- •5.Тозандану
- •6. Даражарнақты өсімдіктер
- •8.Қосжарнақты өсімдіктер
- •9. Көкнәрлар тұқымдасы(маковые)
- •12. Клеткалық теория
- •13. Алғ және жаб тканьдер
- •15. Өсімдіктердің көбеюі.
- •19.Эндоплазмалық ретикулум
- •20. Қабықтұқымдылар
- •33. Вегетативтік органдар
- •35 Қоңыр балдырлар
- •40.Тамыр құрылысы
- •51 Астық тұқымдасы
- •54.Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілер
- •65 Саңырауқұлақтар
- •75 Астралар тұқымдасы
- •78 Күрделі гүлділер тұқымдасы
- •82. Тундра аим өсім құр
- •84. Мегаспорогенез.
- •85. Ботаника өсім тур ғылым
- •87. Лалагүл
- •88. Микроскоп
- •89. Алғ және жаб тканьдер
- •90. Ботаника пән өсім үшін маңызы
6. Даражарнақты өсімдіктер
Астықтұқымдастар. Лалагүлділер. Олардың өкілдері.
Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді. [1]
Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.
Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.
Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3)(қазжуаның формуласы).
Галамшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады.
Шырыш (эромурус) техникалық өсімдік болып саналады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама десеңдерші?! Бөлмеле өсірілетін: кірпішөп өздеріңе таныс та болар. Сирек кездесетін түрлері де бар. Қазақстан Қызыл кітабына лалагүлділердің 14 түрі тіркелген. Демек Қызыл кітапқа тіркелген гүлдерге ерекше қарап, оларды қорғау - сендердің де міндеттерің.
7. Тірі орг.жіктелуі прокариоттар эә/е эукориоттар. Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы — 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы жәнехромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сакина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер. Этюдға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Этюд жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Этюд жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома,Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Этюд жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджикешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Этюд жасушалары митоз жолымен бөлінеді. Т. Несіпбаев
ӨСІМДІКТЕР (Plantae, Vegetabіlla) – фотосинтез процесінің жүзеге асуы нәтижесінде автотрофты қоректенетін, клеткасы тығыз қабықты (әдетте целлюлозадан тұратын) организмдер; тірі организмдер әлемі. Ө. клеткасына жиналатын қоректік затты крахмал деп атайды. Ө. арасында сирек кездесетін гетеротрофты қоректену – эвол. даму барысында екінші қайтара пайда болған белгі. Ө-дің көпшілік түрінде байқалатын бұл белгілер (ерекше даму циклы, органдардың қалыптасу жолдары, бір жерде бекініп тіршілік етуі) оларды тірі организмдердің басқа әлем өкілдерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ құрылымдық дәрежесі төмен (бір клеткалы Ө. мен жануарлар) организмдердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Мыс., эвгленді балдырларды зоологтар қарапайымдарға (омыртқасыздарға) жатқызады. Бір клеткалы Ө-дің бір клеткалы жануарлардан негізгі айырмашылығы – хлоропластарының болуы мен клеткасының ультрақұрылымдық ерекшеліктерінде (клетка қабықшасының құрылымы, вакуольдерінің болуы, т.б.). Ө. қорегін қоршаған ортадан газ түрінде (фотосинтез) және ерітінді күйінде (су мен еріген минералды тұздар) сіңіреді. Көптеген Ө-дің денесі әр түрлі қызмет атқаратын органдарға бөлшектенген. Жоғары сатыдағы Ө. денесінің бөлшектенуі мен дифференциялануы көптеген арнайы құрылымдардың (қ. Өсімдік ұлпасы. Вегетативті мүшелер) пайда болуына алып келеді. Мыс., эпифит Ө-дің жер асты тамыры болмайды. Олар тропиктік және субтропиктік ағаштар бұтағының үстінде өсіп, ылғалды ауа жұтады; ал шөл Ө-і ылғал жетпесе солып қалады. Бірақ жаңбыр жауса болды, оларда фотосинтез процесі жүре бастайды; кейбір Ө-дің сабағында қуыс болады. Онда Ө-ді басқа жәндіктерден қорғайтын құмырсқалар тіршілік етеді. Ө. құрылысының өзіне тән маңызды ерекшеліктері олардың өсуі, көбеюі және таралуы арқылы анықталады. Ө-дің құрлыққа таралуы Жердегі тіршілік дамуының алғашқы кезеңдерімен байланысты. Архейде (3 млрд. жыл бұрын) көк-жасыл балдырларға ұқсас организмдер (цианея), шамамен 2 млрд. жыл бұрын пайда болса, нағыз балдырлар протерозойда шыққан. Алғашқы жоғары сатыдағы құрлық Ө-і – ринифиттер силурдың екінші жартысында тіршілік еткен. Олардың тамыры болмаған (оны ризоидтар алмастырған), ал денесінің құрылымдық белгісі теломдар (ежелгі Ө-дің жапырақ, сабаққа, т.б. органдарға жіктелмеген цилиндр тәрізді осі) болған. Девонның басында плаунтәрізділер, қырыққұлақтәрізділер және қырықбуындардың арғы тегі пайда бола бастаған. Бұларда тамыр мен өткізгіш түтіктердің алғашқы белгілері қалыптасты. Девонның аяғында ашық тұқымдылар, карбонда ағаштәрізді қырыққұлақтар (пермьде олардың орнын қазіргі қырыққұлақтәрізділер алмастырды), триас пен юрада қылқан жапырақтылар дамыды. Бор кезеңінде пайда болған жабықтұқымдылардың кейін Ө. тіршілігі үшін маңызы зор болды. Ө-гефотосинтез және бұған байланысты физиол.-биохим. процестер тән. Бұлар Жер бетінде тіршілік ететін барлық гетеротрофты организмдердің күрделі қоректену тізбегіндегі басты бөлік болып саналады. Фитоценоз (белгілі жағдайға бейімделіп, айналасындағылардан айқын шектелетін өсімдіктер тобы) құрап, алуан түрлі Жер ландшафтысының қалыптасуына әсер етеді. Ө-дің қатысуымен топырақ, шымтезек, таскөмір түзіледі. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдарды, шаң-тозаңдарды, ауыр металдарды сіңіріп, ауаны тазартады. Ө-дің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Олардан тамақ, киім, отын, дәрі, құрылыс материалдары алынады. Бірақ соңғы кезде адамның іс-әрекетінен, яғни, өсімдік жамылғысын орынсыз, тиімді пайдаланбауынан Ө-дің көптеген түрі жойылып барады. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам Ө-дің 405 түрі (сирек кездесетін, жойылу қаупі бар) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Жануарлар патшалығы
Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын клетка формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозойэрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
