- •Еңбек қорғау жөнінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Сәтсіз оқиғалардың тергеп-тексеру тәртібі (қызмет тексеру).
- •Зиянды заттардың адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Зиянды заттарды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Қр еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бап, ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер – 202 бап және мүгедек қызметкерлер 224 бап жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің екі және бір фазалық қосылу схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •6. Кәсіпорындардың өрт қауіпсіздігі
- •Еңбек қорғау жөнінде жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
- •Өндірістік шаңның адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Өндірістік шаңды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің нейтралі оқшауланған схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •Өндіріс бөлмелерінің электр қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •Жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту және өндірістегі нұсқау.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Тергеп-тексерілетін және есепке алынатын өндірістік жарақаттар.
- •Автоматты өрт сөндіру құралдары.
- •Қр еңбек Кодексі. Жұмыс уақыты (ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты) 76,77,78,79 баптары. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу, олардың шекті саны 88,89 баптар.
- •Өндірістік шудың адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Шудан қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
- •21. Өндіріс бөлмелерінің метеорологиялық жағдайлары. Микроклиматты нормалау, өлшеу аспаптары.
- •25.Өндірістік жарақаттардың себептері және талдау әдістері.
- •Электр тоғынан қорғану шаралары.
- •4 Алғашқы өрт сөндіру құралдары.
- •48.Еңбек қауіпсіздігі саласындағы қадағалау мен бақылау.
- •49.Иондағыш сәулелердің адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Сәулелерден қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •57.Өндіріс бөлмелерінің өрт қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •54.Тергеп-тексерілетін, есепке алынатын және тергеп-тексерілмейтін, есепке алынбайтын өндірістік жарақаттар.
Зиянды заттардың адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Зиянды заттарды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес зиянды өндірістік фактор – әсері қызметкердің сырқаттануынанемесе еңбекке қабілеттігінің төмендеуіне және оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор. Зиянды заттар организмге мынандай жолдармен кіруі мүмкін: тыныс органдары, ас қорыту органдары, тері. Осы жолдардың ең қауіптісі тыныс органдары болып табылады. Өйткені дем алғанда жұтқан ауадағы зиянды заттар өкпеде қанға тез түсіп, организмді лезде уландырады. Зиянды заттармен улану ауырлығы бірнеше факторлармен байланысты болады. Ол факторлар: удың организмге кіру жолдары, концентрациясы, химиялық структурасы, ерігіштігі, әсер ету ұзақтығы, ауаның температурасы, организмнің сезімталдығы мен физикалық күйі т.б. Олар күйіне қарай қатқыл (қорғаныс, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.), және газ немесе бу (көміртек тотығы, күкіртті газ, хлор, азот тотықтары, ацетилен т.б.) түрлерінде болады. Жұмыс зонасының ауасында әр зиянды заттың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мг/м³). АШК деп күнделікті жұмыс кезінде және көп жыл бойы адам организмінде ешқандай зиянды өзгерістер туғызбайтын заттардың концентрациясын айтады. Адам организміне қауіптілігіне қарай зиянды заттар 4 класска бөлінеді. Зиянды заттармен уланудың екі түрі бар: ауыр түрі және созылма түрі.егер адам организміне кенеттен зиянды заттар көп мөлшерде кірсе, улану ауыр түрде өтеді. Ал егер организмге біртіндеп үнемі ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде зиянды заттар кіретін болса, уланудың созылма түрі пайда болады.
Қр еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бап, ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер – 202 бап және мүгедек қызметкерлер 224 бап жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.
ҚР еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бабына сәйкес: 14 жастан 16 жаска дейинги қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын (күніне 2.5 сагат); 16 жастан 18 жаска дейинги қызметкерлер үшін аптасына 36 сагаттан аспайтын (күніне 3,5 сагат).Ауыр жұмыстарында, істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған уақыты 202 бабына сәйкес белгіленеді: аптасына 36 сағаттан аспайтын уақыт. I топтағы және II топтағы мүгедектер үшін 224 бап жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы: аптасына 36 сағаттан аспайды. Күнделікті жұмыс ұзақтығы 7 сағаттан аспауы тиіс.
Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің екі және бір фазалық қосылу схемасына тиісу жағдайын талдау.
Электр тоғынан адам денесінен өткен кезде әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру); электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Термиялық әсер- денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің қей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ертінділерін және басқа жүйе органикалық сұйық заттарды ерітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер дегеніміз – электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарін қоздырып, бұлшық еттерін еріксіз дірілдетіп, тартылуы болады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқа жараланулар болады.
Электр тоғынан болған зақымдардың ауыртпалығы бірнеше фаторлармен байланысты болады. Бұл факторларға мыналар жатады: денеден өткен тоқтың күші, тоқ кернеуінің шамасы, тоқ әсерінің ұзақтығы, айнымалы тоқтың жиілігі, адам денесінің электрлік кедергісі, организмнен тоқ өту жолдары, айналадағы ортаның жағдайы, адам денесінің дербес өзгешіліктері т.б.
Тоқ күші. Адам денесінен өтетін тоқтың күші зақымдану ауыртпалығын анықтайтын басты фактор болып есептеледі. Адам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты электр тоғын үш табалдырық шамаға бөлуге болады: сезіну табалдырық тоғы, босатпау табалдырық тоғы, фибриляция тоғы. Сезіну табалдырық тоғының мөлшері – айнымалы ток үшін 0,5-1,5 мА, тұрақты тоқ үшін 5-8 мА болады. Мұндай тоқ денеге зақым келтірмейді. Босатпау табалдырық тоғының өлшері – айнымалы тоқ үшін 10-20мА, тұрақты тоқ үшін 50-80 мА болады. Мұндай тоқ қолдардың бұлшық еттерін жансыздандырады. Бұл жағдайда адам қолдарын аша алмай, өздігінен біреудің көмегінсіз тоқ өткізгіштен айрылуға мүмкіндігі болмайды. Фибрилляция табалдырық тоғының мөлшері – айнымалы тоқ үшін 100 мА ден 5 А дейін, тұрақты тоқ үшін 300 мА ден 5 А дейін болады. Мұндай тоқ жүректің фибрилиясиясын туғызады. Ал 5 А артық шамадан тоқ жүректі фибрилляциясыз бірден тоқтатып тастайды.
Тоқ әсерінің ұзақтығы. Неғұрлым тоқ денеге көп уақыт бойы әсер ететін болса, соғұрлым ауыр немесе өлім жағдайы басым болады. Осыған сәйкес өтетін тоқтың күші үлкейіп, организмнің зақымдану шамасы ұлғаяды. Сол себепті тоққа түскен адамды мүмкіншілігінше тез арада тоқ өткізгіштен айыру керек.
Екі фазалық қосылу және бір фазалық қосылу. Екі фазалық қосылу. Адам екі мүшесімен электр тогы бар екі фазалық тоққа тиіскен жағдайда пайда болады. Адам денесінен өтетін тоқтың күші Ia = UT/Ra =380/1000= 380 мА. Сурет қолмен
Бір фазалық қосылу. Адам денесінің бір мүшесімен бір фазалық тоқ өткізгішке тиіскен жағдайда болады. Сонымен, мұнда фазалық кернеу толық кернеуден 1,75 есе аз болады. Ia = Uср/Ra немесе Ia = UT/(Ra*1,73)
