Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_tsuimp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
571 Кб
Скачать
☆

28.Біркристалды мп –нің командасының циклі. Машиналық циклдер мен тактілердің атқаратын қызметтері.

Бұйрықтың орындалу процесі циклдерге (М1,М2...М5) бөлінеді. Әр циклде МП жадыға немесе енгізу-шығару құрылғыларын тексереді. Команда түріне байланысты 1,2 немесе 3-ші циклде орындалуы мүмкін. Орындалу уақыты ең үлкен команда 5 циклде орындалады. Әр циклдің бірнеше тактісі бар, олар: Т1,Т2...Т5. Циклдер 3,4 немесе 5 тактілі болуы мүмкін. Алғашқы үш такті бар циклдарда жадымен және енгізу-шығару құр-мен байланысуға, қалған Т4,Т5-ші такті МП-дегі ішкі операциялар үшін қолданады. Мыс.: М1 циклі Т1 тактісінде бұйрық санаушы құрамындағылар адрес шинасына беріліп, адрес жадыға қабылданады (мұнда көрсетілген ұяшықтағы байтты оқу болады). Т2 тактісінде сигналдың бар жоғы тексеріліп, МП күту режимінде болады, сигнал келген соң Т3-ке өтеді. Бұл тактіде жадыдан берілген команда байтты МП-де қабылданады, бұйрық регистріне орналасады. Т4 тактісінде қабылданған байт талданады. Әр қарай керекті операция осы немесе Т5-ші тактіде жүзеге асады. Операцияны жадыға жолдау керек болса, онда Т4 тактісінде цикл аяқталып, М2 циклге өтеді.

Микропроцессордың машиналық циклдерының түрлері.

Машиналық цикл—командалық циклдың бөлігін құрайтын уақыт аралығы. Өз кезегінде ол машиналық цикл түріне байланысты нақты такт Т санына бөлінеді. К1821 микропроцессорының келесі машиналық цикл түрлері бар:

-Команда таңдамалары(выборки команды)- OF(Opcode Fetch).

-Жадыдан оқу—MR(Memory Read).

-Жадыға жазу—MW(Memory Write)

-Сыртқы құрылғыдан оқу—IOR (Input-Output Read)

-Сыртқы құрылғыға жазу—IOW (Input-Output Write)

-Үзіліс растауы—INA(Interrupt Acknowledge)

-Шиналардың босатуы—BI (Bus Idle)

Тоқтату(HALT)

Әрбір машиналық циклдің басында цикл түрін теңестіретін жағдай сигналдары генерацияланады және олар бүкіл цикл аралығында жұмыс істейді.

30.Біркристалды 8разрядты МП-нің командаларының бірбайтты және екібайтты тобы.Енгізу-шығ. командалары.

Команда ұзындығы 1,2 және 3-байтты 3 формат қолданылады.Барлық форматта 1-байт орындалатын операцияны беретін кодтық бөлімге салынады.2-және 3-байттарда адрестік ақпарат н/е операнданың өзі болады.Командаларды таңдау жадыдан деректер шинасы арқылы бөлек байттармен жүреді. Әр командадағы М машиналық циклдер саны МП-ң жадысына н/е ақпарат алмасу үшін енг.-шығ. құрылғысына қатынау санымен анықталады.Қандайда бір машиналық циклдің Т1,Т2 және Т3 тактілері жадыны н/е енг.-шығ. құрылғысын адрестеу үшін, адрестелетін элемент пен МП арас-ғы 8разр. код арқылы алмасуын ұйымдастыруға, қалып-күй сөзін шығаруға қолданылады.

31. Басқаруды беру командалары РС командалар санауышына жаңа адрес енгізе отырып, программаның орындалу ретін өзгертеді. Бұл командалар 3 топқа бөлінеді: өту, шақыру және қайтару, және әр топта 9 командадан бар, олардың біреуі – шартты, сегіз – шартсыз. Басқаруды беру шарты ретінде CF, ZF, PF, SF тулары (флаги) және олардың инверсиялары болып табылады.

Егер де шарт орындалса, онда команданың екінші және үшінші байттарымен өту командаларында РС программалық санауышының жүктелуі жүзеге асады. Сонымен қатар, РС ескі мәні жоғалады.

Бағыныңқы программалырдың (подпрограммы) шақыру командаларында РС ескі мәні стектің басына (төбесіне) алдын ала орналастырылады да, одан кейін РС команданың екінші және үшінші байттарымен жүктеледі.

Қайтару командалары – бір байтты, себебі онда жадының адресі болмайды. Қайтарудың шарты орындалмаған жағдайда программалық санауышқа стектің басының (төбесінің) екі байты жазылады, РС ескі мәні жоғалады.

Шарт орындамаса, басқаруды берудің барлық командалары басқаруды кезек бойынша келесі тұрған командаға береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]