен жалғанады (13-сурет).

13 Сурет - СТОП абонентінің транзитті ІР желісі арқылы жалғануы

 

ІР телефония қызметін жеткізушілер «телефон-телефон» қызметін беруді ІР телефония шлюздерін ІР желінің кірісіне және шығысына орнату арқылы жүзеге асырады. Абоненттер арнайы қатынау нөмерін тере отырып СТОП арқылы жеткізушінің шлюзіне қосылады. Абонент дербес идентификациялық номерін (PIN)   немесе шақырушы абонент нөмерінің идентификация қызметін қолдана отырып шлюзге рұқсат алады. Бұдан соң шлюз шақырылатын абоненттің телефон нөмерін енгізуді сұрайды, оны талдап және шлюздердің қайсысы телефонға ең тиімді қатынай алатынын анықтайды. Кіріс және шығыс шлюздердің арасында байланыс орнатылысымен, ары қарай шақырылатын абонентке байланысты шығыс шлюздің жергілікті желісі арқылы орындалады.

         ІР желісі арқылы байланысты орнату үшін А абоненті ІР-телефония қызметін жеткізуші шлюздің жергілікті телефон нөмерін тереді. А абонентіне станцияның екінші жауап сигналы беріледі және шақырылатын абоненттің нөмерін теруін сұрайды. Әрі қарай Б абоненті жағынан байланыс орнатылады.

ІР-телефонияның "компьютер - компьютер" және "компьютер - телефон" сценариін қолдануының негізгі стимаулы болып дауысты және деректерді берудің тиімділігі болып табылады.

        

24. ІР-телефония сапасын қамтамасыз ету 

25. ІР-телефонияның сапалық көрсеткіштері 

Дәстүрлі телефондық жүйелері электр сигналдарын дауыстық спектр сигналдарын беруге жетерліктей кепілдік беретін өткізу жолағымен жалғайды.    Берілетін сигналдың бекітілген өткізу қабілеті үшін уақыт бірлігінің шамасы шақыру нүктесінің  және жауап беру орнының алыстығына және орналасуына байланысты.

Дестелерді жалғау желісі кепілдік етілген өткізу жолағын қамтамасыз етпейді, себебі байланыс нүктелері арасындағы кепілдік етілген жолды қамтамасыз ете алмайды.

Дестелердің келу интервалы мен реті маңызды емес қосымшаларда (электондық пошта) жеке дестелер арасындағы кідіру уақыты шешуші мағынаға ие емес. ІР-телефония деректерді тарату аумақтарының бірі болып табылады, онда қазіргі әдістермен кодтау және мәліметтерді таратуды қамтамасыз ететін сигналдарды беру динамикасы маңызды, сонымен қатар арналардың өткізу қабілетінің ұлғайуы да.

26. ІР-телефонияның сапасының негізгі құраушылары болып дауыс және сигнализация сапасы болып табылады (14-суретті қара). Дауыс сапасы келесілерді біріктіреді:

-         диалог немесе қолданушының реалды уақытта және толық дуплексті режімде бір-бірімен байланысуы және сөйлесуі;

-         дауыстың айқындылығы, тазалығы және тоналдығы;

-         меншікті дауыстың жаңғырықпен естілуі;

-         дауыстың деңгейі немесе дауыстылығы.

Сигнализация сапасы келесілерді біріктіреді:

-         шақыруды орнату немесе табысты қатынау жылдамдығы және жалғауды орнату уақыты;

-         шақырыстың аяқталуы немесе бас тарту уақыты және үзу жылдамдығы;

-         көпжиілікті нөмір теру сигналдарының анықталуы немесе DTMF  сигналдарды бекіту.

 

27. ІР-телефония сапасына әсер етуші факторлар  екі категорияға бөлінуі мүмкін:

-         максималды өткізу қабілеті немесе берілетін деректердің  пайдалы және артық максималды саны;

-         желі арқылы пакеттерді беруге қажетті кідіру немесе уақыт аралығы;

-         тізбектелген екі десте арасындағы джиттер немесе кідіріс;

-         желі арқылы таратуда жоғалған дестелер немесе дестелер жоғалуы;

 

14 Сурет - ІР-телефония сапасына әсер етуші факторлар

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]